Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет184/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
— Тұрлыбай мен басыма үзеңгiмен ұрған қаскөйдiң сазайын 
бермей еш тынбаймын, — дедi Сүлеймен.
— Сен, Парманқұл, құл болмай нан тапқың келсе, жөн-
жосықсыз зорлыққа бара берме. Пархад, сен болсаң, ұрлық 
атаулыға жолама. Онсыз да несiбең мол адамсың. Ал, Қараман, 
сенi «жер аударды» дегенi болмаса, өз еркiң өзiңде. Артыққа 
кетiп, тағы күйiп қалма. Сүлейменге келсем, бiлмеймiн, бұған 
не айтарымды. Алдымен жарақатыңды жазып ал. Осында 
жатып жазыл. Үй кең. Бар жағдай бар. Қарап тұрсам, өштескен 
адамыңнан кек алмай қоймайтын жан екенсiң. Мен «тиiспе» десем 
де, тиiсесiң оларға. Ол сұмдарға да бiр зауал керек... Жә, бүгiнгi 
әңгiмемiздi осымен бiтiрейiк. Қараман ертең Аралға қайтуы 
керек. Парманқұлға әзiрше жұрт көзiне көрiнуге болмайды. 
Сүлейменнiң жағдайы белгiлi. Сондықтан да жатып дем алайық. 
Қалғанын кейiн көрермiз.
— Жарайды, Мамажан. Әзiрше сенiң айтқаның болсын. 
Бағаналы берi сенен бiр нәрсенi сұраудың ретi келмедi. Ендi 
сұрайын. Осында барлық бұзықтар мен баскесерлердi ашса— 
алақанында, жұмса— жұдырығында ұстап отыратын Бекаба 
деген жөйiт бар екен ғой. Ол жайында не бiлесiң?
— Оның бары рас. Бiрақ соған өкiметтiң де, мен деген 
мықты жiгiттiң де әлi жетпей қойды. Өзiм оны көрген емеспiн. 
Айтушылардың сөзiне қарағанда, сұмдық адам дейдi.
— Сол сұмдық адамның ажалына мен жетемiн! 
— Қайдам?
Мамажан бiр күрсiнiп, басын төмен салды. 
Тәшкендегi қазақтардың ең атақты қарақшыларымен танысқан 
Сүлеймен, бiр апта бойы Мамажанның үйiнде қонақтап, Тұрлыбай 
мен өзiн үзеңгiмен ұрғанды сартты қалай қолға түсiрудi әбден 
жоспарлады. Жоспарының көмекшiсi — Пархад. Күнде көшеге 
шығып жүрген ол, бiр күнi кешке Қаратайды ертiп келдi.
— Тәшкенге келе сала, екi рет оңбай таяқ жедiң. Бұл сенi сорға 
батыратын шаһар болайын дедi-ау деймiн, — дедi ол амандасып 
болған соң. — О, Парманқұл да осында екен ғой. Мамажан 
бәрiңнiң бастарыңды қосып, жүдә, бағып жатыр екен-ау.
— Бiр қарақшымызды Аралына аттандырып, үшеумiз 
жатырмыз iшiмiз пысып. Мына Сүлеймендi таяқтап кеткендердi 
таптың ба? Көрсетшi тезiрек. Iш пысқанға қолдың қышығаны 
қосылып, Мамажанның үйiне сыймай отырмыз.


385
Сүлеймен қарақшы
— Сен, Парманқұл, өзiңе лайықты жанды ендi таптың. 
Қашғарлықтардан кек алғыларың келсе, дайындалыңдар. 
Үзеңгiмен ұрғыш қаскөйдiң, Тұрлыбайдың, қойшы, не керек
Сүлейменге қастандық жасағандардың бәрiнiң қай жерде 
тұратындықтарын әбден бiлiп алдым. Өш алуды қайсысынан 
бастайсыңдар?
— Үзеңгiмен ұрғанның атын Жәлелдин деп пе едiң? Алдымен 
соны тұзаққа түсiрейiк. Ал өткен базарда маған жабылып, пышақ 
ұрғандардың кiмдер екенiн бiлiп алдың ба?
— Жәлелдиндi көрсеткен Мұзапар оларды да бiлетiн болып 
шықты. Бәрiн жұмсап отырған — Тұрлыбай.
— Онда бұл не отырысымыз? Уақыт болса, кеш түстi. Кеттiк, 
Жәлелдиннiң үйiне. Айтпақшы, ол қай жерде тұрады екен?
— Қарақамыстың бойындағы махаллада. Тұрлыбай да сол 
жақта тұрады. Жалпы, оның көп бандысы бiр-бiрiмен ауылдас. 
Мұзапар да солардың iргесiнде отыр.
— Мұзапардың бiзге қажетi шамалы. Сен Жәлелдиндi алдап, 
сыртқа шақырып шық. Оған бiр сылтау табарсың. Махалланың 
маңында қалтарыс-бұлтарыс жер бар ма? — дедi Сүлеймен 
Мамажан сыйлаған екi жүздi қанжарды қонышына сұғып жатып.
— Махалла жағалай отырған өзеннiң жағасы ну қамыс. 
Орылмаған, мал араламаған қамыс тығылғанды көлденең көзден 
жүдә әдемi жасырады. Соның арасына бiр кiргiзiп алсаңдар, ар 
жағын өздерiң бiлесiңдер.
Бұдан кейiн бiраз iстердi тағы пысықтап алған төртеуi 
шаһардың батыс жағындағы Қарақамыс махалласына жол 
тартты. Көлiктерi — қос ат жегiлген үлкен дөңгелектi қоқанарба. 
Ат айдаушының қызметiн атқарған Пархад бұларды демнiң 
арасында межелi жерге жеткiздi. Арбаны махалланың бас жағына 
орналасқан Мұзапардың үйiнiң ауласына тықты. Сүлеймен мен 
Парманқұлды көргенде, Мұзапар қорқыныштан дiрiлдеп, әзер үн 
қатты:
— Уа, үкалар, кiмдi таяқтасаңыздар да менi 
араластырмаңыздаршы. Бала-шағам бар. Оларды мен 
көрсеткенiмдi Бекаба есiтiп қойса, үй-iшiмiзбен бауыздап кетедi.
— Қорықпа, сенi бұл iске араластырмаймыз, — дедi Пархад. 
— Жәлелдиндiкi сенiкiнен кейiн нешiншi үй?


386


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет