Дәрістер тезисі Математиканы оқытудағы есептің ролі


Математикалық есептердің класификациясы



бет4/8
Дата04.05.2024
өлшемі47.03 Kb.
#500485
1   2   3   4   5   6   7   8
ДӘРІСТЕР (тезис)

Математикалық есептердің класификациясы Математикалық есептер берілуіне байланысты әр түрлі шешу тәсілдері қолданылады.Олардың төмендегі классификациясын келтіруге болады: - нысандардың сипаттамасы бойынша (практикалық, қолданбалы); - теорияға қатысты (стандарт, стандарт емес); - талап ету сипаттамасы бойынша (ізделінділерді табу, дәлелдеу, салу) т.б.
Шартын беру түріне қарағанда математикалық есептер өрнектер, мәтіндік, графиктік, кестелік, геометриялық болып бөлінеді.
Математикалық есептердің түрлері:- оқылатын бағдарламаға сәйкес: есептер стандарт және стандарт емес есептер, берілуі мен шығарылу тәсіліне қарай графиктік, геометриялық, кестелік, салу, есептеу, дәлелдеу, логикалық, қызықты, ойын есептер, «қақпан» есептер, математикалық викториналар, софизмдер, сөзтізбектер мен қиылысулар, мәселе есептер, ашық және жабық тестер т.б.; - мазмұнына қарай, қозғалысқа, қоспаларға, пропорцияға т.б. берілген есептер, статистикалық, дифференциалдық есептер, элементар математикаға, жоғары математикаға берілген есептер;- орындалу функциясына қарай белгісіз шаманы табу, теңдеуді, теңсіздікті шешу, функцияның анықталу аймағын, функцияның мәндерінің аймағын табу;- күрделілігіне қарай қарапайым, орта, жоғары деңгейлік есептер, конкурстық (олимпиадалық, жарыс) жас ерекшеліктерге байланысты т.с.с. болып бөлінеді. Конкурстық есептер: стандарт емес есептер, логикалық, қызықты, ойын есептер, «қақпан» есептер, математикалық викториналар, софизмдер, сөзтізбектер мен қиылысулар, мәселе есептер, жоғары деңгейлік есептер, олимпиадалық, жарыс т.б Қызықты математиканың мынадай жанрлары болады: стандарт емес ойлауға үйрететін есептер, бас қатыру есебі, сөзжұмбақ, сөзтізбек, математикалық викторина, софизм, сан ребусы, математикалық фокус, сиқырлы немесе дуалы шаршы, сиқырлы куб, су қую есептері, сіріңке немесе ши есептері, шешімі жоқ есептер, қалжың есептер, көңілді сұрақтар, көне есептер, стандарт емес есептер, өлең есептер, теоремалар мен ережелер, Сангаку, оюларға берілген есептер т.б Қазіргі заман – математика ғылымының өте жан-жақты тараған кезеңі. Математика – ерекше құдіретті ғылым. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Бүгінгі күні ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады.Оқушылардың болашақ өміріне қажетті «Математика» пәні бойынша құзыреттіліктеріне тоқталайық:Математикалық таңбаларды түсіндіруге арналған есептер. Математиканы оқытудың өзекті де, күрделі салаларынын бірі -математикалық таңбаларды игеру, амалдардың орындалу ретін түсіндіру болып табылады. Мәселен, жақшаны ашқанда «+» және «•» амалдары қатар келгенде қайсысын бұрын орындау және т.б. Сондықтан белгілермен жұмыс жүргізгенде есептерге көңіл бөлу керек.Дәлелдеуді үйретуге арналған есептер. Теореманы дәлелдеуге немесе дәлелдеу есептерін шығаруға үйрету математиканы оқытудың маңьпды міндеттерінің бірі. Бұл маңызды мәселеге төменгі кластарда-ақ зор көңіл бөлінеді.Дәлелдеу алғашында есеп-сұрақ түрінде немесе қарапайым зерттеу түрінде болып келеді. Ондағы мақсат: сабақта өтілген ұғымдарды нақтылай түсінуге және ұғымдардың арасындағы байланысты түсінуге баулу.  Математикалық іскерліктерді қалыптастыруға арналған есептер. 
Математикалық іскерлігін қалылтастыру математиканы оқытудың маңызды міндеттерінің бірі. Есеп шығару барысында оқушылардың жаңа тәсілдерді меңгеру, алгоритмдерді құру, есептерге амалдар қолдану, шығарған есептердің көмегімен игерген әдіс-тәсілдерге практикалық маңыз беру іскерліктері шыңдала түседі. Сондықтан есеп шығаруда оңайдан күрделіге, белгіліден белгісізге принципін сактай отырыып, оқушылардың бұрынғы білімдері мен іскерліктерін пайдаланып, жаңа тақырыпқа байланысты есептердің жан-жақты түсіндірмесін беріп, тақтаға толық жазып шығарған дұрыс. Математикалық машықтарды қалыптастыруға арналған есептер. Математикалық есеп пен жаттығулардын тұтас жүйесін орындау арқылы қалыптастырылады. Себебі, есеп шығарудың әдіс-тәсілдерін жолдарын бірнеше мәрте қайталап, іскерлікті үйреншікті іс- қимылға айналдырып, дағды дәрежесіне көтереді, яғни есеп шығарудың техникалық орындалуы ойлау қызметіне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет