Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Педагогикалық зерттеулердің әдістері»


Жүйелілік тұғыр мен тұтастық тұғыры



бет81/127
Дата04.10.2023
өлшемі1.69 Mb.
#479729
түріДиплом
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127
Дәрістер мазмұны

Жүйелілік тұғыр мен тұтастық тұғыры да дидактикалық зерттеу тірегі.
Оқыту үдерісін педагогикалық зерделеу көпқырлы болуы керек, бірақ ол біртұтас болуы шарт. Осылайша, талдаудың мазмұндық қыры оқу пәндері материаалын, негізгі ұғымдарын, идеяларын, теорияларын іріктеу және құрастыру тәсілдерін, жаңашыл логикалық құрылымдарды жасауды қамтиды; үдерістік-қимылдық қыры әрекет тәсілдерін, оларды қалыптастыруды талдауды қамтиды; тұлғалық-түрткілік қыры білім алуға түрткілерді, оқуға қызығушылықтардың, қажеттіліктердің қалыптасу үдерісін, оқушының типтік және сипаттамалық белгілерін негізге алады.
Зерттеудің логикалық құрылымы өзінің нысандық саласын таңдап алудан басталады. Мұндай бөлігі не тәжірибелік іс-әрекетте (айталық, белгілі бір пәнді бастауыш, орта және жоғарғы сыныптарда оқыту), не оның ғылыми мәселелерде көрініс береді (дамыта оқыту теориясы, жекелік тұғыры ұстанымы және т. с. с.). Нысан бөлігін таңдау: оның өзектілігі, жаңашылдығы және нәтижелілігі сияқты объективті шарттарына; білімділік, өмірлік тәжірибе, бейімділігі, қызығушылығы, қабілеті, ой ерекшелігі, оның ғылыми ұжым мен оның жетекшісі, кәсіптік іс-әрекетімен байланыстылығы сияқты субъективті шарттарға сүйенеді. Мәселенің даму үдерісі зерттеу нысаны мен пәнін анықтаумен тығыз байланысты.
Дидактикалық зерттеудің әдістері мәселесі де В.И. Загвязинскийдің монографиясында қарастырылған. Ол дидактикалық зерттеулерде логикалық ойлаудың индукция және дедукция, талдау бен жинақтау, моделдеу,салыстыру, жіктеу және жалпылау, абстракциялау және нақтылау, нақтыдан абстрактіге, абстрактіден жалпыға көшу сияқты формаларын қарастырды. В.И. Загвязинкий әдістерді жіктеуде оларды эмпирикалық және теориялық деп екі топқа бөлуге мүмкін болатынын айтты. Эмпирикалық зерттеу әдістеріне ол әдебиеттерді, құжаттарды және әрекет нәтижелерін зерттеуді, байқау, сұрақ-жауап, бағалау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау, тәжірибелік педагогикалық жұмыстар, дидактикалық экспериментті жатқызса, теориялық зерттеу әдістеріне – теориялық талдау мен синтез, абстракциялау – нақтылау және идеалдандыру, модельдеу, теориялық білімді нақтылауды жатқызады. Зерттеу әдістерін іріктеудің өлшемдерінің мәніне мынандай қағидалар ұсынады: әдістердің объектіге, пәнге, зерттеудің жалпы міндеттеріне, жинақталған материалға бара-бар болуы; ғылыми зерттеудің қазіргі ұстанымдарына сәйкестігі; ғылыми болашағы, яғни таңдалған әдістің жаңа, сенімді нәтиже беретінінің негізделуі; зерттеудің логикалық құрылымына сәйкестігі және т.б.
Дидактика мен әдістеме бірін бірі қайталайды деген пікір жиі кездеседі. В.В. Краевский: «әдістеме – бұл жеке пән дидактикасы, яғни жалпы дидактикаға «қосымша». Екінші жағынан әдістеме өзінің белгілі бір пәнді оқыту мен оның құралдары арқылы тәрбиелеу сияқты зерттеу пәні бар, өз алдына бөлек пән болып табылады. Сондықтан, әдістеме дидактикамен объектісінің (оқыту қызметі) бір болуымен байланысты. Бұл объект бойынша әдістеме бір ғана пәнді қарастырса, дидактика барлық пәнге тән жалпы байланысты қарастырады», - дейді. Зерттеулерде бастауышта оқылатын әр пәннің әдістемесін – пән әдістемесін – барлық пәнді оқытудың ортақ әдістемесін – ол оқыту дидактикасы деңгейлері бойынша қарастырылады. Дидактика барлық пән бойынша және оқу әрекетінің барлық деңгейіндегі оқыту жүйесін қамтиды. Қамтудың көлеміне қарай жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке дидактика сабақ беру әдістемесі болып табылады.
Бастауыштағы бірнеше пәнді бір мұғалім оқытатын болғандықтан, ол әр сабақтың әдістемесін, яғни дидактикасын меңгеруі керек, яғни төменгі сынып оқушыларының білімді меңгеру үдерісін және іс-әрекет амалдарын тиімді басқару мақсатында студенттердің сәйкесті дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру қажет.
Мектептегі оқыту дидактикалық үдеріс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін біліп, оған дайын болу керек. Дидактикалық даярлық – кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына олардың оқыту үдерісінің теориясы мен практикасы бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен мүмкіндіктері жатады.
Дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деп студенттердің оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданылатын тиімді әдіс – тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруін түсіндіре келіп, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында оқыту үдерісін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы сияқты дидактикалық қабілеттер болуы керек.
Қазіргі кезде дидактика – білім беру мен оқыту мәселесін зерттейтін ғылыми білімнің маңызды саласы. Дидактика – теориялық және нормативті қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметіне оқытудың шынайы үрдістерін зерттеу, оқытудың түрлі жақтары арасындағы фактілер мен заңдылықтарды айыру, оның мәнін ашу, даму тенденциялары мен болашағын анықтау жатады. Алынған теориялық білім оқыту тәдірибесін қоғам білім беру жүйесінің алдына қоятын мақсаттың өзгеруіне сай нығайтуға бағыттайды. Білім мазмұнын сұрыптай отыра, оқыту принциптерін, оқыту әдістері мен құралдарын қолдану нормативтерін көрсетіп, дидактика нормативтік–қолданбалы, құрылымдық техникалық кызметті атқарады.
Педагогиканың даму барысында дидактика өзінің жеке зерттеу нысаны бар дербес педагогикалық ғылыми пән мәртебесіне ие болды. Теория мен тәжірибенің бірлігі туралы таным теориясы – дидактика пәнін түсінудің маңызды екенін айқындайды. Дидактика практикаға, практикалық қызметке бағытталған. Сондықтан, дидактиканың басты қызметі оқыту практикасын ғылыми түрде негіздеу болып табылады. Пәнді анықтауда жетекшілік ететін екінші жалпы методологиялық ережеге адам танымының белсенділігі туралы тезис жатады. Сөйтіп, өзінің даму барысында дайындалған ғылыми дидактиканың методологиялық негізі обьективті әлемді тану және қайта өзгерту теориясы мен әдісі сияқты материалистік дидактика болып табылады. Дидактика методологиясы мәселесі туралы көптеген педагогтардың еңбектері бар. Ол еңбектерде оқыту теориясының методологиялық теориясы таным теориясы екені нақтыланған. Дидактика мектептегі тәжірибе жұмысымен тығыз байланыста дами отырып, үлкен жетістіктерге жетті. Педагогикалық үрдістің практикалық тәжірибесін және зерттеу қорытындыларын жинақтай отыра, кеңестік педагогика жаңа дидактикалық теорияны жасады.
Дидактикалық ой білім философиясының жалпы бағытына да, алдыңғы қатарлы елдердің мектеп жүйесіндегі реформаларының сипатына да шынайы әсер етеді. Қазіргі кездегі мектептің дамуы ғылыми түрде көңіл бөліп, обьективті баға беруді талап ететін батыстық дидактикалық ойдан ажырай қоймаған. Онда, бұрынғыдай теориялық-методологиялық плюрализм байқалады, қандай да бір идеяларды қолдайтын не жоққа шығаратын, бір-бірін өзара толықтырып тұратын түрлі бағыттармен қарама-қарсы келеді. Оқытудың стратегиялық мәселелері әрқашан болған және ашық түрде қалады, өйткені жаңалыққа тән нәрсе ашық болу, әлеуметтік жағынан пайдалы нәрсеге мектептің өзі екені белгілі.
Зерттеушілердің пайымдауынша, оқыту теориясында таным бағытын «...тірі бақылаудан абстрактілі ойлауға және одан практикаға» деген белгілі формуламен анықтайды. Алайда оқу үдерісінің өзінің арнайы міндеттері мен арнайы ұйымдасқан сипаты жағынан философиялық тұрғыда қарастырылатын таным үрдісінен, жалпыдан айырмашылығы болады. Соңғы кезде, шығып жатқан еңбектерде абстрактілі ойлау мен практика арасында «жобалау» компонентін енгізуді ұсынады. Сонымен қатар, мектептердегі оқу үдерісі жүйесін, оны басқару, реттеу және бақылау компоненттерінің ұғымын жасау үшін оқыту теориясының принциптері, заңдары, ережелері мен тұжырымдамаларын қарастырады. Біздің ойымызша, зерттеушілер дидактика заңдылықтарын ғылыми түрде толықтырып, дамытқан және оқыту теориясына бірқатар ғылыми принциптер мен әдістері, ақпарат теориясының заңдылықтары, жүйе теориясы, зерттеу операциялары мен шешім қабылдау теориясы, қосымша принциптер, сәйкестік және қарапайымдылық принциптері жатады.
В.И. Загвязинский оқыту мен тәрбиелеудің қозғаушы күштерінің әдіснамалық тұжырымдамасын, оқыту ұстанымдарының бірлігін, үйлесімділігін немесе оқыту үдерісінің дамутенденцияларын сипаттауды ұсынады. Қарама-қайшылық қызметін зерттеу оқу үдерісінің нақты және тұрақты қозғалыс күштерін көрсететін оқытудың мақсаты мен мәнінен шығатын қарама-қайшылықты бөліп алуға мүмкіндік береді .
Педагогикадағы өзекті және күрделі әдіснамалық мәселенің бірі дидактиканың басқа пәндермен байланысы болып табылады. Басқа ғылымдардың оқытудың мазмұны мен әдістеріне қатысты нәтижелері дидактикалық зерттеулер барысында көрінеді. Дидактикалық зерттеулер педагогикалық ғылымды және педагогикалық тәжірибені байланыстыратын органикалық байланыс болып табылады. Ол ғылым мен өндірісті біртұтас етіп байланыстыратын құрылымдық буындарға сәйкес келеді. Олар мыналар: 1) әдіснамалық зерттеулер; 2) іргелі зерттеулер; 3) қолданбалы зерттеулер; 4) тәжірибе-құрастырушы жұмыстар (жобалау және жаңа өнімді сынау); 5) ойлап табу және рационалдық қызмет; 6) тікелей өндірістік қызмет. Дидактикалық әдіснамалық, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіліп, тәжірибелі құралдар жасалады. Дидактикалық зерттеулер пәні алға қойған мақсатқа бағынатын оқыту үрдісінің мазмұнында, өту барысында, жабдықтары мен ұйымдастырылуында көрінетін кез келген саналы дидактикалық қызметті білдіреді. Дидактика өзіне тән танымдық қызметті орындайды. Осы педагогикалық тұжырымдаманың (әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, кибернетикалық, және т.б.) негізінде жатқан аралас ғылымдардың деректеріне талдау жасау.
Дидактикалық зерттеуді әдіснамалық негіздеуге ғалымның қатынасын талдаудан байқағанымыз ол материалистік диалектиканың заңдары мен категорияларын дидактика мәселесін зерттеу үдерісін ғылыми жағынан қамтамасыз ету үшін қолданды. Оқу құралдарында зерттеудің жалпы ғылыми және арнайы әдістері ұсынылады, зерттеу түріне байланысты зерттеу кезеңдері ашылады. Дидактикалық зерттеулер әдісіне мыналар жатады: оқыту практикасын бақылау, сауалдар қою, рейтинг, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жинақтау, бағдарлама, оқулықтар, модельдеу, эксперимент т.б. тәжірибе түрінде тексеру. Дидактика мәселесін тиімді тексеру шартына жүйелі тәсіл, аралас ғылымдар әдісін қолдану (психология, әлеуметтану т.б.), математикалық статистика мен логика, оқытудың түрлі аспектілерін кешенді түрде зерттеу. 70-жж. дидактикалық зерттеулерде оқу материалының көлемі мен күшіне, қарқынына, оны бүкіл оқу жылында және сабақ барысында қолдануға баға беру үшін сан әдістеріне мән берілді.
Академик Ю.К. Бабанский өзінің «Педагогикалық зерттеулердің тиімділігін арттыру мәселесі» атты кітабының «Дидактикадағы зерттеу әдістерін таңдау» деген ІІІ тарауында мынадай әдістердің жиынтығын ұсынады: педагогикалық бақылау әдістері, әңгімелесу, сұхбат алу және сауалнама, рейтинг және өзін-өзі бақылау, «педагогикалық консилиум», диагностикалық бақылау жұмыстары, педагогикалық эксперимент, педагогикалық зерттеулердің теориялық әдістері (салыстырмалы-талдай әдістері, абстрактіден нақты әдіске өту, модельдеу т.б.) (1982 ж).
Кейбір авторлар (В. Оконь және т.б.) салыстырмалы-тарихи зерттеу әдістерін ұсынады (тарихи әдістер, салыстырмалы әдістер), бақылау әдісі, дидактикалық эксперимент әдісі, зерттеудің қиындығын көрсетеді. Дидактикалық зерттеудегі қиындықтарға мыналар жатады: 1) «өлшенетін» және «өлшенбейтін» құбылыстарды бөліп көрсету; 2) зерттелетін пәндерді бірдей қамту және белгіленбеген көрсеткіштерге сай мүшелеу; 3) қандай да бір үдерісті сандық және сапалы сипаттауға бағытталған зерттеу; 4) зерттеуді дайындаудың баяу қарқыны, тұжырымдамалар жасау т.б. (1990 ж.). Дидактикалық зерттеулер түсіндіру, болжау, практикалық және бағалау қызметін орындайды. Бұл қызметтер арасындағы байланыс дидактикалық зерттеуде нақты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет