10. Қан құйған кезде биологиялық сәйкестікке сынақ 3 рет жүргізіледі. 1-ші 10 мл қанды құяды, 3 ретте 30 мл-дей және арасында 3 мин. үзіліс жасап науқас жағдайын бақылап құйып отырады. Осы сынақ кезінде қан құюдан кейін бас ауруы, естен тану, т.б. белгілері болмаған кезде барлық қалған қанды құю ережесіне сай жүйелі түрде тамшылатып құяды. Бас ауырып, естен тану белгілері пайда болғанда, кеуде және бел аймақтары ауырғанда, АҚ төмендегенде, лоқсу, құсу, бозару, т.б. - қанның биологиялық жарамсыздығы туралы өте сенімді куәләндырады. Бұл кезде мұндай қанды құюды тез арада тоқтату керек. - 10. Қан құйған кезде биологиялық сәйкестікке сынақ 3 рет жүргізіледі. 1-ші 10 мл қанды құяды, 3 ретте 30 мл-дей және арасында 3 мин. үзіліс жасап науқас жағдайын бақылап құйып отырады. Осы сынақ кезінде қан құюдан кейін бас ауруы, естен тану, т.б. белгілері болмаған кезде барлық қалған қанды құю ережесіне сай жүйелі түрде тамшылатып құяды. Бас ауырып, естен тану белгілері пайда болғанда, кеуде және бел аймақтары ауырғанда, АҚ төмендегенде, лоқсу, құсу, бозару, т.б. - қанның биологиялық жарамсыздығы туралы өте сенімді куәләндырады. Бұл кезде мұндай қанды құюды тез арада тоқтату керек.
- Клиникалық жағдайда «созылған» деп аталатын биологиялық сынақ жиі жүргізіледі. Ауру жағдайын үнемі бақылап және қанды ақырын тамшылатып құяды. Бұл кезде қан құюдың барлық уақытында медицина қызметкері міндетті түрде науқастың қасында болуы керек.
- 11. Қан құйып болғаннан кейін АҚ өлшеп, тамыр соғуын санау керек. Қан құюдан кейін екінші күнге қан және зәр зерттеулерін тағайындау керек. Қан құйып болғаннан кейін 3 рет әрбір 1 сағат сайын дене қызуын өлшеу қажет.
- 12. Қан құю да - операция, оған қаттамалық құжат жазылады: қан құюдың көрсеткіштері, сынақтар нәтижелері, ауру жағдайын, т.б., бәрін көрсету керек. Негізінен қанның барлығын толығымен құймайды, 10-15 мл алып қалады. Өйткені, қан құю кезінде тосыннан күдіктер болса, жүргізілген сынақтарды қайтадан тексеретіндей жағдайларда ол өте қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |