Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, төрт параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған



бет3/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.65 Mb.
#171688
түріДиплом
1   2   3   4

Сауалнама.

1. Тынығу үшін, немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?

2. Сізді түсінетін, жұбататын және көңліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?

3. Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?

4. Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?

5. Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?

6. Берген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба?

7. Сіздің көңіл күйіңіз құбылмалы ма?

8. Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?

9. Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?

10. Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба?

11. Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?

12. Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағадай болады ма?

13. Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауыңыз жиі болады ма?

14. Өзіңіздің айтқаныңыз немесе істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?

15. Адамдар мен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба?

16. Сіздің намысыңызға тиу оңай ма?

17. Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?

18. Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?

19. Кейде күшіңіз тасып, тауды қапаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?

20. Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?

21. Арманға жиі бөленесіз бе?

22. Сізге дауыс көтергендерге солай ша жауап бересіз бе?

23. Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?

24. Сіз өзіңізді кіналы деп сезінуіңіз жиі болады ма?

25. Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабілеттісіз бе?

26. Кернеу жағдайында жиі боласыз ба?

27. Басқалар сізді көңілді және еті тірі адам деп есептейді ме?

28. Бір істі бітіргеннбн соң, ол тірлікті «одан да жақсы орындауға болар еді» - деген ойға бөленесіз бе?

29. Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?

30. Сіз өсек айтатын кездер болады ма?

31. Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болады ма?

32. Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?

33. Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?

34. Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

35. Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?

36. Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?

37. Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?

38. Сіз ашушаңсыз ба?

39. Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс сізге ұнайды ма?

40. Сізді, еш уақытта болмаған нешетүрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?

41. Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?

42. Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігесіз бе?

43. Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?

44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?

45. Бір жеріңіз ауырады ма?

46. Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?

47. Сіз шыдамсыз адамсыз ба?

48. Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?

49. Өзіңізге сеніміңіз күшті ма?

50. Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?

51. Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләзаттанасыз ба?

52. Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсызба?

53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?

54. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?

55. Өзіңіздің ден саулығыңыз туралы қам жисіз бе?

56. Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба?

57. Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?

Нәтижесін бағалау кілті.

Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді:

Ия - 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56;

Жоқ - 5, 15, 20, 29, 32, 37, 41, 51.

0-10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз; 15-24 балл жинасаңыз сіз экстравертсіз; 11 - 14 балл - амбиверт көрсеткіші болып табылады.

Невротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:

Ия - 2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 38, 40, 43, 45, 47, 50, 52, 57;

0 - 10 эмоционалдық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші;

11-16 сезімталдық белгісі;

17-22 жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар;

23 - 24 невротизм патологияға жақындаған.

Өтірікшілік көрсеткішін анықтау:

Келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады. Ия - 6, 24, 36; жоқ - 12, 18, 30, 42, 48, 54.

0-3 балл жинасаңыз сізге барлық уақытта сенуге болады.

4 - 5 - жалғандығыңыз көрініп түр; 6 - 9 - жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңдемей ақ қойсада болады.

Бағалау шкаласы бойынша анықталған жиналған баллдарды жоғарыда берілген графиктің горизонталдық бағанына эктраверсия түсіріп, ал невротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек. Сол нүктелерден түсірген перпендикулярлардың қилысқан жері зерттелінушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандардың қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.



Айзенк тесті бойынша зерттелінушілердің

Темпераментін бағалау кестесі

Бағаланатын көрсеткіштер

Зерттелінушілер саны

1. Экстраверттер

22

2. Интроверттер

6

3. Амбиверттер

19

4. Невротиктер

41

5. эмоционалдық түрақтылар

16

6. өтірікшілікшілер

33

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей зерттелінген 57 баланың 41 невротиктер, 33 өтірікшілер, басым көпшілігі холерик-экстраверттер болып шықты. Олардың міне-құлық ерекшеліктерін бабалардың өздеріне түсіндіру үшін талдауды тереңірек жүргізіп, темпераменттер көрсеткіштері бойынша әр зерттелінушінің мінездемесін жасадық.

Көрсеткіштер бойынша мінездеме.

Сангвиник-экстраверт: тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас-жоролары көп, өмірсүйгіш.

Холерик-экстраверт: айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл күні тұрақсыз, стресс жағдайында -психопат.

Флегоматик-эинтроверт: тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сиысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, ден саулығын бір қалыпты сақтайды.

Меланхолик-интроверт: тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөленіп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, ден саулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Зерттелінушілердің мазасыздану деңгейін өлшеуге Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки) әдістемесін қолданып, нәтижелерін ереже бойынша талдап шықтық.



Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки әдістемесі).

Мақсаты: бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.

Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).

Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі.

Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.

Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.

А.Басс және А,Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі -мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған себеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі -инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін.

Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның орын алуын және оның түрін, көрініс беру формасын диагностикалауға болады.

Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Сауалнама:

1. Менің кейде басқаларға зиян келтіргім келеді.

2. Кейде өзім жақтырмайтын адамдар туралы өсек айтамын.

3. Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.

4. Егер маған жақсылап өтіш жасамаса, тапсырманы орындамаймын.

5. Өмірден маған қажетті нәрселерді толық ала алмаймын.

6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.

7. Мен достарымның қылықтарын ұнатпасам, пікірімді оларға білдіремін.

8. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ожданымның алдында қатты қысыламын.

9. Мен басқа адамға қол жұмсауға қабілетті емес сияқтымын.

10. Мен еш уақытта, заттарды лақтыратындай болып, қатты ашуланбаймын.

11. Басқалардың кемістігіне барлық уақытта кешірімдімін.

12. Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.

13. Басқалар қолайлы жағдайды пайдаланып қалады.

14. Басқалар маған, күтпеген жерде, си-сияпат көрсетсе, мен одан сескеніп қаламын.

15. Менің басқалармен келіспейтін кезім жиі болады.

16. Кейде менің ойыма өзім ұялатын нәрселер келеді.

17. Мені біреу бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін.

18. Мен ашуланғанда есікті тарс еткізіп жабамын.

19. Мен сыртқы көрінісімнен әлде қайда ашушаңырақпын.

20. Егер біреу біреу маған үкімін жүргізгісі келсе, әрқашан мен оған қарсы тұрамын.

21. Менің тағдырым мені онша қанағаттандырмайды.

22. Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.

23. Басқалар менімен келіспесе, мен олармен дауласпай тұра алмаймын.

24. Жұмыстан қашатын адамдар өздерін кіналы сезінуі керек.

25. Менің отбасымды әбіржіткендер - жұдырыққа жығылғысы келгендер.

26. Дөрекі әзілге мен бармаймын деп ойлаймын.

27. Мені сықақ жасағандарға қатты ашуланамын.

28. Егер біреулер өздерін бастықсымақ санаса, олар мен-менсіп кетпеу үшін бар күшімді саламын.

29. Апта сайын мен өзіме ұнамайтын адамдардың біреуін жолықтырамын.

30. Адамдардың көбі маған қызғаншақтықпен қарайды.

31. Басқалардан өзімді силауды талап етемін.

32. Ата-анам үшін ешнәрсе жасамағаныма қамығамын.

33. Сізді әрқашан ызаландырған адамдардың «тұмсығын бұзуға» тұрады.

34. Мен еш уақытта ашуға бөленіп, тұнжырап жүрмеймін.

35. Егер басқалардың маған деген көзқарасы мәртебеме сай келмесе, мен оларға режімеймін.

36. Мені біреу ренжіткісі келсе, мен оған көңіл бөлмеймін.

37. Ешкімге байқатпауға тырыссам да, қызғаншақтық «ішімді ит жегендей» етеді.

38. Кейде мені күлкіге көтеретіндер бар сияқты.

39. Мен қатты ызалансам да балағат сөз айтпаймын.

40. Менің күнәларымның барлығы кешірілсін.

41. Маған біреу қол көтерсе, менің жауап қайтаруым сирек болады.

42. Айтқаным болмай қалса мен ренжимін.

43. Кей кезде адамдарды көргенде мен жынданамын.

44. Шынымен жек көретін адамым жоқ.

45. Бөтендерге еш уақытта сенім білдірмеу - менің ұстанымым.

46. Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға даярмын.

47. Кейін өкінетін нәрселерді жиі жасаймын.

48. Ашуланған кезде қол жұмсауым мүмкін.

49. Кішкентай кезімнен бастап долылық көрсеткен емеспін.

50. Мен өзімді атылуға дайын оқтай жиі сезінемін.

51. Қандай екенімді жұрттың бәрі білсе, олар мені, бірге жұмыс істеуге қиын адам, деп есептер еді.

52. Қандай себепке байланысты басқалар маған жағымды нәрсе істейді, деп ойланамын.

53. Маған біреу дауыс көтерсе, мен де оған айқайлаймын.

54. Сәтсіздіктер мені мазасыздандырады.

55. Төбелескенде басқалардан артық-кемім жоқ.

56. Қатты ашуланғанда, бірінші қолыма түскен затты сындырғаным есімде.

57. Кейде төбелесті бірінші болып бастаймын.

58. Өмір маған әділетсіз екенін кейде анық сеземін.

59. Мен, бұрын, адамдар тек шынын айтады, деп ойлайтын едім.

60. Ашуланғанда ғана ұрсамын.

61. Егер қателік жіберсем қысылып жүремін.

62. Өз құқығымды жұдырықпен қорғау керек болса - күшімді көрсетемін.

63. Өзімнің ашуымды, кейде, стол төбелеп көрсетемін.

64. Өзіме ұнамайтындарға дөрекілік көрсетемін.

65. Маған зиян келтіргісі келетін дұшпандарым жоқ.

66. Дөрекілерді өз орнына қоя алмаймын.

67. Өзім дұрыс өмір сүрген жоқпын,- деген ой маған жиі келеді.

68. Мені төбелеске дейін апаратындарды білемін.

69. Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.

70. Басқалар намысыма тиіп, ызаландырғысы келеді, деген ойға сирек бөленемін.

71. Мен, көбінесе, адамдарды тек қорқытамын.

72. Соңғы кезде мен жабысқақ болып кеттім.

73. Дау барысында мен дауысымды жиі көтеремін.

74. Басқаларға теріс көзқарасымды көрсетпеуге тырысамын.

75. Мен дауласпастан келісімге келгенді ұнатамын.

Авторлар сауалнаманы келесі ұстанымдарға сүйене отырып жасаған:

Әр сұрақ агрессияның бір түрін анықтауға арналған. Сұрақтарға берілген жауаптарға басқалардың пікірі әсерін тигізуін төмендету жолдары ойластырылған.

Бағалау шкаласы.

Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланады.

1. Физикалық агрессия: ия-1, жоқ-0 келесі тұжырымдамаларға:

1, 25, 31, 41, 48, 55, 62, 68;

Жоқ - 1, ия - 0 келесілерге: 9, 7.

2. Жанама агрессия: ия-1, жоқ-0: 2, 10, 18, 34, 42, 56, 63; 3.

жоқ-1, ия-0: 26, 49.

3. Тітіркенушілік: ия-1, жоқ-0: 3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72;

жоқ-1, ия-0: 11, 35, 69.

4.Негативизм: ия-1, жоқ-0: 4, 12, 20, 28; жоқ-1,

ия-0: 36.

5. Өкпелегіштік: ия-1, жоқ-0: 5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.

6. Күдіктенушілік: ия-1, жоқ-0: 6, 14, 22, 30, 38, 45, 52, 59;

жоқ-1, ия-0: 33, 66, 74, 75.

7. Вербалды агрессия: ия-1, жоқ-0: 7, 15, 23, 31, 46, 53, 60,

71, 73; жоқ-1, ия-0: 1, 33, 66, 74, 75.

8.Кінәні сезіну: ия-1, жоқ-0: 8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67.

Көрсетілген шкала бойынша жауаптарды баллға аударып, барлық жиналған ұпайлардың екі түрлі қосындысы шығарылады. Біріншісі қастандық индексі деп аталады да ол 5 және 6 шкалалардың қосындысы арқылы анықталады. Ал екіншісі, агрессия индексі - 1, 3, 7 шкалалар қосындысы бойынша анықталады.

6,5 плюс-минус 3 - қастандық көрсеткіші нормада екенінің белгісі;

21 плюс-минус 4 - агрессияның нормадағысын көрсетеді.

Баланың агрессиясын анықтағанда бір әдістемені қолданып, сол бойынша қорытынды жасауға болмайды. Міндетті түрде Кеттел, Шмишек, Спилбергер т.б. проективтік әдістемелердің нәтижесімен салыстырып анықтау қажет.

Зерттеу нәтижесі:

Басса-Дарки әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесін біз бірнеше көрсеткіштер бойынша талдадық. Олар келесі кестеде көрсетілген.


Басса-Дарки әдістемесі бойынша жеткіншектердің мазасыздану деңгейін багалау кестесі

Мазасыздану түрлері

Көрсеткіштері

Зерттелінушілер саны

1. Физикалық

Агрессия


Жоғары

Орта


Төмен

16

28


21

2. жанама агрессия

Жоғары

Орта


Төмен

23

16


18

3. тітіркенушілік

Жоғары

Орта


Төмен

27

18

11



4. негативизм

Жоғары

Орта


Төмен

31

16


18

5. өкпелегіштік

Жоғары

Орта


Төмен

22

21


14

6. күдіктенушілік

Жоғары

Орта


Төмен

32

16


9

7. вербалды агрессия

Жоғары

Орта


Төмен

39

16


2

8. кінәні сезінуі

Жоғары

Орта


Төмен

13

15


29



Басса-Дарки әдістемесі бойынша

жеткіншектердің мазасыздану деңгейін Багалау кестесі

Мазасыздану түрлері

Зерттелінушілер саны

1. Мектептік 2. өзіндік бағалау 3. жеке адамаралық

23 14 20

жалпы

57

Жеткіншектер акцентуациясын анықтау (Шмишек тесті).

Мақсаты: Акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.

Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бұл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады. Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған.

Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия» немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолана беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның тұсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.

Сауалнама және жауаптарды бағалау кілті.

1. Сен, әдетте, байсалды және көңілдісің бе? (1).

2. Сен тез ашуланып, әбіржейсің бе? (7).

3. Жылауың оңай ма? (6).

4. Жұмысымда қате жоқ па, деп бірнеше рет тексересің бе? (-2).

5. Сен, өзіңнің сыныптастарыңдай күштісің бе? (-2).

6. Сенің көңіл-күйің қуаныштан қобалжуға және керісінше тез өзгереді ме? (9).

7. Сен ойын барысында жетекші болғанды ұнатасың ба? (8).

8. Себепсіз ашуланып жүретін күндерің болады ма? (5).

9. Мұғалімнің берген тапсырмасын әрдайым адалдықпен орындауға тырысасың ба? (7).

10. Жаңа ойынды ойыңнан шығара аласың ба? (1).

11. Біреуді ренжітіп қойғаныңды тез ұмытасың ба?(-7).

12. Өзіңді мейрімді, басқаларды аяйтын деп санайсың ба? (6).

13. Пошта жәшігіне хат салғанда, ол бір жеріне ілініп қалды ма, деп тексересің бе? (4).

14. Мектепте, спорт секциясында, үйірмеде озық болуға тырысасың ба? (8).

15. Кішкентай кезіңде иттен, найзағайдан қорқатын ба едің? (2).

16. Балалар сені өте ынталы және ұқыпты деп санайды ма? (2).

17. Көңіл-күйің мектептегі және үйдегі жағдайларға байланысты ма? (9).

18. Таныстарыңның көпшілігі сені жақсы көреді деп айтуға болады ма? (8).

19. Ішіңнен қобалжып жүретін уақытың болады ма? (4).

20. Әдетте мұңданып жүресің бе? (3).

21. Қайғыны бастан кешкенде өкіріп жыладың ба? (10).

22. Бір орында ұзақ отыру саған қиын ба? (1).

23. Саған әділетсіздік жасағанда өз құқығыңды қорғайсың ба? (7).

24. Мысықтарды рогаткамен атқан күндерің болды ма? (6).

25. Дастархан немесе перде қисайып тұрса оған сенің жының келеді ме? (4).

26. Кішкентай кезіңде үйде бір өзің қалуға қорқатын ба едің? (5).

27. Ешқандай себепсіз қуанышқа немесе уайымға бөленесің бе? (9).

29. Сыныпта ең жақсы оқушысың ба? (8).

30. Көңіл көтеріп есерленетін кез жиі болады ма? (-3).

31. Ашулануың оңай ма? (5).

32. Кейде өзіңді бақытты сезінесің бе? (10).

33. Басқалардың көңілін көтере аласың ба? (1).

34. Біреу туралы өз ойыңды ашық айтасың ба? (7).

35. Қаннан қорқасың ба? (6).

36. Мектеп тапсырмасын шын көңіліңмен орындайсың ба? (7).

37. Әділетсіздіктің құрбаны болғандарды қорғайсың ба? (7).

38. Қараңғы, бос бөлмеге кіруге қорқасың ба? (2).

39. Жылдамдық пен нақтылықты талап ететін жұмысқа қарағанда жай және нақты емес жұмысты көбірек ұнатасың ба? (4).

40. Адамдармен танысу саған оңай ма? (9).

41. Ертеңгілік пен кештерде өнер көрсетуге құмарсың ба? (8).

42. Үйіңнен қашып кеткен уақытың болды ма? (5).

43. Балалармен, мұғалімдермен ұрысып қалып, мектепке бара алмай жүрген кез болды ма? (3).

44. Өмір сүру қиын ба? (3).

45. Сәтсіздікке ұшырағанда өз-өзіңді мазақтап күлесің бе? (1).

46. Ұрысып қалғанда, өзің кіналы болмасаң, татуласуға әрекет жасайсың ба? (-7).

47. Жануарларды жақсы көресің бе? (6).

48. Үйден шығып кеткеннен соң, бір оқиға болмасын деп, тексеруге қайтып ораласың ба? (4).

49. Кейде өзіңнің немесе туысқандарыңның басына бір қауіп төнгендей болып сезінесің бе? (2).

50. Көңіл-күйің ауа райына байланысты ма? (9).

51. Сұрақтарды біле тұрып жауап беруге қиналасың ба? (8).

52. Біреуге ашулансаң төбелесесің бе? (5).

53. Балалармен бірге болу саған ұнайды ма? (3).

54. Бірнәрсе қолыңнан келмесе оны үйренуден үміт үзесің бе? (10).

55. Істерді, ойынды ұйымдастыру қолыңнан келеді ме? (1).

56. Қиындықтар кездескеніне қарамастан мақсатыңа жетуге әрекет жасайсың ба? (7).

57. Кино көргенде, кітап оқығанда жылайсың ба? (6).

58. Міндеттеріңді орындауға қиналасың ба? (4).

59. Тапсырманы көшіріп алуға бересің бе? (-7).

60. Түнде қараңғы көшемен жүруге қорқасың ба? (2).

61. Барлық заттар өз орнында болуын қадағалайсың ба? (4).

62. Жатарда көңіл-күйің көтеріңкі, ал тұрғанда -тұнжыраған болған ба? (9).

63. Бейтаныс балалар арасында өзіңді еркін сезінесің бе? (8).

64. Басың ауырады ма? (5).

65. Жиі күлесің бе? (-3).

66. Егер біреуді ерекше силайтын болсаң, оны білдірмей жүре аласың ба? (8).

67. Бір күннің ішінде әр түрлі жұмыс жасай аласың ба? (1).

68. Әділетсіздікке жиі кездесесің бе? (7).

69. Табиғатты жақсы көресің бе? (6).

70. Үйден кетерде, ұйқыға жатарда есікті, электр тетіктерін тексересің бе? (4).

71. Өзіңді, қорқақпын деп санайсың ба? (2).

72. Мерекелік дастархан басында көңіл күйің өзгереді ме? (9).

73. Драмкружокқа қатынасуды, сахнадан өлең оқуды ұнатасың ба? (8).

74. Себепсіз бұртыйып, ешкіммен сөйлеспей жүретін кездерің болады ма? (5).

75. Болашаққа көңілсіз қарайсың ба? (3).

76. Қуаныштан бірден қайғы-қасыретке ауысатын кез кездеседі ме? (10).

77. Қонақ күте аласың ба? (1).

78. Ашуың ұзаққа созылады ма? (7).

79. Достарыңның қайғысын бөліп аласың ба? (6).

80. Жіберген қатені жөндеу үшін дәптердің бір бетін көшіріп жазасың ба? (4).

81. Өзіңді сенімсіз адам дер есептейсің бе? (7).

82. Қорқынышты түсті жиі көресің бе? (2).

83. Өзіңді терезеден тастағың келген кез болды ма? (4).

Қоршағандар уақытын шаттықпен өткізіп жатса, сенің көңілің көтеріледі ме? (9).

Жағымсыз жағдайды уақытша ұмыта аласың ба? (8).

Сәтсіздікті ойдан шығармай жүресің бе? (8).

Әдетте аз сөйлейсің бе? (3).

Орындаған роліңе беріліп кеткенде, өзіңнің кім екеніңді ұмытасың ба? (8).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет