Диплом жұмысы «жеке адамның этнопсихологиялық ЖӘне әлеуметтік діни қалыптасуы»


II.2. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚАЛЫПТАСУЫНА ДIННIҢ ТИГIЗЕТIН ӘСЕРI



бет4/7
Дата17.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#205871
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

II.2. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚАЛЫПТАСУЫНА ДIННIҢ ТИГIЗЕТIН ӘСЕРI


Сенiм мен адам болмысы арасында өте терең байланыс бар. Доктор Генри Линк “Дiнге оралу” атты кiтабында АҚШ-та психологиялық зерттеулер бөлiмiнiң бастығы ретiнде 15 321 әйел мен ер адамдарға зерттеу нәтижесi мен 73 226 психологиялық тестiнiң қорытындысын былайша келтiредi: “Бiр дiнге сенген және құлшылық орындарына үнемi барып тұрған адамдарда тұлғалық қасиет пен мiнез, дiнсiз адамдарға қарағанда берiк әрi жоғары болмақ.”

Дейл Карнеги, “Уайымды таста, өмiр сүруiңе қара” атты кiтабында, уайым-қайғының алдында алу шараларының бiрi ретiнде мыналарды жазған: “Бүгiн жарты сағаттық тынығуға уақытын бөлемiн. Бұл кезiнде Жаратушыны ойлаймын.”

Психология мамандары дұға мен қуатты сенiмнiң: ренiш, уайым мен қорқынышқа жол бермейтiндiгiн дәлелдеген. Бұл үшеуi де (ренiш, уайым мен қорқыныш) науқастануға басты себептер болып саналады. Психиаторлардың ең атақтыларының бiрi Доктор Карл Юнг, “Modern Man in Search of Soul” атты еңбегiнде былай деп жазады: Соңғы отыз жыл iшiнде дүниенiң түкпiр-түкпiрiнен менi iздеп науқас адамдар келедi. Олардың көпшiлiн қолымнан клгенше емдеп жiбердiм. Солардың iшiндегi отыз жастан асқандарының ауруға шалдығуының басты себептерi дiни сенiмнiң жоқтығынан туындаған. Олар өмiрге дiни тұрғыдан қарамай, дiндар жолдастары сияқты әрекет етпегендiгiнен. Олар дiни сенiмдерiне қайта оралмай толығымен шипа таба алмайды.

Буддадан кейiнгi үндi халқының ең үлкен лидерi Махатма Ганди: “Дұғалардың көмегi болмаса, қысқа уақыт iшiнде жынданып кетер едiм” “” дейдi. Нобель сыйлығының иегерi доктор Алекс Каррел: “Readers Digest” журналына жазған мақаласында: “Бiр адамның iстей алатын ең күштi iсi – дұға. Дұға әлемнiң тартылыс күшi сияқты шынайы құдiрет. Ешбiр ем пайда бермеген жағдайларда, адамдар тек қана дұғаның күшiмен ауруларынан айыққандарын көрдiм”-дейдi.

Jacgues Chevalier, “Pascal” атты шығармасында, Паскалдың “Аллаһтан ұзаған, оны iздемеген адам не өзiнде, не өзгеде ақиқатты және бақыттылықты таба алмайды” деп айтқандығын жазады.

Сенiмнiң жанұя тыныштығын сақтауда да ролi орасан зор. Домениян “Ажырасу” атты кiтабында: “Дiни дәстүрлер бойынша жасалған некелердiң басқаларға қарағанда аз ажырасумен нәтижеленетiндiгiн айтады”. Сол шығармада сенiмi жоқ адамдарда ажырасу дәрежесiнiң өте жоғары екендiгi статистикалармен дәлелденiп көрсетiледi.

Сенiм әлсiздiгiнiң өлiмге итермелеуде үлкен әсер бар материалдық жағдайдың барлық нәрсенi шешетiндiгiн мақұлдағандар статистикаларды мұқият зерттеген кездерiнде жаңылысқандықтарын түсiнедi. Мысалы АҚШ-та жыл сайын 100 дәрiгер өзiн-өзi өлiмге байлайды. Әлем денсаулық ұйымы және бiрiккен ұлттар баспасөзiне қарағанда Жапонияда 1955 жылы 22477 адамның өз-өзiн өлiмге қию оқиғасы тiркелген. 1978 статистикаларына сүйенсек, өзiн-өзi өлтiру 20000 болыпты. Барлық нәрсенi материяға таяп, экономиканы негiзгi тiрек ретiнде түсiнетiндердiң бұл жерде ойланулары керек ақ. Өйткенi бұл елдерде әлеуметтiк-экономикалық жағдай өте жақсы, бiлiм мен мәдениет дәрежелерi де жоғары.

Қазақстан Ресей империясына қосылғаннан бастап олар қазақ халқын өзге дiнге кiргiзу мүддесiн көздеген болатын. Олардың өздерi басып алған халықтарды дiннен бездiрiп, айтқанына көндiрiп, айдауына жүретiн мәңгүртке айналдыру саясатын ұстанғандықтары жасырын емес.

Сiбiрдiң ұсақ ұлттарын күшпен шоқындырған патша үкiметi қазақтарды да шоқындыруды мақсат тұтқан мемлекеттiк ресми миссонерлiк саясатжүргiзген. Дiнi бар елдiң бiрлiк табуы, отаршылдыққа қарсы күреске шығуы, өздерiнiң салт-санасын сақтау үшiн қажырлы әрекеттерге баруы әбден мүмкiн екенiн жоғарыдағы шенеулiктер жақсы бiлiп отырды. Ресей қаралымындағы бағынышты елдердiң көпшiлiгi мұсылмандар едi. Мiне осы топтағы дәстүрi жақын елдердiң басын бiрiктiрмей үшiн патша үкiметiнiң iстемеген айласы қалмады. Олар дiндар адамдардың арасында алауыздық тудыру, бiлiмi саяздарды алдап соғып шоқындыру, Исламды құбыжық етiп көрсету саясатын жақсы жүргiздi. Өзi тәуелдiк қамытын киген елдердiң дiнiн де мүлде таптап тастау үшiн, панисламизм деген жалған қисынды да ойлап тапты. Олардың бұл iс-шаралары халыққа елеулi әсер еткенiмен толық iске аспай қалды. Қазақ халқы өздерiнiң ата-бабалары ұстанған, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiне етене сiңiп кеткен Ислам дiнiнен ажырап қалмады.

Ислам дiнiнiң иман негiздерi мен шарттары жеке тұлғаның қалыптасуына берер әсерi мол. Ең алдымен Ислам дiнi ұлт меншiгiндегi дiн емес. Ол адам таңдамайды. Мейлi ол қара болсын, ақ болсын, бай болсын, кедей болсын бөлiп-жармайды. Исламият бүкiл ғаламдық дiн болғандықтан, ұлтшылықты, нәсiлшiлдiктi хоштамайды. Бiр ұлттың немесе нәсiлдiң басқаларға үстемдiгiн қабылдамайды, Аллаһ Тағала жаратқан адамдардың бәрiн бiрдей көредi. Үстемдiктi тек моральдiк, рухани, ахлақи сапаларда iздейдi, яғни таза адам, адал адам, тақуалықты берiк ұстайтын адамның ғана жартушының алдында дәрежесi жоғары болмақ. Адамдарды қорлаған, кiбiрлiк жасаған залымдардың қай ұлттың мансұбы болғаны түкке керек емес. Аллаһ Тағала Құран Кәрiмде адамдарды бiр еркек пен әйелден жаратқанын, сонсоң оларды бiрiн-бiрi оңай танып, бiлу үшiн қауымдарға бөлгенiн хабарлайды. “Ей адамдар! Шынында сендердi бiр еркек пен бiр ұрғашыдан жараттық және бiр-бiрiңмен танысуларың үшiн сендердi қауымдарға һәм қабилаларға бөлдiк. Ал, Аллаһтың хұзырында ең қымбаттыларың, Одан ең көп қорқатыңдарың! Күмән жоқ, Аллаһ бiледi, Ол әр нәрседен хабардар!”97.

Демек, ұлт дегенiмiз бiр-бiрiмiздi тану үшiн ғана керек, бөлу дискриминациялау, қорлау үшiн емес. Өйткенi, бұл дүниеге қай ұлттың өкiлi боп келетiнiн ешкiм бiлмейдi және заказ да бермейдi, бере алмайды. Бұл адам баласының қолындағы нәрсе емес. Демек, бiр ұлттың мансұбы болу дегенiмiз салыстырмалы ғана мәнi бар нәрсе. Рушылықты жеңе алмағандар ұлт бола алмайды, ұлтшылдықты жеңе алмағандар кәмiл адам бола алмайды. Бұдан ұлтты жек көру керек немесе ескерусiз қалдыру керек деген мағына шықпауы керек. Қайта, әркiм өзiнiң ұлтын сүйедi, құрметтейдi, бұл табиғи һәм лазым нәрсе. Тек, әсiрешiлдiктен, көрсоқыр ұлтшылдықтан аулақ болған жөн.98

Ислам дiнi таптырмас рухани азық болып табылады. Рухы бай адам әрқашан биiкте тұрады. Рухы аш адамның адамгершiлiк қасиетi де төмен болады. Тарихта рухани азыққа мән бермеген жеке тұлға болсын, тiптi қоғам болсын азғындыққа ұшырап, болмашы нәрселердiң артына түсiп, езiлiп-жаншылып отырған. Ондай тұлғалар ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында кетiп, өмiрдегi өз орнын жоғалтып отырған. Рухани дүниесi бай адамдар тарихқа өз аттарын алтын әрiптермен жазып, ұрпаққа өшпес iз қалдырған. Қазақта рухани азықтың көзiн дiннен iздеп, еңбектерiнде жазып келген ақын-жазушыларымыз кенде емес. Кезiнде аталарымыз, рухани азықтың негiзi болып саналатын дiн үшiн кез-келген қиындыққа бас тiккен. Оның айғағы ретiнде қоғам қайраткерi Мұхаммеджан Тынышбаевтың Ресей империясының министрлер кеңесiнiң төрағасына жазған хатында ең алдымен дiнге байланысты мәселенi қозғағандығын көрсете аламыз. Сол хатта: «Әрбiр шенеулiк бiздiң дiнiмiздiң iшкi iсiне араласуды парыз деп санайды, мешiттер мен мiнәжат орындары жабылады, Құран мен дiнiмiз қорланады. Бiздiң балаларымыз оқитын мектептердегi өз дiнiмiздi оқытуға салынған тиым, әкiмшiлiктердiң бiздiң ел арасында христиандықты уағыздап жүрген миссионерлерге деген қарқындығын талап етушiлердiң қуғынға ұшырап, түрмеге қамалуы-осының бәрi қазақ даласында орын алған заңсыздықтар мен зорлық-зомбылықтардың бiрер мысалы ғана.



-Дiни-рухани мәселелер бойынша қазақтарға толық бостандық берiлуi тиiс:

-Мешiттер, медреселер және өзге мiнәжат орындары орыс басшылығының қандай да бiр ұрықсатынсыз салынуы тиiс;

-Қазақ, араб және татар тiлдерiндегi кiтаптарға салынған цензура жойылуы тиiс; деп дiнге көресетiлген қыспаққа қарсы бас көтерген.

Олардың осылай шырылдап жүргенiнiң түбiнде үлкен негiз бар. Халықтың келешегiн ойлап, мәңгүртке айналдырғысы келгендердiң саясатын түсiнiп қарсы күресiп келдi. Солардың iшiнде Абай, Ыбырай, Шәкәрiм, Мiржақып сынды аталарымызды айта аламыз. Олардың дiн жайындағы жазған ой-пiкiрлерi мен өлеңдерi жетiп артылады. Мiржақыптың:

Әуелi үйренетiн бiр ғылымың

Өзiңнiң мұсылманша дiн ғылымың

Шарттарын исламның кәмiл бiлсең

Ақыреттiк азық берер шын ғылмың,-деген өлең жолдары бiраз нәрсенi айқындап бередi. Ал ендi осы айтып отырған Ислам дiнiндегi құрал-қағидалардың мән-маңызы мен ерекшелiктерiн және ондағы адамның орны жайын да қарастырып көрелiк.

Адам, жан мен тәннен тұратын Аллаһтың жер бетiндегi орынбасары. Құран мен хадистерде адам сөзi “инс”, “нас” және “ибн Адам” (Адам баласы) сияқты мағыналарда қолданылған. Ислам дiнi адамды жаратылыстың iшiндегi ең қадiрлiсi деп санайды. Сондай-ақ адамның ең басты ерекшелiктерiнiң бiрi ретiнде Ұлы күш тарапынан жаратылғанын айтады. Адам өздiгiнен кездейсоқ немесе белгiлi-бiр себептердiң жемесi емес, Аллаһтың жаратқан жаратылысы, деп оның негiзiн түсiндiрiп бередi. Аллаһ әлемдегi күллi жаратылысты жаратқаннан кейiн ең соңында адамды жаратып, оларға адамды халифа (орынбасар) етiп жаратқан.99 Құранда адам баласының жаратылысы жайлы айтқанда, ең алдымен топырақтан, кейiннен мәниден (сперма) жаратылғанын баяндайды. Мүминун сүресiнiң 12-16 аятында былай дейдi: «Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейiн оны жатырда тұратын тамшы қылдық. Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек еттi сүйек жасадық та сүйекттерге ет қаптадық. Сонан кейiн оны басқа бiр жаратылыс қылып жан салдық. Жаратушылардың шеберi ұлы Аллаһ. Бұдан кейiн әрине сендер өлесiңдер. Сосын сендер қиямет күнi, күдiксiз тiрiлтiлесiңдерң. Ғафыр сүресiнiң 67-аятында: “Сондай Аллаһ сендердi топырақтан, сосын мәниден, сосын ұйыған қаннан жаратып, кейiн бөбек қып шығарып, содан кейiн ержеткiзiп, кәртейдi. Кейбiреулерiңдi (ержетуден) бұрын өлтiредi. Кейбiрiң белгiлi мерзiмге жетесiңдер. Әрине ойланарсыңдар”, деп адам жаратылыс жайында күмәннiң тұманын сейiлтер жауап берген.

Ислам, адам баласына ерекше көңiл аудара отырып, оған баға жетпес қалау еркiндiгiн берген. Егер адам, осы еркiндiктi дұрыс пайданар болса, мәртебесi перiштелерден де жоғары көтерiледi. Ал керiсiнше бойындағы асыл қасиеттерге бей-жай қарайтын болса хайуаннан да төмен дәрежеге түсiп, адам деген атынан айрылады.

Ислам, адам өмiрiне қажеттi бiлiмнiң бәрiн егжей-тегжейлi ұсына отырып, дұрыс ойланғанда ғана негiзгi мақсатқа ұласудың жолын көрсеткен.

(Мұхаммед с.а.у.) сол уақытта Раббың перiштелерге: “Әрине мен жерде бiр орынбасар жаратамын!”, деген едi.100

Аталмыш аяттан, жер бетiндегi ең үлкен жауапкершiлiк ынсанға берiлгендiгiн айқын көруге болады. Сол жауапкершiлiктi, Аллаһтың әмiрiн орындағанда ғана атқаруға болады. Өйткенi, халифалық мiндетi асқан жауапкершiлiктi талап етедi. Мәудуди жоғарыдағы аятқа былай деп түсiнiктеме берген: Халифа деген, өзiне мiндеттелген жұмысты басшылыққа бағынышты түрде атқаратын адам. Олай болса ынсан әрбiр басқан iзi мен әрекеттерiн Аллаһқа тапсырып, тәукелге бел байлау арқылы мәселенi шешiп отырады. Адам, Аллаһтың нәсiп еткенiне ғана қол жеткiзедi деген сөз. Сондықтан адам, ойына не келсе соны iстей беруге тиiстi емес. Ол өмiрдегi өзiне берiлген бар мүмкiндiктi тиiмдi пайдаланғанда ақиқаттан нәсiбiн ала алады. Егер бар мүмкiндiгiн өзгелердiң тiзгiнiне берiп, жауапкершiлiк сезiмiн ұмытса, өз тамырына балта шапқанмен пара-пар болады.101

Адам жер бетiндегi Аллаһтың орынбасары болғандықтан, өмiрiнiң әрбiр сәтiнде Оның разылығына лайықты әрекет етуге тырысып бағу қажет. Оның жолы Құрандағы әмiрлердi мұқият орындау арқылы мүмкiн болмақ. Құранның әмiрлерi ынсанды шүкiр, тәуба, сабыр, мейiрiм тағы сол сияқты толып жатқан адамгершiлiк қасиеттердi орындауға шақырады. Адамның жеке басының қамы ғана емес, қоғам бақытының негiздерi де қамтылған. Атап айтар болсақ, қоғамдағы орын алған әдiлетсiздiк пен келеңсiз жайттарға мұрындық болу, адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тию, кедей-кепшiктерге қол ұшын беру, жетiмдерге қамқорлық көрсету осының бәрi қоғамның бақыты үшiн атқарылатын әрекеттер. Бұл мiндеттердiң бәрi, әрбiр мұсылманның атқаратын бiрден-бiр мiндетi.

Мiне осындан барып, адамның өмiрлiк ролi орасан зор деп айта аламыз. Бiрақ мұнда адамның қабiлетi мен мүмкiндiгi ескерiледi. Аллаһ, адамға атқара алмайтын жүк жүктемейдi. Осыдан барып, адамның қабiлетiне қарай жауапкершiлiгiнiң әртүрлi болатындығын ескергенiмiз жөн.

Құрандағы адамға байланысты айтылған аяттар, ең алдымен тура жолға, дұрыс ойлануға, ақиқаттың артына түсiп iздеуге, өз жауапкершiлiгi мен өмiрлiк мақсатын бiлуге баса назар аударады. Солардың бiр қатары төмендегiдей: “Әй мүмiндер! Сендер өздерiңдi түзелтулерiң керек. Өздерiң тура жолда болсаңдар, адасқан бiреу сендерге кесiр тигiзе алмайды. Барлықтарыңның барар жерлерiң Аллаһ жақ. Сонда Аллаһ сендерге не iстегендерiңнiң хабарын бередi”.102

Адамды қоршаған орта мен өмiр жайлы ойналуға шақыратын аяттың бiрi: “Дүние тiршiлiгi еш нәрсе емес. Ойын-сауық ғана. Әрине ақырет жұрты тақуалар үшiн жақсы. Сонда да ойланбайсыңдар ма?”.103

Адамның түптiң-түбiнде баратын жерiн аятта былай баяндайды: “Шын Бiз, сендердi босқа жараттық та тiптi Бiзге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?”, дейдi.104

Адам, ақыл, бiлiм мен еркiндiкке ие әрi жан мен тәннен құралған жаратылыс болғпндықтан, оның өмiрлiк мақсаты болмақтығы сөзсiз. Ол жан азығы мен тән азығын бiрдей беруге мiндеттi. Екi жақты бiрдей ойлағанда ғана бақытқа қол жеткiзе алады. Өйткенi, ынсан, Аллаһқа құл болып, Оның әмiрлерiн iс-жүзiне асырып, Оған берген уәдесiн орындау үшiн жаратылған. Құран, ынсанның жер бетiндегi жаратылғандағы мақсатын былай баяндайды: “Жын мен адамзатты өзiме құлшылық етулерi үшiн ғана жараттым”.105 Құлшылық ету адамның өмiрлiк басты мақсаты. Құлшылық, адамның жер бетiндегi ең басты мiндетi. Егер осы мiндетiн ұмытар болса, ешқашан бақытқа жете алмайды. Сондықтан бақыт не дегенiмiз не? деген сұраққа, бақыт- Аллаһтың әмiрiн орындап, Оған құл болу, десек еш қателеспеймiз. Дүниеде басқа мақсаттардың соңына түскен адамның, о дүниеден ешқандай нәсiбi болмайды.

Құран көптеген аяттары адамды ең алдымен дұрыс ойлануға үгiттеп, тура жолға шақырады. Аллаһ Тағала, әлемдегi жаратқан нәрселдернiң барлығын адам баласының пайдасына жаратса да адам, Аллаһқа қарсылық көрсетiп, Оның сансыз нығметiне бей-жай қарап келедi. Адамның көбiнесе шүкiр етудi ұмытып кететiндiгiн аятта былай баяндайды: “Ол сондай Аллаһ, сендерге түндi тынығу, күндiздi көру үшiн жаратты. Күдiксiз Аллаһ, тым кеңшiлiк иесi. Бiрақ адамдардың көбi шүкiрлiк етпейдi”.106 Ендi бiр аятта: “Қашан адам баласына бiр таршылық келсе, Раббына жалбарып, Оған бейiм ынта байқатады. Сосын қашан Аллаһ оған бiр игiлiк берсе, бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да жолынан адастыру үшiн Аллаһқа теңдес жасайды. (Мұхаммед с.а.у.) оларға: Қарсылығыңмен бiраз мәз бола тұр. Сөз жоқ сен тозақтықсың, де”.107

Жоғарыдағы аяттадан әлемдегi барлық нығметтiң адам баласы үшiн жаратылғандығын байқауымызға болады. Осылай бола тұра, адамзат баласының көпшiлiгi өмiрге не үшiн келгенiн? Не үшiн өмiр сүретiндiгiн? ойланып жатпай Аллаһтан бейхабар тiршiлiк кешедi. Мұндай қаперсiздiк, адамды шүкiршiлiк етпеуге, ақиқаттан алшақ өмiр сүруге апарып соғады да соңы орны толмас өкiнiшпен бiтедi.

Адам, әрбiр әрекетiнiң үнемi Аллаһ тарапынан бақылауда екендiгiн естен шығармауы тиiс. Өйткенi, Аллаһты ұмытқан адамның тура жолға түсуi мүмкiн емес.

Діни сенiм жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше рол атқарады.

Адамдар арасында барлық нәрсенi материалдық дүниемен өлшеп, көзiме көрiнетiн нәрсеге ғана сенемiн дейтiн адамдар бар. Олар ақиқаттан үлесiн ала алмайды әрi адасушылардың қатарына жатады. Шәкәрiм атамыз “Ақиқат бас көзiмен емес, көкiрек көзiмен көрiнедi”, деп бастағы көздiң шегiн көрсеткен. Сондықтан кейбiр ақиқаттарды көзбен көру шарт емес. Сол сияқты Аллаһты да көзбен көру шарт емес, Оның жаратқандарына қарап бар екендгiн мойындаймыз.

Аллаһқа шынайы көңiлмен сенудiң адамға берерi мол. Аллаһқа сену адамды өзге нәрселерге құл болудан құтқарып, тек Аллаһтан ғана қорқатын күш бередi. Аллаһ Тағаланың әлемдегi күллi нәрсенi бiлетiндiгi Құранда былайша баяндалады: “Ол барлық нәрсенi бiледi”, (Бақара 2/29). Сiз: “Дүниеде қаншама адам бар, олардың барлығының не iстеп жатқанын бiр мезетте қалай бiле алады?-деген сұрақ қоюыңыз мүмкiн. Бұл сұрақ, миға операция жасайтын дәрiгерден: “Сiз қан ауыстырып сала аласыз ба?” деген күлкiлi сұраққа ұқсайды. Өйткенi, Аллаһ адамның iс-әрекетiн ғана емес одан зорын бiледi. Яғни өзiнiң бiлiмiнiң шексiз екендiгiн Құранда: “(Мұхаммед а.с.): Егер Раббыңның сөздерi (жазылу) үшiн ” теңiз сия болса, тағы бiр сондайды көмекке әкелсек те, әлбеттi Раббыңың сөздерi таусылудан бұрын теңiз таусылар едi”, де”. (Кәһф 18/109). Ал жер бетiндегi Ағаш жапырағының түскенiмен өсiмдiктердiң ұрықтануына дейiн бiлетiндiгiн былайша баяндайды: “Көместiң кiлттерi Оның жанында. Оны Ол, өзi ғана бiледi. Және құрлықтағы, теңiздегi нәрселердi бiледi. Бiр жапырақ түссе де, Аллаһ оны бiледi. Және жердiң қараңғылықтарындағы құрақ және жас ұрыққа дейiн ашық Кiтапта бар”. (Әнғам 6/59)

Аллаһқа сенген адам Оның үнемi өзiмен бiрге екендiгiн ұмытпайды. Өйткенi, Құранда бұл жайлы былай айтылған: “… Сондай-ақ Ол, қайда болсаңдар да сендермен бiрге..”. (Хадид 57/4). Тағы бiр аятта: “Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсiсiнiң не сыбырлағанын бiлемiз. Өйткенi, Бiз, оған күре тамырынан да жақынбыз”, деп адамға өте жақын екендiгiн Қаф сүресiнiң 12-аятында айтқан. Аллаһпен бiрге екендiгiн сезiнген адам, жалғыз қалғанда да бейәдеп iс iстеуден сақтанады. Яғни ешкiмнiң түрткiлеуiнсiз-ақ өз жауапкершiлiгiн сезiне бiледi. Ондай адамға сыртқы күштiң ешқандай қажетi жоқ. Оған жүрегiндегi Аллаһқа деген сенiмi жетiп артылады. Осы ретте Хз. Омардың халифалық дәуiрiндегi мына бiр оқиғаға назар аударып көрелiк:

Хз. Омар сүт сатушылардың сүтке су қосып сатуына тыйым салып, бұл әмiрiн жан-жаққа хабарлайды. Қаланың тәртiбiн бақылау үшiн бiр күнi түнде Мәдина қаласын жалғыз аралап жүрiп, шаршағандықтан дем алу үшiн жақын маңдағы үйдiң қабырғасына сүйенiп отыра кетедi. Сол сәтте үйдiң iшiндегi анасы мен қызы арасындағы мына әңгiменi естидi.


  • Қане қызым, дереу тұрып сүтке су қос.

  • Сiз халифаның сүтке су қосып сатуға тиым салғанын белмейсiз бе?

  • Иә, бiлемiн.

  • Олай болса, халифа тиым салған нәрсенi қалай орындаймын.

  • Тұр да сүтке су қос. Омар сенi қайдан көрсiн.

  • Омар көрмесе де, Аллаһ көрiп тұр ғой, Омар көретiн жерде iстемейтiн iсiмдi, ол көре алмайтын жерде де iстемейтiндiгiме ант беремiн.

Хз. Омар бұл әңгiменi естiгеннен кейiн үйiне қайтады. Дiни тәлiм-тәрбие көрген, адамгершiлiгi мол қызды өз баласы Асыммен үйлендiредi. Мiне, Аллаһқа деген иманның адамның әрекеттерiне тигiзген жағымды әсерi.

Мұсылман Аллаһтан қорқу арқылы Оған жақындай түсiп, терiс жолдан, жағымсыз қылықтардан құлан таза арылады. Аллаһтан қорқу басқа нәрселерден қорқуға ұқсамайды. Өйткенi, сiз қандайда бiр нәрседен қорыққанда одан ұзақтап жақындамауға тырысасыз. Ал, Аллаһтан қорыққанда Оған жақындай түсесiз. Тiптi Оның сүйiктi құлына айналасыз. Аллаһтан қорқудың маңыздылығын Пайғамбарымыз (с.а.) хадисiнде былайша түсiндiрiп бередi: “Егер кiмде-кiмнiң көзiнен Аллаһтан қорқып жас шығар болса, оның жүзiне тозақ оты тимейдi. Мұсылманның жүрегi Аллаһтан қорқып дiрiлдегенде, қураған ағаштың жапырағы түскендей оның күнәлары төгiледi”.

Ал ендi Аллаһқа деген сенiмнiң маңыздылығын айтып кеткендерге тоқталып көрелiк.

“Адамға тәрбиелi болуы үшiн үш нәрсе керек. Егер бұл болмаса тәрбие дегенiң тәрбие болмайды.



  1. Аллаһтың бар екендiгiне сену.

  2. Жанның мәңгiлiк екендiгiне сену.

Ақырет күнiне сену,” деп ағылшынның ғалымы Томос Мор, тәрбиелi болудың негiзгi жолын iздеушiлерге көрсетiп кеткен. Тәрбиелi болды деген сөз жеке тұлғаның өмiрдегi өзiндiк орнын табуға жетелейдi.

Мәселен барша адамға мәлiм атақты физик, ғалым Бiлез Паскал ақылдылық пен бақыттылықты былайшы өлшеп, адамдарды үш топқа бөледi:



  1. Бiреулер Құдайды таныды әрi Оның әмiрiн орындап жүр. Бұлар ақылды және бақытты адамдар.

  2. Ендi бiреулерi танымайды әрi Оны iздеп те жүрген жоқ. Бұлар ақылсыз һәм бақытсыз адамдар.

  3. Ал ендi бiреулерi болса бiр ұлы күш бар деп iздеп жүр. Бұлар ақылды, бiрақ әлi бақытсыз адамдар.

Абай отыз сегiзiншi қара сөзiнде иман туралы былай дейдi: “Әуелi, дiн Исламның жолындағы пендерлер иманның хақиқатын бiлсiн. Иман дегенiмiз-бiр ғана инандық емес, Аллаһ Тағаланың бiрлiгiне, Құран Кәрiм Оның сөзi екендiгiне, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.)-ның Оның тарапынан елшi екендiгiне инандық. Жә. не бiттi? Сен Аллаһ Тағала үшiн иман келтiремiсiң, я өзiң үшiн де иман келтiремiсiң? Сен иман келтiрмесең де Аллаһ Тағлаға келер ешбiр кемшiлiк жоқ едi, я өзiң үшiн иман келтiресiң, жә, инандық. Ол инанмақтығың құр ғана инанмақпенен қалса, саған пайда бермейдi. Оның үшiн сен өзiң инанмақтығыңнан пайдаланамын десең, пайда бередi, кәмiл иман болады. Пайданы қалайша алуды бiлмек керек”. Яғни Исламда құр сенiп қойғанмен ешқандай iс бiтпейдi, iс-жүзiне асқанда ғана орасан зор ықпалы тиедi.

Мiне байқап қарар болсақ Аллаһқа сенудiң қаншалықты маңызды екендiгiн айқын көрсеткен. Дәл осындай мысалды орыстың ойшылы Л. Толстойдың өмiрiнен де көруiмiзге болады. Ол өзiмен әңгiмелесуге келгендерден ең алдымен “сен Құдайға сенесiң бе?”, деп сұрап алып, сенетiн болса әңгiмелесiп, сенбейтiн болса әңгiмелеспейтiн болған екен. Жаратушы күшке сенiп, Одан ғана қорқатын сезiммен жүруi жеке тұлғаның қалыптасуына орасан зор әсерi бар.


Ақыретке сену және оның адам психологиясына әсерi.

Құранға қарайтын болсақ, барша зұлымдық атаулының басты екi себебi бар екендiгiн көруге болады. Бiрiншiсi, ақереттен қаперсiз өмiр сүру; “Олар дүние тiршiлiгiнен көрiнiп тұрғанын бiледi де өздерi ақыреттен қаперсiз” (Рұм, 30/7) яғни дүнеиенiң сыртқы жылтырағына алданып, негiзгi нәрсенi ұмытып, көрiнген нәрсенiң бәрi көрiнгенiндей емес деген қағиданы жоққа шығарады. Екiншiсi, ақыреттен қорықпау; “Жоқ, олар ақыреттен қорықпайды”. (Қиямет, 75/53).

Ғасырымыздың атақты ғаламдарының бiрi Мұстафа Исламұлы ақыретке сенбейтiндердi былайша сипаттайды; “ақыретке сенбеушiлердiң ең басындаарсыздар тұрады. Өйткенi, ақыреттiң бар екендiгiн бiзге Аллаһ айтқан. Ал Аллаһ Тағала арсыздыққа үзiлдi-кесiлдi қарсы болуды әмiр еткен. Ақыретке әдепсiз де сенбейдi. Жұмақ, тозақ, есеп-қисап күнi, қайта тiрiлу жайлы мағлұматтар бiзге уахи (Құран) арқылы бiлдiрiлген. Оларды ойдан, қиялдап шығарған жоқпыз. Уахи әдептiлiкке шақырады. Ал өмiрiнiң негiзi жылы төсек, тамақ жеу мен әжетқанаға баруға айналғандар ақыретке қалай сенсiн. Залым, қанышер, қарақшылар да ақыретке сенбейдi. Мұндай адамдар ақырет деген сөздiң өзiн естiгiсi келмейдi.Өйткенi,олар iстеген iстерiмне жауап бергiлерi келмейдi”.

Құран тәрбиеде ең алдымен ақыретке көңiл аудартады. Мәселен, Хаж сүресiнiң 5-10-аяттарында қайта тiрiлу жайында былайша баяндаған: “Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейiн тiрiлуден күдiктенсеңдер, әрине бiз сендердi топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан,кейiн ұйыған қаннан тағы бейнеленген,бейнеленбегегн кесек еттен өздерiңе тектерiңдi бiлдiру үшiн жараттық.Сондай-ақ жатырларда қалған мерзiмге дейiн қойып қоямыз.Соңында бөбек түрiнде шығарамыз. Одан кейiн ержетесiңдер. Кейбiреулерiң қайтыс болып, кейбiреулерiң әр нәрсенi бiлгеннен кейiн түк бiлмейтiн өмiрдiң ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жердi көресiң. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып көпсiдi де әр түрлi көркем өсiмдiк өндiрдi. Осы дәлелдер бойынша, шын мәнiнде Аллаһ; Ол, Хақ. Күдiксiз Ол, өлiктi тiрiлтедi. Өйткенi, әр нәрсеге күшi жетедi. Әлбетте қиямет келедi. Онда күдiк жоқ. Шексiз Аллаһ, қабырдағыларды тiрiлтедi. Адамдардың кейбiрi; бiлiмсiз, жол басшысыз және сәуле берушi, кiтабы да жоқ. Аллаһ жайында таласады. Аллаһтың жолынан адастыру үшiн тоң мойындық iстейдi. Оған дүниеде қорлық бар. Әрi қиямет күнiнде, жандырушы азаптың дәмiн таттырамыз. Бұл бұрыннан қол екi iстегендерiңнiң сазайы. Расында Аллаһ құлдарына зұлымдық қылушы емес”. Алғашқы түскен аяттардың көпшiлiгi ақыретке байланысты. Егерде ақыретке шынайы көңiлмен сенер болса оның санасында үлкен өзгерiс болады. Өмiрдiң мәнi ақыретке сенуде жатыр деп күдiксiз айта аламыз. Өйткенi, адам баласы әрбiр iсiнiң есебiн бермейтiн болса өмiрдiң ешқандай маңызы қалмайды. Ондай болған жағдайда әркiм өз бiлгенiмен жүрiп ойына келгенiн iстейдi. Осылайща бар нәрсе көркiнен айырылып, өмiрден ақиқат iздеу бос сандырақ болып қала бередi. Халықты зар жылатып, ақысын жеген залым адамдар тиiстi жазасын алмаса онда әдiлдiк деген қайда қалады. Жоқ, олар iстеген iстерiне жауап бередi. Әлемдi жаратып, әдiлеттiлiктi қалайтын Аллаһ Тағала, адам баласының iстеген әрбiр iсiн есепке алатындығын Зiлзала сүресiнде былайша баяндайды: “Сол күнi, (ақырет) адам баласы, амалдары көрсетiлуi үшiн топ-топ болып келедi. Сонда кiм тозаңның түйiрiнiң салмағындай жақсылық iстеген болса, Ол оны көредi. Ал және кiм тозаңның түйiрiнiң салмағындай жамандық iстесе, оны көредi”.

Ислам, адам баласына әрбiр iсiнiң есебiн ақыретте беретiндiгiн айтып, қайда болса да ақиқаттан ауытқымауға шақырады. Адамда ондай сенiм болмағандықтан кез-келген iстi iстеуге дайын тұрады. Заң мен милиция арқылы қорқытуыңыз мүмкiн. Бiрақ нәтижесiн ойлап көрiңiзшi. Сыртқы күштiң бопсалауымен уақытша жамандықтан бас тартуы мүмкiн. Олар жоқ болған кезде ойларына келгенiн сiтейдi. Түсiнiктi болу үшiн мысал келтiрейiк: Мәселен, ылдида тұрған машинаны он адам ұстап тұра алады. Адамдар машинаны жiберер болса, машина домалап кетедi. Сондықтан машинаның iшiндегi тежегiш секiлдi адамның iшiндегi ақыретке деген сенiмнiң пайдасын ұмытпаған жөн.

Ақыретке сенушiлiк адамның бұзылып кетпеуi үшiн шығарылған соқыр сенiм деушiлер кездесiп жатады. Оларды асығыс шешiм қабылдаушылардың қатарына жатқызамыз. Өйткенi, олар адам баласының кейбiр жағымсыз iстерiiнң жазасын ақыретке бармай-ақ осы дүнеиiнң өзiнде арының азабына ұшырап өлiп жатқанын ескермейдi. Мәселен, 1994 жыл Американдық суретшi Кевин Картер, Флутзер жүлдесiн алу үшiн сурет көрмесiне қатысады. Ол халықты, африкадағы жағдайымен таныстыру мақсатысмен БҰҰ-мен африкаға қарай жол тартады. Аш халық БҰҰ-ның азық тарататынын естiгенде бар нәрселерiн тастап, 1 км жердегi азық-түлiк жүк машинасына қарай бет алады. Осы мүмкiндiктi пайдаланып Картер халықтың тұрып жатқан мекенiне қарай аяңдайды. Келе жатып ұзақтан анасынан ажырып қалған 4-5 жасар баланың арқасында баланың өлуiн күтiп отырған таз қараны байқап қалады. Осы сәттi дереу пайдаланып, суретке түсiрiп ала қояды. Сөйтiп қуанышы қойнына симай елiне оралады. Суретi аштардың хал-жағдайын суреттегендiктен бас жүлденi жеңiп алады. Қуанышын жора-жолдастарымен бөлiсiп, кешкiсiн үйiне оралғаннан кейiн суретке қайта көз салып көредi. Суретке қарап отырып, санасында ақиқаттың ұшқыны жарқ ете қалады. “Аш балаға неге жәрдем бермедiм?”, деген сұрақ 3 ай бойы жанын жегедей жеп, ақыры есiнен айырылып өз-өзiн асып өлтiрiп тынады. Мiне ар-ожданның өзi адамды азаптаса, адамның мына дүниедегi әдiлетсiздiктерi үшiн азапталар күнi неге болмасқа. Сондықтан ақыретке иман келтiру әдiлдiктi қалау деген сөз.

Пайғамбарымыздың дәуiрiндегi ақыреттегi азаптан қорқатын Гамидия есiмдi әйелдiң басыан өткiзген оқиғасы қандай ғибратты десеңiзшi. “Гамидия есiмдi әйел кiсi Аллаһтың Елшiсiне келiп, мен зинақорлық жасадым, маған жаза қолдан деп жүктi екендiгiн де жасырмай айтты. Пайғамбарымыз (с.а.): “Сенiң мұның болмайды. Босанғаннан кейiн кел”, деп керi қайтарады. Гамидия аман-есен босанып, баласын құндақтап Пайғамбарымыздың алдына қайта келiп, былай дейдi: “Мiне балам”. Пайғамбарымыз (с.а.): “Оны емiзiп бағып-қақ. Оңы мен солын танығаннан кейiн әкелерсiң”, деп шығарып салады. Арадан бiраз уақыт өтiп, бала ер жетедi. Гамидия баласынң қолына бiр үзiм нан берiп, Пайғамбарымыздың алдына ертiп келедi де былай дейдi: “Мiне ер жеттi. Өзi тамақ жей алатын болды”. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.): “Балаға бұдан былай кiм қарайды”, деп сұрайды. Балаға қарайтын адам табылғаннан кейiн Пайғамбарымыз (с.а.) оған тиiстi жазасын бердi”. Гамидияны қайта-қайта Пайғамбарымыздың алдына алып барған күш ақыреттегi қорқынышты азап едi. Ол сол азапты ақыретке қалдырғысы келмедi. Ақыретке iстеген күнәсынан арылып барғысы келдi. Өйткенi, ақыреттегi азапты Құранда былайша суреттейдi: “Я, осы! Ал расында азғындар үшiн жаман орын бар. Олардың кiрер жерлерi тозақ. Сонда нендей жаман орын. Я, осы! Ендi олар, қайнар су, iрiң татсын! Тағы басқа осы сияқтылардың неше түрлiсi бар”. (Сад, 38/54-58)

“Осы, Раббылары жайында таласқан екi әрiптес: Қарсы болғандарға, оттан киiм пiшiлген, төбелерiнiң үстiнен қайнап тұрған су құйылады. Онымен олардың iшiндегiлерi және терiлерi ерiтiледi. Олар үшiн темiрден күрзiлер болады. Қашан олар, тозақтың бейнетiнен шығуды қаласа, оған қайта итерiледi де: “Жандырушы азаптың дәмiн татыңдар!”,-(делiнедi). (Хаж, 22/19-22)

Жеке адамның ақыретке сенуi, оның өзiн-өзi тәрбиеленуiне септiгiн тигiзiп, сырттан әсер беретiн заң мен құқықтың пайдасын шамалы қылмақ. Бұл бiзге Бауыржан ағамыздың “Адамды бастығының аямай сөккенiнен гөрi, өзiн-өзi айыптауы әлдеқайда күштi”, деген сөзiн еске түсiредi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет