2-Дәріс. Дифференциалды психологияның зерттеу әдістері
Жоспар:
Жаратылыстану ғылымы мәліметтерінің дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері.
Статистикалық әдістің дамуы.
Тестілеу және оның дифференциалды психологияның дамуына тигізген әсері.
Дифференциалды психологияның зерттеу әдістеріне бақылау, эксперимент, интроспекция, егіздер әдісі, құжаттарды зерттеу, сұрақтама, биографиялық, статистикалық талдау, тестілеу жатады. Жалпы айтқанда индивидуалдылықты зерттеудегі әдістер объективті және субъективті түрге бөлінеді.
Дифференциалды психологияның негізгі зерттеу әдістеріне статистикалық талдау жатады.
Дифференциалды психологияның негізін қалаушысы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон индивидуалды айырмашылықтарды зерттеу үшін статистикалық әдістің техникасын еңгізді. Және көп зерттеулерді өткізу үстінде эксперимент жүргізу үшін бірнеше құралдарды жасады. Оның ішінде бүлшық ет сезімін, есту түйсіктерді бағалауға арналған құралдар.
1882 жылы Ф.Гальтон Лондон қаласында бірінші антропометрлік лабораториясын ашты. Сол кездегі ғалымдардың ойынша (бірнеше концепциялар бойынша) дене қасиеттері жан қасиеттеріне қарама қарсы қойылған. Лабораторияда өткізілген Гальтонның зерттеулері бұл теорияларды жоққа шығарды. Антропометрикалық лабораторияда ол сенсорлық, сенсорлық-моторлық процестердің өтілуін өлшеудің пролцедуралары мен түрлі тестерін жасақтады. Сенсорлық мүмкіндіктерді өлшеудің негізінде, ол ол адамның жеке қасиеттерінің айырмашылықтарын түсіндіруге тырысты.
Индивидуалды айырмашылықтарды зерттеуде жинақталынған мәліметтерді өңдеу процедурасы үшін статистикалық әдістің қажеттігі немесе оның осы процедураларға бейімделу қажеттілігі туындады. Осы мақсатта Фрэнсис Гальтон математикалық процедураларды бейімдеді.
Оның бірі корреляция мәселесі. Гальтоннан кейін оның шәкірті Карл Пирсон корреляция теориясының математикалық аппаратын өңдеді.
Корреляциялық талдау - латынның “сәйкестендіру” мағынасын білдіретін, зерттелінуші белгілер мен факторлардың тығыз байланыстары мен белгілерін бағалаудың статистикалық әдісі.
Өз зерттеулерін сүреттеп дәлелдеу үшін Френсис Гальтон Бельгия ғалымы Адольф Кетленің статистикалық теориясын қолданды.
Кетленің ойынша алынған нәтижелерді түсіндіру үшін статистикалық заңдар негізінде «орта адам» теориясын алуға болады. Оның негізінде адам табиғаты армандар, идеалдар ретінде бар болады. Сонда адамдар ықтималдыққа сәйкес одан ауысып кетеді.
Егер орта баға тұрақты болса, онда статистикалық заңдар негізінде әртүрлі жағдайларды алдын ала болжауға мүмкін болады.
1869 жылы Френсис Гальтонның «Дарынның тұқым қуалаушылығы» («Наследственность таланта») атты кітабі шықты.
Бұл кітапта Ф.Гальтон бірнеше биографиялық фактілердің статистикалық талдауын жасады. Және қабілеттерді анықтау үшін Кетле заңдарын қолданып тұқым қуалаушылық фактордың маңызын бекітті. Сонымен Ф.Гальтон алғашқы рет психикалық қабілеттердің дамуының генетикалық негіздері мәселесін ұсынды.
Гальтонның ойынша адамдардың индивидуалды айырмашылықтарының негізінде генетикалық аспект жатыр. Ол психологияда егіздер әдісін ұсынған. Бүл әдістің қолдануының мақсаты генетикалық және сыртқы әсерлердің арақатынасын анықтау болған.
Он тоғызыншы ғасырдың басында дифференциалды психологияның дамуы генетика ғылым саласымен байланысты. 1900 жылы Мендель ашқан тұқым қуалаушылық заңдардың дамуы тұқым қуалаушылық механизмдерін анықтауға арналған эксперименталды жұмыстарды қайта жаңғартты.
Осылайша, биографиялық, сұрақтама, эксперимент нәтижелері тұқым қуалаушылықтың психикалық қасиеттерге, ой қабілеттеріне әсер ететіндігін көрсетті.
Статистикамен бірге дифференциалды психологияның әдістеріне психологиялық тестілеу жатады. Френсис Гальтонның алғашқы тестілері жоғарыда айтылған сенсомоторлық тәжірибелерге жатқан.
Достарыңызбен бөлісу: |