Егер қарапайым тілмен түсінік берер болсақ:
Бұлтты технология дегеніміз — деректерді өңдеу немесе сақтауды қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың бірі. Бұлтты технологияның идеясы келесідей. Компьютерде ешқандай арнайы бағдарламалардың орнатуының қажеті жоқ. Тек Интернетке кіру мүмкіндігі болу керек. Ал барлық өңдеу,жүктеу және сақтау операцияларын интернет арқылы жүргізіледі. Бұлтты технологиялар — компьютерлік техниканың тұтас саласы.
Сурет 2 - Бұлттық технологиялар жүйесі.
Бұлтты технологиялар аппараттық құралдардың қарқынды дамуы арқасында мүмкін болды. Процессорлардың күші күннен күнге өсіп келе жатыр.Ол туралы мына мақаладан Мур заңы оның микропроцессорлерге әсері оқи аласыз.
Соның арқасында бұлтты технология тез дамыды. Және интернет-арналар әлдеқайда кең және жылдам дамыды. Яғни, бұлт ол интернеттің өзі емес. Ол барлық клиенттің өтініштерін өңдеуді және орындауды қамтамасыз ететін аппараттық бағдарламалар жиынтығы. Мысалы сайтқа іздеу жүргізу олда бұлтты технологияның түріне жатады.
Бұлтты технология модельдерінің түрлері
1.Бағдарламалық қамтамасыз ету (SaaS, Software as a Servise ). Бұл модель бұлтты инфрақұрылымда жұмыс істейтін тұтынушы провайдерінің қосымшаларына беріледі.
2.Қызмет ретіндегі платформа (PaaS, Platform as a Service ). Тұтынушыға қамтамасыз етілетін басты құралдар мен бағдарламаларды ұсыну. Тұтынушы жасаған немесе сатып алынған бағдарламалардың бұлттық инфрақұрылымында орналастыру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
3.Қызмет ретінде инфрақұрылым (IaaS, Infrastructure as a Service). Тұтынушы деректерді өңдеу, сақтау, желіге қосу және тұтынушылар арналған операциялық жүйелерді қолдану. Ерікті бағдарламалық жасақтаманы орналастыра алатын және іске асыратын басқа негізгі есептеу ресурстарымен қамтамасыз етіледі.
- Сақтау қызметі (Storage-as-a-Service) - талап ету бойынша дискілік кеңістікті білдіретін сервис. Бәлкім, мониторға шығатын «Логикалық дискі толық, орынды босату үшін қажетсіз бағдарламаларды немесе деректерді жойыңыз» деген ескертуді көрген боларсыз... Storage-as-a-Service қызметі деректерді сыртқы қоймада, яғни «бұлтта» сақтауға мүмкіндік береді. Қолданушы ол – қосымша логикалық диск немесе папка болмақ. Сервис қалғандары үшін базалық, өйткені олардың әрқайсысының құрамына кіреді. Оған – Google дискісі, Яндекс диск, және т.б. (мысалы, бұлт mail.ru) ұқсас сервистер кіреді.
- Деректер қоры қызметі (Database-as-a- Service) – егер ДҚБЖ жергілікті ресурсқа орнатылған болса, деректер қорымен жұмыс істеуге берілген мүмкіндік.
Достарыңызбен бөлісу: |