Динаева б. Б., Сапина с. М


жүйесіндегі махаббат/ақша ұғымдарының орны»



Pdf көрінісі
бет32/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

жүйесіндегі махаббат/ақша ұғымдарының орны» деген тақырыпта
40


ғылыми 
жоба 
орындамақшысыз. 
Алдымен, 
қазіргі 
жастардың 
құндылыід-ар жүйесінде махаббат (не ақша) ұғымы бірінші орында екендігі 
жөнінде дәлелдемелері бар тұжырым, тезис бересіз. Сіздің жұмысыңыз, 
негізінен, эмпирикалықзерттеу нәтижелеріне құрылуы мүмкін. Сондықтан 
жүргізген практикалық жұмысыңыз туралы (сауалнама, бақылау, сынақ), 
оны не үшін қолданғаныңыз туралы жазып, кейін алған нәтижелеріңіз 
бастапқы тезисіңізді, тұжырымыңызды дәлелдеді де, дәлелдемеді ме, 
қорьітындысы қандай болды, ол арқылы қандай тұжырымға келдіңіз 
т.с.с сұрақтардың жауабы берілгені жөн. Осы жерде мынаны ескерген 
жөн: өз позицияңызды, тезисіңізді, тұжырымыңызды міндетті түрде 
дәлелдейтін жекелеген фактілерді, әдейі жиналған мысалдарды келтіру 
сіздің жұмысыңызға эмпирикалық сипат бермейді. Эмпирикалық зерттеу 
деректер жинау оларды талдаудан құралады. Ғылыми жұмыста барлық 
жағдайда эмпирикалық элемент болуы міндетті емес. Жұмыс таза 
тілдік, әдеби дереккездерге ғана құрылуы мүмкін, дегенмен жұмысқа 
эмпирикалық талдаулар енгізілсе, еңбектің құндылығы арта түсетіндігі 
анық.
Ғылыми тақырыппен жұмыс жасау кезінде студенттер «тақырыпты 
қазіргі заманмен, 
қазіргі заманғы мәселелермен байланыстыру 
міндетті ме?у> деген сұрақты жиі қояды. Мұндай талап қойылмайды. 
Әрине, зерттеуіңізді қазіргі күнмен сәл болса да, байланыстыра алсаңыз, 
сіз сөз қылып отырған теориялардың бүгінгі күнге қандай да бір қатысы 
барын көрсете алсаңыз, оқырманның қызығушылығы артуы мүмкін. Оған 
қоса, бұл айтылған мәселелер зерттеу тақырыбының езектілігін керсету 
кезінде де алдыңғы орынға шығады.
Практикалық тапсырма.
1) Берілген мақалаға тақырып қойыңыз.
2) Берілген мақаланың қорытынды белімін жазыңыз.
Адамзат тіршілігінің мәнін ашып, оның еркін де әділ өмір сүруіне 
жәрдем беретін, адамзаттың іргелі негізінің бірі ретіндегі діннің қоғамдағы 
рөлі күшеюде. КСРО-да үстемдік еткен мемлекеттік атеизм жылдары 
келмеске кетті. Тұлғалық, қоғамдықжәне мемлекеттікбарлықдеңгейлерде 
діннің зор маңызы ұғыныла бастады, дегенмен діннің мәнін түсінбеушілік 
әлі де орын алуда.
Көптеген авторлардың ойынша, «егер XX ғасыр идеологиялық 
қақтығыстар ғасыры болса, XXI ғасыр өркениеттер мен діндер ғасыры 
болмақ». Шындығына келгенде, бұларды бір-бірінен бөлек қарауға 
болмайды. Діннің өркениеттен айырмашылығы мынада: адамдар
41


этникалық негізден гөрі діни негіз бойынша көбірек жіктеледі. «Адам 
жартылай француз не жартылай араб, тіпті екі мемлекеттің азаматы болуы 
мүмкін. Жартылай католик не жартылай мұсылман болу бұдан әлдеқайда 
қиынырақ» [1, 47].
Жалпы «дін» дегеніміздің мән-мағынасы қандай? Бұл мәселеге 
қатысты зерттеуші-ғалымдарды Д. Нұрғазиев діннің екі анықтамасын 
келтіреді. Бірі латынның «тақуалық, киелілік» деген зат есімімен, ал 
екіншісі «байланыстыру, жалғау» етістігімен байланысты [2, 82].
Б.Карипбаев діннің мәнін ашуда Э. Дюркгеймнің «діннің адамдар 
арасындағы ынтымақтастық пен қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін 
идеологиялық гипотеза» деген пікіріне сүйенеді. Батыс ғалымының бұл 
ойын дамытып, ол дінді жеке адам мен әлеуметтік топтардың қажетті 
тұтастығын қамтамасыз ететін қасиетті-салттық байланыстарды іздеу мен 
орнату ретінде анықтайды. Адамдардың басты қажеттіліктерінің бірі болып 
жатқанның барлығын санасынан өткізіп, оны түсіндіру және заттың мәні, 
әлем бейнесі, адам табиғаты мен оның тағдыры туралы көзқарастарына 
сәйкес ез емірін орайластыру болып табылады деп тұжырымдайды [3, 25- 
26]. Ғасырлар бойы діни сана адамға оның тіршілік әлемінен тыс дүниені 
ұсынып, қажеттілігін өтеді. Діннің трансцедентті сипаты әлем мен адамды 
мәңгілік тінінде қарастырып, сол арқылы әлем құрылымы мен ондағы 
адамдардың болмысына мән-мағына береді.
Бүгінгі күн тұрғысынан дінді кең мағынада, адамзат болмысының іргелі 
өлшемі ретінде қарастырудың негізі бар. Ол зайырлылық жағдайында 
қайта жандана алатын болса, екіншіден, мәдени тұтастықтың бірлігін 
сақтап, оның әртүрлі құбылыстарына қалыптасушы ықпал етеді.
Бұқаралық сипат алған діншілдіктің насихатталуына қарамастан, 
билік тарапынан дінді бақылауда ұстауға тырысу әрекеттері дін үшін 
халықтың жаппай дінсіздігінен гөрі тиімді. Сол себепті діннің қоғамдағы 
маңызының артуы үшін дін құдайшыл ортаны тәрбиелеп, халықтың 
арасында діни ағартушылық жұмыстарды іске асыруы тиіс. Бұл тұста 
еш күштеу шаралары не болмаса мемлекет тарапынан қандай да бір 
тиімді жағдай талап ету туралы сөз қозғалмауз керек. Дін мемлекетке 
екеуінің арасындағы ынтымақтастыққа, ең алдымен, мемлекеттің өзі 
мұқтаж екендігін дәлелдеп, мойындатуы тиіс. Діннің мемлекеттен өзінің 
рөлі мен мәртебесінің (оның ішінде халықаралық тәжірибе мен құқыққа 
қатысты сілтеме жасамай) артуын талап ету артықшылық. Дін өзінің 
оң мүмкіндіктерін іске асыруға міндетті, сонда ғана оның мемлекетпен 
серіктестігі табиғи әрі өзара тиімді болады.
Мемлекет пен діннің өзара ынтымақтастығының қалыптасқан және 
өзін-өзі ақтап үлгерген түрлерінен басқа, жаңадан пйда болып, дамыд
42


жатқандары да бар. Бұл - діни білім негіздері мектеп дең жүйесінде 
оқытыла бастауымен байланысты білім беру саласындағы оң езгерістер, 
діни басылымдар мен БАҚ санының артуы, жастар саясатын іске 
асыру аясында мемлекет пен діннің өзара ықпалдастығының күшеюі, 
еліміздің мемлекеттік- конфессиялық қатынастарды құруға қатысты жеке 
бастамаларының халықаралық гейге шығуы және т.б.
Мемлекет пен діннің өзара қатынас формаларын іске асыру негізі 
зайырлық қағидасын сақтаумен байланысты. Соған орай мемлекеттің 
діни ұйымдардың ішкі істеріне араласпауы мен діннің мемлекет қызметіне 
араласпауы белгіленген.
Бүгінде әлем бойынша мемлекеттердің басым көпшілігі зайырлы 
болып табылады. Соған орай мемлекет пен діни ұйымдардың өзара 
қатынас түрлері де көп. Олардың ішінде дінді қоғамдық және мемлекеттік 
өмір шеңберінен алыстату да, мемлекетте үстем саналатын бір немесе 
екі дінге ресми қолдау көрсету де жиі кездеседі. Қазақстандағы мемлекет 
пен діннің ынтымақтастық ету түрлеріне тоқталғанда, діннің елдің жаңару 
үдерісіндегі рөлі туралы мәселе туындайды.
Мемлекеттік кезқарас тұрғысынан елдің жаңаруы мен жан-жақты дамуы 
жолында алға қарай қадам басуы мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуі 
нәтижесінде болуы тиіс. Бұл орайда дін езінің ықпалын таныта алады. 
Дей тұрғанмен, барлық әлемдік діндердің өз дамуына сенбеушілікпен 
қарайтындарын есте ұстауымыз керек. Діннің негізін дәстүр мен догматтар 
құрайды. Бұлардың мәні өзгеріссіз болады. Бұл дінді уағыздаушылардың 
ниетіне еш тәуелді емес. Діни ақиқат Құдайдың өзі не оның Пайғамбарлары 
өсиет еткендіктен, абсолютті және қай уақытта болмасын, өз мәнін 
өзгеріссіз сақтап қалады. Сол себепті дін басқа құбылыстар сияқты дами 
алмайды. Діннің догмалық сипатының езгеруі діннің қалауынан тәуелсіз
ал оны езгерту дін тұрғысынан күнә саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет