439
Сүлеймен қарақшы
таулық келiп: “Сенi сыртта Ахмад шақырып жатыр”, — дедi.
“Керек болса, Ахмадыңның өзi келсiн”, — дедiм мен. Ол кеттi.
Аздан соң қасына үш таулықты ертiп, қайта келдi. Бұл жолы ол
сөйлемедi. Қасындағы сидиған арық бiреуi: “Сен неге Ахмадтың
тiлiн алмайсың? Әлде өлгiң келiп жүр ме?” — деп дiңкiлдедi.
“Мен Ахмадтың тiлiн алатын оның құлы емеспiн. Керек екенмiн,
өзi келсiн”, — дедiм тағы. Арық таулық басқа сөз айтпады.
Жанындағыларға қарап, “жабылыңдар бұған” дегендей, басымен
белгi жасады. Сол-ақ екен, аналар жабыла кеттi. Үшеуiне де бой
бермей, шашып тастадым. Одан кейiн арықты алып ұрдым да,
табаныммен аузын езгiледiм. Сөйтiп тұрғанда, баракқа оншақты
таулық кiрiп келдi. Кiре сала менi тоқпақтай жөнелдi. Қайсыбiрiне
төтеп берейiн. Сандаған соққыдан құлап түстiм… бiраздан соң
талып қалыппын.
Есiмдi жисам, жанымда жататын Олжабай деген қазақ бетiме
су бүркiп тұр екен. Сүйретiле орнымнан тұрдым. Таулықтар кетiп
қалыпты. “Құдай сақтады, Парманқұл сенi. Олар өзiңдi өлтiрдiк
деп
кетiп едi, әйтеуiр тiрi қалдың”, — дедi Олжабай. “Сендер
маған неге болыспадыңдар?” — дедiм оған. Бiр ол емес, баракта
жиырмашақты қазақ бар едiк. Сөзiмдi естiген олар бастарын
төмен салып, үнсiз тұр. Бiрақ ешқайсына ұрыспадым. Денемдi
ауырсынып, жатып қалдым.
Содан үш-төрт күн тұра алмадым. Денемнiң ауырғаны
басылып, жүрiп-тұруға
жараған соң Ахмадты iздеп, барагына
бардым. Ол бес-алты серiктерiмен көкнар iшiп, мәз болып отыр
екен. Мен қастарына барғанда
жанындағылар ұшып-ұшып
тұрды. Ахмад пен Паяз тұрмады. “Сонша тепкiден тiрi қалған
мына қазақ шынында ер екен.
Тағы бiр өзi келiп тұрғанын
қара. Айт, неге келдiң? Келуiңдi ойлапсың, бiрақ қалай кетуiңдi
ойламапсың-ә. Осы жерде басыңды кесiп алайын ба?” — дедi.
“Кiмнiң басы кесiлетiнiн көремiз. Шық далаға!” — дедiм. “Жүр”
— дедi ол да.
Қатарласа далаға беттедiк. Есiктен сыртқа аттай бергенде, ол
менi құлаштап бiр ұрды. Еңкейiп үлгердiм. Қолы басымнан асып
барып, есiк жақтауына сарт еттi. “Ойбай, қолым, қолым”, — деп
тыжыранды ол қолын сiлкiлеп. Осы кезде тұмсығының астынан
перiп жiбердiм. Мықты екен, құламады. Тағы бiр соқтым.
Теңселiп кеткенiмен, тағы құламады. Үшiншi рет ұрғанда оған
ерiп шыққан серiктерi өзiме бассалды.
Аянбай соққыласып