Дидактикалық материалдар



бет2/3
Дата27.03.2024
өлшемі321.38 Kb.
#496646
1   2   3
Биология 8 дидактикалық материал Бездердің негізгі қызметтері

Гипофиз аралық мидың жағында жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі: гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі.
1) Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді;
5) бүйрекүсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигменті – меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон бөлінеді. Окситоцин жатыр бұлшықетінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі вазопрессин (АДГ) ұсақ артерия қантамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады.

Бүйрекүсті безі
Адреналин:

  • Тері, және сілемейлі қабаттардың және құрсақ қуысындағы қан тамырларын тарылтады

  • Артериальды қысымды көтереді

  • Жүректің соғуын күшейтеді

  • Бронхылар мен ішектердің біріңғай салалы бұлшық еттерін босаңсытады

  • Қандағы глюкозаның мөлшерін арттырып, ұлпалық алмасуды күшейтеді

Норадреналин:

  • Қан тамырларын тарылту әсері күштірек

  • Жүректің соғуын жиілету әсері әлсіздеу

  • Артериалық қысымды реттеуге қатысады


4- қосымша
1-тапсырма. Берілген сызбада бездің белгіленген әріптері мен атауларына сай бірдей түспен безді бояңыз

Гипофиз

A

Қалқанша маңы безі

E

Бүйрек үсті безі




J

Гипоталамус

B

Тимус

F

Аналық без




M

Эпифиз

C

Ұйқы безі

I

Аталық без




L

Қалқанша без

D



















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет