Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»


Жобаалдылық кезең. Жобаалдылық зерттеудің негіздері



бет102/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127
Дәрістер мазмұны

Жобаалдылық кезең. Жобаалдылық зерттеудің негіздері.

Жобаға ену, міндеті – психологиялық-педагогикалық, әдіснамалық, ұйымдастыру, материалды-техникалық қамтамасыз ету болып табылатын кезеңмен ескеріледі. Бұл кезеңге келесідей процедуралар енеді: диагностика, мәселелендіру, мақсаткерлік, тұжырымдау, жобаны форматтау, оны алдын ала әлеуметтендіру. Олардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Кез келген жобалық іс-әрекеттің есеп беру нүктесі болады. Әдетте бұл негізгі идеяның немесе жобаның түпкі идеясының туылу сәті. Педагогикалық шындықты қайта құру қажеттілігін сезіну бастапқыда мемлекеттік (немесе административті) декгейде пайда болуы мүмкін және тәжірибешілердің алдында әлеуметтік тапсырыс ретінде көрініс табуы мүмкін. Өзгеріскетерге деген құштарлық педагогикалық қоғамдастықтың, қызығушылық танытқан топтардың немесе жекелеген бір тұлғаның ішінде қалыптасуы мүмкін. Белгілі бір ойдың негізінде мүмкін болатын объект, пән, жобалық іс-әрекет жайында алғашқы түсініктер туындайды.
Жоба жасау идеясы қандай да бір білім беру саласына (мәселесіне, пәніне) кездейсоқ пайда болған қызығушылықтың негізінде; әлеуметтік-педагогикалық объектіні, оның атрибутты белгілерін алдын ала анықтап, мақсатты бағытталған зерттеудің немесе оның бар бар болған күйін идеалды үлгімен салыстырудың нәтижесінде; объект туралы, оның даму тенденцияларын және бар мәселелердің типологизациясын анықтау мақсатында, көлемді ақпаратты зерттеу барысында туындауы мүмкін. Басқаша айтқанда, қандай да бір шындықтық бөлшегін өзгертуге, жетілдіруге деген тілек адамның «ішінде» пайда болуы, сырттай басталуы мүмкін және бірнеше талқылаулар мен ой елегінен өткізілулерден кейін қабылдануы мүмкін. Қалай болғанда да, білім беру процесінің субъектілерінің көз аясында жобалық іс-әрекет объектісі және оны қайта құрумен байланысты мәселе пайда болуы керек. Оларды табиғи ортадан, педагогикалық шындықтан, алынған тәжірибеден, ақпараттық желілерден, бір сөзбен айтқанда, барлық жерден табуға болады. Ол үшін бар болғаны бақылай, ойлай, зерттей, талдай, салыстыра, бағалай білу керек.
Жоғарыда көрсетіліп кеткендей, жобалау актісіне қандай да бір шындық саласындағы «жетілдірілмегендік туралы білім» себепші болады. Сондықтан жобалық іс-әрекеттің басталуына міндетті түрде қоршаған әлемді алдын ала зерттеу кіреді. Педагогикалық шындықтағы кейбір мақсатты бағытталған өзгертулерді бастау үшін, келесілерді анықтау қажет:

  1. қоршаған әлемде, табиғи немесе әлеуметтік ортада, адамдарда, өз-өзімізде бізді не қанағаттандырады;

  2. қажетті өзгертулерді енгізу үшін қандай білім беру (педагогикалық, әлеуметтік, басқа да) мүмкіндіктері мен ресурстар бар;

  3. заттардың қазіргі жағдайына араласудың салдарлары қандай болуы мүмкін.

Басқаша айтқанда әлеуметтік-білім беру жағдаятын жан-жақты диагностикалау қажет. Ол нағыз жобалаудың өте қажет жағдайы болып табылады және жобаның түпкі идеясының туылуының негізгі қайнар көзі болады. «Ересек», кәсіби және оқыту жобалау тәжірибесінде жобалық іс-әрекеттің алдында болатын, жобаалдылық зерттеу деген түсінік бар. Бұндай зерттеу келесілерді қамтамасыз етеді:

  • шынайы жағдаятты, оны сандық және сапалық бағалауды дигностикалау мүмкіндігі;

  • мәселенің дамуындағы «ауру нүктелерді» анықтау;

  • жобаны жасауда әлеуметтік қажеттілікті эксперименттік дәлелдеу;

  • жобаны бастау және серіктестерді тарту туралы шешімдерді қабылдау үшін сенімді аргументация құру;

  • жағдаятты жан-жақты талдау оны зерттеу нәтижелері немесе ғылыми тереңдіктің әр түрлі деңгейін талқылау арқылы негізделеді: дұрыс ой деңгейінен қатаң математикалық әдістер мен әдістемелерді қолдануға дейін.

Сандық және сапалық бағалаудың көмегімен «диагноз» қоя отырып, жобаалдылық зерттеу қандай да бір себептерге байланысты жобалық режимде қайта құру керек «объектінің» шекарасын белгілеуге көмектеседі. Сонымен қатар шындықты зерттеу әр түрлі бағытта болуы мүмкін:

  • теориялық (идеалды, модельді) түсініктен (оқыту барысында немесе имитациялық жобалау арқылы) «қандай болуы керек» және «қазір қандай» принципі бойынша тәжірибемен салыстыруға дейін;

  • эмпирикалық материалдың (бір субъектінің алған немесе әр түрлі субъектілердің қосуы нәтижесінде алынған) кездейсоқ жинақталуынан талдауға, жүйелеуге және теориялық қорытуға дейін.

Жобаның бастапқы кезеңінде кейде тек қиындықтар (мәселелер) саласын ғана емес, сонымен қатар мамандардың біліктілігінің жеткіліксіздігі саласын да анықтау, осы мәселелерді шешу; объектінің немесе жағдаяттың даму приориттерінің (қазір бар және объективті қажетті) қажеттігі туындайды.
Диагностикалау кезеңінде жобаға қатысушыларға белсенділіктің күрделі, арнайы біліктер мен дағдыларды талап ететін формалары қажет болуы мүмкін. Мысалы, мәліметтер базасында мәселелік-ақпараттық іздеу жүргізу; мекен-жайлық жобаалдылық зерттеу жүргізу; әлеуметтік сауалнама жүргізу; қоғамдық (кешенді, арнайы) экспертиза ұйымдастыру. Экспресс-диагностика. Мониторинг. (Мониторинг – қандай да бір табиғи немесе әлеуметтік объектінің күйіндегі өзгерістерді бағалау, болжам жасау және тұрақты бақылаулар жүйесі. (Современный толковый словарь русского языка. – М., 2004. – С.358.)). Скрининг. (Скрининг – профилактикалық іс-шараларды өткізу және ауруларды анықтау мақсатында көлемді медициналық тексеруден өткізу, бақылау. (Там же. – С. 751). Машиналық және машиналық емес имитациялық модельдеу мүмкіндіктерін пайдалану.
Жобаға қатысушылар жағдаятты қарастыру барысында көптеген нәтижелі көзқарастар немесе, керісінше олардың жалпылығы анықталуы мүмкін. Алынған мәліметтер бұрын белгілі болған болжалдарды дәлелдеуі және оларды нығайтуы; кейбір пародоксальды сәттерді анықтауы және мәселені күтпеген жағынан көрсетуі; мүлдем жаңа ақпарат беруі мүмкін.
Осылайша, жобалық іс-әрекеттің бастапқы импульсі субъектінің жобалаудың қандай да бір саласына қатысты зерттеу-іздеу позициясын құруынан пайда болады (сыртқы әлем, қоршаған орта, ішкі әлем, білім беру мазмұны және т.б.). Педагогтың жұмысы - қалай да болсын осы саланы немесе осы позицияны анықтауға көмектесу.
Педагогтың міндеті айналаға қарау, жағдаятты зерттеу, қарама-қайшылықтарды көру және оны өз әрекетімен жеңуді қалау үшін стимул жасау болады. Басқалармен бірге әрекет ете отырып, жауап бере алатын қоршаған өмірге өз сұрағын қалыптастыруға көмектесу. Осылай, жобаның ең басында өмірдің, кәсіптің, білімнің шынай мәселелерімен оқытудың арасында байланыс орнайды. Жобалық іс-әрекеттің бастапқы кезеңінде педагогикалық өнімділік үшін, педагог қамтамасыз етуі керек:

  • болашақ жобаның мәнін құрайтын мәселені іздеу үшін қатысушылардың шынайы қызығушылығын оятуды;

  • қоршаған немесе ақпараттық ортада іздеу еркіндігінің жоғары деңгейін;

  • маңызды ақпарат алуға рұқсатты;

  • жобаға қатысушылардың шындықты зерттеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуін;

  • жолдастарымен (әріптестерімен) алған сезімдерімен бөлісу мүмкіндігін;

  • мәселені зерттеудегі негативті әсерлерді «ұстауға» психологиялық дайындығын;

  • алынған мәліметтерді қорытындылау және көрсетуге көмек беруге.

С.И. Гессеннің пікірінше, әр түрлі жұмыстармен байланыстың мақсаты мәселені түсінуге итермелеу. Көзқарасты және ойды іздеушілік (диагностикалық, зерттеу) және рефлексивті әрекеттердің көмегімен қарату қоршаған әлемге, адамдарға, өзіне қызығушылығын оятады. Осылайша, жобалауға адамның сұрақтар қою арқылы әлеммен, өмірмен, басқа адамдармен диалогы кіреді.
Жобаалдылық кезеңде жағдаяттың (объектінің) толық сипатын алу маңызды. Кейде «субъектілердің жеткіліктігі» принципіне сүйене отырып, осындай сипаттың толықтығын қамтамасыз ету үшін мәселені (болашақ жобалаудың пәнін) рөлдік қарастыруды мақсатты ұйымдастыру керек. (В.П.Бедерханова). Ол жолбалаудың нәтижесі оған жанама түрде ғана тигендерді де қоса алғанда, қызығушылық танытқан адамдарды есептеуді білдіреді.
Алынған диагностикалық мәліметті құрылымдау, дифференциациялау, математикалық және статистикалық өңдеу арқылы жалпылау және реттеу керек. Объектінің күйін визуализациялау тәсілінің көмегімен зерттелінген мәліметтерді көрнекілік ретінде көрсету (суреттер, диаграммалар, компьютерлік графика) жобалаудың пәнін нақты анықтауға көмектеседі.
Жобалауды бастау үшін, санада тек қайта құрудың шамаланған объектісінің шынайы күйі туралы бағалық білімдердің ғана емес, сонымен қатар алдағы іс-әрекеттің мақсатты бағдары болуға қабілетті осы объектінің идеалды бейнесінің болуы қажет. Бұл ереже, қажетті болашақ бейнесенің қайта құрылатын потенциалы жобаға қатысушылардың жас мөлшеріне тәуелсіз кең қолданылатын, педагогикалық жобалаудың барлық түрлеріне қатысты. Индивидуалды немесе біріккен санада бұндай бейне өмірлік іс-әрекеттің моделі, идеалы, перспективасы ретінде көрініс табады және мақсаттар және жобалық іс-әрекеттің соңғы нәтижесі туралы алдын ала түсініктерді бейнелейді. (Бұл түсініктер бірнеше рет өзгеруі және түзетілуі мүмкін).
Идеалды түсініктің қалыптасуы, жобалау объектісінің қанағаттандырылмаған жеке күйін эмоционалды уайымдау жағдаятын педагогикалық құрастырудан басталып, қоғамның (социумның) және құрастырушылардың маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін мақсат бейнесін дайындаумен жалғасады.
Бейненің көпқызметтік маңызы философтардың, психологтардың, педагогтардың көптеген еңбектерінде суреттелген.
Жобалау объектісінің бейнесін ойда жасап болған соң, керек қазіргі Мен және оның болашақ күйінің арақатынасын белгілеу. Қазір объект қандай, және оны болашақта қалай көргіңіз келеді. Сонымен қатар болжам жасаудың стандартты әдістері мен әдістемелері қолданылуы; әсерлерді еркін фиксациялау жүргізілуі мүмкін.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан алғанда жобалық іс-әрекеттің бастапқы кезеңінде оған қатысушылардың әрбірі үшін өте маңызды: қоршаған әлемді өз күшімен жақсартуға нағыз мүмкіндіктер мен қабілеттерді табу. Сондықтан жобалық іс-әрекет жүйесінде болашақ бейнені жасау процесінде педагогикалық көмектің маңызын қайта бағалау қиын. Бұл бейне функционалды жан-жақты және соңында болжаммен, мақсатпен, стимулмен, бағдармен, өлшемдермен, нормативтермен, басқа да көптеген әрекеттер және процедуралармен тығыз байланыстағы жоба шеңберінде қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет