Шоғырлану (концентрация) сатысы. Бұл сатыда қозудың ішкі, дифференциалды тежелуі нәтижесінде шоғырлануы жүреді, бұл қимылдың бағдарлы орындалуын қамтамасыз етеді. Қажетті бұлшық ет топтары ғана және оның өзі тек қана қимылдың қажет кезеңінде ғана қозады. Жұмысқа қуаттың жұмсалуы азаяды, бұлшық ет қызметінің үнемделуі артады. Дағды бұл сатыда қалыптасады, бірақ, ол мықты емес.
Тұрақтану (стабилизация) сатысы – қимылдардың бірнеше рет қайталануы нәтижесінде түзіледі. Бұл сатыда қимылдың тұрақтылығы және сенімділігі пайда болады, яғни дағдының автоматтандырылуы пайда болады.
Автоматтандыру процесі дегеніміз қимылдардың орындалуының ми қабықшасының бақылауынан шығуы.
5. Қимыл дағдыларын жетілдірудің физиологиялық негіздері.
Шынығу процесі барысында жасалған дағдының моделі мен оның орындалуының нақты нәтижелері тұрақты күйде бірігіп кетеді. Қимыл дағдыларының жетілуі келесі механизмдердің есебінен жүзеге асады:
Кері байланыс. Жүйке орталықтарына қимыл аппаратынан және сезім мүшелерінен келіп түсетін афференттік импульстер қимылдар орындалуы барысында алынған нәтижелерді бар эталонмен салыстыруға қажет болады. Олар сәйкес келмесе ОЖЖ-де (маңдай бөлімінде, ми қабықшасы асты ядросында) келісімсіздік импульстері пайда болады да, бағдарламаларға өзгерістер енгізіледі, ол талдағышты коррекция деп аталады. Қысқа уақытты қимылдар (секірулер, лақтырулар және т.б.) орындалғанда мұндай өзгерістер тек қимылдар қайталанған кезде ғана енгізіледі.
Қосымша мәлімет. Оған – бапкердің ұсыныстары, қимылдардың компьютерлік талдануы, кинокадрларын, видеофильмдерді көру жатады.
Қимылдардың сөзбен реттелуінің (педагогтың сөздік ұсыныстары) маңызы үлкен.
Қимыл есі – қимылдарды есте сақтау және қайта қалпына келтіру; қимыл дағдыларын - жүру, жазу, кәсіби дағдыларды қалыптастыру. Қимыл есінің жақсы белгісі - қимылдардың нақтылығы және ептілігі.
Қимыл есімен байланысты жүйке процестері бірнеше құрылымдардан тұрады: 1) әртүрлі талдағыштардан келіп түскен келіп түсетін мәліметтерді қабылдау; 2) осы мәліметтерді талдау; 3) мәліметтерді тіркеу (сақтау); 4) естен қажетті мәліметтерді алу;
5) жауап беретін мәліметтерді бағдарлау.
Жоғары жүйке жүйесі түрінің – қимыл дағдылары қалыптасуында маңызы үлкен.Жаңа стереотиптердің қалыптасуында және ескі мәліметтердің қайта жасалуында жоғары жүйке жүйесінің – күшті, байсалды, ширақ, яғни -сангвинник болғаны дұрыс. Ұшқалақ түрінде жаңа дағдылар тез қалыптасады, бірақ бағдары нақты бола бермейді, өйткені толық талдау жүргізілмейді (холерик). Баяу түрінде дағдылар баяу, бірақ мықты қалыптсады. Оларды қайта өзгерту қиынға соғады (флегматик). Әлсіз жүйке жүйесі барларда дағдылар қалыптасуында да, мықталуында да айқын нәтижелер болмайды.
Шаршау, жалпы ағзаның күйінің нашарлауы - рефлекторлық қызметтің жүзеге асуын және күрделі қимыл дағдыларының қалыптасуын бұзады.
Жүзу, жүру, шаңғы тебу, коньки тебу, велосипед тебу сияқты жалпы қиымл дағдылары шынығудың арасында үзілістер болғанның өзінде көп жылдарға сақталады, бірақ ондай деңгейде жарыстарға қатысуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |