Тапсырма:
Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жаз.
Жалқы есімдердің астын сыз.
Бәйге (тақырыптық )
Үлкен бір тойда бәйге болды. Сабыр торыға мініп шапты.Басын ақ шыт орамалмен байлап алды. Төреші бәрін қатар тұрғызып, қолындағы жалаушасын сілкіп қалды. Дала дүбірлеп кетті. Сәйгүліктер шаба жөнелді. Көк ала шаң аспанға көтерілді. Әуелгіде топтары жазылмады. Сосын жүйріктер суырылып алға шықты. Атының көзін шаң баспас үшін мойнын жел жаққа бұрды. Иен далада қиқулап келеді. Бәрінің үміті – бәйгенің алды. Жол ұзақ, жиырма бес шақырым.
Жұлдыздай аққан Торы қарақшыдан бірінші болып өтті. (70 сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |