Дипептид келесі аминқышқылы молекуласымен әрекеттесе алады


Шаштың химиялық бұйралануы



бет2/6
Дата28.03.2024
өлшемі2.46 Mb.
#496734
1   2   3   4   5   6
9-Дәріс. Циклді қосылыстардың органикалық химиясы

Шаштың химиялық бұйралануы


5.2.4. Белоктарды бір бірінен бөлу және оларды анықтау

Белоктар негізінен қоспалар күйінде кездеседі. Оларды бір-бірінен бөлу үшін фракциялық тұнбаға түсіру әдісі қолданылады. Бұл әдіс, белоктардың тұздардың сулы ерітінділерінде және органикалық еріткіштерде әртүрлі мөлшерде еритіндігіне негізделген, мысалы пропанонда (ацетон) немесе этанолда. Осы сияқты еріткіштерді белок ерітінділеріне абайлап қосқан кезде қандай да бір белоктар тұнбаға түседі де, кейбіреулері ерітіндіде қалады. Белок ертінділерінің рН мәнін өзгерте отырып, бір немесе бірнеше белоктарды талғамды (селективті) түрде тұнбаға түсіруге болады.


Белоктарды бір-бірінен бөлу үшін хроматографияның барлық түрлері бірдей қолданылмайды. Мысалы, қағаздағы хроматография барысында белоктар денатурацияланады. Дегенмен, белоктарды бөлу үшін колоналық және ионалмастырғыш хроматография әдістері қолданылады. Зертханалық жағдайда белоктарды бөлу үшін электрофорез әдісін қолданған тиімді болып саналады.
Белоктардың белгілі бір анық балқу температуралары болмайды. Себебі, олар қыздыру барысында айрылады. Сондықтан да, белоктардың таза күйінде алыну дәрежесін және оның салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін ультрацентрифугирлеу әдісі қолданылады. Бұл әдісте, пробиркадағы белок ерітінділері арнайы қондырғыда өте үлкен жылдамдықпен айландырылады. Осы кезде ерітіндідегі белоктар өздерінің пішіндеріне, тығыздықтарына және молекулалық массаларына байланысты, пробирканың түбіне қарай әртүрлі жылдамдықпен жылжиды және тұнбаға түседі. Таза белоктардың тұнбаға түсу жылдамдығы қоспалы белоктармен салыстырғанда өзгеше болады.
Ерітіндіде белоктардың бар немесе жоқ екенін аналитикалық тұрғыдан анықтау үшін биурет сынауы қолданылады. Биурет заты, екі мочевина молекуласының конденсациялануынан түзілетін қосылыс:

O O O O
|| || || ||


H2N − C − NH2 + H2N − C − NH2 → H2N − C − NH − C − NH2 + NH3
Биурет

Биуреттің сілтілі ертіндісіне мыс (II) сульфаты ерітіндісінен тамызғанда, нәтижесінде пурпур түсті ерітінді пайда болады. Осы сынауды жүргізу үшін, сыналатын ерітіндіге мыс (II) сульфатының сілтілі ерітіндісі тамызылады. Бұл ерітіндіні тамызғанда зерттелетін ерітінді күлгін түске боялса, онда ерітіндіде белокты зат бар деп қабылданады. Биурет, пептид және белокты заттарда пептидті − CO − NH − байланыстар бар болғандықтан, бұл заттардың бәріне де биурет сынауы қолданылады. Биуретті реакция ерітіндідегі белоктың концентрациясын анықтау үшін де қолданылады. Ерітінді күлгін түсінің қанық немесе солғын болуы, ол ерітіндідегі белоктың концентрациясына тура пропорционалды құбылыс. УК-cпектрінің көмегімен, ерітінді күлгін түсінің қарқындылығын (интенсивтілігін) анықтау арқылы, ерітіндідегі белоктың концентрациясы анықталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет