Диплом жұмысы тақырыбы: Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда



бет6/7
Дата05.07.2016
өлшемі324 Kb.
#179390
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7








46
3- тарау. Қазіргі жағдайда кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы.
3.1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы мен есеп беру жүйесіндегі негізгі форма ретінде.

Бухгалтерлік есептің негізгі ақпаратын қызметінің, функциясының бірі-

пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақытылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. “БАЛАНС” сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда “таразы” немесе “тепе- тең” деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әулетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақытылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы- өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.

актив= меншікті капитал+ міндеттеме

Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетіледі:



актив- міндеттеме= меншікті капитал

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялар), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы- мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі. Жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек болу үшін “АШМ Сервис Орталығы” фирмасының 2006 жылғы 1 қаңтарға жасалған бухгалтерлік балансын қарастырайық.

Бүгінгі күннің негізгі талабы –жарықтың экономиканың қатынастардың принциптерін іске асыру нәтижесінде халқымыздың әлеуметтік- экономикалық тұрмыс дәрежесін жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту болып табылады. Осы мақсаттарды іске асыру қаржылық есеп пен есеп берудің және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызының ерекше екендігі белгілі болып отыр. Сондықтанда дипломанттық негізгі мақсаты кәсіп орындарды қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік байланыстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Диплом жұмысының кіріспе бөлімінде диплом жұмысының негізгі мақсаты, зерттеу нысаны мен предметі және бухгалтерлік байланыстың мәні, кәсіпорынды басқаруда оның ролі мен қаржылық жағдайы анықталынады.

Диплом тапсырудың бірінші тарапында «Қаржылық есеп беру және оның жасалуы» айтылып онда қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы, есеп беруге қойылатын талаптар мен есептерді өңдеу кезеңдері және қаржылық есеп беруді пайдаланушылар мен қаржылық есеп берудің элементтері беріледі.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс. Шаруашылық қаржылық қызметі нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаржылықтарының байланысы туралы есеп беру іс шаралары туралы ақпарат беру кіретіндігі айтылады.

Диплом жұмысының екінші тарауында «Қазіргі кезеңде кәсіпорынды басқару бухгалтерлік байланыстың ролі мен маңызы» туралы пікірлер айтылып, оны жетілдіру жолдары мен оның өндірістік факторларына талдау жасалынған. Сонымен бірге есеппен есеп берудің дәрежесі халықаралық талаптарға жауап беретін дәрежеге жеткізу жоғарғы дәуірдің басты проблемасы екендігі туралы ой –пікірге білдірілген.

Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде баяндалған материалдар негізінде зерттеуге және талдау жасау нәтижесінде пайда болған тұжырымдар мен ой-пікірлер ұсынылған. Мұның нәтижесінде қазіргі жағдайда өндірісті басқарушылар мен қаржыгерлерге жұмыстың тактикасымен стратегиясы мен іске асыруды қажетті үлгімен әдістерді жақтауға қажет береді және әр бір кәсіпорынның Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларын іске асырумен кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын нығайтуда бухгалтерлік болыстың мағынасы ерекше екендігі дәлелденеді. Қорыта айтқанда диплом жұмысы шаруашылық қызметкерлер үшін құнды жұмыс деп бағаланады және оның нәтижесін қорғауға ұсынады.



АШМ Сервис Орталығы” өндірістік кооперативінің 2006 жылғы 1 қаңтарына

БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ

(өлшем бірлігі мың теңге)


Активтері

Сомасы

Пассивтері

Сомасы

1

2

3

4

Ұзақ мерзімді активтер:




Меншікті капитал




Материалдық емес активтер










Негізгі құралдар










Ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестиция)










Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш










Жиыны










Ағымдағы активтер:




Ұзақ мерзімді міндеттемелер:




Материалдық қор




Ұзақ мерзімді несие




Дайын өнімдер




Ұзақ мерзімді қарыз




Тауарлар




Жиыны




Аяқталмаған өндіріс




Қысқа мерзімді міндеттемелер:




Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар




Бюджетпен есеп айырысу




Қысқа мерзімді қаржы салымы (инвестиция)




Бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысу




Алдағы уақыт шығындары




Жабдықтаушылармен есеп айырысу




Ақша қаражаттары




Жиыны




Жиыны




Барлығы




Барлығы








Осы жоғарыда келтірілген “АШМ Сервис Орталығы” фирмасының бухгалтерлік балансынан

көретініміз- бұл ұйымның активтері мен пассивтері 83000,0 мың теңгеге тең. Мұндағы кәсіпорынның меншікті капиталы 59000,0 мың теңгені, ал міндеттемелері 24000,0 мың теңгені құрайды. Жоғарыда берілген теңдіктің орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады.

актив = меншікті капитал+ міндеттеме

83000000,0= 59000000,0+ 24000000,0

Біз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста

Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін қарастырдық. Кейбір батыс елдерінде баланстағы тауарлардың, баптардың орындары ауысып та келтіріледі.

Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінің басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мен міндеттемелер баланстың сол жағында көрсетіліп (орналастырылып) , оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына теңдік негізделген:


актив- міндеттеме= меншікті капитал

83000000,0- 24000000,0= 59000000,0

Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге негізделген. Жоғарыдағы мысалымызға сәйкес баланстың бұл түрін құрастыратын болсақ, баланс кестесінің екі жағы да 59000,0 мың теңгеге тең болады.

Елімізде нарықты экономикалық қатынастардың және халықаралық шаруашылық пен қаржылық байланыстардың дамуы бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жетілдіру туралы актуал мәселелерді алға ұсынды, олардың мазмұны мен әдістері қабылданған халықаралық нормаларға жақындастырылды.

Бухгалтерлік баланстың орталық формасы баланс болып есептелінеді. Баланс бұл сондай сипатталынады: онда объектілердің есебі екі рет көрсетіледі және екі көзқарас жағынан қарастырылады. Ұйымдардың бухгалтерлік есеп берудің құралы, мазмұны және қалыптастырудың методикалық негіздері Қазақстан республикасының заңдылықтары бойынша заңды тұлғалар болып табылатындар бухгалтерлік есептің стандарты арқылы реттелінеді. Олар: 2 “Бухгалтерлік баланс және қарсылық есептерде негізгі ашылулары” және “Есеп беруді құрастыру бойынша методикалық нұсқаулар” 1997 жылы 21 майда № 7 Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп және аудит методология Департаментінің бұйрығымен бекітілген құжаттар негізінде іс алып барылады.

Қазақстан Республикасындағы амалдағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру қаржылық есептердің халықаралық стандарттары негізінде белгіленген принциптерінде құрылған. Егер қазіргі жағдайда бухгалтерлік есепті халықаралық бизнестегі деп айтсақ, ондай жағдайда есеп беруі қажет. Мойындай керек, бүгінгі таңда ұйымдарға әкімшіл әдіспен жазылған бухгалтерлік есеп пен есеп берудің методологиясы дүниежүзілік тәжірибенің талаптарына толық жауап бере бермейді.

Кәсіпорынның есеп беруі бұл қаржылық есеп процедурасының логикалық жалғасы болып есептелінеді және ұйымның есеп беру кезеңіндегі мүліктік және қаржылық жағдайларын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі екендігін білдіреді.

Барша амалдағы ақпараттардың барлығы пайдаланушылар үшін ашық бейнеде болуы тиіс яғни қаржы есептері анық және түсінікті болуы қажет. Баланста заңды тұлғаның аты- жөні, тұратын жері, есеп күні мен есеп кезеңі көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге бұл орында кәсіпорын қызметі түрінің қысқаша бейнесі, оның заңдылық формасы мен өлшем бірлігі, яғни барлығы қаржы есебінде көрсетілген болуы тиіс, бұдан басы бұрынғы жыл үшін де жоғарыда келтірілгенге сәйкес мәліметтер болуы керек.

Баланс Қазақстан республикасы валютасында жасалынады, өлшем бірлігі- мың теңге. Бухгалтерлік баланс есепшот бойынша Бас кітапта көрсетілген қалдық негізінде жасалынады.

Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелердің анықталуы және оның жиынтық қорытындысы бойынша ашылуы (жазылуы) заңды тұлғалардың қарсылық жағдайына талдау жасауда қаржы есебін пайдаланушыларға көмек көрсетелік ақпарат көзі болып есептелінеді.

Баланс мәліметі бойынша кәсіпорынның жүйесі- бұл айрықша жазбаның түрі. Ол есеп беру кезеңі үшін кәсіпорынмен оның бөлімдері қызметтерінің жағдайлары мен нәтижелері туралы бейнелейтін жалпы мәліметтерді ағымдағы есептерден түскен қысқаша үзінділері болып саналады. Есеп беру сандық көрсеткіштерден құралады.

Белгілі бір кезең үшін кәсіпорын мен оның бөлімдері қызметтері жағдайлары мен нәтижелері туралы бейнелейтін жалпы мәліметтер бухгалтерлік, статистикалық және оперативті техникалық есептер негізінде қалыптасады. Солар арқылы кәсіпорын қаржылық- шаруашылық қызметтері есеп беруінде әржақты бейнелеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Экономикалық ақпараттар жүйесінде бухгалтерлік есеп беру- ең көбірек жинақталған және талдап қорытылған ақпараттармен болған ең маңызды басқару инструменті (құралы) болып табылады.

Бухгалтерлік есеп берудің мәліметтері- басқарудың әртүрлі дәрежесіндегі мақсаттар үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік есепті жүйелі үйрену иеленген табыстардың себебін ашады, сонымен бірге кәсіпорынның жұмыстағы кемшіліктерін көрсетеді, кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің арттыру жолдарын анықтауға көмектеседі.

Бухгалтерлік есеп беру- бұл кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі объективтік бағасы болып табылады, сонымен бірге ол ағымдық және басқармалық шешімдерді қабылдау үшін ең маңызды әсер ететін инструмент болып табылады.

3.2. Бухгалтерлік баланс және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі.
Есеп беру мәліметтері ұйым қызметінің тиімділігін бағалау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады, тағы да ол сол ұйымның экономикалық талдауы үшін де пайдаланылады. Сонымен бірге есеп беру өндірістік келесі жоспарлауы үшін де қажет, сондықтан есеп беру ең сенімді және өз мезгілінде болуы керек. Бұнда өткен кезеңдегі мәліметтер арқылы есептік көрсеткіштермен салыстырушылық қамтамасыз етілуі тиіс.

Өндірістердің нарықты экономикалық қатынастарға өтуі меншіктік және кәсіпкерлік қызметтері түрлерінің әртүрлі формаларда көруін қажет етеді. Вексельдік айналымдар жаңадан жасалынады, акциялар мен басқа құнды қағаздар пайда болар, қаржыландыру мен несие берудің принциптері өзгереді, шет ел валюталары мен операция жасау шеңбері кеңейеді. Осыларға байланысты алдыңғы қатарлы Батыс елдер мен халықаралық стандарттардың тәжірбиелері арқылы біздің елімізде көп жылдар бойы қолданып келген бухгалтер есебімен есеп беру күштері жүйесінде өзгерісінің болуына күшті қажеттілік пайда болды. Орталықтанған жоспарлы экономика кезінде бухгалтерлік ақпараттар негізінен жоғарыда тұратын ұйымдар (Басқару және министрлік) үшін яғни солар үшін бухгалтерлік ақпараттар жиналды және қорытынды анализ жасалынды, негізінен ресми адамдар үшін қызмет етті. Ал қазіргі жағдайдағы қаржылық есеп беру- инвесторлар мен серіктестіктерді тарту үшін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен жақын арадағы перспективалары туралы құрылтайшылар мен акционерлерге ақпарат беру үшін горизонтал пайдалану мақсат еткен.

Қаржылық есеп беру ақпаратты сырттай пайдаланушылар, яғни мүдделі қызыққан заңды және жеке тұлғалар арқылы пайдаланылды. Сонымен бірге жабдықтаушылар, сатып алушылар, нағыз және күшті кредиторлар, несие мекемелері, салық және статистикалық органдар, сонымен бірге өзінің ұйымындағы экономикалық талдау үшін пайдаланылады. Мұның нәтижесінде бухгалтерлік есептер басқару жоспарлары мен саясат туралы қызмет ететін тұлғаларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді және бұл ұйымдарға жұмыс сітейтін тұлғалардың жалпы мақсаттарымен міндеттеріне сәйкес әрекет қызмет етуіне жағдай жасайды.

Бұның барлығы есеп пен есеп берудің мақсаттарын кәсіпорын дәрежесінде конкреттендіруге жағдай жасайды, мұның нәтижесінде жалпы алғанда бағаларын анықтауға мүмкіндік жасалынады.



  1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі анықталынады, яғни кәсіпорынның несиелік борышты қамти алатындығы, өтімділігі, т.б. анықталынады.

  2. Рентабельділігі белгіленеді.

  3. Шаруашылық қызмет шеңберінде жұмыс істейтін тұлғалардың жауапкершілік дәрежесі анықталынады. Өндіріс құрал- жабдықтарымен жұмыс күшін пайдалануда оның жауапкершілігі бағаланады.

Бұл мақсаттардың барлығына тек ақпараттық моделдендірудің көмегі арқылы арқылы жетеді. Еңкөбірек жалпы модем болып кәсіпорынның мүлкін қорғайтын, оның міндеттемелері мен қорларын белгілі бір кезеңдерде сақтайтын бухгалтерлік баланс болып табылады.

Бухгалтерлік есеп беру статистикалық мәліметтерді салыстыру үшін қоғамдық дәрежеде пайдаланады, сонымен бірге ол бюджетімен болған өзара байланыстар үшін де пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп беру негізінде инвестициялық ресурстарды бөлу туралы өзгерген шешімдерді, региондардағы экономикалық ссаясатты анықтайды, сонымен бірге қоғамның кейбір мүшелерінің әлеуметтік жағдайына шаруашылық процестердің әсерін белгілейді.

Бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру- бұл белгілі бір көрсеткіштер жүйесінде көрінген бухгалтерлік есептік қортыланған мәліметтердің жиынтығы. Ол шаруашылыққ процестердің, міндеттемелердің және қаржылық нәтижелердің мүліктік жағдайын талдау үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік ақпаратқа ең жоғары дәрежедегі анықтық тән нәрсе, себебі ол күрделі және құжаттармен жабдықталған барша жетілген шаруашылық операцияларға сүйенеді, оның мәліметтері материалдық инвентаризациялармен бекітіледі.

Бухгалтерлік баланс методологиялық спенификасымен айрықша мақсаттарымен, мәліметтерді пайдалану сипаттарымен ерекшеленеді. Бухгалтерлік баланс мәліметтері негізінде белгіленген формалар бойынша,бюджеттермен бюджеттен тыс қорларға түсетін салықтар бойынша есептер жасалынады.

Бухгалтерлік баланста ешқандай тазартып өшіру мен түзетілген орынға жол қойылмайды. Жіберілген қателерді түзету жағдайында оған сәйкес түсініктеме беріледі: есепке қол қоятын тұлға түзетілген күні мен айы көрсетіліп, оны бекітеді.

Бухгалтерлік есепке болған үздіксіз талаптардың бірі- нарықтық экономикада барша қызыққан мүдделі пайдаланушылар үшін оның анықтығы болып есептелінеді.

Бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру мәжбүрлі міндетті аудиторлық тексеруге жіберілуі тиіс және ол тәуелсіз аудитор арқылы оның дұрыстығы дәлелденеді.

Бухгалтерлік баланс- кәсіпорындарда, мекемелерде есептесу процесінің соңғы кезеңі болып есептелінеді. Бұнда кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы есеп беру кезеңіндегі (ай, квартал, жыл) шаруашылық нәтижелері ұлғаю қортындысымен бейнеленеді.

Министрліктер, ведомоствалар және тағы басқа шаруашылық басқару органдары өзінің қарамағын кәсіпорындар мен мекемелер бойынша жалпы қортынды бухгалтерлік есеп беруді жасайды. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер үшін жылдық есеп 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде есептелінеді. Бухгалтерлік есеп беруде берілген барша ақпараттар синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтеріне негізделеді. Есеп беруге байланысты негізгі талаптарға мыналар жатады: Шаруашылық қызметтердің анық болған нәтижелерін шын және дәл көрсету, барша көрсеткіштерді бір- бірімен қатал байланыстыру болып табылады. Есеп беруі және баланс сатыларын бағалауды бұрмалау мемлекетке қарсы әрекет деп қаалады және кәсіпорынның басшылар мен бас есепші бұл істегі айыптылар амалдағы заңдылықтарға сәйкес жауапкершілік жүктетіледі.

Бухгалтерлік есептегі қателерді түзету оған қол қоятын тұлғаның қолымен расталынады және түзетілген күні мен айы көрсетіледі.




3.3. Бухгалтерлік баланс қаржы талдау үшін ақпарат көзі ретінде.
Меншік иелері капиталдың табыстылығын арттыру үшін, фирманың тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ету үшін қаржы есебіне талдау жасайды.

Кредиторлар мен инвесторлар қарыздар мен борыштар бойынша өзінің тәуекелдігін төмендету яғни кемсіту мақсатымен қаржы есебіне талдау жасайды. Сонымен қабылданған шешімдердің сапалы болуы бүтіндей шешімнің аналитикалық дәлелдемелердің сапасына байланысты болады.

Іскер серіктің ақпарат және қаржы қызметінің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік есеп беру болып, ол көпшілікке арналған болады. Нарықтық экономикалық жағдайда кәсіпорынның есеп беруі қаржылық есептің қортылған мәліметтеріне сүйенеді және ол кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттарды кәсіпорынды қоғам және іскер серікпен, пйдаланушылармен байланыстырушы ақпараттық звено болып табылады.

Талдаудың субъекті кәсіпорынның қызметіне мүдделі болған ақпаратты пайдаланушылар ретінде шығады. Пайдаланушылардың бірінші тобына кәсіпорынның қаржы меншік иелері, қарыз берушілер, (банктер т.б.) жабдықтаушылар, сатып алушылар, салық органдары, кәсіпорын мен басшылықтың қызметкерлері кіреді. Әрбір субъекті талдауды өзінің мүддесін орындау мақсатымен ақпаратты үйренеді. Мәселен, меншік иелеріне меншікті капитал үлесін көбейту немесе кемейтуді анықтау қажет және кәсіпорын әкімшілдігі ресурстарын тиімді пайдаланғандығын бағалау керек: кредиторлар мен жабдықтаушыларға несиені ұзарту мақсатқа сәйкесшілігі, несие берудің шарты, несиені қайтару кепілдігі, потенциалды меншік иелерін және кредиторларға өзінің капиталын кәсіпорынға орналастыру пайдалылығы т.б.

Сол жағдай аталады: тек кәсіпорынның басшылары есеп беру талдауын тағы да тереңдету мүмкін, бұл жағдайда басшы басқару мақсаты үшін болған басқару талдауы шеңберінде өндірістік есептің мәліметтерін пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп берудің пайдаланушылардың екінші тобына- мынадвй талдау субъектілері кіреді. Олар кәсіпорынның қызметіне тікелей және қызықпаған тұлғалар болып есептелінеді, дегенмен олар бірінші топтағы есеп беруді пайдаланушылардың мүддесін қорғауы керек. Бұларға аудиторлық фирмалар, консультанттар, биржалар, юристер, баспа, ассосация, кәсіподақтар кіреді.

Кейбір жағдайларда қаржылық талдау мақсаттарын реализация ету үшін тек бухгалтерлік есеп беруді пайдалану жетерлі бола бермейді. Кейбір пайдаланушылар тобы, мысалы жетекшілік пен аудиторлар қосымша қайнар көздерді қаратып алу мүмкіндігіне ие болады. Соған қарамастан көбінесе жылдық және кварталдық есеп берулер- сыртқы қаржы талдауының жеке дара қайнар көзі болып табылады.

Қаржы жағдайы талдауы үшін ақпараттың негізгі қайнар көзі кәсіпорынның бухгалтерлік балансы қызмет етеді. Сондықтан да бухгалтерлік есеп беру формаларының арасында бухгалтерлік баланс бірінші оында тұрады.

Ақпараттың ішіндегі мағыналарды түсіну үшін бухгалтерлік баланстың құрамы туалы түсінік игерумен бірге, оның кейбір бөлек көрсеткіштері арасындағы негізгі логикалық және спецификалық өзара байланыстарды білу қажет.

Бухгалтерлік баланстың мағынасын түсінуде ең кемінде елеулі маңызы болып оны оқудың жүйелілігі және тек бухгалтерлік балансқа тиісті болған кейбір шектеулердің үздіксіз білімі есептелінеді.

Актив пен пассивтердің қазіргі мазмұны оны пайдаланушылар үшін ақпарат беруге бағытталған. Оның ішінде сыртқы пайдаланушылар үшін. Бұнда ағымдағы шығындардың немесе пйдалану есебінен пйда болған дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жағдайын ашып тастайтын, меншікті капитал мен резервтердің кейбір түрлерін қалыптастыратын статьяларды талдау жасаудың жоғары дәрежесі байқалады.

Бүгінгі күннің негізгі талабы –жарықтың экономиканың қатынастардың принциптерін іске асыру нәтижесінде халқымыздың әлеуметтік- экономикалық тұрмыс дәрежесін жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту болып табылады. Осы мақсаттарды іске асыру қаржылық есеп пен есеп берудің және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызының ерекше екендігі белгілі болып отыр. Сондықтанда дипломанттық негізгі мақсаты кәсіп орындарды қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік байланыстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты, зерттеу нысаны мен предметі және бухгалтерлік байланыстың мәні, кәсіпорынды басқаруда оның ролі мен қаржылық жағдайы анықталынады.

Диплом жұмысында қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы, есеп беруге қойылатын талаптар мен есептерді өңдеу кезеңдері және қаржылық есеп беруді пайдаланушылар мен қаржылық есеп берудің элементтері беріледі.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс. Шаруашылық қаржылық қызметі нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаржылықтарының байланысы туралы есеп беру іс шаралары туралы ақпарат беру кіретіндігі айтылады.

Диплом жұмысында өндірістік факторларына талдау жасалынған. Сонымен бірге есеппен есеп берудің дәрежесі халықаралық талаптарға жауап беретін дәрежеге жеткізу жоғарғы дәуірдің басты проблемасы екендігі туралы ой –пікірге білдірілген.

Диплом жұмысында баяндалған материалдар негізінде зерттеуге және талдау жасау нәтижесінде пайда болған тұжырымдар мен ой-пікірлер ұсынылған. Мұның нәтижесінде қазіргі жағдайда өндірісті басқарушылар мен қаржыгерлерге жұмыстың тактикасымен стратегиясы мен іске асыруды қажетті үлгімен әдістерді жақтауға қажет береді және әр бір кәсіпорынның Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларын іске асырумен кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын нығайтуда бухгалтерлік болыстың мағынасы ерекше екендігі дәлелденеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет