т.б. ауысып отырады. Ақпарат пен толған маркер «иемденген» деп аталады. Берілетін ақпараты жоқ маркер
«бос» деп аталады; ол желі бойынша өз бетімен көшіп отырады. Желіде тек бір маркердің көшіп отыруына
болады және тек қана бір бағытта (сағаттың тілі бойынша бір компьютерден басқаға).
8. Мәліметтерді желіге маркермен жөнелту үшін компьютер бос маркерді күтіп
оны тартып алу
керек, содан кейін мәліметтер маркермен бірге сақина бойынша алушыға беріледі. Алушы мәліметтерді
алғаннан кейін сәтті қабылдау туралы ақпараты бар өзгертілген маркерді жөнелтушіге жібереді.
Қабылдауды растағаннан кейін босатылған маркер келесі жөнелтушіге дөңгелек бойынша беріледі.
Маркермен қатынау әдісінде коллизия болмайды, өйткені бір компьютер
берілген уақытта маркерді
пайдалана алады.
9. Тапсырыстың артықшылығы бойынша қатынаудың әдісі коллизияны анықтау әдісімен ұқсас;
айырмашылығы бір концентратордың екі немесе одан көп компьютері бір уақытта ақпаратты жөнелтуді
бастағысы келген кезде байқалады. Бұл жағдайда коллизия болмайды, өйткені концентратор артықшылығы
жоғары компьютерді таңдайды және сол ғана мәліметтерді жөнелтеді. Барлық
қалғандары жөнелтуден
уақытша сөндіріледі. Артықшылық компьютер қосылған концентраттағы айырушының нөмірі анықталады.
10. Мәліметтерді бір уақытта әртүрлі концентраттардағы бірнеше компьютерлерден жөнелтуге
мүмкіндік жасауда коллизия болмайды, өйткені жөнелтуді басқа концентраторлармен
салыстырғанда
жоғары артықшылығы бар концентраторлы компьютер іске асырады. Осылайша концентраттар арсныда
және әрбір хабтар арасында иерархия болады.
Достарыңызбен бөлісу: