Диплом жұмысы тақырыбы: «Негізгі құралдардың есебі мен аудиті» «Қаржы және есеп»



жүктеу 1.05 Mb.
бет3/5
Дата17.06.2016
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5

21

жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды бағдарға алатын боламыз. Жоғарыда аталған ХБЕС-ын қолдану жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар бухгалтерлерге іс жүзінде көмек көрсету үшін әзірленгенін бірден айта кетеміз, олар шын мәнінде ХҚЕС-ның дэл өзі болып табылмайды және нормативтік-құқықтық актілер болып танылмайды.

Әдістемелік ұсынылымдардың мәтінін сіз 2006 жылғы «Справочник бухгалтера» анықтамалығының 1-нөмірінен таба аласыз. Негізгі құралдар объектілерін ХБЕС-на сәйкес есепке алудың және ҚБЕС-мен салыстырғандағы айырмашылықтарының негізгі болып саналатын аспектілеріне тоқтала кетуге тырысамың.

Негізгі құралдар ЖШС "Арайдың" барлық активтерінің едәуір бөлігін құрайды, сондықтан негізгі құралдарды есепке алудың толық және шынайы болуының принциптерін сақтау кәсіпорынның қаржылық жай-күйі туралы сенімді ақпарат ұсынуға айтарлықтай ықпалын тигізеді._ХБЕС-да негізгі құралдарға мынадай анықтама беріледі: «Негізгі құралдар - бұл:



  • компания тауарлар өндіру немесе жеткізу және қызмет көрсету үшін,
    басқа компанияларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін
    пайдаланатын;

  • және оір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалану болжанатын
    материалдық активтер».

16 ХҚЕС-на сәйкес, негізгі кұралдардың объектісі, компанияның активке байланысты болашақ экономикалық пайдалар алуы ықтималдықтың көп үлесімен расталған жағдайда, актив ретінде танылуы тиіс.

Болашақ экономикалық пайдалар алу компанияның:

-активке байланысты байлық алуына;

-өзіне тиісті тәуекелдер алатынына қатысты айқындаманы білдіреді.

Егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оны сатып алуға жұмсалған шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.

16 ХҚЕС-да активті пайдаланудан болашақ экономикалық пайдалар алуға көңіл аударады, сондықтан да 6 «Негізгі құралдарды есепке алу» ҚБЕС

бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптерінен басты айырмашылығының болуымен сипатталады.

Активті танудың екінші міндетті шарты оның құнын сенімді бағалау, яғни активті сатып алуға жұмсалған нақты шығынды сенімді бағалау болып табылады.Осыған қоса айтатыным, қажет болған жағдайда активтің өзіндік құнын сенімді бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар таратылуы мүмкін, өйткені үшінші тараптың пікірі жұмсалған шығынның сенімді дәлелі болып табылады. Осыны айқын түсіну үшін мынадай мысалды қарастырайық:

Қызметкерлердің жұмыс істеуіне және демалуына ыңғайлы жағдай жасау үшін ЖШС "Арай" тоңазытқыш, ауыз суымен бірге диспенсер, теледидар, гүлдер, суреттер сатып алды. Мынадай сауал туындайды: осындай объектілерді негізгі құралдар ретінде тануға бола ма?

Жоғарыда аталған объектілерді жіктеу кезінде компанияның бухгалтерлік қызмет бөлімінде қиындықтар пайда болуы ақылға қонымды, өйткені оларды пайдаланудан болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығының дәрежесін бағалау едәуір қиындық туғызады.

Мынаны ескерте кетемін, экономикалық пайда алу үшін негізгі құралдар объектісі мынадай операциялар жүргізу барысында пайдаланылуы:


  • ұйым сататын тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетуде бөлек, сол
    сияқты басқа активтермен үйлестіріліп пайдаланылуы;

  • сатылуы немесе басқа активке ауыстырылуы;

  • міндеттемелер бойынша есеп айырысу шотына берілуі;

  • ұйымның меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.

Менің пікірімше, біріншіден, тоңазытқыш, ауыз суымен бірге диспенсер, теледидар, гүлдер, суреттер сатып алу бойынша операциялар компания үшін, атап айтқанда, активтердің туындауына немесе кәсіпорынның шығыстар жұмсауына ғана әкеп соқты ма, соны айқындау қажет.

Мүнда алдыңғы жоспарда біз басында айтып кеткен кәсіби пайымдау тұрады. Бухгалтердің активтерге енгізілген болашақ экономикалық пайданың компанияға келіп түсу ықтималдығының бар екенін айқындаған жөн.

ЖШС "Арай" компаниясының қаржы директоры тоңазытқыш, ауыз суымен бірге диспенсер, теледидар, гүлдер, суреттердің фирма қызметкерлеріне ыңғайлы еңбек жағдайларын жасау үшін ғана сатып алнғанын және алдағы уақытта компания басшыларында оларды басқа мақсатқа пайдалану ниетінің жоқ екендігін түсіндірді. Атап айтқанда: кәсіпорын тауарлар шығарғанда, жұмысты орындағанда, қызмет көрсеткенде оларды жеке, сол сияқты басқа активтермен үйлестіріп те пайдалануды жоспарламайды, сондай-ақ оларды сату немесе басқа активке айырбастау, міндеттемелер бойынша есеп айрысу шотына беру, ұйымның меншік иелері арасында бөлу ниеті жоқ.

Айтылғандарға байланысты мынаны қосқым келеді, кәсіпорындар негізгі құралдарды, әдетте пайдалану үшін емес, оған салынған капиталдан пайда алу үшін сатып алады. Сондықтан негізгі құралдардың бағалылығы олардың пайда әкелуінде болып табылады. Егер активтер кіріс әкелмейтін болса, онда оларды кәсіпорынның есептілігінде негізгі құралдар ретінде көрсетудің мәні жоқ.

Осылайша, ЖШС "Арай" ыңғайлы еңбек жағдайын жасау үшін активтер сатып алуда тек қана шығын шекті.

Сондықтан қарастырылып отырған жағдайда ХҚЕС-ның мына ережесін қолданған жөн: егер актив экономикалық пайда әкелмесе, онда оған жұмсалған шығындар есептік кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады.

Алайда бұл жерде бухгалтерлерде мынадай сауал туындайды: Осындай объектілерді кәсіпорын ұзақ уақыт пайдалануды болжайтын болса, олардың талдау есебін жүргізуді және сақталуын бақылауды қалай ұйымдастырған жөн.

Дегенмен, объектілерді есепке алу және сақталуын бақылау мақсаттары үшін компаниялардың:

-осындай объектілердің баланстан кейінгі есебін жүргізу;

-оларды материалды жауапты адамдардың есептілігіне қоюы;


-ішкі бақылаудың жұмыс істейтін жүйесін растау үшін жоспарлы түгендеу жүргізу қажет.

16 ХҚЕС-да қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың көпшілігі әдетте тауарлы-материалдық қүндылықтар ретінде есепке алынып, олардың пайдалануына қарай шығыстарға есептен шығарылатыны айқындалған.

Алайда, егер компания ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдықты бір кезеңнен астам уақыт ішінде пайдалануға ниеттенетін болса, компанияның басшылығы олардың негізгі құралдар ретінде жіктеу қажет екендігін ескергені жөн.

Әдістемелік ұсынылымдарда жоғарыда көрсетілген 16 ХҚЕС ережесіне түсініктеме беретін барынша көрсеткіш мысал келтірілген: үй және жылыту жүйесі олардың пайдалы қызмет ету мерзімі әр түрлі болғандықтан, бөлек амортизацияланатын активтер ретінде есепке алынуға тиіс.

Осылайша, ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі ретінде сатып алынған активті дұрыс жіктеу үшін тағы бір негізде алынатын факторды бөліп көрсетуге болады: ол осы активтің пайдалану мерзімін айқындау.

ХБЕС-на сәйкес негізгі құралдар объектісі тану кезінде сатып алуға жұмсалған нақты шығындар бойынша бағалануға тиіс.

Тікелей шығындардың мысалдары: алаңды дайындауға жұмсалған шығындар, жеткізу және түсіруге жұмсалған шығындар, кәсіби қызмет көрсету құны болып табылады.

Осылайша негізгі құралдардың нақты құнына ол пайдалануға дайын болған кезде активті қалпына келтіруге дейін пайда болған барлық болмай қалмайтын шығындар кіреді.

Компания шығарған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу принциптері сияқты негізде айқындалады. Жоғарыда, барлық айтылғандарды ескере келе, 2400«Негізгі құралдарды есепке алу» ХҚЕС бойынша активті тану шартын негізгі өлшемдері бойынша ХБЕС-ның ережелеріне қайшы келмейді деп айқындауға болады.

1.3. Негізгі құралдардың түсінігі, кәсіпорындағы оның маңыздылығы

Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз - кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.

Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондығылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.

Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:

а) егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда алатындығы аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;

ә) егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.

Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканық барлық салаларында бірыңғай болғаны жөн.

Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар -деп өндірісте қызмет ететін,яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады.Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары


мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашы-лықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.Экономикалық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топтастырылады.

Негізгі құралдарды экономикалық салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса, онда ол субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.

Мысалы: Өнеркәсіптік өнімдерін өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.

Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы қызметі түрінде топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндеттері қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

-Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);

-Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар;

-Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер;

-Көлік құралдары;

-Басқадай негізгі құралдар.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған - деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтіннегізгі құралдардың тоқталып қойылған, белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатқызылады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатқызылады.

Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес актив ретінде танылуы мүмкін негізгі құралдар объектісі ең алғаш өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс.

Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны толтырылмайтын салықтар, сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін оны жұмыс істейтін жағдайға жеткізуге байланысты тікелей шығындар кіреді; сатып алу бағасын анықтау кезінде кез келген сауда жеңілдіктері алынып тасталынады.

Тікелей шығындарға төмендегі шығындар жатады:

28


  • алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау
    шығындары;

  • тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;

  • орнатуға байланысты шығындар;

• архитекторлардың және инжинерлердің жұмыстары сияқты кәсіби
қызмет көрсетудің құны.

Кәсіпорынның өзінде шығарылған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі таза табыс ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.

Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының бөлімшелерінде, яғни мына активті шоттарда жүргізіледі:

2411-шот —жер;

2412-шот - үйлер мен ғимараттар;

2413-шот - машиналар мен жабдықтар;

2414-шот - көліктер құралдары;

2415-шот - компьтерлер, перифирициялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық;

2416-шот - кеңсе жиьазы;

2417-шот-өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар.

Бұлар активті болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық есебі әрбір инвентарлық объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объект -деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша

жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қоптпмасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға инвентарлық номер беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның инвентарлық номері шаруашылық субъектінің жаңадан кіріске алынған негізгі құралдарына берілмейді. Инвентарлық номер негізгі құралдарға бекітілген житонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Инвентарлық объектілерді реттік сериялық жүйесі мен номерлеу ұсынылады. Мүндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сетиялық реттік номерлер белгіленеді, ол сериялық реттік номерді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығы көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген инвентарлық номері оның инвентарлық карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.

Кәсіпорында инвентарлық карточкалар және инвентарлық кітапшалармен қатар ірі машиналар мен механизмдерге, жабдықтар мен көліктерге арнайы техникалық төлқұжат толтырады. Бұнда олардың техникалық сипаттамасы және істейтін жұмыстарының түрлері тағы да басқа деректері жазылады.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:

-Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру;

-Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозалысын есепте уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету;


-Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

-Негізгі құралдарға ағымдағы және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру;

-Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау;

-Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақытылы және дұрыс қалыптастыру.

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.
II Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ 2.1. Негізгі құралдарды жіктеу және бағалау

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі қү-ралдардың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдардың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші қорқайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал жабдықтар- тұтынуға арналған құрал жабдықтар. Олар ұжымның мәдени тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектігі тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгілінген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді.



Өндірістік

процеске қатысу сипатына қарай

Заттық

құрамына


қарай








Өндірістік





Өндірістік емес




Пайдалану

сипатына


қарай

Істеп тұрған

Істемей тұрған

Қор ретінде тұрған

1 сызба. Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы

Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша


пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Мүлікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.

Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: Жер, үйлер, ғимараттар, өткізгіштер, машиналар және құрал жабдықтар күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал жабдық, көлік құралдары, құрал сайман, өндірістік мөлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жемді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқадай негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:

Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемімен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісі мен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады.

Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әр бір түрғын үй мүліктік объект болып табылады.

Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгелі бір қызметтерді орындау жолдымен өндіріс процессін жүзеге асыруға арнаған инженерлік құрылыс объектілер. Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.

Қондырғылар - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары. Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клемаларынан бөлу


қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады.

Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар, жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаменті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналды. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:

Күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор машиналар, түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель машиналары.

Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процессінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал жабдық.

Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процесстерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар.

Есептеу техникасы - процесстерлі жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспапта.

Басқадай машиналармен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал жабдық.

Көлік құралдары - адамдар мен жұктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары. Әрбір объект өзіне тиісті барлық беімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.

Құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өндеу үшін машиналарға бекітілген кесетін, соғатын және нығыз жайтын
еңбек құралдары. Басқа мүлік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады.

Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымиалы және басқа материалды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары орындықтар, шкафтар, кілемдер. Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;

Жұмысқа пайдаланылатып өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланыатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқлар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек малмүліктік объект болып табылады;

Көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер. Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы;

Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепке уақытылы көрсетілуін, олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен үлымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдарды есептелген амортизациясы мен тозу самасының есепие дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есптелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор

қайтарымың анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімі есебін; негізгі ұралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгіліне жасауын және олардың нәтижесін есепке көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін еспеке нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Жалпы негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі қорлар есебі» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.

«Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құрлдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары,аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқалары жатады.

Көлемінің үлкенді кішілігіне, бағасының азды көптілігіне қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектісінің қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамыңда есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамыңда қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.


«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алынған негізгі құралдарды баланс сыртындағы

Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей үш топқа бөлініп есептелінеді:

а) негізгі құралдар;

ә) тауарлы-материалдық қорлар;

б) қаржылық инвестициялар.

Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі құралдар құрамыңда есептелінсе, ал сату үшін сатып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамыңда есептеледі.

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық қүндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды бағалау принципі үлкен роль атқарады.

Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандартында

негізгі құралдарды бағалаудың түрлері келесі 8 кестеде көрсетілген.

8 кесте

Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері





Атауы

Мазмұны

1.

Өзіндік (бастапқы) құн

Төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.

2.

Амортизацияланушы (тозушы) құн

Жойылу қүдын алып тастағаннан кейінгі активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнның орнына қаржылық қорытынды есепте көрсетілтін басқа сома.

3.

Жойылу құны


Негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғында оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза сома.

4.

Әділетті (сатып-өткізу) құн

Бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті айырбастауға болатын сома.




5.

Баланстық құн

Жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі актив (негізгі құралдар) баланста есепке алынатын сома.

Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:

-Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар;

-Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;

-Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер;

-Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.

Жер учаскесінің бастапқы қү-нына мыналар кіреді:

-Шотта көрсетілген сату бағасы;

-Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы; ---- Сатып алу-сату қркаттарын рәсімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу;

-Салықтар мен алымдар;

-Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар. Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:

-Материалдар;

-Еңбекақы төлеу;

-Үстеме шығындардың тиісті үлесі;

-Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу;

-Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары.Құрылыс кезеңіне берілген кредиттер бойынша проценттер.

Негізгі табынға қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды төлетудің нақты өзіндік құнынан құралады. Негізгі табынды қалыптастыру үшін сатып алынған малдар бойынша жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда сатып алу шығындарынан және сатып алумен байланысты өзге де шығындардан құралады.

Жас өсімдіктердің бастапқы құны егу, күту, суару, тазалау жөніндегі нақты шығындардан құралады.

Негізгі құралдардың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау-өткізу №1 нысанындағы актімен рәсімделеді. Ол жекелеген объектілерді негізгі құралдардың құрамыңда есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын рәсімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға беру үшін, сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында НҚ құрамына шығарып тастау үшін пайдаланылады. Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. НҚ бірнеше объектілерін қабылдау-өткізуді рәсімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын, құрал-саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде, егер бұл объектілер біртектес болса, қүндары бірдей болса және бір күнтізбелік айда қабылданса, рұқсат етіледі. Акт рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттар мен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді. НҚ ішкі қозғалысын рәсімдеген кезде акт екі данада жасалады. НҚ басқа объектіге сатылған кезде акт үш данада жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшіншісі НҚ қабылдайтын тұлғаларға беріледі. Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды «жас өсімдіктер» тобына есептеуді, сондай-ақ өсімдіктерді «пайдаланудағы өсімдіктер» тобына ауыстыруды көпжылдық өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру актісімен рәсімделеді. Акт бекітілгеннен кейін техникалық құжаттарымен бірге бухгалтерияға тапсырылады.

Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс орман

өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен қатар ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман өсімдіктерін егу және пайдалануға беру жөніндегі орындалған жұмыстарды рәсімдеуде қолданылады.

Малдың төлдерін негізгі табынға ауыстыру малды негізгі табынға аустырған күні ферма меңгерушісі жасаған топқа ауыстыру актісімен рәсімделеді. Егер негізгі табынға ірі қара малдар, ұрғашы шошқалар, биелер,айғырлар ауысатын болса, онда актіде әрбір жануардың инвентарлық номері, туған уақыты, жынысы, сыныбы, түр-түсі және басқа белгілер көрсетіліп бөлек жазылады. Ешкі, қой және басқа үсақ жануарлардың төлдері негізгі табынға ауыстырылған барлық малдарға тән белгілерін көрсету арқылы жалпы санын жазады.

Негізгі құралдардың есебі активтік 2400 шоттарында жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 2420 шоттары арналған.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнмен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленген пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтіру мен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиын тығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретіде есепке алынады. Негізгі құралдардың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:

а) жер учаскесінің бастапқы құны:

Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайды мүлік жөніндегі агенттікке


төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісім шартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі.

ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:

Құрал-жабдықты сатып алу құны, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар, тағы да басқалар еңгізіледі.

Алайда, құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бұліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген процент сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және де негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.

Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшы қызметкерлерге төленген еңбеқақы сомалар, еңбеқақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелінген пайыздар сомасы, зәңгерлерге архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысына жұмсалынған мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.

Кәсіпорын жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды бір тұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепке әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объектінің бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және оның бастапқы құны бұл ретте сатып алу құнымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің шығынның


қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.

Мысалы: Кәсіпорындарда жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен бірге 500000 теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Субъектінің оларды сатып алу барысында төленген шығындарды 25000 теңге. Үйді бұзуға кеткен шығын 40000 теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 теңге.Жерді тазлау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 теңге. Осы мәліметтерді қорытатын болсақ, сатылып алынған жердің бастапқы құны 560000 теңгені құрайды. Кәсіпорында негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:



  • Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық
    қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен
    арадағы келісім бойынша.

  • Кәсіпорын негігі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда
    немесе саитып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша.

  • Кәсіпорын негізгі құралдарды басқа заңды тұлғалардан немесе жеке
    адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша
    немесе әексепттік жолымен.

Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралы нарықтың бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілег негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни

негізгі құралдарды сатушымен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдарды бастапқы құндары тек мына жағдайларға ғана өзгертіледі:



  1. Негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін
    ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей
    қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда немесе ішінара бұзғанда, жойғанда
    және бөлшектгенде.

  2. ҚР үкіметтің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта
    бағалағанда.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепке уақытылы көрсетілуін, олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдарды есептелген амортизациясы мен тозу самасының есепие дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есптелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымың анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімі есебін; негізгі ұралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгіліне жасауын және олардың нәтижесін есепке көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепке нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Сол сияқты пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ.

Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол ушін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы - жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы
белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың белгілі бір уақыттағы құны сол кезде жасап шығаруға, өндіруге, салуға қажет болатын, жұмсалатын қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды уақыт өте қайтадан бағалап тұрады. Негізгі құралдарды қайта бағалау ұкіметтің қауылысымен барлық жерде шаруашылық субъектілерінде белгілі бір күнде, мезгілде жүргізіледі.

Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі салу, өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорында негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап олдарды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.

Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау жүргізілген кезінде кәсіпорындағы негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.

1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет