402
Сүлеймен қарақшы
Реңi құп-қу болған ананың аздап жаны кiрдi. Содан бiр-екi рет
зорға дегенде терең тыныстады:
— Ұрмаңызшы ендi...
— Мерекелерiңдi адам жемей өткiзсеңдер болмай ма?
— Адам етi тәттi болады. Әсiресе семiз әйелдер мен жас
қыздардың. Бiлмеймiн, үйренiп қалғандығымыздан ба, әйтеуiр
соған аңсарымыз ауып тұрады.
— Адам етiне аңсарыңды аудырған тәбетiңдi бiраздан кейiн
өз қаныңды iшiп басатын боласың. Әзiрше әңгiмеңдi айта бер.
Жейтiн адамдарыңды қай жақтан ұрлап әкелесiңдер?
— Кейде шаһарға таяу ауыл-ауылдардан ұрлаймыз. Ал көбiне
Тәшкендегi базарлардан әкелемiз.
— Қайтiп?
— Үлкендерiнен сәл көз
жазып қалған балаларды жылы
сөзбен, болмаса тәттi мәмпәси берiп алдап, үлкендеулерiн аңдып
жүрiп, оңашада қапыда бас салып, ұрып талдырамыз да арбаға
артып аламыз. Ұрлаудың түрi көп қой. Көктемде, жазда шаһарға
қаңғып кеп қалатын долылар да кейде бiзге көмектеседi. Тiптi
олардың кейбiр уақыттарда өз балаларын да сатып жiберетiн
кездерi болады. Қазiр Шымкент
жақтан ауып кеп жатқан аш
қазақтар да, бiзге жүдә оңай олжа боп жүр.
— Адамдарды дәл сол мерекелерiңнiң алдында ұрлайсыңдар
ма?
— Қай кезде болса да ұрлай беремiз. Жаңа өзiңiз болған үңгiрдiң
iшiнде қуыс-қуыс бөлмелер көп. Мерекеге дейiн ұрланғандарды
сол жерде бағамыз.
— Оларды қашырмай, қайтiп ұстайсыңдар?
— Қол-аяқтарын байлап қоямыз да. Содан соң оларға көбiнесе
қан көбейтетiн шөптiң қайнатпа суын беремiз. Соятын адамның
қаны көп болса, соғұрлым жақсы.
— Қазiр сенi тура мiлисаға апарып өткiзем. Бәрiңнiң көздерiңдi
құртсын. Әй, жоқ, мiлиса сендердi жеңiл-желпi жазамен
соттап жiберуi мүмкiн. Абақтыдан
келген соң кәсiптерiңдi
тағы жалғастырып, талай адамның түбiне жетесiңдер. Одан
да барлықтарыңның көздерiңдi өзiм құртам. Бiрiншi сенен
бастаймын. Жоқ, бұл да болмайды екен. Егер сенi өлтiрiп қойсам,
басқа жөйiттердi таба алмай қалам. Осыдан өлмей, тiрi қалғың
келсе, соларды көрсет маған. Уай,
айтпақшы, басты нәрсенi