Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»



бет44/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127
Дәрістер мазмұны

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Зерттеу мақсатының қызметтерін түсіндіріңіз.
2. Зерттеу мақсатын құрастырудың алгоритмін ұсыныңыз.
3. Өз зерттеуіңіздің мақсатын дұрыс құрастырылғандығын тексеріңіз.
4. Педагогикалық зерттеудің болжамы неше бөліктен тұрады?
5. Магистрлік диссертацияңыздың болжамының құрамына талдау жасаңыз.
6. Жетекші идея мен болжамның байланысын түсіндіріңіз.
9. Өз зерттеуіңіздіңіздің жетекші идеясын сипаттаңыз.
10. Зерттеу міндеттері туралы әдебиеттерге қысқаша шолу дайындаңыз.
11. Магистрлік диссертацияңыздың міндеттерін сипаттаңыз.

5-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері.
Зерттеу әдістерінің құрылымы. Әдіснамалық ережелер мен ұстанымдар нақ әдістерде өзінің ықпалды, аспаптық көрінісін табады. Сонымен бірге, дидактикалық зерттеулерде логикалық ойлау түрлері - индукция және дедукция, анализ және синтез, рәсімдеу және модельдеу, салыстыру, топтау жән жалпылау, абстрактілеу және нақтылау, нақтыдан абстрактіге өрлеу және абстрактіден нақтылауға өту қолданылады.
Бірақ сәйкес әдістер кешенін сипаттаудан бұрын дидактика саласындағы екі түрлі жұмыс түріне (бұл сөз зерттеушілік ұғымына жатпайды) назар аудару қажет. Бұл таза теориялық талдауға негізделген және шолу сипатындағы жұмыстар. Бұл шектеуді жеңіл өткізу үшін дидактикалық зерттеу әдісін - өзара байланысты амалдардың сәйкес әрекеті мен тәсілдерін, дидактикалық үдерістердің жекелеген элементтерінің арасындағы тәуелділікті, сонымен қатар білім беру мен оқытудың заңдылықтарының тұтас ашуға мүмкіндік беретін жүйе ретінде қабылдаймыз.
Дидактикалық зерттеулерді жүргізу үшін ерекше ғылыми әдістер қолданылады. Дидактикада зерттеу әдістерінің үш түрлі тобы бар. Біріншісі - ғылыми-педагогикалық талдау әдісімен жүргізілетін теориялық дереккөздерді, архив материалдарын, құжаттарды зерделеу. Мынадай да тәсіл бар: идеяларды және дамудағы тұжырымдаманы талдау. Педагогикалық тәжірибені ретроперспективалық талдау деген де бар. Екінші топ зерттеудің анық, сенімді фактологиясын қамтамасыз етеді. Мәліметтерді алу сипаттамасына қарай, байқау, әңгіме, анкета, интервью, рейтинг және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. Бұл барлық әдістер екі басты - педагогикалық эксперимент және педагогикалық тәжірибені жалпылау әдістерімен байланысты. Педагогикада тұлғаның қалыптасуын, оқуын, тәрбиелілігін, дарындылығын және т.б. өлшейтін арнайы жасақталған аппарат жоқ болғандықтан, нақты мәліметтер педагогикалық үдерістерді және құбылыстарды кешенді зерделеу әдістерін қолдану барысында ғана алынады. Міне, сондықтан да даулы немесе қарама-қайшы мәліметтер пайда болған кезде бағалау және өзін-өзі бағалаудың үйлесімділігі, рейтинг және педагогикалық консилиум қолданылады. Ақырында, әдістердің үшінші тобында: зерттеу нәтижелерін сапалы талдау және нәтижелерді сандық түрде өңдеу (статистикалық және статистикалық емес) әдістері қолданылады.
М.Н. Скаткиннің «Методология и методика педагогических исследований» и Ю.К. Бабанскийдің «Проблемы повышения эффективности педагогических исследований» атты кітаптарында оқытудың әртүрлі проблемасы бойынша дидактикалық зерттеудің нақты әдістемесі берілген. Бұл әдістерді білу ғалым-зерттеушіге ғана емес, ол мектептің әрбір мұғаліміне қажет. Бұл өзге мұғалімдердің тәжірибелерін үйрену, өзінің кәсіби қызметіне баға беру және шығармашылықпен іздену үшін керек.
Бүгінгі күні зерттеу қызметін ұйымдастыруда білім мен біліктерді меңгеру мәселесі әрбір мұғлім, әрбір басшы үшін ерекше көкейкесті болып отыр, себебі педагогикалық ұжымдардың көпшілігі тек оқу үдерісін жетілдірумен ғана емес, сонымен қатар инновациялық технологияны қолданып және жасаумен де айналысады.
Еліміздің көптеген мектептерінің базасында эксперименттік білім беру алаңдары құрылған. Эксперименттік білім беру алаңдары жалпы мектептерден оқытудың жаңа мазмұнының, педагогикалық қызметтің жаңаша әдіс-тәсілдерінің жобалап, жүзеге асыруымен ерекшеленеді және білім беру үдерісінің жаңа формалары іздестіріліп, сәйкес диагностикалық жүйе жобаланып, сынақтан өткізіледі (14-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет