Нақты сандар (float). Нақты сандар да бүтін сандардағы сиқты операцияларды қолдайды, бірақ сандарды компьютерде бергендіктен нақты сандар нақты болмауы және қателіктерге соқтыруы мүмкін және оның өзі қателіктерге әкелуі мүмкін.
>>> 0.1 + 0.1 + 0.1 + 0.1 + 0.1 + 0.1 + 0.1 + 0.1 + 0.1 + 0.1
0.9999999999999999
Жоғары нақтылыққа қол жеткізу үшін басқа да объектілерді (Мысалы: Decimal және Fraction) қолдануға болады.
Сонымен қатар, нақты типтер ұзақ арифметиканы қолдамайды.
>>>
>>> a = 3 ** 1000
>>> a + 0.1
Traceback (most recent call last):
File "", line 1, in
OverflowError: int too large to convert to float
Сандармен қарапайым мысалдар:
>>>
>>> c = 150
>>> d = 12.9
>>> c + d
162.9
>>> p = abs(d - c) # сан модулі
>>> print(p)
137.1
>>> round(p) # Дөңгелектеу
137
Қосымша әдістері:
float.as_integer_ratio() - қатынасы осы санға тең болатын жұп сандар.
float.is_integer() - мән бүтін сан бола ма.
float.hex() – float-ты hex-ке түрлендіреді (он алтылық жүйеде).
classmethod float.fromhex(s) - он алтылық жолдағы float.
>>> (10.5).hex()
'0x1.5000000000000p+3'
>>> float.fromhex('0x1.5000000000000p+3')
10.5
Python тілінде сандармен жұмысқа қатысты стандартты өрнектерден басқа бірнеше қажетті модульдер бар. Келесі math модулі күрделі математикалық функцияларды қамтамасыз етеді. Оның қолданылуы төмендегідей.
>>> import math
>>> math.pi
3.141592653589793
>>> math.sqrt(85)
9.219544457292887
Келесі random модулі - кездейсоқ сандар генераторы мен кездейсоқ функцияны таңдауды жүзеге асырады.
>>> import random
>>> random.random()
0.15651968855132303
Комплексті сандар (complex). Python тіліне сонымен қатар, комплекті сандар енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |