міндетті:
-Қазақстан Республикасының заңын бұзбайтын, өз елінің патриоты болуға;
-колледждің ішкі ережесін, денсаулық сақтау мекемелерінің және колледждің Жарғысын сақтауға;
-техника қауіпсіздігі ережесін ұстануға;
-колледж мүлкіне, энергетикалық және табиғи ресурстарға ұқыптылықпен қарауға;
-оқытушыларды, студенттерді, колледж қызметкерлерін сыйлауға;
-уақытты тиімді пайдалануға;
-мемлекеттің, қоғамның, колледждің, адамның денсаулығына, мүлкіне зиян келтіретін барлық жағдайға белсенді қарсылық көрсетуге;
-сабаққа тек ақ қалпақ пен халат, екінші аяқ киім және бейджикпен келуге;
-қалалық сенбіліктерге, тазалық күндеріне белсенді қатысуға;
-жыл сайынғы жазылымға белсенді түрде жазылуға;
-өзімен бірге студенттік билетін, оқырман билетін ұқыпты ұстап, басқа біреуге беріп жібермеуге, сұраған уақытында көрсетуге (жоғалған жағдайда топ жетекшісіне бірден ескерту).
Студенттерге тыйым салынады:
-колледж аумағынан тыс жерлерге ақ халатпен, екінші аяқ киіммен шығуға;
-колледж аумағында карта ойнауға, темекі шегуге, арақ ішуге, құмар ойындарын ойнауға;
-колледж ғимаратында пісте шағуға, сағыз шайнауға, қоқыс тастауға, жеке заттарын қалдыруға;
-сабақ үстінде әлеуметтік желілерді (инстаграм, фейзбук, ютуб, тик-ток, уатсап, құмар ойын) пайдалануға, телефонды қуаттауға;
-сабақ, іс-шаралар кезінде өзге нәрселермен айналысуға;
-оқу үрдісіне кедергі келтіруге;
-колледж мүліктеріне, өсімдіктерге, кітаптарға, парталарды сызуға;
-жоспарланбаған іс-шараларға қатысуға;
-пешеход, терезеде отырмау
-басқа қоғам ұйымдарының киімін киюге (хиджаб, орамал);
-діни ағымдардың атрибуттарын тағуға;
-сабақ кезінде қыздарға маникюр жасатуға, шаш жайып келуге;
-колледжге бағалы заттар (смартфон, алтын әшекейлер) үшкір, газды баллон, суық қару әкелуге;
-колледж Жарғысына қарсы келетін үгіттеу жұмыстарымен айналасуға;
-білім беру мекеме ішінде студенттердің бас киіммен жүруіне, құлаққап тағуына, дене тәрбиесі сабағынан тыс уақытта спорттық киім киюге, жыртық шалбар, қысқа топик, қысқа юбка мен көйлектер киюге рұқсат етілмейді.
1.5. Студент колледждің мүлкіне зиян келтірген жағдайда оның толық түрде төлемақысына жауапты (студент кәмелеттік жасқа толмаған болса ата-ана жауапты).
1.6. Салтанатты іс-шаралар өткізгенде тыныштық сақтауға, Гимн ойналғанда орнынан тұрып, басқа әңгімелер мен әрекеттерге ойын бөлмеуге тиіс.
2. Студенттердің оқудағы міндеттері.
2.1. Барлық студенттер қысқы және жазғы демалыстан кейін уақтылы оқуға келуі қажет. Уақытысында келмеген студент 10 күн ішінде өзінің келмеген себебі туралы заңды анықтама қағазын көрсетуі тиіс. Жаңа оқу жылында түскен студент уақтылы сабаққа келмеген жағдайда, өзін ақтайтын құжат көрсетпеген жағдайда, оны оқуға түспеген деп есептеп, одан кейін тұрған талапкерді оқуға қабылдайды. (заңгермен жөндеу)
2.2. Оқу үрдісі кезінде студент сабақ кестесі бойынша барлық сабақтарға қатысуға, оқытушы келгенше аудиторияға уақтылы кіріп, өз орнында отыруға міндетті. Әр кешіккен кезіне бөлім меңгерушісінің алдында жауап береді.
2.3. Колледжге, денсаулық сақтау орындарына таза ақ халат, қалпақпен келуі қажет. Әрдайым киімі таза, артық заттары жоқ болуы және сабаққа қажетті кітаптарды, оқу құралдарын, дәптерлерін алып келуі тиіс.
2.4. Оқуға /сабаққа/ әлдебір себептермен келе алмай қалған жағдайда, студент бөлім меңгерушісіне немесе кураторға міндетті түрде сол күні хабарлауы тиіс.
2.5. Сабақ барысы кезінде өз еркімен аудиториядан шығуға тыйым салынады.
2.6. Оқуды (сабақты) ауырып не болмаса әлдебір жағдайлармен жіберген кезде, сол уақытта өтілген сабақты меңгеріп, жазып алу қажет. Жіберілген сабақтарын студент оқытушының ЦӘК отырысында бекітілген кестеге сай өтеуге тиіс. Жіберілген сабақтарын студент сабақтан тыс уақытта өтеуі тиіс.
2.7. Күнделікті сабақтары аяқталмай, бөлім меңгерушінің рұқсатынсыз кетіп қалуға болмайды.
2.8. Студент теориялық және тәжірибелік білімділігін терең меңгеру мақсатында, өз бетінше оқып үйренуі қажет.
2.9. Оқу жоспары мен бағдарламаға сай жасалған барлық тапсырмаларды уақтысында орындау, академиялық қарыздарын уақтылы жабу.
2.10. Студенттер өз білімдерін жетілдіріп отыруға, оны күнделікті оқуда кең пайдалана білуі.
2.11. Сабақ барысында бөтен біреудің оқу материалдары мен конспектілерін қолдануға тыйым салынады.
2.12. Студенттер колледжден келесі жағдайларда шығарылады: өз еркімен; денсаулығына байланысты; басқа оқу орнына ауысқан; үлгермеген; ішкі тәртіп және колледж Жарғысын бұзған жағдайда. Ақылы топта оқитын студент оқу ақысын төлемесе оқудан шығарылады, егер оқу ақысы төрт апта ішінде төленсе студенттер қатарына қайтадан алынады.
Студент сабақты себепсіз жіберген жағдайда:
- 36 сағат үшін – ескерту беріледі;
- 72 сағаттан асқан жағдайда- оқудан шығарылады;
2.13. Барлық топтарда, топшаларда кезекші студенттің болуы қажет, оның міндеттері:
-әр сабақтың басында және соңында тақтаны тазалап, шүберек пен борды дайындап қоюға;
-гүлдерді суғаруға (қажет болса ғана);
-сабақ аяқталысымен терезенің алдын, тақтаны, парталарды тазартып шығуға;
-әлдебір жағдайда бөлім меңгерушісіне, кураторға немесе лаборантқа хабарласу.
2.14. Топ старостасы студенттердің тәртіп сақтауын қадағалап отыруы қажет.
3. Студенттердің колледж әкімшілігіне, оқытушыларына,
колледж қызметкерлеріне қарым-қатынас міндеттері:
3.1. Студеттер әкімшілік пен оқытушылардың заңды талаптарын орындауы қажет. Барлық талаптар міндетті түрде орындалуы тиіс. Талапты орындамаған жағдайда ескертулер, қайталанған жағдайда колледжден шығарылады.
3.2. Колледждің барлық қызметкерлерімен амандасу әдебін сақтауға тиісті.
3.3. Сабақ кезінде, бос уақытта да оқытушы, колледж қызметкері, бөтен адам ішке кірсе студенттер орнынан тұруы қажет.
3.4. Колледж оқытушылары мен қызметкерлеріне студенттер тарапынан ешқандай қысым көрсетілмеуі керек. Оқудағы туындаған мәселелерге байланысты ақша ұсыну қарым-қатынасына тиым салынады.
4. Студенттердің бір-біріне деген қарым-қатынас міндеттері:
4.1. Студенттер бір-біріне достықпен, сүйіспеншілікпен, инабаттылықпен қарауы керек. Өзара ұрсу, төбелесу, балағаттау, басқа да іс-әрекеттерге тыйым салынады.
4.2. Өзінің абыройымен қоса, өз тобының, өз колледжінің намысына нұқсан келтірмеуі керек. Жоғары курс студенттері төменгі курс студенттеріне үлгі көрсетуі қажет. Топтық, ұжымдық теріс қылықты іс-әрекеттерге әкімшілік қатал жаза береді.
4.3. Оқуға зиянын келтіретін бөтен кітаптар, журналдар, қажет емес заттар, ойыншықтар т.б. колледжге алып келуге тыйым салынады.
4.4. Студенттер әлеуметтік желілер арқылы жалған және заңсыз ақпараттарды таратпауға, бір-бірінің ар-намысына тиетін әдепсіз мінез-құлық пен іс-әрекеттер жасамауға міндетті.
5. Студенттердің колледжден тыс жерлердегі сырт бейнесі және тәртібі.
5.1. Денсаулығына, жақсы оқуына нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасамауға тиіс (яғни түрлі ойын-сауық кештері т.б.);
5.2. Болашақ медицина қызметкерлерінің көңіл көтеретін жерлерде болуы өз өміріне қауіпті екендігін ескеру.
5.3. Заңсыз ұйымдарға қатысуға тыйым салынады. Заңды ұйымдарға қатысқан жағдайда әкімшілікке ескертілуі керек.
5.4. Колледжден тыс жерлерде студенттер ұқыпты, таза киінуі қажет.
5.5. Көпшілік жерлерде зиян келтірмей, өзін тәртіпті ұстау керек.
5.6. Топ құрып, қала тұрғындарына, демалушыларға, қала қызметкерлеріне кедергі келтірмеу.
5.7. Денсаулық күндерін, басқа да іс-шараларды табиғатта өткізу барысында шомылуға жол берілмейді.
6. Іс-тәжірибе кезінде барлық денсаулық сақтау мекемелерінде өзін-өзі ұстау ережелері.
2-3 курс студенттеріне уақтылы санитарлық тексеруден өту.
6.1. Әр студент өзінің тәрбиелік жақтарын көрсетіп, сол мекеменің тәртібін, іс-тәжірибе өткен кезде немесе басқа да жағдайларда ұстануға міндетті.
6.2. Студенттер ауруханаларға, басқа да мекемелерге барған жағдайда, өзінің үлкен іс-тәжірибелік біліміне сүйене отырып мына жағдайларды алдына мақсат ету керек:
а) барлық ауруларды бақылауға, мейірбике, фельдшер, ауруды күтуші қызметін атқаруға;
б) дәрігер-оқытушылардың берген ғылыми хабарламаларын мұқият тыңдауға.
6.3. Ауруханада қатты сөйлеуге, жүгіруге, қатты күлуге, басқа палаталарға кіруге болмайды.
6.4. Студенттерге денсаулық сақтау мекемелеріне, ауруханалардың бөлмесіне өз еркімен кіруге тыйым салынады.
6.5. Студенттер іс-тәжірибені өту кезінде, яғни дәріханаларда, ауруханаларда т.б. мекемелерде тікелей ЖЖМК-ның оқытушыларының немесе сол мекеменің қызметкерлерінің қарауында болады. Студенттер қандай жағдайда болмасын құралдарды, дәрілерді т.б. заттарды өздеріне алуға тыйым салынады.
6.6. Денсаулық сақтау мекемесінің басшылары немесе аурулардың сұраныстары бойынша студент берілген уақыттан арттық қалуға міндетті.
6.7. Студент іс-тәжірибе сабағын аяқтаған соң, өзінің отырған жұмыс орнын тазалап, кетіп бара жатқанда тыныштық сақтап, алдынан шыққан адамдарға мейірімділікпен қарауға тиіс.
7. Сөйлеу мәнері.
7.1.
Достарыңызбен бөлісу: |