Диплом жұмысы тақырыбы: «Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары»



бет11/20
Дата13.12.2023
өлшемі0.54 Mb.
#486527
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Дип.-Балаларды-оқуға-жазуға-үйрету-процесінде-талдау-жинақтау-әдісін-қолдану-жолдары

1 – ші тарау бойынша тұжырым.
Оқушылардың оның немесе сауатты жазу дағдыларынқалыптастыру мектеп табалдырығын аттаған күннен ақ басталады.
Бастауыш сынып оқушыларынла белгілі – бір жазу жүйесі қалыптаспаған, бірақ мектептің ықпалы нәтижесінде көркем жазу пәнінде мұғалімнің сыныптан тыс уақытта ата – ананың ықпалымен жазудың дағдысын қалыптасады.
Жазу дағдыларын қалыптастыру немесе оны дамытып отыруды негізгі шарттардың бірі әрі бастысы оқушының жазба жұмыстарын орындау кезіндегі психологиялық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Сынып оқушыларының біреуін немесе әрбір жеке оқушыда жазба жұмыстарын орындау барысында әр түрлі психологиялық физиологиялық өзгерістер болып отыруы мүмкін. Ондай психофизиологиялық өзгерістерді байқамаудың салдарынан орындалған жазба жұмыстардың нәтижесі де әр деңгейде болады.
Жазу жұмыстарын орындау, жазу дағдысы қалыптастыру,дамыту мақсатында психофизиологиялық анализ жасау, сонымен қатар жалпы жазу үрдісіне қойылатын талаптар мен принциптеріне сүйену. Олай болмаған жағдайда оқушылар көркем әрі сауатты жазудан кемшіліктері мен жазудың жылдамдығын арттыру барысындағы жазу айқындығы төмендейді Міне, біз көркем жазуды қалыптастыру теориялық негіздерін қарастыру. Келесі тақырыптартарынныңда әрбір дыбыс таңбасының жазу формасын, олардың бір – бірімен қалай жалғанатынын,әріп сапасын, қателерді жоюдың жолдарын көрсетуіміз керек.Оқушылардың жазу көркемдігі сауаттылықты және жазу жылдамдығын арттыру барысында да жазу айырмашылығын сақтай білу дағдыларын дамыту – барлық пән мұғаліміне басты міндет. Себебі, қазіргі қоғамға өз ойын жаза алмайтын, сауатты азамат қажеттілігі артта түсуда .

II – тарау. Жазуға, оқуға үйретудің әдістемелік жолдары.


2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары.
Оқушылардың жазу жұмысына қарап кейбіреуінің жазуы таза, көркем, анық жазғаның байқаймыз. Ал, кейбірінің жазуы қисық, біркелкі емес, қалай болса солай жазылғанын көреміз.
Мұндай қателіктер кетпес үшін мұғалім көркем жазу немесе қазақ тілі сабағында жазу сапасымен үнемі жұмыс жасау керек.
Жазу сапасына оның айқындылығын, біркелкілігі, дұрыс байланысуы, жұмыс жолында дұрыс жазылуы жатады.
Жазудың сапасын дұрыс қалыптастыру үшін мұғалім мынадай бағытта жұмыс жасайды:
1. Ең алдымен бірінші сабақтан бастап әріптің формасымен жұмыс жасау керек;
2. Әріптердің дұрыс байланысуы ж.ж.к.
3. Біркелкі көлбеу болуын ж.ж.к.
4. Әріптің биіктігі біркелкі болуын ж.ж.к.
5. Әріп арасына, әріп элементтері, сөз, сөйлем арасындағы қашықтықтың бірдей болуы керек.
6. Сыныпта оқушылардың жазу жылдамдығы бірдей болуы керек.
7. Жазу біркелкі ритмикалық болуы керек.

Әріптің формасымен жұмыс – көркем жазу негізгі міндетінің бірі, себебі жазудың айқындылығы әріптің дұрыс жазылуына байланысты.


I сыныптың оқушысы барлық әріптің таңбалануының үйренеді, бірақ кейбірін ұмыта бастайды.[12./№2./]
Оқушылардың әріп формасын түсіне отырып жазу маңызы орын алады. Әсіресе, 1, 2 сыныпта оқушының жазуы автомат – н кезде маңызы зор. Бұл кезде әріпті бейнелей отырып қозғалу немесе таза жазу дағдыға қалыптасады.
Әріпті түсіне отырып шеру үшін мынаны білу керек:
1. Әріптің негізгі немесе байланыстыра ажырата білу.
2. Әрі әріптің элемент ерекшеліктеріне назар аудару ( шиек, дөңгелек, жарты доға )
3. Әріптің жазылу ерекшеліктеріне назар аудару.
4. Дұрыс жазылған немесе дұрыс емес жазылған әріәпті ажырата білу, оның себебін айта білу керек: Әріптің формасымен дұрыс жұмыс істеуге мысал келтірейік.Балалар дәптердің керекті жерін ашады. Оларға щ әріпін қайта қарауды тапсырады. Соның негізінде, щ әріпінде негізгі 4 элементті табуға болады: үш, төртінші шиекше болып табылады.
Бұл элемент бағыты бірдей, түзу штрихпен жазылу керек.Әріпте қанша қосатын элемент бар екені анықталады.Бұл әріптің қосатын штрихы негізгі элементке қарағанда қатты көлбеулікпен жазылады. Ал, шиек санылатың элементтің шиекшесі төменге жолдан сәл жоғары болады.
Щ әріпті қай әріпке ұқсайтынын анықтайды. ( ш,ц )
Мұғалім тақтаға щ әріпті жаза отырып, оның ерекшелігін айтады. Осыдан кейін тағы екі әріпті жазады. Бұл әріптердің арақашықтығы бірдей. Балалар өз бетінше 3 – 5 әріп жазады. Мұғалім осы уақытта оқушылардың жазуын бақылайды. Оқушылардың жазуларынан кеткен қателерді көреді. Мұғалім тағы да тақтаға щ әріпін жазады, бірақ қателікпен жазады. Егер оқушылар тақтада қате жазылған әріпті көрсе, олар күледі немесе қатесін айтып, түсіндіреді. Мысалға, әріпте екі қате бар: элемент арасындағы қашықтық дұрыс емес немесе шиек дұрыс салынбаған. Мұғалім жетекшелігімен кеткен қатені түзету жолдарын айтылады. Осыдан кейін, дұрыс емес әріп өшіріліп, дұрыс жазылған әрі салынады. Оқушылардың тек тақтадан емес, өзінің жазуынан да кеткен қатені көргені дұрыс. Мәселен, мұғалім әріпті жазуға бергенде, оқушының кеткен қателерді не себептен кеткенін және оны қалай түзетуге болатынын сұрайды. Осыдан кейін тағы да әріпті жазады да, біршама дұрыс жазғанын көреміз. Кейбір оқушылар өзінен кеткен қатені көрмейді. Бұд жағдайда, оқушылар бір – бірінің қатесін тексереді.
Кейбір оқушылар әріптің жазылу жолын жеке көрсектсе ғана дұрыс жазады. Мұғалім оқушы дәптеріне жазып көрсетеді, ал оқушы сол бойынша жазады.Ал, біреулері оның қолын ұстап бағыттап отырғанда ғана жаза алады.
Оқушылар дұрыс бағытта қозғала отырып жазу үшін мұғалім түсіндіргеннен кейін оқушылар бірінші оның көзбен қаламсапты көзін жұмып ауада жазады.Осыдан кейін ғана олар жаза бастайды.
Мұғалім оқушының қатесін көркенде ерекше назар аудару керек және ортаға салғанда оқушылар атын айтпау керек. Ал,жақсы орындаған сыныптың алуында айтуға болады. Сауат ашу кезеңі ааяқталғаннан кейін, оқуңшылар кейбір әріптің таңбалануын ұмытып қалады. Сондықтан, көркем жазу сабағында таңбалануы қиын әріпті жазып, еске түсіріп көркем жазудың дағдысын қалыптастыру керек.[13./№11./]
Әріптің формасымен жұмыс жасағанда оның сөзде, сөйлемде жазылуы, байланысуына назар аудару керек.Бұл жұмыстың көркем жазу сабағында жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет