I. 2 Мәтіннің мазмұндық құрылымы мен түрлері
Көптеген ғалымдар мәтін композицисын (қүрылысын) үш бөлікке бөледі. Олар: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды деп Х.Арғынов мәтіннің кіріспе бөлімінде сөз етілейін деп отырған оқиғаның қашан болғаны, мүны тудыратын себептер айтылады. Негізгі бөлімінде сөз етіп отырған мәселе жөнінде түсінігін, фактілерді, іс-әрекеттерді баяндайды, ал қорытынды бөлімінде сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін, тілек-мақсатын өз пікірін білдіруі тиіс деп жүктелейді.
Мәтіннің негізгі белгілерін анықтауға ғалымдардың пікірлері түрліше. Егер ауызша және жазбаша сөйлеу формаларын мәтін деп қараса, көпшілігі тек жазбаша сөйлеуді мәтінге жатқызады. Алайда мәтіннің мүшеленуі, бөлшектенуі, мағыналық түтастық және қүрылымдық байланыс сияқты белгілерді барлық зерттеулер мақүлдайды.
13
Б.Шалабаев - оның тақырыбының болуы белгілі бір ойды хабарлауы тиянақты аяқталуы тақырыптың бірлікте тұруы, мәтін компоненттерінің жалпы бір ортақ пікірге бағынуы, логикалық жүйеде құрылуы, мәтін бөліктерінің, сөйлемнің байланыстылығы, оның стильдік бірлікте болуы деген пікір айтады. Біздің ойымызша - мәтіннің жоғары айтылған белгілеріне мына төменгі белгілерді қосуға боладыдеп есептейміз. Олар: мәтіннің жүйелі басталып, жүйелі аяқталуы, оны мәтін қүрайтын элементтер (сөйлем, қайрылым) арасында логикалық және грамматикалық байланыстар қамтамасыз етеді. Мәтіннің көлемдік қүрылымы - тіл қүралын пайдалана отырып, оның дара және универсаль мағынасының бейнеленуі, сол мағынаның қайталанбас өзіндік көрінісі. Б.Шалабаев - мәтіннің универсал мағынасына кеңістік пен уақытты жатқызады. Кеңістікті бейнелеу үшін мәтінде белгілі бір мекенді білдіретін не нүсқайтын атауыш сөздер тобы қолданылады. Олар: топонимдер, географиялық терминдер, этнонимдер, табиғаттың не үй жайдың белгілерін бейнелейтін сөздер, мекендік үстеулер, дилектизмдер экзотиканы білдіретін сөздер және кісі аттары.
Сөздікте бұлардың біреуі емес, тек кейбіреулері мекендік мағынаны білдірсе, мәтінде олардың мекендік көрсеткіштердің аясы кеңиді.
Шындыққа жүгінсек, тәжірибеде көрсеткендей орыс тілді орта сынып оқушылары төменгі сыныптардан ауызша баяндау, яғни сөйлеу тілін меңгермей келеді. Ауызша сөйлеу әңгімелеу дағдысы жетілмей, мәтінді әңгімелеп, баяндап бере алмайды. Мұның себебі орыс мектебіндегі қазақ тілі - әдістемесі орыс тілді оқушылардың
14
мәтшмен жұмыс жасауын, жеткіліксіз ескереді, керісшше оқушылар да қазақ тіліне мән бермейді, мәтінге үрке қарайды. Оқушылардың ауызша сөйлеу тілі мазмұнға бай және мәнерлі, көркем болуы үшін мәтін арқылы жаттықтыруды енгізу қажет. Бұл орайда мәтін арқылы жаттықтыру - тартымды тәрбие. Себебі, қазақ тілін орыс тілді оқушыларға оқытып, үйретуде мәтіннің алатын орны, атқаратын қызметі үшан-теңіз, жалпы ауызша сөйлеу, тілді дамыту төменгі сыныптан басталады дедік. Ал басқыш жоғарылған сайын бұл мәселелер күрделене түсуге тиісті. Сондықтан сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырып, жаттығулар жүйесінде дамытып, тілдің негізін қалыптастыру үшін мына төмендегі жағдайларды қарастырдық:
Мәтннің негізгі мәнін, мазмұнын түсіну
Мәтінге тақырып беру
Мәтінді баяндай білу
Жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу.
Уақыт та материяның өмір сүру формасы болғандықтан, ол көркем мәтіннің негізгі мағынасының бірі болып табылады. Шығарма мазмұнның белгілі бір шынайы уақытқа қатынасы ерекше тілдік қүралдар арқылы көрініс табады. Ең алдымен оларға уақытты білдіретін сөздер тобы жатады (жыл, ай, күн т.б.). Оларға жататындар: тарихи тұлғалардың аттары, тарихи болмыс, қызмет, адамның әлеуметтік жағдайларының атаулары, мекен-үйым, қоғамының т.б. аттары. Шығармада суреттелетін немесе аталып қана өтетін тарихи оқиғаларды да уақыт көрсеткіштері болып табылады.
15
Мәтінде бейнеленетін уақыт 3 түрлі: өткен шақтық, осы шақтық, келер шақтық болып келеді. Бұлардың әрқайсысының да жеке-жеке тұрғыда көркем шығарманы баяндау жоспардың негізін қарауы мүмкін. Мәселеде сөз болатын оқиға, іс-әрекет баяндау кезеңіне сай келу не оның алдында өтуі де, немесе кейін өтуі де мүмкін.
Немесе нақтылы шығарманы бейнелейтін уақыт түрлерінің бірігіп жымдасуының көптеген варианттарын кездестіреміз.
Мәтіннің қүрылымдық тұлға бірліктеріне сөйлем, күрделі синтаксистік түтастық, қайырым жатады. Олардың арасындағы байланыстар логикалық, грамматикалық және себеп-салдарлық жүйе арқылы іске асады. Онсыз түтастық белгісі қамтамасыз етілмейді. Мыс: «Қырағы бала».
Кешкі уақыт. Күн батып бара жатқан кез. Аспан бұлтсыз, ашық. Таң алдында жауған қар, үрлетіп боратпаған соң, әлі сол үлпа күйінде көбіктеніп жатыр. Оның беті сәуле түскен шынындай жылтылдап көз үялатады. Алыстан қар жамылған тау да мүнартып, бұлдырап көрінеді. Ертеңгі әбден дайындалғаннан кейін, осындай әдемі, ашық кеште сырғанақ тебуді өте үнататын Самат бір кісілік шанасын сүйретіп, үй сыртындағы үйілген биік қарға сырғанақ тебу үшін әдемілеп шыққан еді.
Шана үстінде отырып, танымаған аңға күдіктене қарай қалған Самат одан көзін тайдырар емес. Жан-жағына жалтақтай, аяғын еппен басып, қардан басы ғана көрінетін сояу шөптердің арасынан кетіп бара жатқан аңнан көз жазып қалам ба дегендей, шүқшия түседі.
Бұл мәтінде тақырыбына орай баланың қырағылығы туралы
ақпарат беру үшін мәтін қайырымдарға бөлінген. Ол қайырымдағы
іб
сөйлемдер баланың бір қасиетін анықтау үшін бір-бірімен байланысқан.
Мәселен, бірінші қайырымда кіріспе, яғни оқиғаның уақыты мен орны сипатталған. 2-і қайырымда баланың тынығу, ойнау әрекетін жүргізетін орны мен уақыты хабарланады. 3-і қайырымда аңғарғыштық, байқампаздық қасиетін хабарлайды.
Нәтижеде баланың бір кеште болған әрекеті арқылы оған қорытынды баға беріледі. Демек, көлемді мәтіндер ең алдымен шағын мәтін, көлемдік мәтін, (микромәтін, макромәтін) болып бөлінеді. Ал көлемді мәтін тармаққа, тақырыпқа, ал олар қайырымға жіктеледі. Сонымен мәтін дегеніміз - сөйлеудің нәтижесі, яғни қарым-қатынастың мақсаты, түрі, стиліне қарай түрленеді.
Мәтін бірнеше сөйлемдерден тұрады. Егер 1 сөйлем қүрмлас сөйлем болып, өте жайлыңқы болса да, оны біз мәтін деп айта алмаймыз. Мүнда тиянақты ой болғанымен ол мәтін бола алмайды, бар болғаны - сөйлем. Алш бұл сөйлем синтаксистің қүрмалас сөйлем заңдылықтығы бойынша үйлескен, яғни мәтіннің заңдылығынан өзге. Бұл қүрмалас сөйлемді жеке, тиянақты сөйлемге бөлшектеуге болмайды.
Мәтіндегі сөйлемдер де байланыс заңдылығын сатап бір-бірімен ажыратылып бөлшектеуге келмейді. Осыған орай, мәтін кемінде екі, немесе бірнеше сөйлемдерден тұрады деуге болады. Сондай-ақ көлемді мәтін бірнеше сөйлемнен түратын қайырым өзімнің бастауы - тақырыптық сөйлем және қайырымдық фраза болып табылады. Сонымен бірге мағына мен формасы жағынан тізбектеле байланысқан сөйлемнің сөйлемде аяқталған интонация мен үзақ
17
үзіліс арқылы беріледі. Кез-келген мәтін әдетте бірнеше сөйлемдерден тұратын жеке-жеке маңызды бөліктерге бөлген. Осындай әр бөліктер жаңа жолдан басталады, яғни жолдың басқа жағында оңға қарай бос орын қалдырылады. Бұл қайырым деп аталады.
Қайырым - мәтінде композициялық және қарым-қатынасты түсіну үшін мәтінді бірлік ретінде түсінуден бастаймыз. Яғни, бір шығармада белгілі бір хабарлаудың, ой-пікірді жеткізудің мазмұнды формасы бар бөлшегі болып табылады.
Пікір айту негізінен үш басқыштан тұрады:
нақтылау
дәлелдеу
қорытынды жасау
Нақтылау дәлелдеудің алдындағы кіріспесі іспеттес. Сондықтан нақтылау хабарлау немесе сипаттау түрінде айтылады. Ал дәлелдеу - пікірдің ең негізгі түйіні. Дәлелдеу үшін материал жеткілікті болып, барынша жүйелі, дұрыс баяндалуы тиіс. Қорытынды бөлімде ең негізгі пікірді жинақтап бере білу керек.Кейде дәлелдеу өте анық, түсінікті болатын жағдайда қорытындының қажеті болмауы да мүмкін. Пікірлеу мәтіні деп - бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында мысалдар, салыстырулар, ойлар келтіру арқылығына ой қорытындысын жасауға арналған түрі. Пікір айту мәтіннің қиын формасы, сондықтан пікір шығармалар бастауыш сынып бағдарламаларында қаралған. Қарапайым пікірлеу мәтіннің жүйесі мынандай, тезис, тезистің дамуы, қорытынды жасау. Міне осындай жүйеде жоғарғы сыныптарда әдебиеттік шығармалар, ғылыми мақалалар жазылады.
18
Ең алғаш болжам айтылады, проблеманың зерттелу барысы баяндалады, соңынан болжам тәжірибесі де дәлелденеді ме, жоқ па сол туралы ой қорытындысы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |