Диалогтік оқыту Жалпы мақсаты



Дата09.07.2016
өлшемі39 Kb.
Диалогтік оқыту


Жалпы мақсаты

  • Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы ХХІ-ғасыр мұғалімдерінің өзгеру қажеттігін мойындауға жетелеу.

  • Заман талабына сай шығармашылығы қалыптасқан тұлға дайындайтын, ізденімпаз ұстаз болуға шақыру.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

  • ХХІ-ғасыр мұғалімі өзгеруі қажет екендігін мойындауға жетелейді.

  • Жаңашашыл мұғалім сабақ беруде жаңа тәсілдер қолдану керектігін, қалай қолданатынын және ізденіп жұмыстану керектігін түсінеді.

Әдіс-тәсілдер

Диалог, талдау, айналмалы бекет, ой тастау, ойлан, бірік, бөліс

Ресурстар

интербелсенді әдістеме:оқу құралы, Глоссарий 
• «Әке мен бала» мультфильмhttp://www.ssyoutube.com/watch?v=wzhLz_lU2l8 
мультфильмhttp://www.youtube.com/watch?v=cY0AuvZrShY

маркер, стикер, ақ қағаз 
Коучинг барысы:

Тапсырмалар

1.Психологиялық ахуал: «Оның есесіне мен...» жаттығуы. 
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар қима қағаздар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. 
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... . 
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... . 
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... . 
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... . 
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... . 
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... - Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... . 
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... . 
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... . 
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... . 
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... . 
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... . 
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... . 
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... . 
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... . 
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... .

2. Диалог туралы бейнебаян көрсету. 

«Әке мен бала» бейнебаян .

Ендеше, біздің бүгінгі коучингіміз Диалогқа арналады.

Ойтастау:Диалогтің оқу үдерісінде қандай маңызы бар?

3.«Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісімен Диалог туралы мәліметті топ ішінде талқылайды.

4.«Айналмалы бекет» әдісі бойынша оқылған тақырыпты топтастырады. Әр топ бір бекет.

Бағалау: Құндылықтар спектрі – егер бекеттің айтылған ойы құнды, нәтижелі, негізгісін алып айта алса, жіптің «+», ал ойды нақты аша алмаса, «-» жағына келіп, ойын дәйектейді.

5. Қорытынды бейнебаян көрсетіледі: «Крот и яйцо»

Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?

Қорытынды:

Кроттың көзі көрмесе де, балапан жұмыртқаның ішінде жатса да, жарық әлемнің кереметтігін тіл, тілдесу арқылы танып білді. Осыдан шығатын қорытынды – диалогтың маңызы зор екендігі.






Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет