Дәрістер тезисі


-дәріс. Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы



бет2/41
Дата09.11.2023
өлшемі491.47 Kb.
#482799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Лекциялар Әлеуметтану-9

2-дәріс. Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы

Дәрістің жоспары:



  1. Әлеуметтану ғылымының пайда болуына әсер еткен тарихи жағдайлар.

  2. Огюст Конт – әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы. О.Конттың әлеуметтанулық ой-пікірлері.

  3. Герберт Спенсер – әлеуметтанудағы органикалық бағыттың негізін. қалаушы, әлеуметтік эволюционизм теориясының авторы.

  4. Эмиль Дюркгейм – әлеуметтік факт және аномия теориялары.

  5. Карл Маркс – теңсіздік теориясы.

  6. Макс Вебер – әлеуметтанудағы іс-әрекет теориясының негізін қалаушы.

  7. Әлеуметтану ғылымындағы негізгі теориялар.



Дәрістің мақсаты: Білім алушыларға әлеуметтану ғылымының шығу тарихымен, пайда болуына әсер еткен факторлар және ғылымның қалыптасуына үлесін қосқан негізгі ғалымдармен және олардың негізгі еңбектерімен таныстыру. Сондай-ақ әлеуметтану ғылымындағы негізгі теориялармен таныстыру.

Әлеуметтану ғылымының пайда болуына әсер еткен тарихи жағдайлар:



  • Франциядағы үш революция (1789 ж., 1830 ж., 1848 ж.);

  • Жаратылыстану ғылымдарының дамуы (физика, химия, биология);

  • Англиядағы, Франциядағы капитализмнің дамуы;

  • Урбанизация, қалалардың өсуі;

  • Әлеуметтік философиялық ойдың дамуының жаңа сатысына өтуі.

Огюст Конт (1798-1857) – француз математигі, философ, әлеуметтанушы, әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы, позитивист ғалым. Ғылым әлеміндегі позитивизм бағытының авторы. О.Конт әлеуметтануды қоғамдық ғылымдардың арасындағы ең маңыздысы деп түсінген. Конттың айтуы бойынша, әлеуметтану – физиканың әлеуметтік қатынастарды зерттейтін саласы. О.Конт: «Физиканың аспан денелерін, жер қыртысын зерттейтін салалары бар, сонымен қатар физиканың жануарлар мен өсімдіктер әлемін зерттейтін саласы органикалық физика деп аталады, ал физиканың адам әлемін зерттейтін саласын әлеуметтік физика деп атауымыз керек. Әлеуметтік физика қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеуі керек».
О.Конттың негізгі еңбегі – «Позитивті философияның рухы». Осы еңбекте Конт «қоғамға әлеуметтану керек пе?» деген сұрақ қойып, әлеуметтанудың не үшін керектігін былай түсіндіреді:
1. оқиғаны білу үшін оны бақылау керек
2. жағдайды болжау үшін оны түсіну керек
3. жағдайға шара қолдану үшін оны болжау керек
Конттың айтуы бойынша, түрлі жанжалдар, соғыстар қоғамды ыдыратады және осындай жағдайды болдырмау үшін әлеуметтану қажет. Әлеуметтану қоғамды ыдырататын келеңсіз жағдайлардың алдын алып отыруы керек. Ол үшін түрлі ғылыми әдістерді қолдануы керек. Әлеуметтану ғылымы үшін бақылау әдісі тиімді. Болып жатқан оқиғаны бақылаудың нәтижесінде оқиға туралы ортақ бір заңдылық ашылып, оқиғаға ненің әсер еткені білініп, себеп-салдарлық байланыс анықталады. Әлеуметтану ғылымы пайда болғанға дейін адамдар бұл сұрақтардың жауабын қайдан іздеген деген сұрақ қояды Конт. Конт жауап берген: «...дін мен философиядан іздеген. Бірақ уақыт өте келе қоғамды тануға арналған мұндай әдістер ескірді. Қоғам өзгеріп келе жатыр. Адамзат баласы жаңа дәуірге қадам басты. Индустриялық қоғам орнайды. Техника қарыштап дамиды, еңбек құралдары күрделене түседі. Алдымызда орасан зор ғылыми ашылулар, жаңалықтар күтіп тұр. Осы жағдайда ғылыми көзқараспен ойлау, әр нәрсенің себебін ғылыми тәжірибелерге сүйене отырып түсіндіруіміз қажет. Ғылымның дамуы адамға, оның өмір сүру жағдайына деген көзқарасты түбегейлі өзгертеді. Жаңа заманды, индустриялық қоғамды орнату үшін жаңаша ойлайтын адамдар керек. Ал, қоғамды өзгертетін, жаңаша ойлайтын адамдарды қайдан аламыз? Ол үшін мемлекетте позитивті (яғни ғылыми) саясатты іске асыру керек. Ол үшін білім мен отбасылық тәрбиені қолға алу керек. Халыққа, оның ішінде жұмысшыларға, олардың отбасына білім беру керек. Білім бәріне ортақ, қол жетімді болуы керек».
О.Конт баланың білім алуын екі кезеңге бөледі:
Бірінші кезең, отбасылық кезең деп аталады. Бұл кезеңде баланың бойында әлеуметтену (әлеуметтену дегеніміз адамның қоғамға енуі, қоғаммен араласуы), оқу, эстетикалық даму, шаруаға икемделу, жыныстық жетілу процестері іске асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет