Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет29/119
Дата15.06.2023
өлшемі5.44 Mb.
#475088
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

а) сізге қажет, яғни тақырыбыңызға жақын; белгілі мамандар 
мойындаған; сізге керекті тараулары бар; анық, түсінікті тілмен 
жазылғанын;
ә) қажет емес деп екі топқа бөліңіз. Әр дереккөзді 10-15 минут шолып 
шығыңыз: әр тараудың бірінші және соңғы абзацын, мақала болса, 
кіріспесі мен қорытындысын, әр параграфтың негізгі мағыналық бөлігін 
(сөйлемін) оқыңыз. Қайтадан толық, мұқият оқып шығып, қажет жерлерді 
стикермен, жапсырма қағазбен белгілеп қойыңыз. Интернет қорындағы 
материалмен де осы ретпен жұмыс жасаңыз. Керекті ақпараттың 
сайтын, сайт қашан соңғы рет жаңартылғанын толық жазып алыңыз, ол 
пайдаланылған әдебиет тізімін ресімдеген кезде қажет болады.
Қажетті дереккөзді жинап алған соң, сол материалдар бойынша 
жазбалар, карточкалар жасап алған жөн. Бұл арқылы сіз:
- зерттеу пәні туралы базалық деректер, фактілер табасыз;
- басқа авторлардың көзқарастары және аргументтерімен 
танысасыз;
37



- өзіңіздің көзқарасыңызды немесе идеяңызды қолдайтын немесе 
оған қарсы дәйектемелер табасыз;
- осы арқылы өзіңізде жаңа идеялар туындағанын байқайсыз;
- сіздің жумысыңыз үшін пайдалы болуы мүмкін сұрақтарды
мәселелерді жинайсыз.
Осы жерде басты ескерте кететін жағдай мынау: жазбалар жасау 
кезінде міндетті түрде дереккөз туралы ақпаратты жазып алу қажет, 
себебі кейін оны дәйексөз ретінде қолданасыз немесе сілтеме жасайсыз, 
не басқаша түрде пайдаланасыз. Ол, әдетте, мынадай түрде жасалады: 
«Тәмсіл сөздерге белгілі бір аңыз, ертегі, тарихи оқиғаға байланысты 
шығарылған астарлы мағынасы бар тілдік бірліктерді жатқызамыз». 
Б.Б. Динаева. Қазақ мақал-мәтелдерінің прагма-когнитивтік аспектісі. 
Монография. - Астана, 2013. 31-6. Барлығы 218 бет». Егер мұны 
жасамасаңыз, плагиатпен айналысқан боласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет