Динаева б. Б., Сапина с. М


Докторлық диссертацияның құрылымы, мазмұны және ресімдеу



Pdf көрінісі
бет81/119
Дата21.08.2024
өлшемі5.44 Mb.
#503195
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Докторлық диссертацияның құрылымы, мазмұны және ресімдеу 
ережесі
Докторлық диссертацияның келемі, әдетте, 150 бетті құрайды. 
Мамандықтардың жекелеген топтары бойынша диссертация көлемі 
200 бетке дейін жетуі мүмкін. Докторлық диссертацияның көрсетілген 
келеміне қосымшалар енгізілмейді.
Докторлық диссертацияның құрылымдық элементтері:
- титул парағы;
- мазмұны;
- нормативтік сілтемелер;
- анықтамалар;
- белгілер мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттізімі;
- қосымшалар.
130


Сонымен қатар докторлық диссертацияның мазмұнына сәйкес 
докторант 1-1,5 б.т. реферат жазады. Реферат қазақ, орыс және 
ағылшын тілдерінде жасалады (қажет болған жағдайда реферат басқа 
шетел тілінде жазылуы мүмкін) және диссертацияға қол қойылады.
Докторлық диссертацияның рефераты мына мәліметтерді қамтуы 
тиіс:
- диссертацияның көлемі мен құрылымы;
- иллюстрациялар, кестелер, қолданылған әдебиет саны;
- негізгі сөздер тізімі (15-20 сез);
- зерттеудің өзектілігі;
- зерттеу мақсаты;
- зерттеу нысаны;
- зерттеу әдістері;
- алынған нәтижелер, 
олардың жаңашылдығы, ғылыми және 
практикалық маңыздылығы;
- жарияланымдар туралы мәліметтер.
Кіріспе ғылыми және/немесе инновациялық сипатқа ие шешілетін 
ғылыми, ғылыми-техникалық немесе технологиялық проблеманың 
(міндеттердің) 
қазіргі 
жай-күйін 
бағалауды, 
тақырыпты 
әзірлеу 
үшін 
негіздеме 
мен 
бастапқы 
деректерді, 
осы 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу) жұмысын жүргізу қажеттілігінің негіздемесін, 
әзірлеудің жоспарланған ғылыми-техникалық деңгейі туралы, патенттік 
зерттеулертуралымәліметтердіжәнеоларданалынғанқорытындыларды, 
диссертацияның метрологиялық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді 
қамтуы тиіс. Кіріспедетақырыптыңөзектілігі мен жаңалығы, осы жұмыстың 
басқа 
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу 
жұмыстарымен 
байланысы керсетілуі керек. Сондай-ақ зерттеудің мақсаты, нысаны мен 
мәні, міндеттері, олардың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) 
жұмысын тұтастай орындаудағы орны және әдістемелік база, қорғауға 
шығарылатын ережелер көрсетілуі тиіс.
Ғылыми жұмыстар тақырыптарының езектілігі, олардың мақсаты 
мен міндеттері туралы жоғарыда 2-тарауда толық жазылғандықтан, бұл 
бөлімде арнайы тоқталмаймыз.
Диссертацияның негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, 
әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін деректер келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет