Динаева б. Б., Сапина с. М


Зерттеу мәселесі дегеніміз



Pdf көрінісі
бет16/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Зерттеу мәселесі дегеніміз - қандай да бір оқиға немесе құбылыс 
турасындағы біздің біліміміздің ол жайлы басқа білімдерге, күнделікті, 
қарапайым, ақылға қонымды түсініктерге сәйкессіздігі. Бүл - қандай да 
бір парадокс, керекдесеңіз, шешугеұсынылатынжұмбақ, түсіністіктердегі 
қарама-қайшылық, мән-мағыналар мен түсіндірулердің сәйкес келмеуі. 
Осы айтылғандар зерттеуші оңай өтіп кетуге немесе айналып өтуге 
болмайтын кедергілерге кездескен кезде пайда болады. Мәселені шешу 
үшін белгілі мақсатты әрекеттер жасау, басқа жол іздеу, кедергілерді жою, 
жоғары немесе темен, оңға немесе солға жүру қажет болады.
Зерттеу мәселесі қызықты, күтілмеген, ең кем дегенде, бәріне белгілі 
болмауы керек. Дәл қазір жауабын бере алмайтын сұрақ қажет. Осы сұрақ 
сіздің зерттеуіңізге басқалардың қызығушылығын тудыратын қармақ 
секілді болады. Өз мәселеңізбен өзгелерді қызықтыру - оңай жұмыс 
емес. Өз зерттеуіңізге басқалардың назарьін екі жағдайда ғана аудара 
аласыз: біріншіден, басқа адамды сіздің тақырыбыңыздың қандай да бір 
өзгеше қыры қызықтыруы мүмкін немесе, екіншіден, сіздің көзқарасыңыз 
оның осы мәселе туралы кезқарасына, пікіріне қарсы келуі, сөйтіп сіздің 
қызығушылығыңыз оның қызығушылығымен сәйкес келуі мүмкін. Осы 
айтылғандар жүзеге асатын болса, сіздің көтеріп отырған мәселеңіз 
тек тағы бір «өзекті тақырып», ал жұмысыңыз тек тағы бір ғылыми 
мәтін ғана емес екені түсінікті болады, яғни сіз бұл жұмысты жазуға тек 
уақытыңызды ғана емес, өзіндік «меніңізді» де салғаныңыз, осы зерттеу 
мәселесіне бей-жай қарамайтындығыңыз көрінеді. Олай болса, сіздің 
айтарыңыз мол, басқа адамдар осы мәселе туралы толық және жан- 
жақты ғана емес, қызықты да ақпарат ала алатынына сенімді болады. 
Тіпті зерттеу мәселесінің жаңа болуы да міндетті емес. Адамзаттың озық 
ойлы, алдыңғы қатарлы өкілдері ғасырлар бойы шешімін іздеген, шешімін 
тапқан, бірақуақытөте келе,жаңа зерттеушілердіңеңбектерінде қайтадан 
кетеріліп жатқан мәселелер бар. Бұлардың қатарына құрылым мен 
әрекеттің, макро және микрореттеудің, қоғам мен адамның арақатынасы 
туралы танымдық-философиялық мәселелер жатады. Сіздің зерттеу 
стратегияңыз қандай болса да, «мәңгілік» мәселені шешуге тырысудасыз 
ба немесе мүлде жаңа перспектива ашуға ұмтылып жатырсыз ба, өз 
зерттеуіңіздің басты мәселесін анықтап алудан ешқайда қашып құтыла 
алмайсыз. Ең бастысы, зерттеудің басты мәселесі (пәні) сіздің езіңіз үшін 
қызықты екенін керсетіп, кейін бұл мәселе тек автор үшін ғана маңызды 
емес екеніне басқалардың кезін жеткізуіңіз керек.
Сіз шағын болғанымен, қандай да бір мәселенің ғылыми шешімін 
ұсынбақшысыз, осы мәселені шешу турасындағы өз тәжірибеңізді 
керсеткіңіз келеді. Алдымен, бұл мәселені анықтап, оның табиғатын 
түсіну қажет. Зерттеу мәселесін анықтап алғаннан кейін идея туындайды. 
Идея қандай да бір белгілі тұжырымға алып келеді.
22




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет