ДҰҒА ҚҰлшылық (Ғибадат) болып табылады, Әрі онымен аллаһтан басқа ешкімге жалбарынуға болмайды



жүктеу 131.12 Kb.
Дата15.06.2016
өлшемі131.12 Kb.
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

ДҰҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ (ҒИБАДАТ) БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ, ӘРІ ОНЫМЕН АЛЛАҺТАН БАСҚА ЕШКІМГЕ ЖАЛБАРЫНУҒА БОЛМАЙДЫ

Қабірге сиынушы сопылар дұғаны құлшылық (ғибадат) деп санамайды

Біздің қадірменді бауырымыз, сопы тариқаттарының өкілдері дұға ғибадат болып табылмайды, демек, қайтыс болған ізгі кісілерге дұға етіп жалбарынуда қорқатын еш нәрсе жоқ деген сенімге ие екенін біліңіз. Олар өздерінің өлілерге дұға жасауын көпқұдайшылық, яғни Аллаһқа серік қосу деп санамайды.

Қабірге сиынатын сопылардың жетекшілерінің бірі Ибн Жиржис (1299 һ/ж) былай дейді:

«Ақиқатында, Аллаһтың дұшпандары болған уаһһабилер өздерінің мәзһабын қабірлердегі өлген адамдарға жүгіну және дұға ету және оларға Аллаһтың алдында шапағат етуін сұрап жалбарыну құлшылық болып табылады деген ережеге негіздеп құрған. Олар мұны өздерінің бидғатын одан сайын тарату үшін және мұсылмандарды күпірлікте айыптауға тырысатындықтарынан істейді. Бірақ олардың бұл ережесі – нағыз қателік. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізді құлшылық болып табылатын нәрселерге үйретті. Құлшылық дегеніміз - дін, бұл Жәбірейілдің хадисінде келгеніндей. Осы хадиске сәйкес құлшылық – бұл Исламның екі куәлігін айту, намаз оқу, зекет төлеу, ораза ұстау және қажылық жасау. Сондай-ақ Аллаһқа, періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне, тағдырға иман келтіру. Әрі осы аталған нәрселердің қайсысын болса да Аллаһтан басқаға арнап жасайтынын елестеу мүмкін емес. Және ешкім ешқашан дұға және дәнекерлік ғибадат болып табылады деп айтпаған, әрі бұл туралы бізге Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтпаған». Қз.: «Сулх ул-Ихуан» 144-бет.

Ол тағы да былай деген: «Ал дәнекерлік пен дұғаға келер болсақ, мұсылмандардан ешкім мұны ғибадат деп айтпайды. Әрі ол тілде де, шариғатта да, адамдардың әдет-ғұрыптарында да олай емес». «Сулх ул-Ихуан» 142-бет.

Ал ең қызығы – бұл қабірге табынушының, олардың көбісі сияқты, өзін ханафи мәзһабына телитіні.

Ендеше, ханафи имамы Ибн Абил-‘Изз ханафи мәзһабының ең танымал идеологиялық кітабы болып табылатын «’Ақида ат-Тахауия» еңбегіне жазған өзінің түсіндірмесінде көпқұдайшылыққа берген анықтамасында не деп айтқанына қарайықшы:



«Көпқұдайшылық – бұл әулиелер Аллаһтың алдында шапағатшы болып табылады деген сенім, және осы сенімнің негізінде оларды өзі мен Аллаһтың арасында дәнекер ету және соларға құлшылық ету. (Исламға дейінгі) надандық дәуіріндегі арабтардың көпқұдайшылығының негізі, міне, осы». Қз.: «Шарх ‘Ақида әт-Тахауия» 20-21 беттер.

Ибн Жиржистің сөзіне сенсек, бұл ұлы имам өзінің бидғатын одан сайын таратқысы келген және мұсылмандарды күпірлікте айыптауға тырысқан Аллаһтың дұшпаны уаһһаби болып табылады. Сондай-ақ, осыған қарағанда, бұл қабірге табынушы сопы «өз» мәзһабының кітаптарын жөнді оқымаған көрінеді. Өйткені ханафи ғалымдары айқын түрде мыналарды айтады:



«Аллаһтан басқа ешкім қабілетті болмаған нәрселерде Аллаһтан өзге біреуге дұға етіп жалбарыну – көпқұдайшылықтың барлық көріністерінің анасы болып табылады. Өйткені бұл жалбарыну өзіне бір мезетте көпқұдайшылықтың бірнеше түрін қамтиды, ал олардың ең айқыны үшеу:

1. Жалбарынушы адамның өзі жалбарынып жатқан кісісі ғайыпты біледі (яғни ол басқалардың өзіне жалбарынып жатқанын біледі, мәселенің мәні мен оның шешу жолын біледі) деп сенуі;

2. Жалбарынушы адамның өзі жалбарынып жатқан кісісі оның дұғалары мен жалбарынуларын естиді деп сенуі;

3. «Бұл әулие жамандықты қайтара алады және жақсылықты жақындата алады» деген сенім.

Әйтпесе, осы сенімдердің ешбірі болмағанда, ол осы әулиелерге дұға етіп ауызын да ашпас еді». Бұл және осыған ұқсас сөздерді ханафилердің мына кітаптарынан оқи аласыз: Ибн Абил-‘Изз «Шарх Ақида әт-Тахауия», 535-536 беттер; «Рух ул-Мә’ани» 6/128; «Сыянат ул-инсан» 212-бет; «Тақуият ул-Иман» 31-бет; «Рисаләт ут-Таухид» 65-67 беттер; «Жәлә ул-‘Айнайн» 502-бет; «әл-Кауакиб уд-Дуррия» 58-59 беттер т.б.

Барлық мұсылмандар барлық заманда дұғаны Аллаһтан басқа ешкімге арнауға болмайтынын және бұл көпқұдайшылық болып табылатынын білгендігі себепті де, һижраның VII ғасырына дейін ешкім Аллаһтан басқа біреулерге дұға етіп жалбарынуға болатындығы туралы жазбаған болатын. Сондықтан да Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға етіп жалбарынуға болатындығы туралы айтатын алғашқы кітаптардың бірінің авторы Ибн Ну’ман әл-Мәлики әл-Мәғриби (683 һ/ж) өзінің «Мисбах уз-Заләм» атты кітабын не себепті жазғанын былай деп мойындаған болатын: «Исламның көптеген имамдары онсыз да Аллаһқа жалбарынудың қажеттілігі туралы біраз кітаптарды жазып қойды. Сондықтан да мен Аллаһтың Елшісіне көмек тілеп дұға жасау туралы кітап жазуды шештім». Қз.: «Кәшф уз-Зунун» 2/1706-1707.

Ибн Жиржистің сөзіне сенсек, һижраның жетінші ғасырына дейін өмір сүрген барлық имамдар да Аллаһтың дұшпандары уаһһабилер болып табылады ғой?!!

Ендеше, біздің құрметті бауырымыз, Құранның аяттары осы мәселені ап-айқын және түсінікті етіп ашып беретіні соншалықты – дұғаның құлшылық екенін дәлелдеу үшін олардың кейбіреуін ғана келтірудің өзі жетіп асады.

Аллаһ былай деді: Шын мәнінде, мешіттер Аллаһқа тән. Ендеше, Аллаһпен бірге ешкімге дұға етпеңдер. Расында, Аллаһтың құлы (Мухаммад) тұрып, Аллаһқа ғибадат қылган сәтте, олар оның үстіне үймелеп жабыса жаздады. (Мухаммад:) «Шын мәнінде, мен Раббыма қүлшылық қылып, Оған ешбір серік қоспаймын», - де. «Расында мен сендерге зиян келтіре де алмаймын, игілік те істей алмаймын», - де” («әл-Жинн» сүресі, 72:18-21).

Бұл аятта, егер адам Аллаһтың Раббы екенін мойындаса, ол өзінің ғибадатын тек Оған арнауға міндетті дегенге дәлел бар. Сондай-ақ осы аятта Аллаһқа серік қосудың мәні адамның Аллаһпен қатар басқаны Раббы деп тануында емес, ол ғибадат-құлшылығын Аллаһпен қатар басқаларға арнауында екеніне дәлел бар. Сондай-ақ бұл аят Аллаһқа серік қосудың мәні адамның тек өзінің Рабысына ғана емес [Оған қоса басқаларға да] дұға етіп жалбарынуында екенін білдіреді.



«Аллаһтан өзге саған пайда, не зиян келтіре алмайтындарға жалбарынба. Сонда егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боларсың. Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Аллаһтан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер Ол саған бір жақсылық қаласа, оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол - өте Жарылқаушы, ерекше Рахымды» («Юныс» сүресі, 10:106).

Бұл аятта егер адамзаттың абзалы - Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғибадатта Аллаһқа серік қосып, Аллаһтан басқаға дұға етіп жалбарынғанда, залымдардың біреуі болатынына нұсқау бар.



«Олар Аллаһтан өзге, өздеріне пайда, не зиян бере алмайтын нәрселерге сиынады. Міне, осы терең адасу. Сөйтіп олар, пайдасынан зияны жақын біреулерге сиынады. Ондай қожайын нендей жаман! Ондай жолдас нендей жаман! Ал иман келтіріп, түзу іс істегендерді Аллаһ астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарына кіргізеді. Шынында, Аллаһ қалағанын істейді» («әл-Хаж» сүресі, 22:12-14).

Бұл аятта Аллаһтан басқаға дұға етіп жалбарыну терең адасушылық екеніне дәлел бар. Сондай-ақ «Ал иман келтіріп, түзу іс істегендерді» деген сөздер Аллаһ қана көмектесе алатын істе Аллаһтан басқаға дұға етіп жалбарыну күпірлік және иман келтірмегендердің амалы екені туралы айтып тұр.



«Аллаһтан өзге Қияметке дейін өздеріне жауап бере алмайтындарға дұға етіп жалбарынғандардан кім залымырақ? Әрине, табынғандары олардың жалбарынуларынан хабарсыз. Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандарынан бас тартады» («әл-Әхқаф» сүресі, 46:5-6).

Осы аяттардан «көпқұдайшылдардың дұға етіп жалбарынатындары біреулердің оларға жалбарынып жатқандары туралы тіпті білмейді де» деген қорытынды щығады. Сондай-ақ бұл аяттардан «сол әулиелерге дұға етіп жалбарыну Аллаһпен қатар басқаларға құлшылық ету болып табылады» деген де қорытынды шығады. Сондықтан да (осы аяттың басында) Аллаһ: «...дұға етіп жалбарынғандардан...», - деді де, содан соң (аяттың соңында): «...олардың өздеріне құлшылық қылғандарынан бас тартады», - деп, дұға етіп жалбарынуды құлшылық деп атады.



«Аллаһтан басқа құдайларға дұға етіп жалбарынба, әйтпесе азапқа тартылғандардың қатарында боласың» («әш-Шу‘ара» сүресі, 26:213).

Бұл аяттан біз Аллаһпен қатар кімге болсын жалбарыну азапқа тартылудың себебі болатынын әрі адамдар осы әулиелерге дұға етуі арқылы оларды «Аллаһтан басқа құдайларға» айналдыратынын түсінеміз.



«Саған Кітап түсірілетінін күтпеген едің, бірақ бұл Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан кәпірлерді ешқашан сүйемелдеме! Аллаһтың аяттары саған түсірілгеннен кейін олар сені олардан (аяттарға амал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да, әсте серік қосушылардан болма! Аллаһпен бірге басқа құдайларға дұға етпе! Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ. Оның Өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар» («әл-Қасас» сүресі, 28: 86-88).

Бұл аят дұғаның құлшылық болып табылатынына ең айқын дәлелдердің бірі болып табылады. Өйткені Аллаһ онда: «Аллаһпен бірге басқа құдайларға дұға етпе! Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ», - деді емес пе?

Сондай-ақ Аллаһ былай деген: «Расында мен Аллаһпен бірге (дұға етіп) шақырғандарыңа құлшылық етуден тосылдым», - де. «Сендердің қалауларыңды құптамаймын. Әйтпесе адасып, тура жолға ілеспегендерден боламын», - де” («әл-Әнғам» сүресі, 6: 56).

Бұл аят олардың құдайлары оларға дұға етіп жалбарынғаннан кейін құдайларға айналғандығын білдіреді.

Раббыларың: «Маған дұға етіп жалбарыныңдар, Тілектеріңді қабылдаймын. Ақиқатында, маған ғибадат етуге паңсынғандар Тозаққа қор болған күйде кіреді», - деді” («Ғафир» сүресі, 40:60).

Бұл аят та - дұға етіп жалбарыну ғибадат болып табылатынына ең айқын дәлелдердің бірі.

Осыдан кейін «Ибн Жиржис ешқашан Құран оқымаған сияқты» деген ой қалыптасады.

Егер олардан: «Көктер мен жерді кім жаратты?», - деп сұрасаң, әрине, олар: «Аллаһ», - дейді. «Көрдіңдер ме? Егер Аллаһ маған бір зиян беруді қаласа, олар Оның зиянын қайтара ала ма? Немесе, егер Аллаһ маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса алады ма?» - де. «Аллаһ маған жетіп асады. Тәуекел етушілер жалғыз Оған тәуекел етеді», - де” («әз-Зүмәр» сүресі, 39:38).

Бұл аят егер адам көктер мен жерді жалғыз Аллаһ жаратқанын мойындаса, онда ол тек Соған ғана дұға етіп жалбарынуы керек екендігін білдіреді. Ал кім Аллаһтан басқаларға да дұға етіп жалбарынса, сол өздеріне жалғыз Аллаһты жеткілікті етпейтіндердің қатарынан болады, міне, оның көпқұдайшылығының мәні де осыда.

Олар еш нәрсені жаратпайтын, оларға жәрдем ете алмайтын, тіпті өздеріне де жәрдем ете алмайтын жаратылғандарды Аллаһқа серік қоса ма? Егер оларды тура жолға шақырсаңдар, олар сендерге ермейді. Оларды мейлі шақырыңдар, мейлі үндемеңдер, - сендер үшін бәрі бір. Расында, Аллаһтан өзге жалбарынғандарың - өздерің сияқты құлдар. Егер шындықты айтып тұрған болсаңдар, онда оларға дұға етіңдерші, сендерге жауап берсін. Олардың жүретін аяқтары, ұстайтын қолдары, көретін көздері немесе еститін құлақтары бар ма? (Мухаммад) оларға: «Аллаһқа қосқан серіктеріңді шақырыңдар да, сонан соң маған мұрса бермей айлакерлік жасаңдар. Шынында, менің ием Кітапті түсірген Аллаһ. Ол ізгілерге қамқоршылық етеді. Ал сендердің Аллаһтан өзге жалбарынғандарың сендерге жәрдем ете алмайды. Олар тіпті өздеріне де жәрдем ете алмайды», - деп айт” («әл-Әғраф» сүресі, 7: 191-197).

Аллаһ Тағала бұл адамдардың көпқұдайшылығын дәл олардың осы жалған құдайларға жалбарынуымен байланыстырғанына назар бұрыңыз. Аллаһ Тағала бұл жерде олар намаздарын немесе оразаларын соларға арнағаны үшін көпқұдайшылдарға айналғанын айтпайды. Бұл дұға етіп жалбарынудың ғибадат деп аталуға көбірек лайықтырақ екеніне нұсқайды, ал Ибн Жиржис мұнымен әйтеуір келспейді.

Ол сондай Аллаһ, сендерге құрылықта, теңізде кезу мүмкіндігін берді. Сендер олар оған мәз болатын жақсы бір самал кезінде жүзетін оларды алып бара жатқан кемелерде кезесіңдер. Бірақ, кенет бір боранды жел басталып, оларға әр тараптан толқындар тақап келгенде, олар қоршауда қалдық деп ойлайды да, сенімін тазартып, жалғыз Аллаһқа: «Егер осыдан бізді құтқарсаң шүкір етушілерден болар едік», - деп жалбарынады. Дегенмен, Аллаһ оларды құтқарған кезде, олар жер жүзінде орынсыз бұзақылық істейді. Әй, адам баласы! Бұзақылықтарыңның зияны өздеріңе ғана. Бұл – дүние тіршілігінің өткінші ләззаты ғана. Сонсоң барар жерлерің Біз жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді білдіреміз («Юнус» сүресі, 10: 22-23).

Бұл аят егер біреу Аллаһпен бірге басқаға да дұға етіп жалбарынса, ол дінін көпқұдайшылықтан тазартқан болмайтынына нұсқайды.

Қашан адам баласына бір таршылық келсе, ол Раббысына жалбарынып, Оған ғана жүгінеді. Сосын қашан Аллаһ оған бір игілік берсе, адам бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да, өзгелерді Аллаһтың жолынан адастыру үшін, Оған басқаларды теңдес жасайды. (Мухаммад) оларға: «Күпірлігің мен қолыңда барға біраз мәз бола тұр. Сөз жоқ, сен Тозақтықсың», - де(«әз-Зүмәр» сүресі, 39:8).

Бұл адам өзінің жалған құдайын барлық тұрғыдан Аллаһпен бірдей деп санамаса да, Аллаһ Тағала жалғыз Аллаһқа жалбарынбауды Оған теңдес жасау деп атағанына назар салыңыз. Содан соң Аллаһ Тағала дәл осы амал әлгі адамның Тозақтық болуына себеп болатынына нұсқады.

Зәкарияны да есіңе ал. Ол Раббысына: «Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен мұрагерлердің ең жақсысысың», - деп жалбарынды. Сонда тілегін қабыл етіп, оған Яхъяны бердік. Әрі жұбайын осыған қабілетті еттік (жасарттық). Өйткені олар жақсылық істеуге ұмтылатын, Бізден үміт әрі қорқу арқылы тілейтін әрі алдымызда мойынсұнушы болып тұратын(«әл-Әнбия» сүресі, 21: 89-90).

Бұл жерде Аллаһ Тағала Зәкария пайғамбарды ол өз дұғаларында жалғыз Аллаһқа ғана жалбарынғандығы үшін мақтайды.

«Шын мәнінде, аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып, Раббыларын мақтап, пәктейтіндер және тәкаппарлық танытпайтындар иман келтіреді. Олар жамбастарын төсектерінен ажыратып (түнде ұйқыдан түрып), Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. Ешкім өздерінің істегендері үшін көзді шаттыққа бөлейтін қандай сый жасырылғанын білмейді. Мүмін кісі бұзық кісі сияқты болады ма? Әрине тең болмайды(«әс-Сәжда» сүресі, 32: 15-18).

Бұл аятта өзінің дұғаларында жалғыз Аллаһқа ықыласты түрде жалбарынатын кісі мүмін болып табылатынына және ол бұзықтар сияқты емес екеніне дәлел бар.



«Қашан олар кемеге отырса, Аллаһ алдында дінін тазартқан түрде Оған жалбарынады да, оларды құтқарып жағаға шығарса, сол уақытта олар Аллаһқа серік қосады» («әл-‘Анкабут» сүресі, 29: 65).

Аллаһ Тағаланың: «...Аллаһ алдында дінін тазартқан түрде Оған жалбарынады», - дегеніне, ал содан соң: «...оларды құтқарып, жағаға шығарса, сол уақытта олар Аллаһқа серік қосады», - деп, яғни Аллаһқа ғана жалбарынғаннан кейін Аллаһтан басқа әлдекімге жалбарына бастағанын айтқанына назар бұрыңыз.

Егер біреу: «Бұл аяттарда «дұға» мен «жалбарыну», «шақыру» сөздерінің астарында жалпы ғибадат, мысалы, рукуғ пен сәжде, құрбан шалу, намаз, т.с.с. аталып тұр, әрі бұл аяттарда тыйым салынған деп жай дұға мен жалбарыну емес дәл сол ғибадат айтылып тұр», - десе, онда ол мына аяттарға қалай жауап берер екен?

«ухаммад,) егер құлдарым сенен Мен туралы сұраса, Мен өте жақынмын және қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше, олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине, тура жол тапқан болар еді» («әл-Бақара» сүресі, 2:186).

«Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе, ол жатса да, отырса да, немесе түрегеп тұрса да Бізге жалбарынады; алайда қашан Біз одан зиянды айықтырсақ, ол өзіне тиген зиянды айықтыру үшін бізге ешқашан жалбарынмағандай-ақ кете береді. Міне, шектен шығушыларға істеген істері осылайша көркем етіп көрсетілген» («Юнус» сүресі, 10:12).

«Маған қартайған шағымда Исмаил мен Исқақты берген Аллаһқа мадақтар болсын. Ақиқатында, Раббым дұғаны Естуші» («Ибраһим» сүресі, 14:39).

Сол уақытта ол әкесіне және қауымына: «Неменеге табынасыңдар?», - деді. Олар: «Біз пұттарға табынамыз әрі оларға үнемі берілеміз», - деді. (Ибраһим:) «Олар жалбарынғандарыңды естиді ме? Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре алады ма?», - деді. Олар: «Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық», - деді(«әш-Шу‘ара» сүресі, 26: 70-74).



«Ол Аллаһ, түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар, Раббыларың Аллаһтікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес. Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Бірақ егер естігенде де, сендерге жауап қайтара алмайтын еді. Сондай-ақ Қиямет күні олар сендердің серік қосқандарыңды тәрк етеді. Бүкіл нәрседен толық Хабардар Аллаһтай саған ешкім түсіндірмейді» («Фатыр» сүресі, 35:13-14).

Сондықтан да шейх ‘Абдуррахман ибн Хасан былай деген: Әрі көп жағдайларда «дұға» сөзі Құран мен Сүннетте, араб тілінде және сахабалар мен олардан кейін келген ғалымдардың сөз тіркестерінде «тілмен сұрап жалбарыну» деген мағынада қолданылады”. «Фатх ул-Мәжид» 286-бет.

Ал енді әлгі Ибн Жиржистің: «Және ешкім ешқашан дұға және дәнекерлік ғибадат болып табылады деп айтпаған, әрі бұл туралы бізге Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізбеген», - деп айтқан сөздеріне келер болсақ, онда оған жауап келесі хадис болмақ.

Ну’ман ибн Башир Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Дұға – бұл құлшылық», - деп айтқанын баяндаған адис сенімді (сахих); Абу Дауд 2/161; Тирмизи 5/211; Нәсаи «әл-Кубрада» 6/450; Ибн Мәжаһ 2/1258; Ахмад 4/267 т.б.).

Міне, сопылар осылайша оп-оңай және әшейін-ақ «ешкім және ешқашан айтпаған» және «Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге бұл туралы жеткізбеген», «мұсылмандардан ешкім мұны ғибадат деп санамайды», «ол тілде де, шариғатта да, адамдардың әдет-ғұрпында да бұлай емес» деген сияқты жалаң ауыз дәлел-дәйексіз сөздерді айта салады. Бұл тағы да бір рет сопылардың - егер олардың мүддесі талап етіп тұрса - Аллаһқа, Оның Кітабына, Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және мұсылмандарға өтірік жапсыра салу түкке тұрмайтын ең өтірікші адамдардан екенін растайды.

Сондықтан да ханафи имамы Шукри әл-Әлюси (1342 һ/ж) былай деген: «Әрі қабірге табынушылар жеткен надандықтың және Аллаһқа, Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және мұсылмандарға өтірік жапсырудың дәрежесіне тіпті хауариждер мен рафидилер де жете алмағанына күмән жоқ». Қз.: «Ғаят ул-Амани» 1/215.



Ал осы бөлімді ханафи мәзһабының имамдарының бірі болған – имам әл-Хужандидің (1379 һ/ж) мынандай керемет сөздерімен аяқтау керек болып тұр: “Кім Аллаһтың Кітабындағы «ғибадат» пен «дұға» ұғымдары арасындағы байланыс туралы айтылатын аяттар туралы ой қозғаса, сондай-ақ ғибадат кезіндегі адамның көңіл-күйі туралы ойланатын болса, сол міндетті түрде дұға – бұл ең шынайы, нағыз ғибадат екенін өзі үшін ашады. Дұға адамның туа біткен сипаты; ол өзінің сиынатын құдайына жүрегінің ең терең түбінен жалбарынады, әсіресе өмірдің қиын-қыстау сәттерінде. Ал ғибадаттың басқа түрлеріне келер болсақ, адамдар олардың барлығын немесе көпшілігін олар орындауға бұйырылғандықтан орындайды. Адам баласы құлшылықтың осы түрлерін өзін күштеп орындайды, әрі жиі жағдайда осыны істеп жатқан кезінде өзін ерекше сезбейді. Сен намаздан кейін зікір сөздерін айтып отырған адамның жиі жағдайда тек тілін ғана қозғалтып жатқанын, ал жүрегін басқа ойлар аулағанын көрмейсің бе?! Бірақ ең жанды (шынайы), табиғи және нағыз ғибадат жүректің ең терең түбінен және жанның құпия жерлерінен келетін сөздер арқылы келетін дұғада іске асады, әрі осы – ықыластылық киімін жабылған тап-таза дұға. Сондықтан да біз: «Дұға – бұл құлшылық, оның миы және оның өзегі», - деп айтамыз”. Қз.: «Мифтах ул-Жәнна» 69-70 беттер.

Дерек көз: «Абу Ханифа мирасы» сайты


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет