Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет75/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Қорытынды 
бөлім 
(тұжырым) 
дипломдық 
зерттеулер 
қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің 
толық шешілуін бағалаудан, 
зерттелген 
нысан 
бойынша 
нақты 
ұсыныстардан тұруы қажет.
122


Пайдаланылған әдебиет тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған 
талаптарға сәйкес рәсімделеді.
Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты 
негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.
Диплом жұмысын (жоба) ресімдеу тәртібі
Диплом жұмысы (жобаны) баспа тәсілмен компьютер, принтер арқылы 
А4 пішімді ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып 
орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14, Т іт е з Ые\м Р отап.
Диплом жұмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын 
ашық орындардың мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс:
• сол жағы - 30 мм.;
• жоғарғы жағы - 20 мм.;
• оң жағы -1 0 мм.;
• төменгі жағы - 20 мм.
Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен 
тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған 
беттің бос бөлігіне басуға болады.
Диплом жұмысын (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге (тарауға, 
тараушаларға) бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған 
ақпараттан тұруы қажет.
Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын 
ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің 
тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты 
және қысқаша дәріптеуі тиіс.
Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас 
әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет. Егер де атаулар 
екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн 
бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған 
реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі 
қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен белінген белім мен бөлімше нөмірлерінен 
тұрады. Белімше немірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе 
бірнеше белімшеден тұрады.
Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлімі жаңа парақтан (беттен) 
басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір- бірінен мәтіннен 
екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиет жұмыста тертбұрышты жақшаның ішінде 
беріледі.
Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом 
жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы 
қажет.
123


Аяқталған диплом жұмысының электронды нұсқасы кафедраға ҚР 
Білім және ғылым министрлігінің талаптары бойынша «Антиплагиат» 
жүйесіне тексеруге беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет