437
Сүлеймен қарақшы
басқаларының бәрi тамашалап тұрды. Төбелес шарты — өлiмге
дейiн едi. Жарты сағаттай төбелесте Паяз анадан басым түстi.
Басмашы болып жүргенде, әбден көкнар iшiп, қорқор тартқан
Рахымжан алдында әжептеуiр қарсылық көрсеткенiмен, соңынан
шаршап қалды. Паяз оны сұлатып түсiрiп, тепкiнiң астына алды
дейсiң. Ананың бет-аузын қан жуып кеттi.
Бiрақ Паяз сонда
да тоқтамай, басына тепкiлей бердi, тепкiлей бердi. Қарап
тұрғандардың ешқайсысы да, тiптi Расул да ара түсейiн демедi.
Ал менiң Рахымжанға
жаным ашып кеткенi соншалық, ортаға
жүгiрiп шықтым да, теуiп тұрған Паязды ары итерiп жiбердiм.
“Ой, нәлетi-ау. Жатқан адамды тепкендi қай мұсылмандықтан
көрiп едiң. Жеңiлгенiн бағана мойындап қойды ғой”, — деп
ақырдым.
Құданың құдiретi, сонда маған таулықтар тиiспедi. Тек Ахмад:
“Расул, бүгiнгi жеңiс — бiздiкi болды. Осыны мойындайсың
ғой-ә”, — дедi. Расул басын изедi.
Ахмад тобын ертiп, шетке
шықты. Шығып бара жатып: “Ей, қазақ, бүгiн бiз өзбектермен
төбелестiк. Сондықтан саған әзiрше тиiспеймiз. Ертең мен
Расулды жеңсем, одан кейiн жұмысым сенiмен болады”, — дедi.
Мен одан қорықпадым. “Жұмысыңды көрiп алдым сенiң”, —
дедiм мен де. Сосын Рахымжанды түрттiм. Әлi жаны бар екен.
Ыңырсып көзiн ашты. Өзбектер оны көтерiп баракқа алып кеттi.
Екi күннен кейiн ол қайтыс болды.
— Ал Ахмад пен Расул төбелеспедi ме?
— Қызықтың бәрi ертесiне болды. Кешке Паяз бен Рахымжан
төбелескен жерде екеуi жекпе-жекке шықты.
Төбелестiң бас
жағында Расул Ахмадты қаңбақша үйiрдi. Дегенмен Ахмад пәле
жылдамдық қылып, ананың қатты соққыларын тигiзбей жүрдi.
Қанша дегенмен жасы қырықтан асқан адамның шамасы белгiлi
емес пе. Ахмадты қуа-қуа шаршап қалды. Содан шабуылға Ахмад
шықты. Расулдың сақалынан ұстап еңкейтiп, әбден тепкiледi.
Сосын тiзелерiнен тепкiлеп, тiзерлеттi. Тiзерлеткен соң жығу
оңай ғой.
Жығып алып, бас-көз демей ұрып-соқты. Расул да
жанкештi екен. Ананың ұрғанын елемей, тұрып кетуге қайта-
қайта әрекеттендi. Бiрақ тұра берсе, Ахмад желкесiнен, болмаса
арқасынан тартып, ойлағанына жеткiзбедi. Ол да кешегi Паязға
ұқсап, оны тепкiлеп өлтiрмек болды-ау деймiн.
Алайда Расул