ІІ – тарау. Демографиялық қайта жаңғыру (1960-2000)
-
Демографиялық дүмпу кезеңі.
Демографиялық дүмпу бүкіл ғаламдық (глобальді) үрдіс (компенсациялық эффект немесе олқылық толтыру мұқтажы) ретінде біздің қазақ жұртына Ұлы Отан соғысы аяқтала салысымен біршама ерте келіп, ұзақ құрғақшылықтан кейін насерлеп жауған жаңбыр іспеттес, тұл болып қалған халқымызға қайтадан құт- береке алып келді. Алайда оның күш-қуаты 25 жыл бойы өткен олқылықтарды толтыруға бағытталды(осы кезеңде апатқа ұшырамаған көреніОрта Азия халықтары өз санын екі еседен астам өсіріп үлгірді)жоғарыдаайтқанымыздай, қазақтың бұрыңғы ең көп саны қайта жаңғырудың қаншалықты қуатты болғанына қарамастан 21 жылда, ал Қазақстанның өз ішінде 31 жылда ғана әрең толды. Демографиялық дүшпудің біртіндеп күшейе келе шарықтау шағы 1960 жылға сәйкес келсе, ал 1970 жылдан бастап біршама саябырлай бастады. Осы кезеңнен демографиялық дүмпудің алғашқы қарқыны біртіндеп саябырлай, екінші кезең-оның қайта жаңғыруы басталды. Олай дейтініміз, 1946-60жылдар аралығында халқымыздың өсу қарқыны 1,5-2,0 – тен 4 пайызға дейін үдей түссе, 1960жылдан 1988 жылға дейін 28 жыл бойы бір деңгейде сақталып қалған (1) Ол екінші жаңғыру әсерімен қалыптасқан жағдай. Алғашқыда туу деңгейінің күрт төмендеулерін 70 жылдары туған балалардың абсолюттік жалпы саны біршама азайғанымен, кейінгі 80-90 жылдары 20 жыл бойы бір деңгейде сақталып қалмақшы. 90 жылдардың екінші жартысынан бұл өсім қайтадан көтерле алады (2)
-
Талдыбаев Ж. Қазақ халқы санының демографиялық өзгеруі (1926-1939 ж.) Ақиқат 1997 №6 89б.
-
Абланова Э. Қазақстандағы қазақтарды миграциялық даму көрсеткіш Қазақ тарихы 1998 №4-5 18-22 б.
«Демографиялық қайта жаңғыру» деген 1970-2000 жылдардағы отыз жылдық кезең бізге құнды.
Бұл кезең тек ғасырлар ғана ауысып қоймай, жаңа мың жылдық басталатын ұлы күнтізбелік меже. Осы кезеңде, яғни 1990 жылдың ортасында әлемдегі барша қазақтың саны қасиетті жеті нөлі бар 10 000 000 адамға жетті. Бұл цифрлар қазақ халқы санының айторлықтай өсіп қалғанын білдіріп қана қоймай, санамызды да біршама көтеріп тастады, ұлттық ынтымақтығымызды торыдай болып шашырап кеткен халқымызға жаңаша сездірді. Санның санаға тікелей әсер ететінін бәріміз куәгер болғандаймыз.
1970ж. қарай Қазақстан халқының саны 13 млн. адамнан астам болып, 40 пайыз жуық өсті (1), олардың ішінде қазақ 4234 мың (32,6 пайыз) орыс 5522 мың (42,5 пайыз), украин 333 мың (7,2 пайыз), неміс 858 мың (6,6), татар 288 мың (2,2), өзбек 216 мың (1,7), беларус 198 мың (1,5),ұйғыр 121 мың (0,9), корей 81 мың (0,6), әзірбайжан 58 мың (0,4), басқа ұлттар 498 мың болды.
Бұдан Қазақстандағы ең саны көп этнос 1939, 1959, 1970 жж. Халық санаға арасында орыстар болып келді (2) 1939-1970 ж.ж арасында орыстар украиндар, белорустар (қосып санағанда) халықтың басым көпшілігі болып келді.
Осыған қарамай 1969-1970 ж.ж. қазақ халқының демографиялық дамуында бетбұрыс болды. Бұған бірсыпыра факторлар: салыстырмалы түрде табиғи өсімінің жоғарылығы, көші-қоныс экспансиясы қарқынының төмендеуі, келушілерден кетушілер санының артуы көмектесті.
Осының нәтижесінде қазақтардың жалпы санынның өсуімен бірге, республика халқының құрамында олардың үлес санының да үнемі өсу тенденциясы басталды. Оның үлес саны қазан төңкерісіне дейін-ақ үнемі кеміп келе жатқаны мәлім, ал 1897-1959 ж.ж 81,1 пайыз – 30 пайызға дейін төмендеді. Республикада қазақтардың жалпы саны 1959-1970 ж.ж 1446,9 мың адамға, яғни 51,9 пайызға көбейді. Сөйтіп ХХ ғ. 60 ж. қазақтардың біршама шапшақ табиғи өсіп, болашақта өзінің этностық территориясында неғурлым саны көп халық болуының негізгі қаланды (1)
-
Итоги Всесоюзной переписи населения 1970 г. Т. 4., 1973.
1970 ж. қарай негізгі этностардың урбанизациялану дәрежесіндегі алшақтықтар елеулі түрде азайды. Қазақтар мен орыстардың урбанизациялау дәрежесінде 1970 ж. екі еседен астам айырма болды, ал бұл айырмашылық 1926 ж. 10 есе болатын. Мұндай айырмашылықтың шұғыл азаюына республиканы индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, КСРО-дағы мәдени революция көмектесті. Орыстар, татарлар, корейлер, негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, кемістер, өзбектер, әзірбайжандар ауыл-селолық этностар болды.
Егер республиканы тұтас алғанда қала тұрғындарының үлес саны 1959-дан 1970 ж. дейін 6,5 дәрежеге өссе, орыстар (10,1 дәр), украиндар (13,4), корейлер (17,9), әзірбайжандар (13,1 дәрежеге) неғурлым шапшақ урбанизацияланды (2) Белорустар ғана бүрынғы урбанизациялану дәрежесін сақтап қалды, қалған этностар қала халқын қалыптастыруда соңында қалды.
1989 ж. қазақтардың урбанизациялану 38,4 пайыз кемістер 49,1, өзбектер 37,3 ұйғырлар 34,2 процентке жетті неғурлым урбанизацияланған ұлт орыстар (77,8) украиндар (65,3), татарлар (77,2), белорустар (61,6), корейлер (84,2) болды.
1979-1989 ж.ж бұрын аграрлық этностар болып келген қазақтардың (53,3), ұйғырлардың (52,8) өзбектердің (30) урбанизациялану дәрежесі неғурлым шапшақ өсті (1). Сөйтіп Қазақстан этностарының екі тобының әлеуметтік – экономикалық даму жөнінен шапшақ теңесу тенденциясы бар, дегенмен бұлардың арасындағы зор айырмашылық сақталып отыр. 1970-1989 ж.ж ауылдық жердегі қазақ халқының этностық топтасқандығы сақталып қана қоймай, ол күшейе түсті. Бұған ауылдық жердегі халықтың табиғи өсу дәрежесінің жоғарылығы, Қазақстанның Оңтүстік – батыс, Оңтүстік – шығыс шөл және шөлент аймақтарының ауа райы жағдайының КСРО – ның Еуропалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыздығы көмектесті.
-
Қазақстан тарихы. Очерктер А. 1994 461 б.
-
Төлекова М. Халық санақтары қалай жүргізілді? (1926-1939 ж.ж) Қазақ тарихы № 4 35-37 б.
Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталық ведомстволарының күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстанушылар біберіліп жатты.
1951-1970 ж.ж жалпы алғанда КСРО – ның басқа аудандарынан Қазақстанға көші-қоныс процесінің бәсендеуі байқалды. 1951 –1970 ж.ж ол 100 мың адамнан астам дәрежеден кетушілердің басымдылығына дейін өзгерді осымен бірге қазақтар басқа республикалардан, сол сияқты 1955-1959 ж.ж және 1962 ж. қитайдан кері көшіп келіп жатты.
1970-1990. ж.ж республикааралық көші – қон процесінде келушілерден артық болды. 1970 ж. Көшіп кетушілер 35 мыңнан 1988 ж. 95 мың адамға жетті. 1985-1988 ж.ж республика аралық айырмашылық Қазақстандағы саяси процестерді кейбір орыстардың өздері үшін қолайсыз деп санауы нәтижесінде олардың көшіп кетуінің кобеюінен болды. Қазақстанда 1983-1987 ж.ж халықаралық эмиграция санаулы ғана еді 1988 ж. Бастап КСРО – да эмиграцияға шек қою тоқтатыла бастады. 1988 ж. Бұл процесс өсе түсіп, ол 92,3 мың адамға жетті. Еврейлер, гректер болды (1)
1989 – 1990 ж.ж республикаралық теріс көші-қоныс 1989 ж. 46,8 мыңнан 1990 ж. 36,6 мыңға дейін азайды.
Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж.ж орыстар 53-55 пайыз, украиндар 9-12, немістер 6-8, қазақтар 6-9 пайыз, республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 пайыз украиндер 8, немістер 5, қазақтар 20 пайыз болды (2)
Сөйтіп 1990 ж. Республикааралық көші-қоныста орыстардың саны 17,7 мың, украиндер 4,1 мың адамға азайды, қазақтар 16,6 мың адамға көбейді: Қазақ этносының тарихи отанына жиналу процесі күшейді. 1989 ж. Бастап қазақтардың Өзбекистаннан (әсіресе Қарақалпақстаннан), Ресейден, Туркменистаннан көшіп келу процесі күшейді.
1991 жылдан бастап халықтың көші-қон процесінде жаңа құбылыс басталды.
-
Құдайбергенова А. Көші-қондық үрдістерді зерттеудің кейбір мәселелері Қазақ тарихы 2004 № 1 113-120 б.
-
Ысқақова К. Қазақстанның көпұлттылығы – Кеңестік ұлт саясатының нәтижесі қазақ тарихы 2000 № 5 56 б.
Ол Қазақстаннан қазақ емес халықтардың көшіп кетуінің азаюымен және Өзбекстаннан (оның ішінде Қарақалпақстан бар), Туркменистан мен Ресейден қазақтардың көшіп келуінің өсуімен сипатталады. 1991 ж. ТМД елдерінің Қазақстанға келушілер кетушілерден 10 мың адам артық болды, Қазақстанның Солтүстігі мен Шығысына бүкіл ТМД – дан орыстар жиналуда. 1991 ж. Монғолиядан қазақтар келе бастады – 12,5 мың адам келді, олар тұрақты орналаспақ. 1991-1992 ж.ж Монғолиядан 41 мың қазақ көшіп келді. Шығыс Еуропа елдерінің келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚКР – дан табыс табу үшін қытайлар келіп жатыр (1)
1991 ж. Біздің есебіміз бойынша этностық көші-қон алмасының нәтижесінде қазақтар 41,0 мың адамға көбейді, орыстар 24,0 мың адамға азайды. Қазақстанға орыстар тек Солтұстік облыстарға келуі мүмкін, оңтүстік, батыс облыстардан, сол сияқты Семей, Торғай, Жезқазған облыстарынан орыс тілді халықтың көшіп кетуі байқалады (2)
1926-1979 ж.ж аралығындағы демографиялық процестер ағыны жалпы тенденциясы алдымен демографиялық процестер сипатының теңесі бастағанын және бір кездегі әр бағыттағы тенденциялардың бір сипаттығы айнала бастағанын көрсетеді. Орыс, Украин, Белорус халықтары 20 жылдардың ортасынан бастап, бала тууды азайту практикасын қалада ғанаемес, селода да тарата бастады. Бұларда ол процесс бірінші және екінші бесжылдық кезінде, әсіресе басқа республикадан келгендер арасында күшті болды.
Нақ осы жылдары халықтың көшіп-қонды шұғыл көбейді селодан қалаға, қаладан қалаға, орталық облыстардан Сібірге Азияға, Қиыр Шығысқа ауысып жатты.
Халықтың көші-қонысының көбеюі, әйелдердің қоғамдық еңбекке көбірек тартылуы, халықтың урбанизациялануы, әлеуметтік – экономикалық тұрмыстың шапшаң өзгеруі-міне осының бәрі бала тууды азайтуға әсер етті. 1939 жылдан 1955 ж.
-
Тәтімов М. Қазақ әлемі А. 1994 221 б.
-
Асылбеков М. Козина В.В «Қазақстандағы бүгінгі демографиялық жағдай. Ақиқат 1998 № 2 36 б.»
Дейін баланы алдырып тастауға тиым салынғанына қарамай, бұл процесс жүре берді. Бұл шара уақытша бала тууды өсіргенімен күткендей нәтиже бермеді. Мұнан кейінгі жылдары 1959 ж. Қазақстанда халықтың негізгі көпшілігі болып табылатын орыс, украин, белорусс халықтарының арасында бала туудың азаюы күшейе түсті. Бала туудың төмендеуі этнос дамуының әлеуметтік – экономикалық, сотылық, демографиялық заңдылықтарын белгілейтін факторларға байланысты болды.
1979-1989 ж.ж этнографиялық құрамның ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж.ж халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 пайыз болды. Оның бер жағында Қазақстанда қазақтардың өсуі 23,5 пайыз, орыстар 3,9 пайыз, немістер 6,4, татарлар 4,6 өзбектер 26,1, белорустар 0,6, ұйғырлар 25,3, корейлер 12,3 – ке өсті. Жанұядағы бала саны қазақтарда үнемі төмендеп келеді (1) 1972 ж. 501 болса 1978 ж. 4,85, 1985ж. 4,27 қазақ әйелінің бала тууы 1979 ж. 5,787 болса, 1989 ж. 3,584, бұл 1979 ж. Дәреженің 61,9 Қазақстанда қазақтардың табиғи өсуі 1962 ж. 110 мың адам.
1964 ж. 111 мың болған (43), 1970 ж. 107,7 мың (48,1), 1972 ж. 114 мың (49,0), 1979 ж. 125 мың (52,1), 1989 ж. 162 мың адам (63,5) болған (1).
Қазақтардың арасында бала өнімі едәуір жоғары, адам өмірінің орташа ұзақтығы орыстарға қарағанда төмен. Осымен бірге Қазақстандағы орыстардың, Украиндардың , немістердің жас құрамы салыстыра қарағанда кәрі, қазақтарға қарағанда туу көрсеткіші төмен, өнімнің жалпы коэффициенті жоғары, табиғи өсімі төмен. Бұл процесс он тоғыз облыстың он бірінде этнодемографиялық басым көрініс. 1980 ж. Бастап қазақтардың Қазақстанның Оңтүстігінен солтүстігіне, сол сияқты батысынан солтүстігіне аусуы байқама бастады. Осымен бірге қазақтардың бір бөлігінің Ресейден, орта Азиядан, Монголиядан және басқа елдерден Қазақстанға қайтып келе беретіні ақиқат.
1. Бекужанова Т. Халықтың көші-қон және демографияның құрамын ізденіс 1998 № 6 171 б.
2. Ізбанов М. Сан сапаға айналмай қоймайды (Демография мәселесі) Егемен Қақстан 2003 ж. 6 мамыр 3 б.
-
Қазақ халқының урбанизациялық дамуы
Қазақ халқының дүние жүзі бойынша урбанизациялық дамудың алдыңғы қатарына әлі де болса шыға алмай жатқаны анық. Алайда, бүкіл Жер шарын түгел қамтып жатқан осы ауқымды құбылыстың белді ортасына өлшем тұрғысынан келсек, күні кеше кошпелі өмір кешкен халықтың әлі де болса ауылдық өмір салтымен жан жақты дами түскені қажет.
Өзіміздің қалаға шоғырлану көрсеткішімізге назар аударсақ, қала тұрғындарының үлес салмағы бүкіл қазақ халқы санында соңғы 92 жылда мына төмендегідей жедел қарқымен артқан көрінеді: 1897 ж. – 1, 1926 ж. – 2, 1939 ж. – 16, 1959 ж. – 24, 1970 ж. – 27, 1979 ж. – 31, ал 1989 ж. – 40 пайыз. Қаладағы қазақтардың саны 1897-1989 жылдар аралығында 40 мыңнан – 3 млн 280 мыңға дейін, яғни 82 есе көбейген (1) Ол әсіресе, дәстүрлі қазақ ауылы ұжымдастыру мен ұлттық жұмысшы тобын жасанды түрде құрмақшы болған индустриализация кезеңінде (1930-35 жылдары) «Аш ауылдан – тоқ қалаға» қаратабан босқыншылық нәтижесінде, яғни «қияметті қызыл қырғынның қолымен» қалаға қуып тығудың осы аз жылы ішінде ғана 6 есе өскен «Қалалықтарымыз осылай ерен өскенде, «далалықтарымыз» керісінше осы жылдары 2,5 есе күрт кемігені де ақиқат (2) Бұл голощекингдік геноцид салдарынан демографиялық дамуымыздың зордапты деформацияға ұшырағанын білдіреді. Қаласымақ «Казгородоктордың» көбейіп кеткені де осы тус». Сол жылдары жүзге жуық осындай жасанды қалашықтар пайда болып, олар нағыз өлім мен қырғын ордасына айналған.
Бұл құбылыс енді бұрыңғы әкімшілік-әміршілік науқан қызу кезеңдегідей жасанды түрде болмаса да, соңғы ауыл шаруашылығының тоқырау кезеңінде де біршама үдей түскені байқалады. Мәселен 1979-89 жылдары республика бойынша қаладағы қазақ тұрғындарының саны 53,3 процентке өссе, селода тек 10,2 процентке ғана көбейген. Жалпы алғанда соңғы 30 жылдың ішінде (1959-89 жылдар) қаладағы қазақтар саны 4 есеге жуық (селода 2 есе ғана) өскен (1)
-
Асылбеков М. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық актуалы. Қазақ тарихы 2001 №5 39 б.
-
М. Тәтімов. Қазақ әлемі 1993 108 б.
Бұл қарқын енді бәсеңдей қоймас деген болжамдамыз. Бұған бір жағынан қуанамыз, екінші жағынан қатты алаңдаймыз өйткені, миграция тек біржақты жүріп жатыр. Ауылдағы тұрмыс дәреженің төмендігінен жастар арасында қалаға кетушілік кеңінен тараған. Олар қалаға да тиянақты орналаса алмай, әлеуметтік – экономикалық тығырықтарға жолығып, демографиялық мінез- құлқымызбен бірге өсіп-өнуімізге де кері әсерін тигізуде. Жастарымыздың ертерек отбасы болып, бала тәрбиелеуі барған сайын қиындар барады.Ол бір жағынан, ауылды миграциялық эрозияға ұшыратса, екінші жағынан урбанизациялық үрдісімізді біршама қиындата түсуде.
Қазіргі демографиялық даму сатымыз, халқымыздың жас құрылымы әлі балаң болғандықтан, қалаларға шоғырлануымыздың күңгірт көріністері болғанымен оның тиімді әсері де жоқ емес, Қазақ халқының орташа арифметикалық жасы небәрі 23-2 те, яғни нағыз миграциялық жылжуға деген бейім кезеңінде тур.
Соңғы кезде Қазақстан жоғарғы Кеңесі ауылды селолы мекендерге қолайлы жағдай жасауды көздеп. Оларға жер, мал бөліп беру, әлеуметтік көмек жасау үшін игілікті Заңдар қабылдады.
Бұл- қазақ халқын ауылда тұрақтандыру, оның дәулетін арттыру жолындағы сенімді қадам. Ауыл шаруашылығы өз мәнінде дамыған кезде ғана, қала да, далада да жақсы өмір сүрмек.
Соңғы жылдары халқымызға тән демографиялық дүмпу бәсеңдеп, салбырлағаны анық. Демографиялық дүмпу шарықтап тұрған кезеңде, яғни оның шыңындағы 1950-65 жылдары орташа жылдық өсім 4 процентке жақындаған. Ал енді қазір оның орнына урбанизациялық үрдіс басталғанын біз зерттеуші ретінде анық байқап отырмыз. Оның қарқыны 60 жылдарда үдей түсіп, соның нәтижесінде урбанизациялық үрдестің жылдық жылдамдылығы 6 проценттен артқан (1) әрине ол миграция есебінен болып отырғаны сөзсіз. Миграциялық ағымдар жылдам жүріп жатқан кезеңде халықтар арасында өзара тайталас тумас үшін, көшіп келуді реттейтін заң арқылы Қазақстан (жылына 20-25 мың адам келуде) тез арада тоқтатпасқа болмайды. Оны реттемеген жағдайда әр ұлтты миграциялық ағымдар өзара соқтығысып қалуы мүмкін.
-
Тәтімов М. Дербес елдігіміз – демографияда Ақиқат 1999 № 11-12 17 б.
Дәл сондай жағдай жаңа өзенде болған. Онда Түркменистн мен Қарақалпақстаннан келген репатрианттар Дағыстандық мигранттармен қақтығысқа ұшыраған.
Алдағы 2000 жылдың басында-ақ еліміз бойынша қазақтардың шамамен 45-47 проценті қалаларда тұрмақ. Осы кезеңде қазақтың қала жұрты 4,5-5,0 миллион адамға жетеді деп әбден күтуге болады. Бұл тек миграция нәтижесінде ғана емес, қаладағы табиғи өсім мен кейбір ірі селолық елді мекендердің қалаға айналуына да байланысты болмақ.
Сөйтіп, тек 2005-2008 жылдары қазақ халқының тең жартысы қалада шоғырланатын болады да, осы қарқындағы демографиялық дамуымызда ұлттық урбанизация негізгі құбылысқа айналады.
Дәл бүгінгі таңда Қазақстанда оның бойырғы халқы ауыл тұрғындарының 60 пайыздан құраса, ал қалаларда барлық жүртшылықтың тек 30 процентін ғана құрайды. Қалалардағы тілдік ортаның екі есе селдір болуынан ондағы өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың өзінің ана тілін жетік меңгермеуі бізді қатты алаңдататды. Қаладағы үлес салмағымыз оның тұрғындарының 50 процентіне демографиялық болжам бойынша тек 2025 жылдары ғана жетпек. Осының өзінен-ақ Қазақстанның қалаларында қазақ тілінің нағыз шынайы мемлекеттік мәртебеге көтерілуіне ұзаққасозылған қатал сын тосып тур деп ашық айтуға тиіспіз.
Болжам бойынша қаладағы проценттік үлес салмағымыздың жоғарылауы өткендегі кезеңмен салыстырғанда болашақта жедел қарқынмен көтерілмекші қалалардағы қазақ тұрғындарының үлесі 30-дан 40 процентке дейін көтерілуге отыз жыл керек болса (1959-89 ж.), ал болашақта бұл деңгейді он бес жылда жүріп өтеміз (1995-2009 ж.) деп күтудеміз. Елу қаланың тек онында ғана қазақтар сан жағынан орыстардан басым екенін байқаймыз. Сол сияқты Қазақстанның аталған 50 қалаларының 27-інде, яғни жартысынан артығында қазақ тұрғындары орыс емес басқа ұлт тұрғындарының барлық жиынтық санынан асып отыр (3 кесте)
1. Асылбеков М, Құдайбергенова А. Қазақстан тарихи демографиясының өзекті мәселелерін жаңаша концептуалдық пайымдау. Отан тарихи 2003 № 3 26 бет.
Солай болғанның өзінде де урбанизациялық үрдістер жаңа басталғандықтан, қазақтардың сан жағынан басым болып, «Бұл нағыз қазақтың қаласы»- дегізгенге дейін қилы кезеңдер жатыр.
Республикамыздың басты он ұлтының қала турғындары үлесі 1989 жылы төмендегідей болып сараланды: кәрістер – 87, орыстар – 78, татарлар – 77, украиндар – 65, белорустар – 61, немістер – 49, әзірбайжандар – 44, қазақтар – 40, өзбектер – 37, ұйғырлар – 35 (1) Кейбір ұлттар қалаға тым көп шоғырланып үлгірсе, ал бірқатары әлі де селодан шыға алмай жатыр. Әзірбайжан, қазақ, өзбек, ұйғырларға қарағанда кәріс, орыс татар, украин өкілдері қалаға екі есе көп топтасып үлгірген.
1989 жылғы санақта көрсетілген Қазақстанның қала тұрғындарын ұлт жағынан процентке шыққанда мынадай құрамда болды:
орыстар – 51,3; қазақтар – 26,7 ; украиндар – 6,2; немістер – 5,0; татарлар – 2,7; өзбектер – 1,3; белорустар – 1,2; кәрістер – 0,9 ; ұйғырлар – 0,7;әзірбайжандар – 0,4. Қазақтар қалада орыстардан екі есе аз, оның есесіне ауылдық жерлерде үш есе көп қоныстанған (2) Демек, демографиялық өсуіміздің кәусар көзі ауылда. Бүкіл республика көлемінде қазақтар сан жағынан табиғи өсім мен миграциялық ағым нәтижесінде орыстардан жыл сайын соңғы кезеңдерде 140-150 мың адамға біртіндеп артып келе жатыр. Бұл өзгеріс дами келіп, Қазақстанның қазіргі этнодемографиялық жағдайын болашақта қазақтардың мүддесіне қарай түбірлі өзгерте алады. Аталған 50 қаланың 26-сында бұл үрдістің біртіндеп белең алғаны да байқалады. Ондай қалалардың қатары жуық арада өсе түспек және дәл бүгінгі таңда ол қалалардың саны 30-дан асып отыр.
Қалада түратын жастардың 60 процентін қазақ жастары құраса, қаладағы дүниеге келетін барлық сәбилердің 45 проценті қазақ бүлдіршіндері.
1. Экономика, политика, общество А. 1997 1-том С – 560
-
Асылбеков М. Қалық елдің қатарына қосылсақ. Егемен Қазақстан 2001ж. 6 қараша.
Жас ұрпақтың осу арқылы қаладағы қазақ тұрғындарының саны да орта түседі. Алматы қаласының Алатау ауданында туратын Қазақтардың үлесі 30процент, оның 50 процентін балалар, 40 процентін жастар, 10 процентін егде адамдар құрайды.
Республиканың ең ірі деген 50 қалалары бойынша жоғарыда келтірілген кесте ондар, қазақ тұрғындарының жалпы саны бойынша жасалды. Кестеден қазағы ең көп Алматы екен, белгілі .
Процентіміз өндірісті қалаларда әлі төмен болғанымен (Теміртау, Лениногорск, Рудный, Степногорск, т.б.) ал өндірісі дамыған кішігірім қалаларда жоғары (Арал, Қазалы, Аягөз, Ембі т.б.) Бұл аталған қалалар республикалық маңызы болмағандықтан, жоғарыдағы кестеге еңбей қалған. Қазақстандағы барлық қалалардың саны 85-тен асады. Қазақтар негізінен өмір салты қалаға емес, селға ұқсастау - өндіріссіз кішігірім қалалар мен қала типіндегі поселкілерді мекендейді. Ал нағыз урбанизацияланған ірі өндірісті қалалар мен орталықтарда небәрі 25-30 проценті ғана тұрады. Сонда бұл 70-75 процентіміз қалалық емес, селолық өмір салтымен тұрып жатырмыз деген сөз. Өйткені кішігірім қалаларда қазақтар мал ұстап, диқаншылықпен айналысады, яғни селолық өмір салтын үстанады.
Орыстардың проценті, әсіресе, солтүстіктегі ірі қалаларда тіптен басым, өзге ұлттардың жалпы проценті кейбір қалаларда қазақтардан мүлде көп (Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, т.б.). Әйтсе де қалалардағы осыншама демографиялық «әлсіздігімізге» қарамастан, соңғы жылдарда барлық қала тұрғындары өсімінің 58 процентін қазақтар қамтамасыз еткен. Ал, республикадағы барлық халықтың өсімінің 65 проценті қазақтардың үлесінде. Демек, селода (өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, түрік сияқты шығыс халықтарынан басқа) европалық тұрғындар (орыстар, немістер, украиндар, белорустар) үлесі кеміген. Ондай кемушілік қалаларда әзірге байқалып отырған жоқ. Енді алдағы он жылдықта қала тұрғындарының ішінде алғашында немістер, украиндар,белорустар, кейінірек орыстардың өзі де кеми бастамақ. Бұл үрдес шағын қалалардан басталып, кейін ірі қалаларға да ауыспақшы.
Қазақстан қалаларының көбі тез өсуде. Оның қарқыны тек қаражал, Ленгір, Лениногорск, Серебрянск сияқты ескі кен өндірісі бар қалаларда қатты бәсеңдеген. Ал, Теміртау, Абай сияқты қалаларда тіптен, тұрғындар саны айтарлықтай кеміген. Ондайлардың қатары алда тағы өсе түспек. Өйткені ол қалалар өткендегі отаршылдықты еске түсіретін, тек шикізат өндіруге ғана бейімделген болатын. Республикамыз өзі шығарған шикізатты сол жердің өзінде ұқсатып, оны дайын күйінде сататын жағдайға жеткенде, бұл қалалар жаңа нарық жағдайында қайтадан құлпырып, гүлденіп өсіп шыға алады.
Санақ деректеріне көз жүгіртсек, Алматыдағы қазақ түрғындарының саны мына төмендегідей көлемде өсіп, жоғарылап отырған: 1897 ж. – 1,7мың (8,2), 1926 ж. – 3,0 мың (7,0), 1939ж. – 25,6 мың (11,0), 1959 ж. – 39,4 мың (8,8), 1970ж. – 80,0 мың (11,0), 1979 ж. – 148,0 мың (16,4) және 1989 ж – 252,1 мың (22,5). Сонда санымыз Алматыда 1897-1959 жылдары 23 есе өскеімен де, проценттік үлесіміз көп алға жылжи алмаған (1) қайта азамат және Отан соғысы кезінде келімсектердің көбеюінен күрт кеміп отырған. Оның тұрақты жоғарылауы соңғы 30 жылда ғана байқалады.
Анығын айтсақ, қалай болғанда да қазір қазақтардың қалаға шоғырлануы елеулі қорқынмен алға басуда. Тіптен, ол тым жеделдеп бара жатыр деуге болады. Бір жағынан, бұл үрдес стихиялы түрде жалғасуда. Қалай болғанда да, урбанизация үрдесі ұлттық мүддемізге сай болып шығып, ол халқымыздың әрі қарай сан жағынан өсіп-өніп, сапа жағынан жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп отырса ғана үлкен үміт артуға болады. Қазақ халқы әлемнің басқа да өркениетті халықтары сияқты қалада тұрып өзінің ұлттық дәстүрлерінен қол үзбей, оны жаңа жағдайда жалғастыра білеулері керек.
Тек қана өзінің терең тамырынан қол үзбей, дамыған халықтар ғана өркениеттің биігіне көтеріле алады. Ал өзінің терең тамырынан қол үзіп, өркениеттің бергі жылтырына ғана еліктеген халықтардың ғумыры ұзақ болған емес.
1. Ысқақова К. Қазақстанның көпұлтылығы – Кеңестік ұлт саясатының нәтижесі Қазақ тарихы 2000 №5 55 б.
-
Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайы.
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез – құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім бүтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің акуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор.
Тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ – ның толыққанды мүшесі Қазақстан үшін дүниенің төрт бұрышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек.
2000 жылдың 1 желтоқсанына еліміздің халық саны (есепті деректер бойынша) 14843,7 мың адам болды, саның ішінде 8284,1 мыңы (55,8)- қала және 6559,6 мыңы (44,2) село тұрғындары.
2000 жылдың қаңтар-қарашасында халықтың табиғи өсімі – 64,3 мың адам болды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңдегісінен 6,6 көп (1) Табиғи өсім шамасының артуы еліміздің 10 аймағында (Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан басқаларында) байқалды.
Республикада халықтың табиғи қозғалыс процесін бейнелейтін көрсеткіштердің жалпы деңгейі артуда.
2000 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда еліміздің барлық (Қарағанды, Қостанай, Қызылордадан басқа) облыстарында өсті.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан сияқты облыстарда бала туу деңгейі республикалық орташа деңгейден жоғары (1000 адамға – 17,3 22,8 нәресте).
1. Қазақстан және оның аймақтары № 1 – 2001 ж. 46 – б.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Сотүстік Қазақстан облыстарында халықтың өлу деңгейі жоғары (1000 адамға –11,8-12,6 өлім) Төрт облыста (Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан) өлгендер саны туылғандардан басым, яғни табиғи кему процесі жүріп жатыр.
Республикадағы барлық тіркелген өлім жағдайларының жартысына жуығы қан айналымы жүйесі ауруларының еншісінде, мұның өзінде Батыс Қазақстан. Өңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары мен Алматы қаласында осы себептерден өнім үлесі осы аймақтарда өлгендердің жалпы санынан 50 жоғары.
2000 жылдың қаңтар-қарашасында республикада 1 жасқа дейінгі 3,9 мың нәрістенің шетінегені тіркелді немесе бұл 1000 нәрестеге 19,5 жағдай (1999 жылғы қаңтар – қарашада – 4 мын немесе 1000 нәрестеге 20,2 шетінеу).
2000 жылдың есепті кезеңінде сәбилер өнімінің деңгейі өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда Алматы (1000 туылғанның 16-дан 13,9 на дейін), Ақмола (23,8 ден 16,8 ге дейін), Атырау (21,1 ден – 18,2 ге дейін), Батыс Қазақстан (20,7-ден-18,7 ге дейін), Қарағанды (20,5 тен 19-ға дейін), Маңғыстау (30,5 тен 25,8-ге дейін). Солтүстік Қазақстан (18,7 ден 16,4-ке дейін) облыстарында және Алматы (16,2-ден 15-ке дейін) Астана қалаларында (18,1 – ден 16,3 – ке дейін) кеміді.
Алайда сәбилердің шетінеуі Павлодар (1999 жылдың қаңтар – қарашасындағы 25-тен 2000 жылғы қаңтар – қарашада 25,8 – ге дейін), Жамбыл (21,4 тен 23,9 ға дейін), Қызылорда (22,5 тен 23,3 – ке дейін), Қостанай (20,8 – ден 22,1 – ге дейін) және Ақтөбе (18,5-тен 22-ге дейін) көбейгені атап айту керек. 1 жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеу себептерінің құрылымында аса жоғары (60-дан астам) бағалы салмақ тыныс алу органдары мен шарана кезінде пайда болатын патологиялық ауруларға түсіп түр. Ал 1-5жасар сәбилер көбінесі қабынудан шетінейді (осы жастағылардың жалпы санының 17,6).
2000 жылдың 11 айында елімізді тұтастай алғанда тіркелген неке – 83,8 мың, ажырусы 25,3 мың (немесе 1000 адамға 6,2 неке қиылып, 1,9 ажырасу), ал 1999 жылғы қаңтар – қарашада тиісінше 78,9 мың неке және 23,6 мың ажырасу немесе 1000 адамға 5,8 неке қиылып, 1,7 ажырасу орын алды.
2000 жылғы қаңтар-қарашада көшіп қонушылар саны – 347, 6 мың адам (1999 жылғы осы кезеңде – 346 мың болған). 1999 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда былтыр еліміздегі халықтың көшіп-қонуынан шеккен шығыны 2,2 қысқарып, 116,7 мың адам болды.
Мемлекетаралық көшіп-қону байланыстарының ішінде Қазақстан үшін ТМД елдерімен айырбастау аса қарқынды болды. 2000 жылдың 11 айында жалпы көшіп-кетушілердің 75 процент осы елдерге кетті. Сыртқы көшіп-қону бойынша жаппай кетушілік Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарында орын алды. Кетушілердің арасында орыстар (58,5) мен немістердің (18,5) сыбағалы салмағы ересен.
ТМД елдеріне кетушілердің жалпы санының 69,9 пайыз орыстар, ал ТМД-дан тыс елдерге кетушілердің 63,3 пайыз- немістер.
2000 жылдың қаңтар – қарашасында еліміздің шегінде олай-былай орын ауыстыру өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,9 мың адамға немесе 6,9 процент – қа көбейген. Мұның өзінде көшіп-қону қарқының көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда былтыр 114 болса, 1999 жылғы қаңтар-қарашада 106 еді. Облыс аралық алмасуда теріс көшіп-қону сальдосы республиканың көптеген облыстарында орын алды, аса көбі Алматы (-2,9 мың адам), Оңтүстік Қазақстан (-2,8 мың), Қостанай (-2,5 мың), Шығыс Қазақстан (2,4 мың) және Жамбыл (-2,2 мың) облыстарында байқалды. Облысаралық алмасуда оң және аса көп өсім бұрынғыша Алматы (9,7 мың) және Астана (6 мың) қалаларының еншісіне тиеді.
Соңғы халық санағының мәліметтеріне қарағанда, елдегі тұрғындар саны 1 миллион 246 мың адамға, 7,7 процентке азайған. 1989 жылы Қазақстандықтардың саны 16 миллион 199 мың адам болса, қазір 14 миллион 953 мың адамды құрайды. 2724,9 мың шаршы км. Жерді алыпжатқан Қазақстанның әрбір шаршы километріне 5,5 адамнан келеді. Бұл Қазақстанның әлемдегі халық аз қоныстанған елдер қатарында екендігін оңғартады. Тұрғындар санының күрт кемуі Қарағанды (335210 адамға немесе 19,1 пайыз) Шығыс Қазақстан (236201 адамға немесе 13,4 пайыз), Ақмола (228135 адамға немесе 21,5 пайыз), Қостанай (206115 адамға немесе 16,7 пайыз), Солтүстік Қазақстан (186085 адамға немесе 20,4 пайыз), Павлодар облыстарында (135330 адамға немесе 14,5 пайыз) анық байқалуда (1).
1 Численность и размещение население в Республике Казахстан Т.1. Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан – А. 2000 8-13 б.
Қазақстандықтар санының кемуі өлке тұрғындарының демографиялық құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Дәлірек айтқанда, орыс тілді тұрғындардың атамекеніне көшуінен және табиғи өсімінің төмен деңгейде болуынан туындауда.
Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56 пайызы қалаларды, 44 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Турғындардың урбанизациялану деңгейіне қарай Қарағанды (қала халқының үлес салмағы 82,2 пайыз), Маңғыстау (78,4 пайыз), Павлодар (63,4), Қызылорда (60,5) , Шығыс Қазақстан (58,8), Атырау (58,2), Ақтөбе (56,2) Қостанай (54,2) облыстары ерекшелінеді.
Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамында қазақтар мен орыстардың үлес салмағы басым Қазақтардың үлес салмағы жыл өткен сайын өсіп келе жатса, орыстардың саны 70 – жылдардың соңынан бері қарай кемуде. Қазақтар 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1488181 адамға көбейіп, қазір 7 миллион 985 мың 39 адамға жетіп отыр, яғни тұрғындардың 53,4 –ың құрайды. Бұл көрсеткіш 1998 жылы 40,1 пайыз болатын. Сонымен 1930 жылдардан соң, қазақтар өз Отанында алғаш рет сан жағынан көп ұлтқа айналды. Қазақтар санының көбеюі мен үлес салмағының артуы олардың табиғиөсімінің нәтижесі және елден қазақ мемес ұлттардың көшуіне байланысты. Сондай-ақ оған қазақтардың алыс (Қытай, Монғолия, Иран) және талу (Ресей, Өзбекстан, Түркменистан) шетелдерден елге оралуы да жер етуде. Орыстар 1969 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта 1582399 адамға кеміді.
Олардың қазіргі саны 4479620 адамды құрайды. Осылайша орыстардың елдегі үлес салмағы 37,4 процентен 30 пайызға түсті. Елдегі кейбір басқа этностардың да саны кемуде. Немістер-593414 адамға, Украиндар – 328637 адамға,татарлар – 71793 адамға, белорустар – 66011 адамға, Әзірбайжандар – 10656 адамға, кәрістер – 1074 адамға азайды. Ал, Қазақстандағы өзбек пен ұйғыр халқының саны мен үлес салмағы артуда. Өзбектер 39621 адамға, яғни 2,5 пайызға көбейіп, 370663 адамды; ұйғырлар 28839 адамға, яғни 1,4 пайызға көбейіп, 210365 адамды құрады.
Республикадағы ұлттарда жаныстық арасалмақ әркелкі. Ерлердің үлесі 1000 әйелге шаққанда қазақтарда 978, ұйғырларда 999, орыстарда 843, татарларда 842, украиндарда 872 адамнан келеді. Әзірбайжандар мен өзбектер арасында ер азаматтардың саны басым 1000 әйелге әзірбайжанның 1014 ер азаматы, өзбектің 1015 ер азаматы келеді. Ауылды жерлердегі қазақтар арасында ерлердің саны басымырақ. Орта есеппен онда 1000 әйелге 1020 ер келеді. Бұл Маңғыстаудан басқа облыстардың бәріне тән. 1000 әйелге Қызылорда облысында 1058, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысында – 1040, Шығыс Қазақстан облысында – 1029, Ақмола облысында – 1026, Жамбыл облысында – 1023, Ақтөбе облысында 1021 ер азаматтан келеді (1). Барлық облыстар бойынша қалалардағы әйелдер саны басым болып, жыныстық арасалмақтағы үйлесімсіздік тереңдей түсуде. Мәселен, 1989 жылы қалаларда ер адамдар тұрғындардың 47,5 пайызын құраса, 1999 жылы 46,7 деңгейіне түсті. 1989 жылы 1000 әйелге 907 ер адам келсе, 1999 жылы 879 ер адамнан келді.
Республика тұрғындарының жастық құрылымындатуудың төмендеуіне байланысты ересек адамдардың санының артып, қартаюы белең алуда. 1990 жылы 9 жасқа дейінгі балалар тұрғындардың 22 процентін құраса, 1999 жылы17,8 процент құрады. Жалпы 19 жасқа дейінгі жастардың үлес салмағы 41 проценттан 37,8 пайызға түсіп кетті. Керісінше 60 жастан асқандар 1990 жылы 9 процент болса, 1999 10,8 –пайызға көтеріледі.
Мұндай жағдай көбінесе орыс, украин және белорус халықтарына тән. 60 жастан асқандар орыстар арасында 17 процент, украиндар арасында 24,7 процент, белорустар арасында 23,8 процент. Қазақтар тұрғындар ішіндегі жас халық, орташа жасы – 25 себебі олардың басым көпшілігі – балалар мен жастар.
Халықтың өсіп-өнуіне тұрғындардыңжастық,жыныстық құрылымы тікелей әсер етеді. Тұрғындар неғурлым жас болса және жыныстар арасындағы үйлесімділік қолайлы болса, соғурлым өңіп-өсу қарқынды жүреді. Ал табиғи өсім-Қазақстан үшін тұрғындар саны өсімінің бірден-бір көзі. 80 жылдардың соңынан республикада туу төмендеп, керісінше өлім жетім көбейе түскен – ді. Соның нәтижесінде табиғи өсім қарқыны бәсеңдеді. Бұрын табиғи өсім коэффициенті 18,1 промиль болса, 1999 жылы 4,4 промильге төмендеді. Ауыл тұрғындарының табиғи өсім деңгейі қалалаықтарға 4,3 есе жоғары. Республикадағы ұлттар арасында табиғи өсім біркелкі емес.
1. Национальный состав населения Республики Қазақстан Т.4. часть 1. Население Республики Казахстан по национальности. Полу и возрасту Итоги переписи населения 1999 года в РК А. 2000 49-237 б.
Табиғи өсім өзбектер (22,0) мен қазақтар (13,5) арасында жоғары. Ал, орыстар (-4,9), украиндар мен белорустар (-8,6) арасында соңғы жылдары туудан өлім жоғары болып түр.
90 – жылдары тұрғындар арасында некелесу коэффициенті күрт төмендеді, ол жыл сайын үш еседен астам қысқарды.
Қазіргі кезде ауылды жерлерге қарағанда қалаларда некелесу 1,2 есе көп болып тұр. Сондай-ақ ажырасу да біршама азайды. Қазіргі кезде тіркелген 3 некенің біреуі ажырасуда. Ажырасқандардың төрттен бірі (23,8) бес жылға дейін некеде тұрған.
1988 жылдан бастап республикада туу азал бастады. Қазақстанда бірінде бір әйелге 2,5 баладан келеді. Ең төменгі көрсеткішке Алматы қаласы (бір әйелге 1,5 баладан) мен Солтүстік, Шығыс өңірлерінің (бір әйелге 1,8 баладан) тұрғындары, ал жоғары көрсеткішке оңтүстік өңір (бір әйелге 3,4 баладан) тұрғындары ие. Тұрғындарының басым көпшілігін қазақтар құрайтын Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында балалар көп туылуда. Көпке дейін қазақтар арасында туылудың азаюы ашық байқала қойған жоқ еді, тек 90-жылдардың ортасынан туу көрсеткіші бәсеңдей түсті. Қазақ әйелдерінің туу коэффициенті қазір 3,1 процентке тең. Бала туудың бәсеңдеуі Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне де тән бола бастады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында бір әйелге орта есеппен 3,2 ден 3,6 баладан келеді (1) Бұл қазақтардың да біртіндеп көп балалықтан бас тарта бастағанын оңғартады. Орыс, украин әйелдері, қазақ әйелдеріне қарағанда әлдеқайда аз басанады. Олардың бір әйеліне 1,7 баладан келеді.
Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 1272 қаулысына сәйкес әзірленді және 5 жылға есептелген.
1. Исабеков З.К.. Калышев А.Б. Современная казахская и узбекская семья в Туркестане // Гуманитарлық ғылымдар сериясы 1998 № 1 31 б.
Бағдарлама ел халқының табиғи және ырықсыз қозғалысындағы негізгі процентерді: өсіп-өнетін денсаулық жағдайын жақсарту және бала туудыынталандыру жөнінде шаралар қабылдау жолымен бала тууды, өлімді және көші-қонды реттеуге, халықтың өлімін азайтуға, көші-қонды реттеуге бағытталған.
ТМД елдерінде 1990 жылдары өлім-жетімнің артуы демографиялық ділгірлікке айналды. Белорус, Украина елдерінде өнім-жетім туу коэффициентінен артып түсті. 90- жылдардың бірінші жартысында Қазақстанда да өлім-жетім коэффициенті артып, 1990 жылы 7,7 промильден 1995 жылы 10,7 промиль көрсеткішіне дейін жетті. Бірақ кейінгі жылдары бұл көрсеткіш біртіндеп төмендей бастады. (1996 ж – 10,7; 1997 ж. – 10,4; 1998 ж. – 10,2; 1999 ж. – 9,8 промиль). Дегенмен Қазақстанның кейбір облыстарында өлім – жетім орта көрсеткіштен асып түсуде. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысында өлім – жетім жоғары деңгейде (13,0 промиль). Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 12,0 промиль болып тұр. (1)
Өлім-жетім көрсеткішінде еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы жоғарырақ. 1999 ж. тіркелген өлім-жетім оқиғаларының үштен бірі еңбекке жарамды жастағы тұрғындардың үлесіне тиеді, ал олардың ішінде әйелдерге қарағанда ер азаматтардың үлес салмағы 3,6 есе көп. 1999 ж. қан айналымы, тыныс алу органдарының ауруы салдарынан және оқыс оқиғалардан қаза табушылардың саны біршама азайғанымен өнім-жетім көрсеткіші жоғары деңгейде қалды. Ол көп жағдайда қоршаған ортаның ластануынан, тамақтану сапасының төмендеуінен, тұрғындардың алкоголь ішімдіктеріне әуестенуінен туындауда. Қазақтардың орташа өмір сүру жасы орыстарға қарағанда төмен. Ол қазақтардың үлес салмағы басым түсетін ауылды жерлерде әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлығымен байланысты. Сондай-ақ қазақтар тығыз тұратын жерлердің біразы экологиялық апат аймаққа жатады. Салыстыра қарау үшін шетелдердегі орташа өмір сүру көрсеткішіне назар аударайық: ол жапонияда – 76,1, Испанияда – 75,7, Қоста – Рикада – 75,6, Андаррода-75,3, Гонконг пен Израильде – 75,1, Австралияда – 75, Швецияда – 74,8, Грекияда – 74,6, Ұлыбритания – 73,2 жас (1)
Қазақстан тұрғындары денсаулығының нашарлауы көп жағдайда қоршаған ортаның экологиялық жағдайының төмендеуінен. Мысалы, Семей ядролық полигоны аймағының радиоактивті ластануынан, Арал теңізі өңдірінің агрохимиялық ластануға ұшырауынан туындауда. Соның салдарынан осы өңірлерде генетикалық ауытқушылық және психикалық аурулардың жиі шығуы қазіргі кезде алаңдаушылық тудырып отыр. 1990 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта онкологиялық аурулар екі есе, эндокриндік жүйелер аурулары екі есеге жуық, қан аурулары бір жарым көбейді.
Жұқпалы аурулар да жоғары деңгейде қалып отыр. Дегенмен олармен ауырғандар соңғы жылдары азайды. 100 мың адамға шаққанда 1997 жылы 3015,4 адам, 1999 жылы 2439,2 адам жұқпалы аурумен ауырған.
Қазақстанда тұрғындар санының азаюының басты себептерінің бірі – көші – қондық теріс сальдо. Көші-қондық процестің қарқынды жүруі 90 жылдары бұрыңғы кеңестер Одағы құрамындағы елдердің бәріне де тән қалыптасты.
1. Краткий статистический ежегодник Казахстана. А. 1996 19 б. Экономика и статистика 1999 № 1-2 11б.
Көші – қондық теріс сальдо 90-жылдардың басынан бастап барлық облыстарда орын алды. Әсіресе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл, Семей Талдықорған облыстарында жоғары деңгейге жетті. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының саны 1993 жылға қарай қысқара бастады, оның орнын табиғи өсім жаба алмады. Көші-қон процесінің барысында 1993 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта тұрғындар саны 1637,3 мың адамға қысқарды (1) 1994 жылы 410,4 мың адам республикадан көшті.
Қазақстаннан көшушілер, негізінен, толу шетелдерге қоныс аударды. ТМД елдеріне көшушілер саны 1132,6 мың адамға жетті. Олардың басым көпшілігі Ресейге көшті 1990 жылы көші –қоншылардың 74 проценті, 1999 жылы 89,8 пайызы сонда барып орнықты. (2). Қазақстаннан көшушілердің азаюына байланысты Ресейге көшіп барушылардың саны 2 еседен астам қысқарды. Ресейге көшушілер легінің азаюы онда еңбек рыногы толғандығын айғақтайды. Ресейден кейін толу шетелдер арасында қоныс аударушыларды қызықтыратын елдер қатарына Белорус, Украина және Өзбекстан жатады.
Демографиялық процестердегі келеңсіз жәйттерге қарамастан, елде біртіндеп ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, өлім-жітім, ажырасу секілді, т.б. теріс көрсеткіштер, көші – қондық процестердегі теріс сальдо бәсеңдеді. Бұл – елдегі демографиялық акуалдық жақсарып келе жатқандығын айғағы. Үкіметтің осы бағыттағы қызметіне үлкен үмітпен қарауға болады. Ең бастысы, қазіргі демографиялық мәселедегі басым бағыттарды дәл анықтап, оны шешудің тиімді жолдарын таба білу керек.
Осыған орай әлемде индустриализация мен урбанизацияныңжоғары қарқынды жүруінен туындап жатқан ғаламдық сипатқа ие мәселелер бар екендігі де ескерілуі тиіс. Ондай мәселелер қатарына «өркениет ауруы» атанған-туудың азаюы, өлім –жітімнің өсуі, тұрғындар құрамында қариялардың көбеюі секілді құбылыстарды жатқызуға болады. Бұлмәселелер қоғамдық пікірде алаңдаушылық туғызуда.
Бүгіндері демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданғаны абзал, әрі оның нәтижелері объективті тұрғыда ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдығы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |