Диплом жұмысының қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыспалы егісте шитті мақта өндіру технологиясын жетілдіру бойынша ғылыми жұмыс жүргізілді



бет1/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#133241
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6
Аннотация.
Диплом жұмысының қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыспалы егісте шитті – мақта өндіру технологиясын жетілдіру бойынша ғылыми жұмыс жүргізілді.

Жұмыстың басты мақсаты – облыстың Солтүстік аймағында топырақ – климатына сай мақта өнімінен жоғары өнім алуда технологиясын жетілдіріп және отандық жаңа сорттардың өнімділікте алудың ерекшеліктері т.б. жұмыстардан пайдаланып мақтадан мол өнім жинап алу көзделген.

Зерттеулер аймақта ауыспалы егісте және технологиялық жүйелерді агротехникалық шараларды өз мерзімінде атқарып – 23 ц/га өнім алынды.

М а з м ұ н ы

I. Кіріспе.
1- бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егілуінің, оны жетілдірудің қысқаша тарихы және мақта кластерінің болашағы............................................5
2 - бөлім. Әдебиетке шолу.

2.1 Қазақстанда шитті – мақта өндірудегі ғылыми ойлар және оны жетілдірудегі жаңа технологиялар...............................................................................9

2.2 Ордабасы ауданындағы қозаның өсіп жетілуіндегі жердің климаты мен топырақ мелиорациясы.................................................................................................

2.3 Ауыспалы егіс жүйесіндегі топырақ құнарлылығы..........................................26

2.4 Жаңа және келешегі бар отандық мақта сортттарының морфологиялық белгілеріне сипаттама...........................................................................................32

II Негізгі бөлім.


3 – бөлім. Ғылыми зерттеу нәтижелері.

3.1 Жүргізілген тәжірибе кестелері, зерттеу, есептеу және күзету әдістері...37

3.2 Мақта өсімдігін жетілдіру технолгиясы және жүргізілген агротехникалық шаралар...................................................................................................................43

3.3 Қоза өсімдігінің өну динамикасы және түп санының сақталуы.................50

3.4 Қоза өсімдігінің түйіршік бүршіктенуі (буданизациясы)............................52

3.5 Қоза өсімдігінің өсіп жетілуі.

3.6 Қозаның гүлдену және көсек пайда болу кезеңінің дамуының

темпасы...........................................................................................................55

3.7 Қозадағы шитті – мақтаны өнімі және оның өнімін жиналуы....................57

4 – бөлім. Қоршаған ортаны қорғау................................................................59

5 – бөлім .Еңбекті қорғау және тіршілік - қауіпсіздік..................................64

6-бөлім. Эканомикалық бөлім.

6.1Ауыспалы егісте шитті мақта өндірудегі технолгиялық жетілдірудің экономикалық тиімділігі......................................................................................67



Қорынытынды және өндіріске ұсыныс .........................................................76

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................




I Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсылтан Назарбаевтың Елге жолдаған жолдауы және 2003 – 2005 жылдары Ауыл жылы деп аталуы мемлекеттің және халықтың тұрмыс – тіршілігін жақсартуға ауыл – шаруашылығында өндірістің азық – түлік тауарларын жетілдіруге жоңышқа, мақта, бидай, күріш, картоп және т.б. өнімдері дайындау мөлшері едәуір молаяды. Сондықтан еліміздің Оңтүстік өлкелерінің суармалы аймақтарында ауыл – шаруашылық егістерін жетілдіру және олардан жоғары өнім алу, сонымен қоса жердің табиғи құнарлығын сақтап қалу, әрі қарай топырақ құндылығын көтеру мәселелері тұрады.

Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөнінде Республиканың аса ірі экономикалық аймақтарының бірі болып табылады. Бұл облыста сапасы аса бағалы жоғары мақта өнімдігінің егілуі түгелдей шоғырландырылған. Ол елдің мақта егетін аудандарындағы табыстың басты көзі болып табылады.

Облыста құнды болған суармалы жерлердің интенсивті түрде пайдалану көп жағдайда бұған дейін айналымға қосылған жер және су ресурстарын неғұрлым интенсивті түрде пайдалануға байланысты болады.

Бұл ресурстарды тиімді пайдалану үшін экономикалық факторлардан өзге де ерекшеліктерді – мақта өнімділігін өсіретін облыстың әр түрлі аймақтарының ерекшеліктерін мұқият ескеру қажет болады. Қазіргі кезде егін жерлердің көпшілік аумағы жекеменшікке негізделген болып, шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесіне тең жер қатынастары жүйесін қалыптастыру жетілдірілген қоза егінінен жоғары өнім алу, оған қажеттісі оны шикізат ретінде мақта талшығы ғана емес, оның мөлшерін шет мемлекеттердің инвестиция түсіру жолымен жіп иіру және т.б. қайта істеп оны экспортқа шығару қажет. Сондықтан мақта жетілдіруде оған кететін қаражат бағасын төмендетіп, талшық сапасын асырып жоғары бағаға сату бойынша үкімет әрекет етуде.


Осы диплом жұмысының таңдалған тақырыбының негізгі ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы Ордабасы, Шардара және басқа да аудандарда маңызы үлкен.

Ордабасы және Шардара деңгейінде қоза өсімдігі оның өнімін асыру, жаңа мақта сорттарын жетілдіру, одан өнімді пайдаланып қана қоймай, келешекте топырақтың табиғи құнарлылығын асырып ауыл шаруашылығында ауыспалы егісте қайта жаңалап қолға алуға және жоғары болған мақта өнімін алу жаңа мақта сорттарынан жоғарғы өнім алу қозаның суға болған талабы – су режимін зерттеу жұмысы жасалған агротехникалық іс – шаралардың ерекшелігі негізгі мақста етіліп қойылған.

Біздің осы диплом жұмысының таңдалған тақырыбының негізгі ғылыми жаңалығы және пркатикалық маңызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы және басқа да деңгейлерде аса үлкен болып тұр.

Оңтүстік Қазақстан облысында қоза өсімдігі оның мақта – шикізаты өнімдерін асыру, шығарылған отандық жаңа сорттардан, одан өнімді пайдалану ғана емес, келешекте топырақтың құнарлылығын асырып, ауыл шаруашылығында ауыспалы егісті қайта жаңалап қолға алуды және сапасы жоғары болған мақта өнімін жетілдірумен қозаның суға болған талабын, басқа да техноглогиялар зерттеу жұмысы жасалынған агротехнологиялық іс – шаралардың ерекшелігі негізгі мақсат етіліп қойылған.



1. ОҚО – да мақта егілуінің, оны жетілдірудің қысқаша тарихы және мақта кластерін дамытудың болашағы.

Оңтүстік Қазақстан облысы халқының жартысына жуығының күн көрісі жетілдіретін мақта өндірісімен байланысты. Кеңес одағы тарқаған соң нарық қатынастарын қай көзбен көріп, көңілмен шамалаған ешкім болмады. Соның ішінде, мақта өндірісінің нарықтық құрылымын да елімізге біреу әдейілеп үйреткен жоқ. Барлығы байқап көру және жұмыстағы қатеден сабақ алу арқылы келді.

Бүгін де облысымызда нарық қатынастарына негізделген, оның басты талаптарына белгілі бір дәрежеде жауап бере алатын, мақта шаруашылығының нарық құрылымдары орнығып, жұмыс атқара бастады. Белгілі бір жүйе қалыптасып, шаруа қожалықтарына бағдар болып, бар тіршілігін соған бейімдеуге көшті.

Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншілік ерте заманда болмаған. Сырдария, Келес, Арыс өзендерінің бойын мекендеген халықтар біздің эрамызға дейінгі 4 – 3 ғасырда диқаншылықпен айналысқан. Археологтар Б. И. Вайнберг, Л. И. Левиналардың зерттеулеріне қарағанда, біздің эрамыздың бірінші ғасырында Келес пен Шардара аудандарының маңында мақта, бидай, тары және басқа да дақылдар өсірілген. Белгілі ғалым, профессор В. И. Юферов өзінің «Түркістанның мақта шаруашылығы» деген кітабында қазіргі Жамбыл қаласының тұрғындары VII ғасырда мақтадан тоқылған киім кигендерін жазса, академик В. В. Бартольд Х ғасырда Шымкент қаласынан сыртқы саудаға арналып мақта шығарылғанын баяндайды.

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы мақта шаруашылығын 1888 жылдан бастап айналысқан. Бұған 1877 – 1906 жылдар арасында салынған Орынбор – Ташкент темір жолы үлкен ықпал жасаған. Мәселен, 1885 жылы Шымкент облысының территориясында небары 432,2 гектар мақта егілген болса, 1910 жылы 3631,6 гектар, ал 1913 жылы 20,8 мың гектар мақта егілген. Бірақ ол кезде мақта қарапайым тәсілмен өсірілді. Егістің ағаш соқамен жыртылып, кетпенмен қазылған арықтардан суарылды. Сурамалы егістің 80 проценттен астамы бай – кулактардың қолында болды. Мақтаның шығымдылығы гектарына 3 – 4 центнерден аспайтын еді.

Ұлы Октябрь социалисттік ревалюциясынан кейін Совет үкіметі Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстігінде мақта шаруашылығын дамыту жөнінде нақты шаралар белгілеп, оны қысқа мерзім ішінде жүзеге асырды. Түркістан мен Азербайжанда мақта шаруашылығын дамыту жөнінде 1920 жылы В. И. Ленин қол қойған аса маңызды документ мақта шаруашылығына аса қажетті маңызды дақыл – мақтаны мол өндіруге кеңінен жол ашты.

1921 жылдан бастап мақта өсірілетін аудандарда бұрын мақта егілген суармалы егісті қалпына келтірумен бірге тың жерлерді игеру, суару жүйелерін кеңейту, мелиорациялық ирригациялық құрылыстар салу қолға алынды. Соның нәтижесінде республикамызда 1925 жылы мақта егісінің көлемі 30 мың гектарға жету болды. 1927 жылы мақтаның әр гектарынан 8 центнерден өнім жиналып, небары 49,3 мың тонна мақта өндірілді. Бұған сурмалы егістік жерлерді қайта бөлу әсерін тигізді.

Елімізде халық шаруашылығының басты саласы өнеркәсіптің жедел дамуына байланысты сипаты мақтаға деген қажет күн санап арта түсті. Осыған орай 1935 жылы март айында Шымкент қаласында мақташылардың республикалық ІІ съезі болды. Съезде озат колхозшылар көтеріңкі міндеттемелер қабылдап, облыс бойынша жоспарланған 58,7 мың тонна мақтаның орнына мемлекет қоймасына 73,0 мың тонна мақта тапсыруға серт берді.

Облыс диқандары белгіленнген межеден шығып, бұл жылы алғашқы жеңіске ие болды. Көптеген шаруашылықтар жоспарлы тапсырманы екі еседей арыра орындап, еңбектің тамаша өнегесін көрсетті. Мәселен, Келес ауданына қарасты Б. Ерменов басқарған «Қызыл әскер» колхозы сол жылы мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім алды, ал Сарыағаш ауданындағы «Красный Восток» колхозының звеносы Ибагүл Қарағұлова мақтаның әр гектарынан 46 центнерден өнім жинап рекордтық көрсеткішке жетті.

ҰОС – ы жылдарында республикада мақта егісінің көлемі біраз азайып шығымдылығы төмендеп кетті.

Соғыстан кейін республика мақташыларының алдында мақта өндіруді соғысқа дейінгі дәрежесіне жеткізу, сонымен қатар мақта шаруашылығын онан әрі дамыту міндеті тұрды.

Мақта өнімін молайтуға бағытталған агротехникалық шаралар сайып келгенде, гектардың тиімділігін арттырып, жалпы өнімді молайтуға әкеп соғады. Бұл шаруашылық экономиканы нығайтып мақташыларды мол өнім алуға ынталандыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды.

Жоғарыда баяндалған нақты шараларды жүзеге асырған шаруашылықтарда тоғызыншы бесжылдықтың бастапқы екі жылында озат бригадалар мен звенолар тамаша табыстарға жетті. Мәселен, Жетісай ауданындағы «ІІІ Интернационал» колхозы мақтаның әр гектарынан 34,1 центнерден, Мақтаарал ауданындағы «Ленин жолы» колхозы 35,6 центнерден, «Алғабас» колхозы 42,3 центнерден өнім алды.

Сарыағаш ауданындағы Тельман атындағы колхозда бұл көрсеткіш 35,2 центнерден, «Қараспан» совхозында 34,6 центнерден болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы жарияланды.

Бұл стратегиясы Қазақстанның ДСҰ – на мүше болуына дайындығы және міндеттері атап көрсетілді. Осы орайда экономиканың негізгі бағыты шикізатты өңдеуді дамытуға бағытталантындығы баса айтылған.

Ауыл шаруашылығын қолдау бойынша арнаулы «Экономикалық бейімделу бағдарламасын» әзірлеп жүзеге асыру үшін үкіметке тапсырылды.

ОҚО – да осы мақсатты жүзеге асыру үшін мақта шаруашылығын дамыту бағдарламасы, мақтаны жаңа технологиялар негізінде бастапқы және терең өңдеу немесе тоқыма кластерін ұйымдастыру бойынша мемлекеттің қолдауымен белсенді іс - әрекеттер жүзеге асырылып жатыр.

Осы бағдарламаларда баса көңіл бөлінетін проблемалардың бірі мақтаны бастапқы өңдеу технологиясын жетілдіру, яғни мақта өңдеу зауыттарына жоғарғы технологияны ендіру жолымен халықаралық стандарттар талаптарына жауап бере алатын бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығаруды қамтамасыз ету. Осы проблемаларды оңтайлы шешу жолымен мақта өндірушілермен өзара экономикалық – құқықтық қарым – қатынастарда жаңа негізде ұйымдастырылып, қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Мақта саласы өндірісін басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін мақтаны қайта өңдеудегі ресурстардың шикізат базасын дамытудың ерекше маңызы бар. ОҚО Мақтаарал ауданында жіп иіру фабрикасының құрылысы басталды. Ол Қытай және Қазақстандық кәсіпкемрлердің бірлескен жобасы. Құрылысты 2007 жылдың мамыр айында бітіру жоспарланған. Қазіргі кезде Мақтааралдың мақта талшысы кетіп жатыр, егер осы талшықтар жергілікті жерде қайта өңделетін болса, одан дайын өнімдер сатылатын болады. Мақтаарал ауданындағы Қытай – Қазақ бірлескен «Инада» кәсіпорынының қуаты жылына 5200 т жіп шығаруға болжамданған.

Осындай қуатты фабрикадан тек Мақтаарал ауданы үшін ғана кем дегенде 10 фабрика керек. себебі «Инада» бірлескен кәсіпорыны ауданда жиналатын шитті мақтаның небәрі 10 – ақ пайызын қайта өңдей алады. Мақтаны тереңдете қайта өңдеу өнеркәсібі өңірді дамытудың негізгі жолдарының бірі.

2. Әдебиетке шолу.
2.1. Қазақстанда шитті мақта өндірудегі ғылыми ойлар және оны жетілдірудегі жаңа технологиялар.

Ауыспалы егіс арқылы ауаның таза және тынық болуы ауылшаруашылық өндірістерде істеп жүрген жұмысшылардың егістен жоңышқа мақта өсімдігін негізгі компонент егіні есептелінеді. Ол топырақтың органикалық заттар қарашірік, азотпен байытады, топырақтың физикалық қасиетінің және микробиологиялық жағдайын аса жақсартады. Бұлардың барлығы жоңышқа егілген жерлерді айдағаннан кейін топырақ құнарлығын жасайды.

Союз НИХИ мәліметтеріне қарағанда ауыспалы егісте 3 жыл ішінде егілген жоңышқа, жоғарғы агротехнологияларды басқа да шараларды қолданғанда, топырақтың 0 – 40 см қабатында әр гектарда 12 – 15 тоннаға дейін жоңышқаның құра тамыр массасы 600 – 800 кг дейін биомасса жасайды. Бұлардан тыс 3 жылдан ішінде алынатын және 1 гектарға орташа 400 ц. құрайтын пішен өнімнің құрамындағы азоттың мөлшері 800 кг – ға жетеді. (8. Тұрсынходжаев З. С. 1972 ж.)

Қозанның бір жерге бірнеше жыл бойы еге беретіндігінен, яғни ауыспалы егінде қолданбай егін өсіруде топырақтағы қарашіріктің мөлшері азайып барады, бұл болса қозаның вильт науқасымен ауыратын кеселге алып келеді. Союз НИХИ – дің көп жылдық тәжірибелерінде тек қана қозаның өзін 50 жылдан артық өсіргенде және оны басқа егістермен ауыспалы егіс топырақ құнарлығына, сондай – ақ егістердің өнімдеріне қаншама әсер көрсетуін салыстыру әдісімен үйренілген. Мұнда анықталуына қарағанда қоза көп жылдар өсірілгенде топырақтағы табиғи қарашілірк мөлшерде сақталып қалған (І. Тұрсынғоджаев З.С. 1981 ж.).

Ауыспалы егіннің ең жоғары пайдасы Ордабасы, Шардара басқа да Оңтүстік аймақтардың жерлерінде өткізілген тәжірибелерінде минерал тыңайтқыш салынған және үздіксіз қоза егілген танаптарда мақтаның өнімі 36 ц. ауыспалы егісте болса 43 ц. құрайды. Бұның себебі топырақта өтетін биологиялық тіршіліктің кездесуі болып, бұл жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Сонымен қоса ауыспалы егісте үздіксіз егілген қозаларға салыстырғанда гектарына 8 – 10 центнерден жоғары өнім алады.

Союз НИХИ – дің көпшілік жерлерде және «Мақтаарал» совхозында өткізілген тәжірибелердің көрсетілуіне қарай, қозаның вилт кеселіне қарсы күресудің ең аса дұрыс жолы ауыспалы егіс екендігі мәлім болды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының эксперименттік учаскесінде мақта – жоңышқа ауыспалы егісін енгізуден жақсы нәтиже алынады. Мұнда шитті мақтаның шығымдылығы: бірінші айналымда (ротацияда) гектарына 21,8 центнерден, екіншіде 30,4 үшіншіде 32,2 центнер болды. (8. Тұрсынходжаев З. С. 1972 ж.).

С. Н. Рыжов пен И. А. Дорманың (4) деректеріне қарағанда, ауыспалы егісті толық игерген колхоздар мен совхоздарда мақта өнімі гектарына 7 – 10 центнер мақтаны өндіру үшін 24 пайыз су, 34 пайыз минералды тыңайтқыш және 20 пайыздан астам еңбек шығыны (адам – күн) аз жұмсалды. Ал Н. Уханов, И. Тәжиев және Камкиналардың (1974) зерттеулеріне қарағанда мақта – жоңышқа ауыспалы егісін шаруашылыққа толық енгізу, оның өнімін арттырумен қатар мақтаның сапасын жақсарту негізінде ғана 100 гектар егістен ең кемі 25 – 30 мың сом табыс келтіруге болады екен. Мақта – жоңышқа ауыспалы егісінің маңызы осымен ғана шектелмейді. Ол топырақты органикалық заттар мен азотпен байытумен бірге, сортаң жер үшін тамаша мелиоратор өсімдік болып саналады. Жоңышқа өсірген жерде топырақтағы тұздың мөлшері 8 есе кемиді. Мақта өсімдігі үшін аса қауіпті әрі өте зиянды ауруды – солдырманы азайту мақсатында ауыспалы егісте жоңышқа өсірудің мәні зор. Сонымен солдырма ауруының зияны 3 – 4 есе кемиді, әлде жойылып кетеді. Мақтаның алғы егісі ретінде жоңышқаның аса тиімді екенін А. Серғазиевтің (1974) «Мақтаарал» тәжірибе стансасының мәліметтері дәлелдей түседі.



1 кесте.

Жоңышқаның алғы дақыл ретінде мақта өніміне тигізетін әсері.

Алғы дақылдар

Мақтаның орташа өнімі, ц/га

Жоңышқа еккен шымға еккенде

43,0

Жоңышқаның аударма шымға еккенде

42,6

Бұрын егіліп келген жерге еккенде

20,1

А. Серғазиев, Т. Байқабұлов (1974) Мақтаарал тәжірибе стансасында жүргізілген тәжірибелерінде жоңышқа пішіні 122,5 центнер болған жерде егілген мақтаның өнімі 37,7 центнер болса, ал әр гектардан 131,3 центнерден жоңышқа пішіні жиналған учаскеден 41,3 центнер өнім алынды. Жоғарыдағы келтірілген мәліметтер мақта – жоңышқа ауыспалы егісін шаруашылықтарда тез арада толық игермейінше мақта дақылынан тұрақты мол өнім алу мүмкін емес екендігін көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара, Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы, Түркістан аудандарының мақта өсірілетін шаруашылықтары үшін негізінде 8 танапты (3:5 кестесі бойынша), 9 танапты (3:6 кестесі бойынша) мақта – жоңышқа ауыспалы егісі ұсынылады.

Жоңышқа суармалы аудандарда күріш, мақта, қызылша ауыспалы егісінің ең жақсы алғы егісі болып есептеледі. Академик Д. А. Зыков (1959) жоңышқаның жетекші дақыл болуының үш пайдалы жағы бар деп дәлелдейді. (11. Д. Нұрымов 1981).

Біріншіден, жоңышқа топырақты сортаңдаудан сақтайтын ең тиімді де пайдалы бағалы өсімдік;

Екіншіден, жоңышқаны орап алғаннан кейін бірнеше рет қайтадан өсіп шығады, сондықтан жоңышқа пішені мен көк балауса мол алынады;

Үшіншіден, ауыспалы егісте ең жақсы дақыл болып табылады.

Р. Назаров қоршаған ортаны қамқорлықпен қарау және табиғат байлығын сақтықпен тиімді пайдалана білу адамзаттың бүгінгісі мен ертеңгісін айқындайтын аса маңызды проблемалар қатарына жататынын және мұның өзі мәселені барынша жедел түрде шешуші талап ететіндігін атап көрсетеді (З. Үмбтаев., И. Батькаев., Ж. Я. 2000).

1962 – 1964 жылдары Мақтаарал тәжірибе сатансасында Н. Ф. Беспалов, Н. И. Малабаев (2) жүргізген зерттеулер мақтаның жапырақтар (гүлдеуге дейін 11,2 – 12,3 атм. және гүлдеу мен жеміс түйіндеу кезінде 13,4 – 14,6 атм.) клеткаларының сіңіру күші бойынша суару мерзімдерін болжау ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығына жақсы әсер ететінін көрсетеді.

Мақтадан түсетін табыс жылдан – жылға артып келеді. Мысалы, облыс шаруашылықтары 1973 ж. Мемлекетке мақта сатудан 30631 мың сом табыс тапты. Оңтүстік Қазақстан облысының ау райы, топырағы мен су жағдайы келешекте 390 – 410 мың. т. мақта өндіруге, оның 1 гектардан алынатын өнімін 30 ц – ге арттыруға мүмкіндік береді. (Б. Бапаев, Ш. К. Көпешов, 1974) (11).

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының тәжірибесінде мақта – жоңышқа ауыспалы егісін енгізуден жақсы нәтиже алынады. Мұнда шитті мақтаның шығымдылығы: бірінші айналымда (ротацияда) гектарына – 21,5 центнерден, екіншіден – 30,4 және үшіншісі – 32,2 ц болады (11. Д. Нұрымов 1981).

Ж. Кучкаров, М. Хамраев, Ф. Саттаров (З. Үмбетаев, Батькаев Ж. 2000) қоза өсіретін әрбір топырақ – климат аймағының өз ерекшеліктері ескеріле отырып жасалған агротехника талаптарын мұқият қарастырып, қатаң сақтау қажеттігін атап көрсетеді. Қозаның сорттары бір – бірінен су режимінің тәртібіне, минералдық қоректену түрлеріне, қозаның қаншалықты жиі екендігіне, өсімдіктің және басқа да өсіп - өну ерекшеліктеріне қарай дараланады. Көптеген шаруашылықтардың практикасына қарағанда, деп атап көрсетеді авторлар, қозаның шөлі жеткілікті қанбай қалады, дер кезінде қосымша азықтандырылмай, агротехника талаптардың басқа да бұзылуы жиі – жиі кездеседі. Мұның бәрі де шитті мақтадан алынатын өнімнің күрт кеміп кетуіне алып барып соғып отыр.

Ш. Ибрагимов, Ф. Верхотурцов (З. 1991). Мақта шаруашылығындағы тұқым шаруашылығы жүйесінің барынша бытыраңқылығын, аудандардағы, шаруашылықтардағы және мақта зауыттарындағы шитті – мақта сорттарының алуан түрлілігін, себілетін шитті әзірлеу ісіне қайдағы бір қосалқы шара ретінде қаралатынын, жеке ойластырылған экономикалық ынталылықтың, тұқым шаруашылығын жүргізудің ғылыми тұрғыдан негізделген тәсілдерінің жоқтығын айрықша атап көрсетеді.

1992 жылға арналған тұқым себу жолдарында 6 бірдей сортты егіп көру көзделген болатын. Оңтүстік Қазақстанда тіпті де аудандастырылмаған «Ан – Баяут – 2» және С – 9070 сияқты сорттар да бар еді. Шарушылық басшылары аудандастырылмаған осы сорттардың тұқымын өз беттерінше іздестіріп әуре сараңға түсті. Мұның өзі Р. Нұғманов пен Б. Үсенбаевтың осы мәселеге байланысты ешкім түсініп болмайтын дау туғаны туралы мақала жазуына алып барып соқты.

Ауыл шаруашылығын тек шикізат пен жартылай өнімдерді сату арқылы көтеру мүмкін емес, тек мақта өсірумен ғана шектелмеу керек. Көп ойлап, тереңірек үңіліп дайын өнім шығаруға әрі оны ішкі және сыртқы базарға шығарып сатуға ұмтылу қажет.

Агроөнеркәсіп кешенді дамыту мәселелеріне арналған дәстүрлі республикалық Кеңес Оңтүстік елдері арасында да үлкен ықылас тудырды. Өйткені, онда ауыл экономикасының болашағына деген алаңдаушылық пен қамқорлық сөздері қатар өрілген.

Ендігі мақсат: Ғалымдар және мамандарға осы жүйені жетілдіру, ал бұл – төменнен бастама, жоғарыдан – қолдауды қажет етеді.

Ел Президенті Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер алдына үстіміздегі және одан кейінгі 2006 – 2007 жылдары ауыл шаруашылығы ғылымын басым бағытта дамыту қажет екендігі, өндірістің тиімділігін, өнім сапасының артуы қолданбалы аграрлық зерттеулерді дамытуға және пайдалануға, кәзіргі бар технологияға бейімделуге және өндірушілерге жаңа технологиялар беруге тікелей байланыстылығын көрсетті.

Оңтүстіктегі Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы жоспар бойынша ғылыми тәжірибелік жұмыстар екі және үш тақырып бойынша атқарылады:

1. Ауылшаруашылық өсімдіктерінің генетикалық материалдарын пайдалану арқылы жаңа мал өнім беретін, қоршаған ортаға төзімді мақта сорты мен буданын шығару және тұқымын көбейту.

2. Қысқа танапты мақта – жоңышқалы ауыспалы егіс тізбектерін нарықтық жағдайға сәйкес әзірлеп жетілдіру.

Қазіргі кезде жоғары сапалы мемлекетаралық талапқа сай жаңа отандық 7 Мақтаарал сорты соңғы 4 – 5 жылда шығарылып, оның үшеуі Оңтүстік Қазақстан облысына аудандастырылған.

Қоза өсімдігінен жоғары мол шикі – мақта өнімін жетілдіруде және ашуда селекциялық материалдарға сұрыпталған, селекциялық үлгілері топырақтың сорлалығына және ылғалдың жетіспеушіліктеріне шыдамдылыған көңіл бөледі. Сонымен селекциялы – тұқымшылық жұмыстарда шикі – мақтадан жоғары өнім, одан жақсы сапалы талшық алуда кешенді факторлар – технологиялардың қажетті рөл атқарады; солардан; топырақ құнарлылығы, жердің мелиоративтік жағдайлары, қоректік заттармен сумен қамтамасыз етілуі режимдері, өсімдікті аурудан және зиянкестерден сақтауы барлық агротехникалық; мелиоративтік және басқа да шараларды өз мерзімінде және сапалы етіп жүргізулері. Бір және сол сорт бірдей және сондай топырақ – климатты жағдайда агротехникалық деңгейде түрлі өнім береді. Ол алғы қатардағы тәжірибелер төңіректегі қоршаған шаруашылықтарға қарағанда 10 – 12 ц әлде одан да жоғары мақта өнімін алады.

Негізгі фактор болып қоза өсімдігінің өніміне әсер ететін жер сорлану мелиорациясы болып саналады. 1999 ж регионда бар болғаны және қызмет еткен 884 скважиналар (вертикал .........) жер асты ............ суының ашылуынан ұстап деңгейін 2,5 – 3,0 м жоғары беткейді топырақтың күшті тұзданудан сақтады.

Кезектегі аса негізгі фактор және технологиялардан ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі ерекше жерлері сорлануға бейімделген суармалы жерлерді капитал ........ – тегістеуге байланысты болады. Осыдан Мақтаарал ауданы жалпы шикі – мақтадан 70% өнім өндіреді. 90 – жылдардың басында жалпы 2 – 3 мың га жерді капитал тегістеуді жүргізді. Соңғы жылдары бірде – бір шаруашылықтар тегістеуді өткізген, себебі мақта және басқа да ауылшаруашлық дақылдарына кері әсерін тигізеді екен. Соның салдарынан көп мақталы шаруалар өнімі төмендеп кетті.

Қоза қоректік заттарға аса талабы жоғары екендігі мәлім. Соңғы жылдары берілетін азотты тыңайтқыштар 50% - ғана, фосфорды соңғы 5 – 6 жыл ішінде тегі берілген жоқ.

Мақтаарал тәжірибе станциясының зерттеулері ескі ауыспалы егіс схемалары жоңышқаны жыртып көп жыл қоза егуге беруінен 3 жыл жоңышқа; 6 – 7 жыл мақта егілген аз тиімді болып сол қысқа далалы, ауылшаруашылық дақылдарын ауыстыру және бір ауыспалы егісте 3 – 4 жылдан көп болмаған жерде мақта өсірумен салыстырғанда тиімділігі өте аздық етеді.

Интенсивті ауыспалы егісті схемасы 3 жоңышқа + 4 мақта + 1 дәнді дақыл; 2 – 3 жыл мақта жерлер бос кезде әлде қыстарда барлық технология жұмысты атқаруға жағдай жасайды.

Ауылшаруашылықта жетілдірілген қозаны ауылшаруашылық зиянкестеріен және аурулардан қорғауда аса қажетті факторлардың бірі. 1997 – 2004 жылдар арасында ауылшаруашылығы агрохимиялық қызмет мекемелердің жойылып кетуінен химикат, препарат және т.с.с. заттардың тапшылығынан ауылшаруашылығы өнімдерін жоғалтып алды.

Сондықтан, Республикада мақташылықты дамытудың келешегін оны интенсификациялаусыз мүмкін емес, кәзір мемлекет күшті қолдап тұрғанда интенсивті технологияға көшудің уақыты келді. Оларды егіншілік тіәзіміндегі сутетегіш ресурсатрды және ғылыми негізделген ауыспалы егісті өндіріске енгізу уақыты келіп отыр. Сонда барлық бары және жаңа технологиялар іске қосылса барлық агроөнеркәсіп өндірістері бәсекелестік үшін дамыту қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет