3.3 «ОРАҚ-МАМАЙ» ЖЫРЫНДАҒЫ СИНТАКСИСТІК ЖҮЙЕ
Поэтикалық тілдің лексикасы, құрылымы болатыны секілді өзіне тән синтаксистік жүйесі де болады. Поэзиялық шығармалар күнделікті сөйлеу нормасын бұзып, сөйлем мүшелерінің орын ауыстырылуы немесе түсірілуі арқылы жасалатындығы белгілі. Қара сөзбен келетін сөйлем құрылымынан өзгешеленіп, поэтикалық тіл нормасына сай жазылады. Мұндай ерекшелік фольклорлық шығармаларға да тән. Поэзияның ең басты белгісі – ұйқас. Сондықтан өлеңнің әуезділігін жойып алмас үшін, бір сөздің бір сөзге ұйысып келуі үшін, әлбетте, жалпыхалықтық норманы бұзуға тура келеді. Біз нысанға алып отырған шығарма поэзиялық туынды болғандықтан, жырдың синтаксистік ерекшелігін зерттеуде онда қолданылған стилистикалық айшықтауларға тоқталамыз. Яғни стилистикалық айшықтауларды синтаксистің нысаны ретінде қараймыз. Бұл туралы Мырзатай Серғалиев былай дейді: «Автордың қалауынша саналы түрде нормативтік грамматиканың ережелері бұзылып, әр түрлі конструкциялардың орын тәртібі де өзгере беруі мүмкін. Осы құбылыстардың барлығы да стилистика заңдылығына толық сыйымды болып жатады. Мұндай құбылыстардың қай-қайсысы да сөз тіркестері мен сөйлемдерге тікелей қатысты болғандықтан, оларды синтаксистік фигуралар деп атаушылық та бар» [32,242].
«Орақ-Мамай» жырында сөйлем мүшелерінің орын ауыстырып, баяндауыштың бастауыштан бұрын келуі байқалады. Яғни мұнда инверсияланған сөйлемдер көп кездеседі. Шығарманың жыр түрінде келгенін ескерсек, бұл – заңды құбылыс. Сөйлемдегі сөздерді дағдыдан тыс түрде қиюластырып құру – фигураның бір түрі, ол инверсия делінеді. Өлеңдерде кейде ұйқастың қажет етуімен, кейде сезімнің, ашығырақ айтқанда, сол сезімді оқушыға жеткізуде үлкен орын алатын дауыс ырғағының керек етуімен байланысты, сөйлемдегі сөздердің орындары жайшылықта айтылатын сөйлемдерден басқаша болып, ауысып келе береді [33;198-б.].
3 2
Сұрамайды ешкімнен
1
Ақыл менен білікті [3,66].
Бұл поэтикалық сөйлемді қара сөзбен жай сөйлемге айналдырсақ: «Ақыл менен білікті ешкімнен сұрамайды» болар еді. Әрине, сөздердің орынын ауыстырғанмен мағыналары өзгермейді. Алайда оқырманға әсер ету жағынан сөздердің ауысып келуі күштірек болады. Әрі жоғарыдағы мысалдан көріп тұрғанымыздай, оқушының назарын аударып тұрған сөз тармақтың
Жайлаттың талай еліңе
Мына жатқан Еділдің
Мал түспеген аралын [3,255].
Мұнда тілдік норма бойынша сөйлемнің аяғында келетін сөйлем мүшесінің тармақ басына шығуы, яғни баяндауыштың орын ауыстыруы арқылы жасалған. Жырда баяндауыштың орын ауыстырып, өз позициясынан бір-екі орынға жылжып қолданылған тұстары көп. Бірде баяндауыш тармақ басында, бірде ортасында, бірде екінші тармақтың соңында тұруы керек баяндауыш бірінші тармақтың соңында келіп отырады. Осындай ерекшеліктерін ескеріп жырда кездескен инверсияланған баяндауыштың мынадай түрлерін ажыратуға болады:
І
Достарыңызбен бөлісу: |