Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет43/119
Дата15.06.2023
өлшемі5.44 Mb.
#475088
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   119
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

3.13 Сұрақтарға жауао беру
Кез келген жұмысты қорғау кезінде міндетті түрде сұрақтар 
қойылады, ескертулер айтылады. «Ойлай алатындар сұрақ 
та қоя алады», - деп Э.Кинг айтқандай, сізді тыңдап отырған 
аудиторияның сұрақ қоюы - занды құбылыс.
Қазақстанда қабылданған академиялық этикет бойынша 
сұрақтар қорғаудан кейін қойылады. Қойылған сұрақтарды сұрақтың
59


авторымен бірге жазып алып тұрған дұрыс. Бұл ұқсас сұрақтарды 
біріктіруге, оларға бір жауап беруге ыңғайлы. Қойылған сұрақтарға 
немесе кейбіріне бірден жауап беруге болады, кейбіріне немесе бәріне 
дайындалу үшін уақыт сұрауға болады. Қойылған сұрақтардың бәріне 
жауап беру керек пе деген сұрақ жиі қойылады. Жоқ, қорғау барысында 
қойылатын сұрақтардың бәрі жауап беруге міндетті емессіз, жауап беретін 
сұрақтарды таңдау өз еркіңізде. Жауабыңыз болмаса немесе бірден 
жауап беруге дайын болмасаңыз, дәстүрлі сыпайы түрде «бұл мәселе 
туралы ойланбаппыз, рақмет, ендіесте болады», «бұл мәселе туралы 
келесі зерттеулерімізде қарастырамыз» т.б. сияқты репликаларды 
пайдалануға болады.
Енді қойылатын сұрақтарға келейік. Сізге сұрақ қойылуы да мүмкін, 
сіз өзіңіз оппонент ретінде сұрақ қоюыңыз да мүмкін. Қандай сұрақтар 
қойылуы мүмкін? Еңалдымен, мынаны жадыңызда ұстаңыз: сұрақтардың 
мазмұны тек сіздің зерттеу тақырыбыңыз аясында ғана қойылады, басқа 
тақырыптар туралы сөз болмайды. Мысалы, сіз «Қазақ тіліндегі өлшем 
мәнді фразеологизмдердің танымдық мәні» тақырыбында жоба қорғап 
тұрсаңыз, сізге қойылатын сұрақтар тек өлшем мәнді тұрақты тіркестер 
(ары кетсе, жалпы фразеологизмдер) туралы, ұлттық таным жөнінде 
ғана болады, басқа мәселелер қозғалмайды.
ЕСТЕ САҚТАҢЫ З!
Ғ ылышіи 
зерттеу 
нәтижелері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет