Диагностикалық зерттеулер мен емшаралардың электрондық процестерін басқару стандарты Жалпы ережелер



Дата03.07.2016
өлшемі49.6 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы «20» шілдедегі

№ 600 бұйрығына

2-қосымша



Диагностикалық зерттеулер мен емшаралардың электрондық процестерін басқару стандарты



  1. Жалпы ережелер

1. Диагностикалық зерттеулер мен емшаралардың электрондық процестерін басқару стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес DIN EN 13940 «Медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарын ескере отырып, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде тағайындалған диагностикалық зерттеулер мен емшараларға (бұдан әрі – медициналық көрсетілетін қызметтер) қатысты өзара іс-қимыл жасайтын сыртқы медициналық ақпараттық жүйелері және электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) арқылы жиналатын ақпараттың сапасын және ерекшелігін (қасиеттерін) қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

2. Осы Стандарттың міндеттері:

1) келесі процестерді реттеу бойынша қосымша талаптар және ережелерді анықтау:

клиникалық деректерді жинау;

диагностикалық зерттеулер мен емшараларға электрондық жолдамалар;

2) медициналық көрсетілетін қызметтерге жіберу процесіндегі клиникалық деректерді нормалау үшін, сондай-ақ диагностикалық зерттеу нәтижесін ЭДП (бұдан әрі – ЭДП) арқылы алу үшін жіктемелер мен сәйкестендіргіштерді анықтау болып табылады.

3. Осы Стандартта мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) клиникалық деректерді жинау – ЭДП-да бар механизмдер мен құралдардың көмегімен, интероперабельдігін және деректерді электрондық өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін халықаралық және ұлттық стандарттарды, анықтамалықтар мен жіктемелерді қолдана отырып, клиникалық деректерді нормалау процесі;

2) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылдары;

3) медициналық көрсетілетін қызметтер мен ресурстардың электрондық каталогы (бұдан әрі – электрондық каталог) – медициналық көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтер берушілер бойынша стандартталған ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін анықтамалық ақпарат сервисі.

4) сыртқы медициналық ақпараттық жүйе – үшінші тараптар әзірлеген және пайдаланатын кез келген медициналық ақпараттық жүйе.

4. Жолдама нұсқалары болып ЭДП пайдаланатын медицина қызметкерлеріне пациенттерді бұдан әрі емдеуге жіберу және осы Стандартқа сәйкес осындай жағдайларды тіркеу және құжаттау үшін қолжетімді медициналық көрсетілетін қызметтер табылады. Жолдама нұсқалары 3 типке бөлінеді:

1) маман консультациясына жіберу;

2) диагностикалық медициналық көрсетілетін қызметтерге жіберу;

3) емдік медициналық көрсетілетін қызметтерге жіберу.

5. Жолдама нұсқалары туралы ақпарат – тағайындалған медициналық көрсетілетін қызметтерге қатысты клиникалық деректерді жинау үшін пайдаланылатын электрондық каталог арқылы медицина қызметкерлеріне ұсынылған ақпарат. Жолдама нұсқалары туралы ақпарат нақты медициналық көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ресурстарды ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтерді қамтиды.



6. Анықтамалық ақпарат сервистері ЭДП және электрондық денсаулық сақтаудың өзара іс-қимыл жасайтын (ішкі және сыртқы) медициналық ақпараттық жүйелерінің көмегімен іске асырылған электрондық денсаулық сақтаудың процестерін қамтамасыз етеді.



  1. Медициналық көрсетілетін қызметті және медициналық қызметтерді берушіні таңдау




  1. Осы Стандартта мынадай транзакциялар анықталған:

  1. жолдама нұсқалары туралы сұрау салу және ақпарат алу;

  2. жаңа жолдама.

  1. Осы Стандарттың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларына қатысты жолдама нұсқалары туралы ақпарат медицина қызметкеріне электрондық каталог арқылы ЭДП көмегімен деректерді жинау және жаңа жолдама туралы жазбаны беру үшін ұсынылады.

  2. Жолдама нұсқалары және жолдама нұсқалары туралы ақпарат осы Стандарттың 3-бөлімінің ережелерімен реттеледі.

  3. Жаңа жолдамаларды, пациентке медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлері береді.

  4. Жаңа жолдамалар өзінен кейін жолдамалар туралы жаңа жазбалардың құрылуына себепші болады.


3. Медициналық көрсетілетін қызметтер мен ресурстардың ұлттық электрондық каталогы


  1. ЭДП және ЭДП-мен өзара өзара іс-қимыл жасайтын сыртқы медициналық жүйелер, медициналық қызметтерді таңдау мақсатында, осы Стандарттың 2-бөліміне сәйкес жолдама жазбасын құру үшін анықтамалық ақпарат сервисі арқылы электрондық каталог дерекқорына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

  2. Электрондық каталог дерекқорын және анықтамалық ақпарат сервистерін енгізу осы Стандартпен реттеледі.

  3. Электрондық каталогта іске асырылған жүйелеу (таксономия) мен терминология халықаралық стандарттар SNOMED-CT негізінде жүйеленген медициналық-клиникалық терминдердің номенклатурасына сәйкес келеді.

  4. Электрондық каталогта іске асырылған кодтау жүйесі, медициналық көрсетілетін қызметтерге кодтық белгілеуді беру үшін осы Стандарттың 14-тармағында белгіленген терминология жүйесі және электрондық каталог арқылы таңдалған АХЖ-10 КЖТ (ICD-10 PCS Procedure Coding System) негізделген.

  5. Диагностикалық және зертханалық зерттеулер бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерге кодтық белгілеуді беру үшін электрондық каталогта іске асырылған кодтау жүйесі осы Стандарттың 14-тармағында белгіленген электрондық каталог және терминология жүйесі арқылы таңдалған, халықаралық стандарттар негізінде LOINC логикалық бақылауының сәйкестендіргіш атаулары мен кодтарына негізделген.

  6. Кодтарды өзгерту және кодтарды толықтыру осы Стандарттың 14-тармағында белгіленген терминология жүйесі негізінде және анықтамалық ақпарат сервисінің электрондық каталогы арқылы жүзеге асырылады.

  7. ЭДП арқылы берілген жолдамалардың негізінде көрсетілетін медициналық қызметтерді «өтеу үшін» санатына жіктеу мақсатымен электрондық каталог медициналық көрсетілетін қызметтерді жоғарыда аталған санатқа жатқызу үшін медициналық көрсетілетін қызметтердің топтастырылуын қамтамасыз етеді.

  8. Медициналық көрсетілетін қызметтерді осы Стандарттың 18-тармағында белгіленген «өтеу үшін» санатына жатқызу медициналық көрсетілетін қызмет тарификаторына сәйкес жүзеге асырылады.

  9. ЭДП жолдамалары арқылы тағайындалған АХЖ-10 КЖТ медициналық көрсетілетін қызметтердің кодтары көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін медициналық көрсетілетін қызмет тарификаторына сәйкес кодқа іріленеді.



4. Диагностикалық зерттеулердің нәтижелері


  1. Диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бекітілген арнайы жазбалар түрінде беріледі және ЭДП-да сақталады.

  2. Электрондық каталог АХЖ-10 КЖТ негізінде детализациялау деңгейін кеңейтетін кодтық белгілерді теруді іске асырады.

  3. Осы Стандарттың 22-тармағына сәйкес белгіленген кодтық белгілеулер электрондық каталогта іске асырылған халықаралық стандарттардың терминологиясына (SNOMED-CT) негізделген.

Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет