«Дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» мемлекеттiк қызмет стандарты



Дата04.07.2016
өлшемі201.66 Kb.
#176327
Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың
филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу)»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк (қайта тiркеу) тiркеу (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - тiркеуге, бизнес сәйкестендiру нөмiрiн, тiркеу нөмiрiн бере отырып, оларға мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi беруге ұсынылған құрылтай және  басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкестiгiн тексеру, дiни бiрлестiктер, филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне және Филиалдар мен өкiлдiктердiң бiрыңғай тiзiлiмiне енгiзу рәсiмi.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының және «Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi:
      1) республиканың екi немесе одан да көп облыстарының аумағында әрекет ететiн дiни бiрлестiктердi, дiни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құратын дiни оқу орындарын, монастырьларды және басқа да бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеудi және қайта тiркеудi; дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетi (бұдан әрi - Комитет) мына мекен-жайда жүзеге асырады: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, 13-кiреберiс, 907-кабинет, телефоны 74-09-30.
      2) тиiстi облыстағы жергiлiктi дiни бiрлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi (Дiни iстер комитетiнде тiркелуге тиiстiлерден басқасы) мемлекеттiк тiркеудi және қайта тiркеудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi аяқтау нысаны БСН берiлген заңды тұлғаны мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктi, салық төлеушiнiң куәлiгiн (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) беру болып табылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк тiркеуге олардың құрылу мақсаттарына, олардың қызметiнiң түрiне және сипатына, қатысушылардың (мүшелердiң) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық дiни бiрлестiктер жатады.
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерi заңды тұлға құқықтарын алмай-ақ есептiк тiркелуге тиiс.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған (тiркелген, талонды алған сәттен бастап), мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берген сәттен бастап (құжаттар қабылданған күн мен берiлген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
      1) дiни бiрлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тiркелiп, тiркеушi органға өтiнiш түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi;
      2) Комитетке жүгiнген кезде:
      құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
      құжаттарды алған кезде кезек күтудiң ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.
      3) Орталыққа жүгiнген кезде:
      құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
      құжаттарды алған кезде кезек күтудiң ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн 6,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi алымның бюджетке төленгенiн растайтын түбiртектi немесе құжатты ұсыну жолымен көрсетiледi.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында (www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтың үй-жайларында орналасқан стендтерде орналастырылады.
      10. Комитетте демалыс және мереке күндерiн, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi ас үзiлiсiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн оның жұмысын қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi.
      Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Орталықтарда мемлекеттiк қызмет мейрам және демалыс күндерiн қоспағанда, үзiлiссiз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн ұсынылады, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      11. Осы стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттiк қызметтер мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшiн жағдай жасалған Комитетте көрсетiледi. Кабинетте ақпараттық анықтама, күту үшiн креслолар, өтiнiштердiң толтырылған бланк үлгiлерi бар.
      Осы стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттiк қызметтер, заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшiн жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу үшiн Орталыққа мынадай құжаттар ұсынылады:


      - тiркеу туралы өтiнiш;
      - құрылтай съезiнде (конференцияда, жиналыста) қабылданған жарғы;
      - жарғыны қабылдаған жиналыстың (конференцияның, съездiң, құрылтайдың) нөмiрленген, тiгiлген, уәкiлеттi тұлғаның қолымен куәландырылған хаттамасы;
      - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, үй және қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетiлген дiни бiрлестiктi құрған бастамашы азаматтардың тiзiмi;
      - тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлаудағы лауазымы, туған жылы, тұрғылықты жерi, үй және қызмет телефондары көрсетiлген дiни бiрлестiктiң басқарушы органы мүшелерiнiң тiзiмi;
      - тұрғылықты жерiн растайтын құжат;
      - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.
      Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмiрленген түрде, үш данада ұсынылады.
      Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн бюджетке алым төлегенiн растайтын түбiртек немесе құжат табыс етiледi.
      Дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжаттар мыналар болуы мүмкiн:
      жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жүргiзiлген тiркеу туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлiкке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат болуы мүмкiн.
      Егер үй-жайдың иесi жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жерi ретiнде бергенi туралы нотариалды куәландырған келiсiмi табыс етiледi.
      Республика шеңберiнен тыс басқарушы орталығы бар дiни бiрлестiк қосымша:
      мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аударылған, нотариалды куәландырылған шетел орталығы жарғысының көшiрмесiн;
      дiни орталық өз елiнiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аударылған, нотариалды куәландырылған тiзiлiмнiң үзiндi көшiрмесiн немесе басқа құжат ұсынады.
      Дiни басқармалар (орталықтар) негiзiн салған дiни оқу мекемелерiнiң, мешiттердiң, монастырьлардың және басқа да дiни бiрлестiктердiң жарғыларын (ережелерiн) осы дiни басқармалар (орталықтар) бекiтедi. Тiркеу үшiн дiни басқарманың (орталықтың) уәкiлеттi органының оларды құру туралы шешiмi ұсынылады.
      12.1 Филиал (өкiлдiк) есептiк тiркеу үшiн Орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:
      Дiни бiрлестiктердiң филиалы немесе өкiлдiгi:
      - есептiк тiркеу туралы өтiнiш;
      - заңды тұлға органы бекiткен филиал (өкiлдiк) туралы ереже;
      - филиал (өкiлдiк) басшысына дiни бiрлестiк органы берген сенiмхат;
      - дiни бiрлестiктiң мөрiмен бекiтiлген филиал (өкiлдiк) құру туралы дiни бiрлестiктiң шешiмi;
      - дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң және салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмелерi;
      - дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесi;
      - орналасқан жерiн растайтын құжат;
      - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.
      Шетелдiк дiни бiрлестiктiң филиалы немесе өкiлдiгi:
      - есептiк тiркеу туралы өтiнiш;
      - дiни бiрлестiктiң органы бекiткен филиал (өкiлдiк) туралы ереже;
      - филиал немесе өкiлдiк басшысына дiни бiрлестiк органы берген, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен бiрге нотариалды куәландырылған сенiмхат;
      - мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен нотариалды куәландырылған дiни бiрлестiктiң филиал (өкiлдiк) құру туралы шешiмi;
      - Қазақстан Республикасында филиал (өкiлдiк) ашып отырған субъектiнiң өз елiнiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен нотариалды куәландырылған, сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшiрме немесе заңдастырылған басқа құжат;
      - дiни бiрлестiктiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармасымен нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмесi;
      - орналасқан жерiн растайтын құжат;
      - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.
      Ескерту. 12.1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      12.2 Дiни бiрлестiктiктi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк қайта тiркеу үшiн мынадай құжаттар ұсынады:
      - қайта тiркеу туралы өтiнiш;
      - құрылтай құжаттарына өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу туралы уәкiлеттi органның мөрi қойылған шешiмi немесе шешiмнен үзiндi көшiрме;
      - өзгерiстер (толықтырулар) енгiзiлген құрылтай құжаттары. Бұл ретте өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу екi тәсiлмен: құрылтай құжаттарын жаңа редакцияда жасау не өзгерiстердi (толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша түрде ресiмдеу жолымен жүргiзiлуi мүмкiн. Егер құрылтай құжаттары заңға сәйкес нотариалды куәландыруға жататын болса, онда оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар да нотариалды куәландырылуы тиiс;
      - бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;
      - мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң түпнұсқалары;
      - заңды тұлғаларды қайта тiркегенi үшiн және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат;
      - заңды тұлға басшысының және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың салық төлеушi куәлiктерiнiң (шаруашылық серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзу бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестер құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшiрмелерi ұсынылады. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болған жағдайда, онда тiркеушi органға мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң және салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмелерi ұсынылады.
      Көрсетiлген құжаттардың тiзiмi қайта тiркеудiң барлық жағдайларын өткенде ұсынылады.
      Қайта тiркеудiң негiздемелерiне байланысты заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес тiркеушi органға басқа құжаттарды ұсынуы тиiс.
      Ескерту. 12.2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      13. Комитетте бланкiлер кабинеттегi арнайы тағанда орналастырылады немесе құжаттарды қабылдаушы қызметкерде болады. Орталықта бланкiлер Орталықтың күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
      14. Комитетте құжаттарды қабылдауды маман жүзеге асырады.
      Комитет маманы мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексерудi, журналға тiркеудi және құжатты орындайтын маманды анықтау үшiн Комитет басшылығына берудi жүзеге асырады.
      Комитет құжаттар пакетiн қабылдағаннан кейiн олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзiмде тiркеу рәсiмiн жүргiзедi.
      Орындалған (дайын) құжаттар тұтынушыға қолма-қол берiледi.
      Орталықтарда құжаттарды қабылдау «терезенiң» мақсатты және атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      Орталық инспекторы мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексерудi, журналға тiркеудi және құжаттарды жинақтау бөлiмiнiң инспекторына берудi жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтау бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинауды, тiзiлiмдi жүргiзудi және уәкiлеттi органға жiберудi жүзеге асырады.
      Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттармен бiрге тиiстi уәкiлеттi органға жеткiзудi және керi қайтаруды осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет курьерлiк байланыс арқылы жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзiмде тiркеу рәсiмiн жүргiзедi.
      Қарау нәтижелерi бойынша орындалған құжаттар тұтынушыға тапсыру үшiн Орталыққа жолданады.
      Орындалған (дайын) құжаттар тiркеушi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi бiткенге дейiн бiр күн бұрын түсуi тиiс.
      15. Құжаттарды қабылдау кезiнде тұтынушыға:
      1) сұрау салудың нөмiрi және қабылданған күнi;
      2) сұралып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берiлген күнi, уақыты және орны;
      5) құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған уәкiлеттi инспектордың тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат берiледi.
      16. Комитетте тұтынушыға дайын құжаттарды берудi онда көрсетiлген мерзiмде қолхат негiзiнде күнделiктi құжаттарды берудi жүзеге асыратын маман жүзеге асырады.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Комитет олардың тұтынушы талап өткенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
      Тұтынушыға дайын құжаттарды берудi мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Орталық инспекторы «терезе» арқылы онда көрсетiлген мерзiмде қолхат негiзiнде, осы стандарттың 10-тармағына сай онда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырады.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, Орталық бiр ай iшiнде олардың сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға бередi.
      17. Құжаттар пакетi толық ұсынылмаған, оларда кемшiлiктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеу  және қайта тiркеу мерзiмi үзiледi. Уәкiлеттi орган осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзiмде мерзiмнiң үзiлiсi туралы негiзделген бұйрықпен құжаттарды жазбаша түрде Орталыққа қайтарады.
      Сараптама сарапшыға (сарапшыларға) сараптама объектiсiн ұсынған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
      Сараптаманы жүргiзу үшiн қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеу қажет болған кезде сараптаманы жүргiзу мерзiмi отыз күнтiзбелiк күнге ұзартылуы мүмкiн.
      Сараптама қорытындысын алған соң уәкiлеттi орган сараптаманың нәтижелерi туралы тұтынушыны хабардар етедi.
      Уәкiлеттi орган мүдделi дiни бiрлестiктерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктерге сұрау салулар жiберу жолымен сарапшыға (сарапшыларға) қосымша материалдар мен ақпарат алуға жәрдем көрсетедi. Шетелдiк мемлекеттiк органдарға, халықаралық ұйымдарға тиiстi сұрау салулар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жiберiледi.
      Дiни бiрлестiктi құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне  сәйкес келмеуi, табыстау актiсiн немесе бөлу балансын ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы не бiр айлық есептiк көрсеткiштен астам салық берешегiнiң болуы, сондай-ақ, егер құрылтайшысы жұмыс iстемейтiн заңды тұлға болған жағдайда және (немесе), егер азаматтар - дiни бiрлестiктiң бастамашысы және (немесе) басшысы жұмыс iстемейтiн заңды тұлғаның құрылтайшылары және (немесе) басшылары болып табылса және (немесе) iс-қимылға жарамсыз немесе iс қимылға жарамдылығы шектеулi және (немесе) iз-түзсiз жоқ болып танылса және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған болса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 216, 217-баптары бойынша қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалтқан құжаттары тапсырылғанда заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартуға әкеп соғады.
      Тiркеушi орган дiни бiрлестiктердi, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тартқан жағдайда осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзiмде оған тапсырған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмеуiне сiлтеме қамтылған уәжделген бас тартуды бередi.
      Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептiк) тiркегенi үшiн төленген алымды қайтару Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi.

3. Жұмыс iстеу қағидаттары

      18. Комитеттiң және Орталықтардың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын орындау кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасына наразылықтар болған жағдайда шағым Орталық, Комитет басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi басшылығының атына берiледi.


      Орталық инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Орталықтың және Комитеттiң кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
      Шағым Комитет басшысының атына берiледi. Комитет басшысының мекен-жайы мен телефоны осы стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген.
      Шағым Орталық басшысының атына берiледi. Орталықтардың мекен-жайы мен басшыларының телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Арыз иесiне шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармағында көзделген Комитеттiң жұмыс регламентiне сәйкес айқындалады.


      Орталықтар басшыларының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармағында көзделген Орталықтардың жұмыс кестесiне сәйкес айқындалады.
      Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетiлген.
      Орталықтар басшыларының және уәкiлеттi органдардың байланыс телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.

«Дiни бiрлестiктердi      


мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу),
олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн
есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» 
мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша            

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

40-10-63
қабылдау бөлмесi

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

56-57-87
қабылдау бөлмесi

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

24-41-33
қабылдау бөлмесi

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

28-40-14
қабылдау бөлмесi

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

28-94-67
қабылдау бөлмесi

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

33-55-93
қабылдау бөлмесi

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

43-84-14
қабылдау бөлмесi

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

23-68-81
қабылдау бөлмесi

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

41-63-10
қабылдау бөлмесi

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

54-10-20
қабылдау бөлмесi

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

23-08-46
қабылдау бөлмесi

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

42-23-12
қабылдау бөлмесi

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

33-47-35
қабылдау бөлмесi

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

33-31-03
қабылдау бөлмесi

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

30-06-79
қабылдау бөлмесi

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

378-09-09
қабылдау бөлмесi

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

248-17-77
қабылдау бөлмесi

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

378-47-01
қабылдау бөлмесi

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

239-65-52
қабылдау бөлмесi

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

234-09-35
қабылдау бөлмесi

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1. ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

37-02-06
қабылдау бөлмесi

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

40-65-62
қабылдау бөлмесi

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

32-42-79
қабылдау бөлмесi

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85 үй.

37-70-46

37-74-34
қабылдау бөлмесi

«Дiни бiрлестiктердi      
мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу),
олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн
есептiк тiркеу (қайта тiркеу)» 
мемлекеттiк қызмет стандартына 
2-қосымша            

Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының %-ы( үлесi)










1.2. Қызмет алуды кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2.2. Лауазымды адамның құжаттарды дұрыс ресiмдеген жағдайлары (тiркеу) %-ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi көрсету тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бастапқыдан тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесi)










3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткiзуге болатын қызметтердiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет