3.
Өзіңді таныту. Пайымдау, эссе, шығарма сияқты жұмыс түрлері
жазбаша еңбектің шығармашылық формаларына жатады. Авторлық
«мен» ғылыми жоба, курстық, дипломдық жұмыс, диссертация сияқты
ғылыми жазба жұмыстарда да көрініс табады. Бұлар қойылған мәселеге
қатысты өзіндік тұжырым, оңтайлы ұсыныс, күтпеген шешім, сыни
көзқарас, талас туғызатын пікір, шебер де бейнелі сез қолданыс, т.б.
болуы мүмкін.
Барлық жазба жұмыс түрлеріне ортақ осындай мақсаттармен қатар
нақты зерттеу жұмысының нақты бір мақсаты болуы тиіс.
Қандай тақырыпты таңцасаңыз да, не туралы жазсаңыз да, қандай
да бір нақты мақсатты ұстанғаныңыз дұрыс. Не үшін жазатыныңызды
өзіңіз білмесеңіз, оқырманыңыздың білуі де екіталай. Жақсы баға алу
немесе бастықтың тапсырмасын уақытылы орындау жазбаша жұмысты
жазуға мәжбүрлеген факті болғанымен, бұлар жазбаша жұмысты
орындаудың нақты мақсаты болып табылмайды. Зерттеу жұмысының
нақты мақсаты зерттеудің басты мәселесін анықтау кезінде қойылатын
«Осы жұмысты жазудан мен өзім не күтемін және менің оқырманым
не күтеді?» деген сұраққа жауап іздеуден туындайды. Нақты мақсат
жазбаша жұмыста баяндалатын жағдайға байланысты болады. Мысалы,
«Экология» пәнінен рефератта көліктердің қала экологиясына келтіретін
зардаптарын зерттеуіңіз мүмкін, «Құқық негіздері» пәнінен алғашқы қазақ
заңдарының қазіргі заңнамамызда көріністабуы туралы мақала жазуыңыз
мүмкін, «Қазақтілі»пәніненлатынжазуыненгізудіңбасымдықтарытуралы
мақалаға пікір жазуыңыз мүмкін. Олай болса, нақты мақсатыңыз осы
ситуациялармен, оқиғалармен, пікірлермен байланысты анықталады.
Зерттеу жұмысының нақты мақсаты бірнешеу емес, біреу ғана болады.
Нақты мақсаттың болуы жазба жұмысын жазудың өр кезеңінде ез септігін
тигізеді. Нақты мақсат зерттеу жұмысының аудиториясын анықтауға,
керекті материалды іріктеуге, зерттеудің тілі мен стилін таңцауға
кемектеседі.
Зерттеушілердің кебі зерттеудің мақсатын керсету үшін ғылыми
жұмыс атауын сәл кеңейтіп, қайталап береді. Мысалы, «Әлеуметт ік
ж е л іл е р дің қа зір гі ж аст а рды ң дүниет аны м ы на т игізет ін әсері»
тақырыбынажазылғанғылымижобаныңмақсатын«әлеуметтікжелілердің
қазіргі жастардың дүниетанымына тигізетін жағымды (жағымсыз) әсерін
анықтау (талдау)» деп керсету дұрыс емес.
Достарыңызбен бөлісу: |