Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті


Сөйлемдегі сөздердің байланысы



бет7/93
Дата19.04.2024
өлшемі1.99 Mb.
#499246
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93
Дип.-Бастауыш-мектепте-сөз-тіркестерін-оқытудың-әдістемесі

4. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сөйлемдегі сөздер сабақтаса және салаласа байланысады. Жалпы тіл мамандарынның арасында сөздердің сабақтаса байланысын сөз тіркесіне жатқызу туралы пікір таласы болмаса керек. Сонғы кезде сабақтаса байланысқан топтен бірген салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады.
Егер, сабақтаса байланысқан сөз топтары құрамындағы сөздердің біріне-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қызметі мен мағыналық тобы, әр түрлі сөз таптарынан жасалуы сөз болып келсе, салаласа байланысқан сөздер тобын сөз тіркесіне дейін ғалымдар: олар тең дәрежеде әрі жалғаулы, әрі жалғаусыз болады деп, Асан мен Үсен, жазушы мен оқушы, жақсы мен жаман, әрі оқыды әрі жазды сияқты екі сыңары да бір ғана сөз таптарынан жасалған топты жатқызады. Сөз тіркесі салаласа да байланысады деушілер сөз тіркесін басқаша түсінеді. Неге сөз тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады дейміз?
1. Сөз де ондай тіркесу нәтижесінде жаға грамматикалық мағыналар пайда болады. (анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық). Сол мағыналар тек сабақтаса байланысқан сөздерде ғана пайда болады.Ондағы сөздер бір-біріне бағынады. Ал, салаласа байланысқан сөздерде ондай қасиет болмайды. Сондықтанда ондай топ сөздер тіркесі емес. Дегенмен кейде ол топқа жатпайтын қызыл ала, көк жасыл, жеті жүз жиырма бір, алты жүз, мың бес жүз, оқып отыр, оқып еді тәрізді сөздер тобынан не салаластық, не сабақтастық әлемент таба алмаймыз. Әсіресе мұндағы сын есім, сан есімдермен салыстырғанда күрделі етістіктерде бір сыңары толық мағыналы да, екінші сыңары көмекші қызметте жұмсалады. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топпен бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады. Осы сияқты топтарды қай топқа болсын жатқызу күрделі проблема. Ондай сөздер тобы негізінде күрделі сөздер тобын құрайтындықтан, өзара сөз тіркесі бола алмайды.
Тексабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы сөз тіркестерінің заңдылықтары жан-жақты айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет