Серверлер, әдетте, параллель жұмыс істейтін бірнеше процессорлары, сыйымдылығы үлкен винчестерлері,
жоғарғы жылдамдықты желілік картасы (100 Мбит/с және одан да көп) бар
жоғары өнімді компьютерлер
болып табылады.
Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау тәсілін арнайы адам –
желі әкімі белгілейді. Бірлесіп
пайдаланатын информацияның сақталуы үшін жауапкершілік те оның мойнында.
Жергілікті иерархиялық желілерде деректерді қңдеу екі объект: клиент пен сервер арасында бөлінген.
Клиент,
жоғарыда айтылғандай, жұмыс станциясы; бұл сөзбен жұмыс
станциясын пайдаланушыны да
есепке алуға боалды. Бірақ, сонымен бірге жұмыс станциясынан сервердің ресурстарына қатынас құруды
жүзеге асыратын арнайы компьютерлік программа да «клиент» деп аталады.
Деректерді өңдеу кезінде
клиент қандай да бір күрделі немесе мамандандырылған процедураларды орындау үшін серверге сұрату
дайындайды, мысалы файлды шығарып оқу жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру және т.б.
Сервер өз
кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорытындысын клиентке қайта жібереді.
Әдетте, сервер жалпы пайданудағы деректерді сақтауға, оларға қатынас
құруды ұйымдастыруға және
деректерді клиентке жолдауға жауап береді. Деректерді алған клиент оларды өңдеп,,
өңдеу нәтижесін
пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады.
Кейде деректерді өңдеуді сервер де орындайды.
Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық жабдықтама екі бөліктен тұрады:
серверде орнатылатын желілік
операциялық жүйеден;
Достарыңызбен бөлісу: