ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………....
КІРІСПЕ
Қазақ мәдениетіндегі аталған халықтардың тұрмысына, мәдениетіне тән ерекше тілдіқ құбылыс болып табылады. Әдетте осы тілдік құбылыстардың мағынасын дұрыс түсінбеу коммуникаттардың өзара түсінбеушілігіне әкеледі. Сондықтан, тыйым сөздердің ұлтымызға тән сипаттамасын дұрыс білу қажет. Тыйым сөздер – халықтың рухани мәдениетінен туындап, тілден көрініс тапқан құбылыстар. Дипломдық жұмыс қазақ тіліндегі тыйым сөздерді этнолигвистикалық тұрғыдан зерттеуге арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Этнолингвистика – термин ретінде грек тілінің этнос (халық,тайпа) және лингвистика деген ұғымдарынан туындайды, ал жалпы тіл білімінің бір саласы ретінде ол тілді халықтың рухани мәдениеті тұрғысынан зерттейтін ерекше арна. Ал бұдан да дәлірек әрі кеңірек айтқанда, ғылымның бұл саласы лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық және этномифологиялық факторлардың қабыса келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін ықпалы мен әсерін лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейді және сөздерді ғылыми тұрғыдан саралауға толыққанды деректер іздеуге зерттеушілерді бағыттап отырады. Осы айтылған анықтамалар мен тұжырымдар тұрғысынан келсек, қазақ тіліндегі тыйым сөздерді этнолингвистика ғылымының тұрғысынан зерттеудің көкейтестілігі мен маңыздылығы туындайды. Тыйым сөздер қазақ халқының этникалық қасиеттері бойынша ерекшеленетін тілдік құбылыс және тіл білімінің күрделі де ауқымды мәселерінің бірі. Тыйым сөздердің тілдегі туындау себебін, нақты тілдегі көрініс табуын зерттеу, олардың мән-мазмұнын, ерекшеліктерін ашып көрсету өзекті мәселе болып табылады.
Казіргі заманғы тіл білімі саласында кеңінен қолданылып жүрген тілді этнолингвистикалық жүйе ретінде қарастыру тыйым сөздердің этнолигвистикалық сипатын анықтауға мүмкіндік беретін бірден бір негіз. Демек дипломдық жұмыстың теориялық негізін адамның білімді қабылдауы мен меңгеруінде жатқан концептуалды үдерістерімен байланысқан этнолигвистика құрайды.
Зерттеу жұмысының нысаны – .
Достарыңызбен бөлісу: |