Тәуелдік жалғауды да баяндауыштың көрсеткіші деп тану күмән туғызады. Тіліміздегі тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір жаққа белгілі бір жақ тұрғысынан тәуелді меншікті екенін білдіргенімен, өзіне бағына байланысқан сөзбен предикатты қатынасқа түспейді. Тәуелдеу тұлғасындағы сөз сол күйінде басыңқы сыңарымен байланыспайды, мұндай жағдайда ол белгілі бір септік жалғауын қабылдауы керек. Тәуелдеулі сөз атау септік формасында тұрып баяндауыш пен претикадтық қатынасқа түссе (Інін ауылда жүр. Жасым жиырмада т.б.), ілік септігінде тұрып өзі бағынған сөзбен атрибуттық қатынаста (досымның үйі, инесінің көзі), қалған септік формаларында тұрып объектілік, аддербиалдық қатынаста (хатыңды алдым, ауылымызға келдік т.б.) жұмсалады. Тәуелдеулі сөз баяндауыш болғанда белгілі бір жақ тұлғасында тұрады. Мен ағаң-мын. Сен інім-сің. Ол інім – Ø. Бұдан көріп отырғанымыздай тәуелдік жалғауындағы сөз де, түбір сөз де өздігінен сөйлемнің баяндауышы бола алмайды.
Сондай-ақ етістік баяндауыш құрамындағы шақ пен модалділікті білдіретін қосымшалар туралы айтпай кетуге болмайды. Сөйлемнің сөйлемдік сипатын айқындайтын шақ пен модалділіктің етістік баяндауыш бойынан табыларын рас, сондықтан кейбір түркологтардың баяндауыш категориясы мен етістік категориясын бір деп қарау жайттары да орын алды. Шындығында шақ, рай және етіс категориялары – етістікті сөз табы ретінде бөліп көрсететін грамматикалық категориялар. Бұл жөнінде Н.А.Баскаков: «Следовательно, глагольность, т.е. глагольные свойства причастия – категория времени и модальности не являются исключительно признаками только сказуемого, они могут быть присущи так же любому члену предложения, выраженному причастием. Таким оброзом, исключительными и наиболее характерными признаками сказуемого являются не категории времении и модальности, хотя они и всегда характеризуют сказумое, а только одна категория лица»,-деп тұжырымдайды /16;94/.
Бұдан байқағанымыздай, тек жақ категориясы ғана баяндауышқа тән категория болып саналады. Ал етістіктің барлық басқа көрсеткіштері, егер жақ тұлғасын қабылдамаса, баяндауыш бола алмайды. Бұл тұжырым жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарына қатысты алғанда еш күмән туғызбаса керек. Ал құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарындағы есімше, көсемше тұлғалы сөздер жіктік жалғауынсыз-ақ баяндауыш қызметін атқара береді. Бұл жерде сөйлемнің жалпы семантикасы, сөздердің орын тәртібі мен тіркесімі, әсіресе, интонацияның атқарар ролі ерекше. Бұл тұлғадағы сөздер предикативтілікті білдірудің басқа да амал-тәсілдері арқылы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Бір жағынан, бұл ерекшелік аталған тұлғалардың тиянақсыздық, бітпегендік сипатымен де байланысты.
-нікі,-дікі,-тікі /ныкі,-дыкі,-тыкі/ қосымшалы сөздердің синтаксистік қызметі жөнінде түркологияда көптеген пікірлер бар. Аталған құранды жұрнақтың ілік септігінен қалыптасқанын ғалымдар дұрыс көрсеткенімен, оның құрамындағы –кі аффиксінің табиғаты туралы әр түрлі пікірлердің /бірі сын есім тудыратын жұрнақ десе, бірі онымен омонимдес, мағынасы басқа қосымша деп таниды/ болуы оның синтаксистік қызметі жайында нақты тұжырым жасауға қиындық келтіреді. Осыған орай, қазақ тіл білімінде кейбір ғалымдар мұны таза баяндауыштық тұлға деп көрсетсе, екінші тобы бұл тұлғадағы сөздердің түрленіп сөйлемнің өзге де мүшесінің қызметін атқаратынын көрсетеді.
Расында да тіліміздегі –нікі,-тікі,-дікі қосымшалы сөздері жіктік жалғауын қабылдап баяндауыш, септік жалғауында тұрып сөйлемнің өзге мүшелерінің де қызметін атқаратынын тіл фактілері көрсетіп отыр. Мысалы: табыс септігінде: Өзімдікін жөн екен деді де, ұмтылып кеп құлаштай тұрып жігітке қамшы сермеді. (Ж.Т.). Барыс септігінде: Кәрімбек жайбарақатсынды: - Түн ішінде хан иемді мазаламай-ақ біздікіне сәл тыныстап, таң ата жетерміз (Х.Ә.). Шығыс септігінде: Бұл үйдің сойысын Ұлжан үйінікіне көп болғанына Күңке әсіресе кұйінді (М.Ә.). Сондай-ақ тілімізде осы жұрнақтың жіктеліп келіп қолданылуы үлгісінен барлығы /мен сіздің ауыл-дікі-мін. Сен біз-дікі-сің. Ол ме-нікі-0./ Оның предикаттық қосымша емес екенін нақтылай түседі.
Септік жалғауларының баяндауыш қызметінде қолданылуы туралы айтқанда, олардың білдіретін грамматикалық мағынасы мен атқаратын қызметін басты назарға аламыз. Қазіргі грамматикалық атау, барыс, жатыс, шығыс септіктерінен баяндауыш қызметінде жұмсалуы туралы сөз болып жүр. Соның ішінде атау септігінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы туралы ғалымдар арасында жаңсақ пікір бар. Бұл жоғарыда көрсетілгендей, жіктік жалғаудың үшінші жақтық формасыз түрін бірде түбір, бірде атау тұлғалы сөздермен шатастырумен байланысты туындайды.
Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған сөз (формасыз сөз) түбір тұлғада тұрмайтыны секілді атау септік тұлғасында да болмайды. Үсен – инженер деген сөйлемдегі инженер сөзі атау тұлғада тұрған жоқ. Өйткені жіктік жалғауының 3-жақ тұлғасында тұрған бұл сөзде, С.Исаевтың көрсеткеніндей, атау септігі білдіретін заттық, субстантивтік мән субъектінің кім екенін білдіретін номиналдық мәнге айналды, сөйтіп зат есімнің жалпы түрлену жүйесінің мәніне қайшы келеді./5;78/.
Осы типтес зат есім, сын есім, сан есіммен, етістіктен жасалған баяндауыштардың үш жақта жіктелуі аталған сөздің атау тұлғада емес, жіктік жалғауда тұрғанын нақтылай түседі: Мен мұғалім-мін. Сен жақсы-сың. Ол үшінші-0. Мен келді-м. Сен бар-ды-ң. Ол айт-ты-0 т.б. Грамматикалық септіктердің (атау, ілік, табыс) баяндауыш қызметінде жұмсалуының басты себебі бұл септіктердің субстанттық, меншіктік тура объектілік мағынаны білдіріп синтаксистік қызметтерінің саралануынан (атау септікті сөз сөйлемде баяндауыштың, ілік септікті сөз анықтауыштың, табыс септікті сөз тура толықтауыштың қызметін атқарады) деп те тұжырымдауға болады, ал көлемдік септіктерде мұндай қасиет жоқ. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз жанама объектілік мағынаны білдіріп, заттық мәнде қолданылғанда толықтауыштың, бағыттық, мезгілдік, мекендік, амалдық мағынаны білдіріп адвербиалдық мәнде жұмсалғанда пысықтауыш, өзі меңгеріліп тұрған бассыңқы сөз сөйлемнен түсіріліп, ал оның білдіретін жақтық, шақтық мәні осы септіктегі сөздің өзіне ауысқанда сөйлемнің баяндауышының да қызметін атқара береді.Мысалы: Қызым-үйде, қылығы – түзде. Барлық жақсы – балаларға. Нар – түйеден. Тұлпар – биеден. Ағаш – жапырағымен, жер – топырағымен т.б.
Тіліміздегі жатыс, шығыс септігіндегі сөздер жіктелгенімен, барыс септігіндегі сөздер 1-2 жақта жіктелмейді. Осы тұлғадағы сөздердің, сондай-ақ нелік зат есімдер мен тұйық етістіктердің жіктелмейтіні белгілі болғанымен, бұл тұлғалар баяндауыш қызметінде шартты түрде жіктік жалғауының 3 жақ тұлғасында тұрады.
Етістіктердің үш жақта жіктеліп сөйлем баяндауышы қызметін атқаруы тілімізде бұрыннан бар құбылыс. Үш жақта жіктеліп, сөйлем баяндауышы болу, дәлірек айтсақ, сөйлемдегі предикаттық қатынасқа негіз болу – етістіктердің өзіне тән семантика-грамматикалық табиғатынан туындайтын ерекшелік, Ал есім сөздердің баяндауыштық қызметі бұдан кейінгі құбылысқа жатады. Сондықтан да баяндауыштық тұлғаны анықтау мәселесінде, әсіресе, есімдерге байланысты пікір алалығы көп. Әрине есім сөз таптары да, оның өзіне тән ерекшеліктері де көп. Сын есімдер есім сөз таптарының ішінде баяндауыш қызметінде ең жиі қолданылатын болса, сан есімнің немесе үстеудің кейбір мағыналық топтары бұл қызметте мүлде жұмсалмайды десе де болады. Біз бүгінгі жұмысымызда есім сөз таптарының ішінде кімдік, нелік (Ысқақовша адамзат есімдері мен ғаламзат есімдері) /18;377/ болып бөлінуіне қарай баяндауыштық қызметінде жұмсалу ерекшелігіне тоқталайық.
Зат есімдердің кімдік, нелік болып өз ішінде топқа жіктелуі олардың семантикасына негізделгенмен, олардың грамматикалық сипаты жағынан да өзіндік ерекшеліктері бар сөздер. Сондай ерекше белгілерінің қатарына кімдік, нелік зат есімдердің үш жақта жіктеліп, баяндауыш қызметін атқаруы жатады. Тіліміздегі кімдік, нелік зат есімдерге жататын адамға тән атаулар (шал, кемпір, кісі, қыз, бөпе т.б.), туыстық атаулар (әке, шеше, аға, апа, іні, сіңлі, нағашы, жиен, бөпе, құда, құдаша т.б), іс-әрекет пен кәсіп мамандық иелерінің атаулары (емші, дәрігер, малшы, сатушы т.б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атаулары (төраға, ханым, мырза, ректор, директор т.б.), кісі аттарынан (Үсен, Айгүл, Ерік, Сағира, Қанат, Дариға т.б.) барлығы да үшінші жақтағы жіктік жалғауын қабылдай алады. Қазіргі кезде, негізінен, етістікке тән түрлену жүйесі болып саналатын жіктік жалғаулары ертедегі ескерткіштер тілінде-ақ есім сөздерге тіркесе қолданылғандығын дәлелдейтін фактілер бар.
Ер атым – Йаш баш бен (Ер атым – жас ақ баспын) /19;106/
Үчін Күлүғ Тірік оғлы бен Күліг Тоған бен (Үчін Күлүғ Тірік ұлымын, Күлүғ Тоғанмын) /19;119/
Бұдан байқағанымыздай, адамға қатысты зат есімдердің жіктелуі, сөйтіп баяндауыш қызметінде жұмсалуы – тіліміздегі бұрынна бар құбылыс. Бұл туралы М.Томанов: «...жіктеу есімдіктері есім сөздерге тіркесе айтылған немес баяндауыш қызметіндегі есімнен кейін байланыстырушы қызметінде айтылған көмекші етістіктің есімше тұлғасына тіркескен (ана турур сен). Бұл фактілер жіктеу есімдіктерінің постпозициялық қолданыста жалғауларға айналуын есім не есім мәнді сөздер негізінде пайда болғанын көрсетеді. Олай болса, олар (таза етістік тұлғалары) жіктеу есімдіктерімен тіркеспеген, есімше формасымен ғана тіркескен», - дейді./20;144/
Қазіргі кезде тіліміздегі есімдердің тікелей жіктік жалғауын қабылдауының, ал етістіктердің түбір күйінде мүлде жіктелмеуінің мәні осында жатса керек. Ал есімдердің ішінде үш жақтың да жіктік жалғауын қабылдай алу мүмкіндігі тек кімдік зат есімдерге тән. Бұл жіктік жалғауларының жіктелі есімдіктерінен шықандығынан болса керек. Өйткені 1жақтағы жіктеу есімдіктері мен, біз сөйлеуші адамды білдірсе, 2жақтағы жіктеу есімдіктері сен, сендер, сіз, сіздер тыңдаушы адамды білдіреді. Ал сөйлеу, ой жеткізу, пікір айту және соны тыңдау, тыңдату – тек қана адамға байланысты сипат. Мысалы: Мен әншімін (мен әнмін емес)
Сіз қаламгерсіз (сіз қаламсыз емес)
Сондықтан да адамға қатысты сөздер ғана жіктік жалғаудың 1,2 жақ тұлғаларын тікелей қабылдап, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Келтірілген мысалдардағы – мін, - сіз қосымшалары өзі жалғанған сөздерге жақтық мән үстеп тұр. Ал үшінші жақта мұндай арнайы морфологиялық көрсеткіші болмағандығына қарап, мұнда (Ол - әнші.) жақтық мағына жоқ деп айтуға болмайды. Үшінші жақта арнайы көрсеткіштің болмауы бір жағынан, тіліміздегі кез келген зат есімнің мағынасы жағынан 3 жақты білдіретіндігімен байланысты болса, екінші жағынан, 3 жақ жіктік жалғауы шығу төркіні жағынан 1,2 жақ қосымшаларынан өзгеше. Біз алғаш 3-жақтың бәрін де қосымша қолданылып, нөлдік формаға кейін көшкен деп санаймыз. Мұнда, алдымен, оның үш жағының да қосымшасының болуы, тіпті осы 3 жақтың жүйенің өзі оның әуелде толық үш жақта да қолданылғандығын көрсетеді./21;129-130/
Жұман дегенім: әлгі Қартқожаның әкесі /Ж. Айимауытов/.
«патша құлады» дегенді аспан құлады дегеннен кем
Түсінбеген мазақтың бірі – Кітапбек /Б.Нүржекеев/.
Ол-Оразбайдың әр пәлледе, әр кесір әлетке ұдайы
Қасынан табылатынын үзнгі жолдасы./М.Әуезов/ келтірілген сөйлемдердің баяндауыштары әкесі, Кітепбек, жолдасы 3 жақтық жіктік жалғауының нөлдік тұлғасында тұрағндығын осы сөздің 1,2 жақтағы түрімен салыстырып көз жеткізуге болады.
Кімдік зат есімдер сияқты нелік зат есімдер де сөйлем баяндауышы қызметін атқара алады. Нелік зат есімді баяндауыштардың көне ескерткіштер тілінде кездеспеуі бұл құбылыстың тілімізде кейінірек қалыптасқанын дәлелдейді. Нелік зат есімдердің 1,2 жақтық жіктік жалғауларын қабылдамауы оның баяндауыштық қызметтеріне нұсқан келтірмейді. Тіліміздегі бұл зат есімдер 3 жаөтық жіктік жалғауында, дәлірек айтсақ, оның нөлдік формасында тұрғанда бастауышпен жақ жағынан қиысып баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Шодыр-қазақтың қойып алған аты. /Ғ.Мустафин/. абай туралы эпопея-үлкен дүние-зор еңбек /0/ (М. Қаратаев). Дала – боран 0 (Б. Майлин).
Келтірілген сөйлемдердің баяндауыштарының арнайы жақ көрсеткіші болмағандықтан, көптеген оқулықтар мен граматикаларды оны түбір, кейде атау тұлғалы мүше деп көрсетіп жүр. Шындығында, бұл мүшенің бойында жіктік жалғауына тән функцияның бәрі де (жақтық, шақтық, жекешелік, баяндауыштық) сақталған. Ал бұл мәнедер жоғарыда аталған екі тұлғада да (түбір және атау) жоқ.
Нелік зат есімдердің 1,2 жақта түрленбеуі оның мағанасы жағынана қатысты болжауынан деп есептейміз. өйткені тіліміздегі нелік зат есімдердің адам мағанасында жұмасалғанда жіктік жалғауының 1,2 жағында да түрленуі соны дәлелдейді. Мысалы:
Сен қңкейген сарыайымсың (Ә.Нұршайықов)
Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың...
Хан емессің, ылансың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің, аярсың,
Айыр құйрық шаянсың. (М. Өтемісұлы).
Біздер- әлі жан баспаған асқармыз,
Біздер-әлі жазылмаған дастанбыз (М.Мақатаев)
Мұндай сөйлемдерде баяндауыш қызметін атқарып тұрған жіктік жалғаулы сөз заттың мағанасынан гөрі сындық мәні басым болады. Аюсың, қасқырсың, ылансың, жылансың, айярсың, шаянсың, асқармыз, дастанбыз сөздері аю сияқты адамсың, асқар сияты адамдарымыз, дастан сияқты жандармыз деген мағанада ұғынылады. Сөйтіп нелік зат есімдерге жалғанған 1,2 жақтағы жіктің жалғауларының қызметі, бір жағынан, оны субъектінің предикаты ету, екінші жағынан, сол арқылы әсем де әсерлі образды ой, экпрессиялық мән білдіру болып саналады /10;102/.
Сөйтіп баяндауыш қай сөз табынан жасалмасын оның граматикалық тұлғасы – жіктік жалғаулары. Оның өзіне ұқсас тұлғалардан ерекшелігі-белгілі бір жақ тұлғасында, жекеше, көпше сипатта тұрып сөйлемдегі предикаттық қатынасқа негіз болады. Сондықтан жіктік жалғаулары сөзге жалғанатын қосымша болу жағынан морфологиялық категория болса, сөйлемде тек баяндауыштық қызмет атқаруымен синтаксистік категория болып саналады.
Қорытынды
Тұрлаулы мүшелер-сөйлем құрауға негіз болатын предикативтік бірлік. Тұрлаулы мүшелердің сөйлем құрауда атқаратын рөлі туралы ғалымдар арасындағы пікірталас бас мүшелерінің тығыз граматикалық байланысынан туындаса керек. Бастауыш-сөйлемдегі ұйымдастырушы бас мүшенің бірі, оған баяндаушы граматикалық тұлғасы жағынан тәуелді. Алайда баяндауыштың қолданылуындағы дербестік, сөйлемдегі ойды тиянақтау мүмкіндігі-баяндауыш мүшенің сөйлемдегі доминанттық рөлін айқындайды.
Түркологияда, соның ішінде қазақ тілінде бас мүшелерді зерттеу мәселесіне ғалымдардың әр түрлі аспектіде келуі аталған мүшелердің граматикалық сипатын ашуға мүмкіндік жасайды. Бас мүшелерге анықтыма беруде, олардың граматикалық тұлғаларын анықтауда төмендегідей ерекшеліктерді басты назарда ұстаған жөн:
-
Қандайда болмасын тілдік категорияға берілетін анықтама логикалық емес, граматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. Сондықтан бастауышқа анықтама беруде оның тек ой иесі екендігін көрсету-граматикалық бастауыштың табиғатын таныта алмайды. Анықтамада оның тұлғасы егер өзге мүшелермен синтаксистік байланысы қамтылу керек.
-
Сондай-ақ анықтамада синтаксистік қызмет атқарып тұрған сөздің симитикасы емес, осы категорияға ортақ граматикалық белгілері негіз болуы керек. Баяндауышқа тән граматикалық белгісі біріншіден, сөйлемдегі ойды тиянақтауы болса, екіншіден, белгілі бір жақ тұлғасында тұруы.
-
Граматикалық бастауыштың тұлғасы – атау септігі. Тек атау тұлғадағы сөз ғана баяндауыштың предикаттық қатынасқа түсе. Сөйлем құрай алады.
-
атау тқлғадағы бастауыш дегеніміз – атау септігінің формасында тұрып, субстанттық мәнде жұмсалып, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше.
-
Логикалық бастауыш – граматикалық бастауыш секілді сөйлемде айтылған ойдың иесі. Айырмашылығы – тұлғасында. Граматикалық бастауыш атау септігінде тұрса, логикалық бастауыш ілік, барыс септік тұлғаларында тұрады.
-
Сөйлемдегі баяндауыштың негізгі граматикалық тұлғасы-жіктік жалғаулары. Жіктік жалғауы өзі жалғанған сөздің тиянақтылық сипатына ықпал ете отырып, оны бастауышпен жақ жағынан қиыстыра байланыстырады.
-
Сөйтіп, тұрлаулы мүшелердің граматикалық тұлғасы дегеніміз, кейбір оқулықтар мен граматикаларда, жеке зерттеулерде көрсетіліп жүргендей, осы қызметті атқарып тұрған сөздің сыртқы морфологиялық құрылымы емес сол сөзді аталған позицияға түсіріп тұрған арнайы морфологиялық көрсеткіш. Ол тұлға бастауышта атау септігі, баяндауышта жіктік жалғаулары.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Абылақов Ә.А. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің қалыптасуы, дамуы және қолданылу аясы. А., 1990.
-
Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі А,. 1991.
-
Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы А,. 1940.
-
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері А,. 1977.
-
Әміров Р Жай сөйлем синтаксисі А,. 1983.
-
Балақаев М., Қордабаев Т Қазіргі қазақ тілі А,. 1966.
-
Балақаев М. Қазақ әдеби тілі А,. 1987.
-
Баскаков Н.А. Структурные типы словосочетаний и предложений в современном турецком языке. АДД.Л., 1972.
-
Дмитриев Р.К. Граматика башкирского языка. М. – Л., 1948.
-
Есенов Қ. Предикаттық қатынас Қазақстан мектебі, 1985. 2
-
Жапаров А. Азыркы киргыз тили. Фрунзе, 1964.
-
Закиев М.З. Синтаксический строй татарского языка. Казань, 1969.
-
исаев С.М. Қазіріг қазақ тіліндегі негізгі граматикалық ұғымдар. А., 1992.
-
Казем-Бек А. Общая грамматика турецко – татарского языка. К., 1846.
-
Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. 2 бөлім А., 1967.
-
Мещаннинов И.И. Члены предложения и части речи. Л., 1978.
-
Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. А., 1991.
-
Серғалиев М., Күлкенова О., Айғабылов А. Қазіргі қазақ әдеби тілі. А., 1991.
-
Төлегенов У. Выражение скозуемого и его основные типы в простом личном предложении современного казахского языка. АКД., А., 1955
-
Шәукенов Қ. Синтаксистік категориялардың семантикалық және функционалды байланысы. АДД. А., 1995
-
Убрятова Е.И. Согласование в якутском языке //исследование по синтаксису тюрских языков. М., 1962.
-
Ермекова Т. Қазіргі қазақ тіліндегі есім баяндауыштар. Алматы, 1999.
-
Қазақ грамматикасы. Астана , 2002.
-
-
Қазақ грамматикасы
Энциклопедия Астана 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |