Динаева б. Б., Сапина с. М


-2 беттен кейде 20 бетке дейін



Pdf көрінісі
бет85/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

1-2 беттен кейде 20 бетке дейін.
Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне 
негізделген жеке ұстанымның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль 
маңызды рөл ойнайды. Әртүрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың 
алдындағы 
сынақтарда, 
сондай-ақ 
шығармашылық 
байқауларда) 
мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.
Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе 
жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар 
бар.
Еңалдымен,өзіңніңхабарлайтын,жазатын,ойтолғайтын,талқылайтын 
нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ эссе жазуға итермелеген не 
нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын 
өзіңе аудартатын, мүмкін болса, қарсы жауап реакциясын тудыратындай 
өз ойыңды, сезіміңді, көңіл- күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті 
сездерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды 
қасиет - тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, 
анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау -
жазу - тексеру
Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Деректі дәйектер (аргументтер);
135


Теориялық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Дәйексөздерді келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пунктуациялық, орфографиялық, стильдік).
Жиі кездесетін қателер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордыңжеке ұстанымы көрінбейді;
3. Теориялық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер қолданылады;
7. Келтірілген мысалдар автор ұстанымына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет