Диплом жұмысы ОҚушылардың ОҚУҒА Қабілеттілігі мен есте сақтау процесінің психологиялық негіздері



бет3/5
Дата04.07.2016
өлшемі359.5 Kb.
#175973
түріДиплом
1   2   3   4   5

Бұл мәселе туралы Крутецский В.А неғүрлым анығырақ: „Оқушыда математикаға ешқандай қабілеті байқалмаса, онда математиканы меңгеруге еш қабілеттері де көмектесе алмайды. Осындағы бейімділіктің ролі қызығушылық болып табылады. Математикаға қызыққан оқушы көп ізденеді, оқиды, демек өз қабілеттерін дамытып, жаттықтырады." Өзіміз көріп отырғандай, қабілеттер генезисі мәселесі мүлдем қарастырылмайды.Өйткені қабілет мүндабейімділікке тәуелділікте көрсетіледі, ал бейімділік қызығушылыққа негізделеді.


Неліктен зерттеушілер қабілеттердің генезис мәселесінен қашып, оның қалыптасқан түріне көбірек жүгінеді. Онда қажеттіліктің органикалық алғышарты мен нышандар, қабілеттерді функционалды көріністері арасындағы өтпелілік қайда деген сүрақ туындайды.

Жоғарыда айтылғандай, бүл мәселені шешуде ерекше жетістіктерге жеткен С.Л. Рубинштейн еді, бірақ ол нақтылауға тырысқанда шешімнен алшақтағанын көруге болады. Оның осы мәселені шешуге жақындағаны қабілетті еңбек іс- әрекеті нәтижесінде күрылатын жәнеөзгеретін адам табиғаты деп ашуында. Мұнда еңбек іс-әрекетін тарихи тұрғыда, Энгельстің "Маймылдың адам болу процесіндегі еңбектің ролі" деген еңбегін пайдалана, қарастырса, қабілеттің құрылымын оңай көрсетуге болар еді. Бірақ бұл сол уақыттағы материализм мен идеализмнің тартысы, іс-әрекетті „субьект-обьект" тұрғысында қараудың ықпалынан жүзеге асқан жоқ.

Басқаша айтқанда, зерттеуші психикалық функцияның құрылымына, соның Ішіндеп қабілеттілікке, индивидуалды iс-әрекет тұрғысынан келеді.

Сөз арасында айта кетсек, іс-әрекетті субьект-обьект қатынасында қарастыру түрғысында( жоғарыда айтып кеткендей) көптеген психолог тар болды. Солай бола тұра Л.С. Выготский психикалықі функцияның интерпсихикалық мінезін көрсетті. А.Н. Леонтьев бұл жөнінде былай жазды: „ ... адамның сыртқы спецификалық психологиялық процестер тек адам мен адам арасындағы қарым-қатынасында туады; басқаша айтқанда интерпсихологиялық болып табылады". Тек одан соң ғана жеке адам өзінің өмір жолын бастайды, соның барысында кейбіреулері бастапқы сыртқы формаларын жояды, яғни интрапсихологиялық процесстерге айналады.

Осылайша, зерттеушілердің қабілет генезисінің мәселесінен алшақтауы кездейсоқ емес, заңды түрде болады. Өйткені бұл мәселені әрекетті зерттеудегі индмвидуалды және обьект-субьект түрғысьнда қарастыру барысында шешу мүмкін емес./21/

Психологияда адамзат іс- әрекетінің негізгі үш түрін бөлген; еңбек, таным, қарым-қатынас (Б.Г.Ананьев). Бұларға қосымша қабілет классификациясын ұсынуға болады.

Тіпті, барлық қабілеттің түрлерінің дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі фактор – еңбек және онымен байланысты дарындылық факторы ретінде еңбек қабілеттілігі жатады. Психофизиологиялық деңгейді қамтитын комплексті зерттеудегі эксперимент, осы универсалды факторды құратын үш фактор қарастырылады. Ырықты және ырықсыз функцияларға қатысты еңбектік қабілеттілік, белсенділік және өзін өзі реттеу. Олардың сипаттамасымен жалпы және арнайы типтік қасиеттерді көрсететін көптүрлі байланыстарын ашып берді.

Жалпы қабілетке, таным қабілеті және когнитивті стиль жатады. Экспериментті түрде әртүрлі жас кезеңіндегі мнемикалық және оқу қабілеттері зерттелінді. Олардың талдауын біріктіретін сызық – бас миының функционалды симметрия – ассиметриясы және екі сигнал жүйелерінің өзара әрекетінің сипатымен мәліметтерді өңдеудегі жеке даралық типтік ерекшеліктермен байланысты вербалды емес және вербалдылық болып табылады.

Қарым-қатынас саласымен байланысты коммуникативті қабілеттер де зерттелінді: тілдік, педагогикалық, музыкалық. Олар үшін күрделі комплексті жүйе құрамында жүйке жүйесінің жалпы және арнайы қарсиеттері түрінде және анализаторлардың функциялық ерекшеліктері түрінде табиғи алғы шарттар анықталды.

Сонымен, жүргізілген зерттеулер Б.М. Тепловтың ережесін дамыта алды. Жүйке жүйесінің типтік қабілеттері “... қабілеттің дамуының табиғи негізгі құрамына енеді". Олар, типтік, қабілеттіліктің мүндай табиғи алғы шарттарының қүрылымында ерекше орын алады.

Мақсатты түрде тек нақты және дәл көрсететін сызықты (зерттеуді) бөлуге болады: мүмкіндіктер – қабілеттер – бейімділіктер. Қабілетті комплексті зерттеу, әсіресе, кеңес беру жұмысына, жеке адамның өмір жолына әсер ететін ерекше фактор болып табылады. Жалпы қабілеттер адамның мүмкіншілігінің кеңдігiне, әртүрлі көп жақтылығында болады және олардың қасиеттерінің нақты бір бірлікте көрінуінде болады. Жалпы қабілетке ең алдымен, ақыл-ой қасиеті жатады, сондықтан да жалпы қабілет үнемі жалпы ақыл-ой қабілеті деп аталынады (дегенмен де олар еріктік және эмоцияналды ерекшеліктерге байланысты болуы мүмкін). Жалпы қабілеттердің бірлігін – дарындылық немесе интеллект деп атауға болады.

Ең басынан-ақ айта кеткен жөн: балаларда және жеткіншектерде жалпы қабілеттер жеке адамның басқа да жақтары сияқты қалыптасу, даму үстінде болады.

Белгілі ғалым Н.С. Лейтес өз зерттеулерінде мына жағдайды көрсетеді: “барлық қабілеттер баланың айкала қоршаған ортамен өзара әрекеттесу процесінде оқыту және тәрбие әсерінен қоғамдық тәжірибені меңгерудің арқасында дамиды; іс-әрекеттің әрқилы түрлерінде жалпы кезең болғандықтан” (зейінге және есте сақтауға, ой процесіне, әрекетті жоспарлауға қойылатын талап тар) балалар сабақтарының әртүрлілігі тек арнайы қабілеттің дамуымен ғана емес, едәуір жплпы қабілеттің дамуымен де байланысты.

Дарындылықтың жас ерекшелік факторлары туралы айта отырып, жасқа сәйкес даму мүмкіншіліктерін жоғарлату – осы жастың қайталанбас тиімділігі болып табылады.

Жас ерекшелік даму барысында, әсіресе соның ішінде - жалпы қабілеттің алғы шарттарының әртүрлі жақтары - әрбір балалық шақта өзіне тән нақты жақтары болатындығына негіздеме бар. Осының негізінде-бақылау кейбір балаларда жас ерекшелігі үлғайған сайын, касиеттер уақытша пайда болады, ал кейбірінде жеке адам құрылымында калыптасады және беки түсетіндігін көрсетеді. Жалпы қабілет қалыптасу үшін, ең алдымен, жас ерекшеліктің өзі туралы білімдердің жиналуы қажет және жас ерекшеліктің дамуының ауыспалы кезеңдері қандай болатындығын аныктап алу қажет. Бала есейген сайын, кейінгі дамуды тежейтін балалықтық бітістерді жеңу, жою көріне бастайды. Жас ерекшеліктік даму барысында меңгерушілік – бұрынғы кезеңдердегі нақты жетістіктерді жоғарылату мүмкін.

“Жалпы қабілеттің қалыптасуы үшін, тек ақыл-ой деңгейі ғана аса қажет емес, сондай- ақ оқу тәрбиелік әсердің жас ерекшелігіне мәні де зор” – деп көрсетеді Н.С. Лейтес. Мысалы, «кіші мектеп оқушысына әсерленгіш, жеткіншектің өзіндік шешімге келгіштікке бейімділігі – ақыл- ойдың өзіндік ерекшілігіне, терең із қалдырады», - деп көсетеді Н.С. Лейтес.

Арнайы қабілет дегеніміз- іс- әрекеттің қандайда бір арнайы түрімен айналасуда (мысалы: әдебиет, сурет өнері, музыкалық т.б.) жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін түрткі болатын жеке адамның қасиеттер жүйесі. Арнайы қабілеттілікке практикалық іс-әрекетке қабілеттілігі де жатады, атап айтқанда, конструктивні-техникалық, ұйымдастырушылық педагогикалық және т.б.

Психология ғылымында қабілеттіліктің үш концепциясы қалыптасқан.

Оның бірі – қабілеттілік – жеке адамның биологиялық басым қасиеттері, олардың көрінуі мен дамуы тұтастай тұқымқуалаушылыққа байланысты деп дәлелдейді. Өмір қабілеттіліктің тұқымқуалаушылықпен анықталу көзқарасын теріске шығарды.

Қабілеттіліктің бірінші концепциясына қарама-қарсы екінші концепция – қабілеттілік толығымен орта және тәрбиеге байланысты анықталады деп көрсетеді. Өмірлік бақылаулар және арнайы зерттеулер қабілеттіліктің табиғи алғы шарттарын теріске шығаруға болмайтындығын дәлелдейді. Арнайы іс-әрекеттерде олар ерекше орын алады. Сондықтан, кейде жағымды ортада болған адамдарға қарағанда үлкен қабілеттілікті көрсететін адам шығуы мүмкін. Керісінше, бірдей әлеуметтік жағдайда болған, мысалы, аға-әпкелілер, қабілеттіліктерінде айқын байқалатын өзгешеліктер, жалпы даму барысы темпінде аса алкен өзгешеліктер көруге болады. Оқымысты ғалымдар адам миының анатомиялық қалыптасуының даралық ерекшеліктерін көрсетеді және оның функциясына әсер етпей қоймайды деп көрсетеді. Сондай-ақ, физиологтар қабілеттіліктің қалыптасуы мен көрінуінде жүйке жүйесінің туа біткен типтік ерекшеліктері бар екенін дәлелдейді.

Оқыту барысында бастауыш мектеп оқушыларының қабілеттіліктерін дамыту және қалыптастыру. Табиғи күш, нышан, қабілетіліктердің даму үшін жағымды әлеуметтік жағдай болуы тиіс. Соңғы концепция барлық адамдарда берілген табиғи даму мүмкіншіліктері бар екенін көрсетеді. Бұған қоса, қандайда бір қабілеттіліктің пайда болуы мен дамуына жеке даралық нышандар бар екенін мойындайды.

Әрбір адамның қабілеттілігінде іс-әрекеттің тарихи шоғырланған жеке даралық тәжірибе көрінеді. ¥рпақтан- ұрпаққа беріліп отырған білімдер – адамдарға жаңа міндеттер қойып оны шешуде негіз бола алады. Білім мен міндеттің қол жеткізген жетістіктер деңгейі – адамға, оның қабілеттілігіне жаңа талаптар қояды. Бұрынғы тарихи кезеңде ғүлама ғалымның қол жеткізген табыстарына қазіргі кезде оқушылар оңай қол жеткізе алады. Мәдениеті білімді мегеру инднвидтің іс-әрекетпен айналысу барысында өтеді. Адам іс-әрекет барысында, біріншіден материалдар қасиетін, адамдарды, психикалық сапаларды таниды, сондай- ақ өзіндік күштер мен мүмкіншіліктерін біле алады. Екіншіден, өзінің күштері мен мүмкіншіліктерін іс-әрекет талаптарына сәйкес теңестіредi, бейімдейді. Үшіншіден, өзіне етіспейтін қасиеттерді қалыптастырады. Міне, сондықтан да іс-әрекетті қабілеттіліктің даму мен қалыптасуының алғы шарты және факторыретінде қарастырамыз.

Оқу іс-әрекеті – баланың тек өзінің барлық күштерін қолдану мүмкіншілігін ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сондай-ақ оны жан-жақты етіп қалыптастырады. Қабілеттіліктің даму мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады. Қабілеттілік іс-әрекет барысында стихиялы қалыптаса береді, дегенмен одан өте көп уақыт пен өте көп күш талап етіледі.оқыту мен тәрбиелеу қабілеттііктің даму процесін жылдамдатады, іс-әрекет механизміндегі қажет емес жақтарын оқыту алып тастайды. Оқу барысына жеке адам білімнің екі түрін меңгереді: табиғи және қоғамдық болмыс жағдайларында теориялық және практикалық міндеттерді шешудің тәсілдері туралы білімдер. Адамзатта жинақталған болмыс заңдылықтары туралы ілім және танымның тарихи тәжірбиесі адамның іс- әрекетке дайындығы мен қабілеттіліктің дамуын қамтамасыз етеді. Қабілеттің қалыптасуы үшін ең алкен рольді тапсырмаларды шешудің рационалды тәсілін мегеру керек. Мұндай тәсілдер болашақта жалпыланып, қабілеттің бір бөлігі бола бастайды.

Үйрету мен үйренудің сәйкестігі – жеке адамның дамуына едәуір жағымды әсер етеді. Бұл екеуінің арасында алшақтық байқалған жағдайда, Б.Г. Ананьев айтқандай, меңгерілген білім, дағды және ептілік көлемдерінің ұлғаюы, балалардың ақыл-ой күшінің, қабілетінің өсуі, әсіресе білімді тәжірибеде қолдану мен жалпылау едәуір тежеледі, баяулайды.

Қабілет бірдей деңгейде дамымауы мүмкін. Уақытша тежелу, кей жағдайда олардың дамуында “нақты, қол жеткізген шегі” немесе қабілетсіздігімен түсіндіреледі. Дегенмен тежелудің себептерін түсіндіруге болады( шаршау, жеке адамның қажетті қасиеттерін жүзеге асыру мен білім алу жағдайларының болмауы, қызығушылықтыңжойылуы мен ауысуы, білім дер арасындағы біріздікте туындаған қиыншылықтар т.б.) және дамудағы тежелуді жою, қабілеттің дамуының жаңа жоғары деңгейлері болып табылады.

Өкінішке орай, табиғат адамға ешқандай білім, ешқандай практикалық ептілік, іс- әрекет-тәсілдеріне бейімділік сыйламаған. Бала әлсіз, дәрменсіз, ешнәрсе білмейтін, еш нәрсе жасай алмайтын болып туылады.Балалар арасындағы айырмашылық пен олардың қандайда бір іс- әрекеттің түрінетабиғаттан потенциалды қабілеттерді әртүрлі деңгейде берілген болады.

Қабілет – еңбекте жанданады және әрекетсіздікте жойылады. Қабілеттілік тек дамуда болады... Қабілет – адамның нақты іс-әрекетінен тыс болмайды, ал оның қалыптасуы оқыту және тәрбие жағдайларында өтеді. Қаілеттілік- адамның айналысатын іс-әрекетінен тыс пайда болуы мүмкін емес.

Дегенмен, нақты бір іс-әрекетке деген қабілет пен нышан барлықуақытта ерте балалық шақта көріне бермейді. Сондықтан, балада қандай да бір іс-әрекеттің түріне немесе өмірдің қандайда бір түріне қабілеттілік көріне бастады деп, баланы тек бір ғана бағытта тәрбиелеу қате.

Осылайша біз одан уақыт пен күштерді іс- әрекеттің басқа түрлеріне жүмсауымыз мүмкін.

Қабілетті дамытуға немесе толық дамытпауға немесе мүлдем өшіруге болады. Балалардың қабілеттерінің кең спектр де мақсатқа бағытталған және көпшілік көлемде дамытуды- тек мектеп жүзеге асырады. Мұны жүзеге асыру үшін өте ерте кезеңдерден бастап белсенді іс-әрекеттің кең диапазонында өзін-өзі көрсете білуге мүмкіншілікті ерте балалық шақтан бастап тудыру қажет. Жеке даралық қабілетті дамытудың ең нәтижелі тиімді жолы – бірінші сыныптан продуктивні шығармашылық іс- әрекетке барлық оқушыларды жүмылдыру болып табылады.

Өсіп келе жатқан адамның қабілетіндегі көп нәрсе балалық шақтың әрүрлі кезеңдердерінде болатын қай қасиетер сақталынады және дамитын болады және бүлар интеллект бітістерінде қаншалықты көрінетіндігіне байланысты.

Жас ерекшелік даму темпі – бірдей емес екендігі белгілі. Оқушылардың ақылының өсуінің бірнеше жылдар бойы бақылау барысында бірнеше психологтар (Элъконин, Давыдов; В.В. Клименко, Н. Лейтес) өзінің жас ерекшелік мерзімінде ақыл-ой өсуінің жылдамдауы немесе баяулауы, күтпеген жағдайда “биіктік” немесе тежелу сияқты құбылыстармен кездеседі. Мүңдай жағдайлар оқыту мен тәрбиелеудің бірдей жағдайларында байқалынған. Балалар арасындағы мұндай өзгешеліктер жас ерекшелік дамудың әртүрлі варианттары, типтері болатындығы туралы айтады. Осы бақылауларды негізге ала отырып, Н. Лейтес дарындылықтың пайда болуының төмендегідей болжамын жасады.

Интеллектің өте ерте кезде көрінуін түсінудің кілті – мұндай балаларда даму өте тез темте өтетіндіктен жас ерекшелік дарындылық қасиеттері мен уақыт бойынша жас ерекшелік сезгіштігі жақындасады, кейін ығысады. Ал бұл қандай да бір уақытта екі еселенуге әкеліп соғады, бадан интеллект дамуының алғы шарттары күшейетіндігін көруге болады. Осы көзқарас бойынша атақты балалардың түбірлі психологиялық ерекшеліктерін қарастырып көрелік: оларда шектен тыс ақыл-ой белсенділік, ақыл-ой жүктемесіне аса үздіксіз тартымдылық байқалады.

Ақыл-ой сабақтарына әуестілік, оған деген құмарлық әртүрлі балалар жас ерекшеліктерінің белсенділігін жинақтау ретінде бірмезгілік әрекеттер болу мүмкін жағдайда, жас ерекшелік дамуының мұндай барысының салдары болып қалуы ықтимал.

Шындығында да, мысалы жеткіншек жастағы кейбір бітістер-қайраткер энергия, мақсатқа өз бетімен жету ниеті – біршама кіші жастағы балаларға, олардың жоғары қабылдағыштығы мен шынайы салмақтылығыдамудың жылдам жүру барысының салдарында балаларға тән бола бастаса, ерекше күшке ие болады. Әсерленгіш, меңгеруге дайындық, ересектерге еліктеу - өмірдің өзін қүратын балалық кезеңде, әлі жыныстың жетілу болмаған кезде – мұндай жылдары ақыл-ой күшіне қажеттілік, энергия мен өзеттіліктің көтелілуі – дамудағы ақылға барлық күшті тұрақтату, ең соңғы күштіде жұмсауға дейін әрі ақыл-ой жұмысына қалыптан тыс күш жұмсалуы мүмкін./24/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет