Деятельность научного отдела Устюртского государственного природного заповедника



жүктеу 30.25 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі30.25 Kb.
Деятельность научного отдела Устюртского государственного природного заповедника

Штат научного отдела составляет 5 человек. Научно-исследовательские работы проводятся по 5 темам в соответствии с перспективным тематическим планом научных исследований Устюртского заповедника на 2004-2010 гг. «Флористические и геоботанические исследования флоры и растительности Устюртского заповедника», «Инвентаризация паукообразных и насекомых Устюртского заповедника», «Кадастр редких позвоночных животных Устюртского заповедника», «Инвентаризации птиц Устюртского заповедника и изучение их биологии», «Наблюдение явлений и процессов в природном комплексе Устюртского заповедника и их изучение по программе Летопись Природы». Эти темы утверждены Комитетом лесного и охотничьего хозяйства МСХ РК от 23.04. 2004 года за №197.

По данным научных исследований на территории заповедника произрастает 269 видов высших сосудистых растений из 180 родов и 43 семейств. В Красную книгу Казахстана занесены 5 видов: катран беззубый, мягкоплодник критмолистный, солянка хивинская, марена меловая, молочай твердобокальчатый.

Животный мир Устюртского заповедника отличается относительным разнообразием. На территории заповедника обитает 29 видов млекопитающих, 156 видов птиц, 15 видов пресмыкающихся и 1 вид земноводных. В Красную книгу Казахстана занесены


8 видов млекопитающих: устюртский архар, джейран, белобрюхий стрелоух, манул, барханный кот, каракал, перевязка, медоед. Из птиц в Красную книгу Казахстана занесены 17 видов: беркут, степной орел, змееяд, стервятник, сапсан, балобан, филин, чернобрюхий рябок, джек, каравайка, фламинго, могильник, серый журавль, колпица, черноголовый хохотун, малая белая цапля, саджа. Фауна пресмыкающихся представлена 15 видами, из них 1 вид – четырехполосый полоз занесен в Красную книгу Казахстана.

Научно-исследовательские работы по инвентаризации беспозвоночных животных проводятся совместно с сотрудником «Института экологии растений и животных» Уральского отделения Российской Академии наук Горбуновым П.Ю., работа начата весной 2008 года. В результате исследований определены 421 видов насекомых и 11 видов паукообразных.

Уникальные особенности природы пустынной зоны Устюртского заповедника открывает большие перспективы для будущих исследований.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ғылым бөлімінің қызметі

Үстірт қорығының ғылым бөлімінің штат кестесінде 5 қызметкер бар. Ғылыми-зерттеу жұмыстары Үстірт қорығының 2004-2010-шы жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес 5 тақырып бойынша жүргізілуде. Олар: «Үстірт қорығының өсімдіктер дүниесінің флористикалық және геоботаникалық зерттелуі», «Үстірт қорығының жәндіктер дүниесін түгендеу және зерттеу», «Үстірт қорығының құстар дүниесін түгендеу және биологиясын зерттеу», «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша Үстірт қорығының табиғи комплексіндегі құбылыстарды бақылау». Бұл тақырыптар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 23.09.2004 жылғы № 197 бұйрығымен бекітілген.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорықтағы кездесетін 180 туыс 43 тұқымдасқа жататын өсімдіктердің 269 түрі анықталды. Қазақстан Қызыл кітабына 5 түрі енгізілген, олар: майда қатыран, кәдімгі жұмсақ жеміс, хиуа сораңы, бор рияңы, берік сүттіген.

Үстірт қорығының жануарлар дүниесі алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Үстірт қорығында сүтқоректілердің 29 түрі, құстардың 156, бауырымен жорғалаушылардың 15, қосмекенділердің 1 түрі мекендейді. Қазақстан Қызыл кітабына сүтқоректілердің 8 түрі енген: Үстірт арқары, қарақұйрық, сабаншы, шұбар күзен, шағыл мысығы, итаю, қарақұлақ, ақбауыр жарқанат. Құстардың 17 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген: бүркіт, дала қыраны, жұртшы, жыланжегіш қыран, лашын, ителгі, үкі, қарабай, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, қарақұс, жалбағай, тазтырна, кішкене аққұтан, қылан қарабас шағала, ұбақ, қоқиқаз. Ал, бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі Қызыл кітапқа енген, ол-төртжолақты қарашұбар жылан.



2008 жылдың көктемінде басталған омыртқасыздарды түгендеу жұмыстары Ресей Ғылым Академиясының Орал бөлімінің «Жануарлар мен өсімдіктердің экологиясы» институтының қызметкері П.Ю. Горбуновпен бірлесіп жүргізілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жәндіктердің 421, ал өрмекшітәрізділердің 11 түрі анықталған.

Үстірт қорығы орналасқан шөлді аймақтың теңдессіз ерекше табиғаты болашақ ғылыми зерттеулерге үлкен мүмкіндіктер ашады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет