Диплом жұмысы тақырыбы: «Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту әдістемесі»



бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі386 Kb.
#124495
түріДиплом
1   2   3   4   5

Қорытынды

Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік- әкономикалық


даму үрдісі мектепке өскелең үрпақты интеллектуалдық, білімдік,
жек тұлғалық қабілеттерін барынша терең де жан-жақты дамытып,
шығармашыл ойлай алатын болуын талап етуде. Осы талапты
орындауда қазіргі кезеңде орта білім беретін мектептердің
әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс- тәсілдер көптеп
оқыту процесіне енуде. Мұның өзі оқушыларға деген көзқарасты
түбегейлі өзгертті. Қазір оқыту процесінде мұғалім мен оқушы
арасындағы іс-әрекеттер репродуктивті әдіспен ғана шектеліп, «
таратқыш-қабылдағыш » тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушы
арасынлағы қарым-қатынас «тұлға-тұлға » күйінде өзара сыйласым-
дылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек
дәлелденген, қатып қалған білімдерді ғана игермей, өзіндік мақсатты
іс-әрекеттер жасай алатын, өз ой-пікірін айтып, оны дәлелдей алатын
болуы қажет. Қандай да болмасын оқыту процесі оқушыға арналған.
Демек оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің,
меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқандығына қарай оқыту
үрдісінің нәтижелігі шығады.Бұл мәселе турасында қазақ тілін оқыту
әдістемесінің негізін қалаған Ы.Алтынсариннің пайымдауы бүгінге
дейін өз қүнын жоймаған: « Мұғалімнің жұмысы — балалар. Егер
балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы олардың көкейіне
қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен
сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек,
әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз
сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек » Бұл жерде оқушының
білім деңгейі мұғалімнің жылы дүсінікті сөзімен қатар оның
педагогикалық заңдылықтар мен ережелерді, оқыту әдістерін
қаншалықты білгеніне де байланысты. Сондықтан да болар соңғы
кездері қазақ тілін жаңа технологиялармен ( деңгейлеп,

саралап оқыту технологиясы, оқушыларды ізгілендіре оқыту технологиясы т.б.) оқытудың әдіс-тәсілдері ( инновациялық әдіс, қатысым әдісі т.б.) арқылы оқыту жұмыстары зор қарқынмен жүруде. Мұның барлығы оқушының қазақ тілінде жатық, таза сөйлеу қабІлеттері мен білімін тереңдетуге, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде өркендетуге арналған. Сондықтан « Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде бекіту — қазақ тілін жан-жақты жұмсай алу үшін күрес»- деген академик Р.Сыздықованың тұжырымын іс жүзіне асырып, қазақ тілін оқыту мәселесін заман талабына сай үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру қажет.

Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты үйымдастыру жолдарын білуімен тікелей байланысты. Күнделікті бір


сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын кемітіп, оның білімді игеру қабілеттерін төмендетеді.Сондықтан да әрбір сабақта оқушыларды қызықтыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет. Оқытушы бастауыш сынып оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, оқу мотивтерін туғызуда кеңінен пайдалануы керек. Әрбір сабақта оқу мазмұнын жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып кіріктіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл — сан есімді оқыту арқылы оқушыларға сапалы білім,саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты.

Қорыта айтқанда бастауыш мектепте сан есімді оқыту әдістемесінің тиімділігін атай отырып, төмендегідей қорытынды шығаруға болады:

1) Сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы меңгертуде
оқушылардың тереңдейді;

2) Сан есімді оқыту тапсырмаларын қолдану арқылы


бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға болады;

  1. Оқушылардың сан есімді оқыту тапсырмалары арқылы тіл
    мәдениетін, сөздік қорын жетілдіруге болады;

  2. Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында сан есімді оқыту
    тапсырмаларын қолданудың педагогикалық, психологиялық
    негіздерін айқындау тапсырмаларды жан-жақты сапалы пайдалануға
    әсер етді;



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақ тілінің грамматикасы, II том, Синтаксис, «Ғылым», 1967,
48-6.

  1. Қазақ тілінің грамматикасы, «Ғылым» баспасы, II том,
    Синтаксис, Алматы, 1967, 18-6.

  2. Нұрмаханова Ә. Қазіргі қазақ тілі. 1982,133-6.

  3. Балақаев М, Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1977,
    81-6.

  4. Асылов ¥. Даналардан шыққан сөз. - Алматы: «Мектеп», 1978
    ж 356 бет.

  5. Асылов Ү, М.Қ.Сұлтанғазина. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -
    Алматы: «Атамұра», 2000 ж 42 бет.

  6. Асыл сөз. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы - Алматы:
    «Жалын», 1987 ж 24-34 бет.

  7. Әлімжанов Д. Қазақ тілінде морфологияны оқыту
    методикасының кейбір мәселелері - Алматы: 1972ж 59 бет.

  8. Әуелбеков Ш, Қонақбекова Қазақ тілінен дидактикалық
    материалдар. 2-сыныпқа арналған - Алматы: «Мектеп», 1984ж .

10. Балақаев М.Қазақ тілі 2-сынып (оқулық) - Алматы: «Мектеп»,1990

11. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқьіту методикасы. - Алматы:Мектеп», 1997 ж 42 бет.

12. Бастауыш мектеп 1997. №16, 17, 18, 19 бет.

ІЗ. Бәкірова «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нүсқау -Алматы: 1987 ж 48 бет.

14 .Балақаев М, Әмірова Р. Қазақ тілі 3-сынып (оқулық) - Алматы:«Мектеп», 1990 ж 57 бет.

15.Бектаев К, Молдабеков К. Бастауыш сынып оқулықтары тесініңсөздігі Шымкент обл. Баспаха 1990 ж.

16.Балақаев М.Б, Жұмабаев Ә.Е Қазақ тілі - Алматы: «Атамұра»,1978 ж 356 бет.

17 М.Жұмабаев Педагогика. - Алматы, Ана тілі. 1992 -135-12 б.



  1. Байтұрсьшов А. Тіл тағылымы. - Алматы, Ана тілі 1992 -
    446

  2. Сембаев Қазақ совет мектебінің тарихы.

  3. Жиенбаев С. Бастауыш мектепте кітап оықту методикасы.
    -Алматы, 1939-65.

  4. Волков И.П. Творчествоға баулимыз. Педагогикалық
    ізденіс. - Алматы, 1990 - 105-534 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет