Ноғай айтысы. Ноғай түріктерінің де өзіндік ерекшелікке толы айтыс түрі бар екені зерттеу барысында белгілі болды. Ол түр «Чын - Шынлар» деп аталады.
Кеңес заманы кезеңінде жазылған зертеулерде ноғай дастандары, мағынасына және құрылымына қарай үш бөлімге бөлінді. Бұлардың біріншісі, лиро-эпикалық (ғашықтық, қаһармандық, тарихи), екіншісі еркін дастандар және үшіншісі өмір-тіршілік дастандары. Өмір-тіршілік дастанының ішіне қызмет, аңшылық дәстүр, той, бесік жырлары, қайғылы өлеңдер (жоқтау), толғаулар (халық ақындарының бір ахуал туралы жыры немесе өлеңі), шың (халық әндері), айтыс (қарсыластар айтатын өлең), жаңылтпа (шатыстырма), алғыс (дұға,тілек), қарғыс жырлары (бәддұға) кіреді. Бірақ бүгінгі таңда ескі дәстүрлі айтыс түрлері сақталмаған [22, Б. 341-365].
Жалпы ноғайларда екі жас жігіт пен екі бойжеткен арасында айтыстың чын түрі айтылады. Ауылды жерлерде ескі замандарда бүгінгі күнге дейін қыздар мен жас жігіттер бір жерге жиналып, бөлек-бөлек қарама-қарсы жайғасады. Қыздар отырады, ал жігіттер болса тұрып тұрады. Бір-бірлеріне қарсыласпас үшін орталарына шекара ретінде ұзын ағаш қойылады. Сол уақытта, ағаштың жанында ауылдың ең сыйлы, сөзі өтетін бір орта жастағы еркегі топты бөліп отырады. Ағашты аттап қыздар арасына кіруге тырысқан жігіт бұл адамнан жақсылап бір таяқ жеуі де әбден мүмкін. Бұл адамға қарсы шығуға, ешкімнің қол сілтеуге қақысы жоқ. Чындарда жастар бір-біріне ғашықтық сезімін білдіреді.
Туысқан құмық айтысы. Туысқан құмық түріктеріндегі «тақмақтар және сарын» деп аталатын айтыстың түрі жеті-сегіз буынды тармақтарға негізделген өлеңдер болып табылады. Бұл күнге дейін өте кең көлемде таралған жанрлардың басында тақмақтар және сарындар (айтыстар және жеті-сегіз буынды тармақтарға негізделген өлеңдер өрнегі) тұр және оның кейбір ұшқындары ел аузында әлі тіршілігін жалғастыруда. Қазірге дейін жиналған бес мыңнан астам тақмақтар және сарын төрттіктері бар, бірақ көлемді делінетін осы жанр тұрмақ құмық халқының әні мен өлең қазынасының жартысы да толық жиналмаған. Қаншама әндері әлі күнге дейін хатқа түспеген. Бүтін құмықтарға ортақ болатын сарын тақмақтардан басқа әр өлкелерге және тіпті ауылдарға қатысты болатын жырлар бар, олардың көбі әлі баспа өнімдерінде өз көрінісін таппады.
Осы сәтке дейін ғылыми талапқа сай емес үзіп-жұлып кездейсоқ жинақталып шығарылған сарындар көлемі жағынан кіші болғанымен өлеңнің мазмұны мен сапасы жоғары. «Кішкентай кіші балта, үлкен ағашты ұсақтайды» дегендей осы кішкентай үлгілердің өзі үлкен пікірлер мен үлкен сезімдерді тудыра алады.
Айтыс пен жеті сегіз буынды тармақтарға негізделген диалог өлеңдер арасында қандай айырмашылық бар? Қазіргі уақытта бұл сұраққа ашық түрде жауап беру оңай емес. Көбінесе айтыс пен жеті-сегіз буын тармақтарына негізделген өлеңдерде былай қарағанда ашық бір-бірінен айырма байқалмайды. Әйткенмен бұлардың мақсаты, міндеті екі басқа: лирикалық өлеңдер түрі жеті буынды болады және ең басты белгісі тақырыбы сүйіспеншілік, тіршілік, әзіл-сықақ туралы. Бұндай төрт жол өлеңдер бір-бірімен байланыстырылып айтылса, айтыс болады. Бұнда диалог және бейнелі баяндау үлкен рөл атқарады. Осылай жауап бергенде қыз ұялып, үйіне қашып кіреді.
Қорыта айтқанда, құмықтардың бұл диалогқа құрылған жырларында анықтап қарағанда айтыстың пішіні сақталған. Әзіл-қалжың, махаббат, сүйіспеншілік жырлары той-домалақтарда осылайша, нақтырақ айтқанда, қағытпа-қайым айтыс қалыбында, дайын формулалы шумақтарды қолданып айтылады. Демек, құмықтарда айтыс жанры осындай көркем түрге трансформацияланып, өзгеше келбетте өмір сүріп келеді деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |