4-тақырып. ҒЫЛЫМИ МӘТІННІҢ БАСТЫ ЖАНРЛАРЫ
4.1 Ғылыми мақала
4.2 Ғылыми мақаланың құрылымы
4.3 Абстракт
4.4 Абстракт жазу
4.5 Тірек сөздер
4.6 Тезис
4.7 Аңдатпа
4.8 Ғылыми монография
4.9 Пікір
4.10 Конспект
4.11 Реферат
4.12 Курстықжұмыс
4.13 Диплом жұмысы
4.14 Магистрлік диссертация
4.15 РҺЮ докторлық диссертация
4-тақырып бойынша бақылау сұрақтары
5-тақырып. ЭССЕ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ Д¥РЫС ЖАУАПТАРЫ
ҚОСЫМШАЛАР
«АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ» пәнінің
оқу-жумыс бағдарламасы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
4
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл оқу құралын академиялық жазылым және оқылым негіздерін
қазақ тілінде баяндауға жасалған алғашқы қадам деуге болады.
Қазақстанда реферат пен курстықжұмыстарды, диплом жұмыстарын
жазу жөнінде ұсыныстар беретін еңбектерді кездестіруге болады,
алайда ғылыми мәтіндерді қалай құрастыруға үйрететін еңбектер
жоқтың қасы. Мектеп те, жоғары оқу орны да ез бетінше ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жазуды үйретпейді: мектепте академиялық
жазылым дағдыларын дамыту жұмыстары жүргізілмейді, ал жоғары
оқу орнында мәтіндердің сауаттылығына жауап беретін мамандар
жоқ. «Сауаттылық» ұғымын орфография мен пунктуация ережелерін
білу деп ұғынатындар кеп немесе оны «тіл мәдениеті» ұғымымен
алмастыру ж иі кездеседі.
Оқу құралында ғылыми-зерттеу мәтіндерін құрудың академиялық
сауаттылық
талаптарына
қойылатын
отандық,
әлемдік
стандарттарға сүйене отырып, ғылыми жанрдың түрлерін мазмұндық
құрылымдық, техникалық тұрғыдан ресімдеудің ережелері беріледі.
Оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласын
бақылау комитетінің тізіміндегі ғылыми басылымдар мен шетелдік
ғылыми журналдар (Тотзоп Кеиіегз, 8сориз) қоятын талаптарға
сәйкес ғылыми мәтін құрастыруды, атап айтқанда, мақала, аңдатпа,
абстракт, тезис т.б. жазуды үйретуге бағытталады.
Оқуқұралы академиялықжазылым мәселелеріне арналған шетелдік,
ресейлік ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, қазақ тілінде
академиялық мәтін құрастырудың жолдары мен әдістерін керсетеді.
Оқу құралының материалдары студенттер мен білім беру саласының
мамандарына ғана емес, сонымен қатар сауатты академиялық мәтін
жазғысы келетін барша қауымға арналады.
Достарыңызбен бөлісу: |