2. Операциялардың орындалу мерзіміне байланысты жедел, шұғыл және жоспарлы операция болып бөлінеді.
Жедел операциялар науқас хирургиялық бөлімшеге түскен соң алғашқы сағаттар ішінде тез арада жасалады. Әдетте, жедел операция алғашқы 2 сағат ішінде жасалуы тиіс деп санайды. Жедел жасалатын операцияларға науқастар түскеннен кейінгі алғашқы минуттар ішінде науқас өмірін сақтау үшін реанимациялық шаралар да (трахеостомия, клапандық пневмотораксті ашық пневмоторакске айналдыру, сыртқы-ішкі қатты қан кетуді тоқтату) жатады.